15 мазмұны глоссарий Дәрістер практикалық (семинар) сабақтар Студенттердің өздік жұмысы Өзгерістерді тіркеу парағы Әріптестердің танысуы 1 глоссарий



жүктеу 0.58 Mb.
бет2/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.


5 -Дәріс.

тақырыбы: Қоғаммен байланыс қызметінің негізгі құрамды бөліктері

Қоғамдық байланыстардың мүмкіндіктері мен маңызын абсолютті етуге болмайды. Себебі, біріншіден бұл қызмет қалыпты функциялау үшін белгілі бір экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттарды қажет етеді: демократиялық мемлекеттің болуы, ол азаматтың қоғам мен оның институттарын экономикалық, саяси және рухани еркіндікпен қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда PR қызметі көбінесе «бүкіл қоғамынң жағдайына» байланысты жүзеге асады. Сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар ретінде қоғамдық байланыстар контактілердің бірден-бір механизмі болып табылмайды. Демократия кезінде мемлекет азаматтық қоғаммен өзара қатынас үшін қатынастардың әмбебап критерийі – заңдылықты шығарады. Ашық демократия институттары бар комитеттер мен комиссиялар қоғамыдқ кеңестер мен палаталар және т.б.

Қорыта айтқанда, қоғаммен байланыс ұйым мен қоғамынң өзра қатынасымен байланысты барлық проблемаларды шешпейді, тек белгілі бір тобын – тұрақты позитивті әсерлерді құру, имиджі қалыптастыру, қоғамдық өзгерістерге бейімделу, қоғамдық пікірді ескеру, қоғам қажеттіліктеріне назар аудару және т.б. шешуге көмектеседі.

Соған қарамастан, бұл проблемаларды шешу маңызды стратегиялық сипат алады. Қоғам мен мемлекет арасында диалог құру үшін болған қоғамдық байланыстың маңызы ерекше. Барлық демократиялық дамыған мемлекеттерде қоғамдық байланыс өте қажетті элемент болып табылады. Мемлекеттік басқарудың атқару қызметінде қоғамдық байланыс ерекше роль атқарады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 1990.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 1998.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 1994.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.



6 -Дәріс.

тақырыбы: XVII-XX ғасырдағы қоғаммен байланыс

Қоғаммен байланыс (PR) орнату қызметінің біздің елімізде де қалыптасу қадамдары сонау өткен ғасырлардан басталады. Қазақ жерінде XVI-XVIII ғасырларда Хандық билік болғаны тарих деректерінен мәлім. Өз зерттеуімізге қатысты, осы хандық биліктегі, ханның кеңесшісі қызметін ерекше атап өтуге болады. Бұл қызметті қоғамның дамуының әр кезеңінде елбасы кеңесшілері болған Қорқыт, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар есімді тұлғалардың өз тарихи миссияларын орындағандығынан байқаймыз. Жыраулар, хан сарайындағы саяси жағдаймен халықты, ал халықтың тұрмыс жағдайымен хандарға ақпарат жеткізуші қызметін атқарғандығын анық байқатады. Сондай-ақ, жыраулар жалынды жырларымен ханның өзіндік имиджін қалыптастырған деуге негіз бар.

Бұдан кейін, ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бастамасымен жарыққа шыққан басылымдар, сол кездегі халық пен билік арасындағы негізгі ақпарат көзіне айналған еді. Алайда, ол уақыттағы үкіметтің солақай саясаты олардың кең таралып, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды ашық жеткізуіне қарсы болды. Мұндай басылымдардың қатарына жататын «Серке», «Қазақ», «Қазақстан» газеттері мен «Айқап» журналы өздерінің коммуникациялық қызметтерін атқарған болатын.

Социалистік кезеңдерде паблик рилейшнз қарым-қатынас ретінде, партиялық цензураның қатаң бақылауында болды. Олар осы кезде ауызша нұсқаулар түріндегі жабық және жартылай жабық жиналыстар мен талқылаулар («тек КОКП мүшелері үшін» түрінде) сияқты паблик рилейшнздің жасырын түрлері пайда болды. Ал, КСРО ыдырағаннан кейін, әр мемлекет өзінше жаңа жүйені қалыптастырды. Біздің еліміздегі PR (паблик рилейшнз) Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап батыстық үлгілермен қалыптаса бастады. Яғни, PR-дің Қазақстандағы қадамдары әлі де қалыптасу үстінде. Жалпы қоғамдық байланыстардың бай тарихына қарамастан олар әлі жеткілікті зерттелмеген, сондықтан оларды заман талабына сай зерттеу қажеттілік болып табылады.


Семинар сұрақтары:

1. Қоғаммен байланыс (PR) орнату қызметінің біздің елімізде қалыптасу қадамдары қай кезеңнен басталады.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 1990.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 1998.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 1994.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.



7 -Дәріс.

тақырыбы: Паблик рилейшнздің басқару саласындағы рөлі

Басқару медиаторы ретіндегі қоғаммен байланыс рөлін PR-дағы басқару объектілері арқылы анықтауға болады. PR-ны «коммуникативті менеджмент» ретінде анықтау тұрғысынан алғанда басқару объектісінің негізгі коммуникация болады. Бірақ PR – қызметі коммуникациямен ғана шектелмейді. Американдық теоретик Дж.Марстон PR қызметінің 4 негізін көрсетеді: зерттеу (research), әрекет (action), жүздесу (communication), баға

( caution ). Бұл жүйе RACE деп аталады. Қоғаммен байланыс процесінің 4 кезеңін басқа да ғалымдар атап көрсетеді: мәселені анықтау, бағдарламаны жобалау және құрау, әрекет және коммуникация; бағдарламаның бағасы.

Осылай ұйым мен қоғам арасындағы тұрақты және динамикалық қатынастарды құруға бағытталған күрделі көп функциялы басқару қызметі пайда болады. Нәтижелі шындық, әрекет ретіндегі феноменнің негізін табу үшін ғылыми әдістің бірі – функционалды әдісті қолданамыз. PR –ға қатысты тура және жанама функцияларды анықтап, талдаймыз, олар берілген қызметтің рөлін және практикалық тапсырмаларды орындау бағытын көрсетеді.

Қазіргі зерттеушілер қоғаммен байланыс функцияларының модельдерінің түрлі жіктелуін ұсынады. Түрлі елдердің белгілі зерттеушілерінің жіктеулерін қарастырайық. Қоғамдық байланыстар жөнінде алғашқы ресейлік кітаптар жазған авторлардың бірі Л.Б.Невзлин қоғаммен байланыс функциясының мынадай түрлерін ұсынады: қоғамның түрлі контингенттінде ұйымның позитивтік имиджін құру; жағымды ішкікорпоративтік ортамен қамтамасыз ету; шиеленістерді тоқтату; қоғамдық пікірді білу; ұйымның қоғамға әсерін талдау. Ағылшын зерттеушісі С.Блэк қоғаммен байланыстың функционалды ерекшеліктерін былай сипаттайды: қоғамдық пікірдің қалыптасуы, екі жақты жүздесу, шиеленісті тоқтату, өзара құрметтеу мен әлеуметтік жауапкершілікке көңіл бөлу, қоғамдық және жеке мүдделердің ұштасуы; жақсы қарым-қатынастың қалыптасып, өндірістік қатынастардың дамуы және т.б.

Көптеген зерттеушілер қоғамдық байланыс функцияларының мынадай түрлерін атап көрсетеді: жақсы ықыластың дамуы; қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету; имиджді құру және тұрақтандыру; өнімнің шығуы немесе қызмет көрсетудің жүзеге асуы; ішкі коммуникацияға әсер ету; оқиғаларды жоспарлау және жүзеге асыру; іскерлік мақсаттарды нығайту; саясатты түсіндіру; түсінікті көбейту; мәселелерге назар аудару; талқылауға көңіл бөлу; қабылдауды, пікірді және тәртіпті өзгертуге көмектесу; әсерлі позицияларды қалыптастыру, штаттық құрамды мотивациялау; маркетингік және коммерциялық күштерді нығайту; репутацияны құрып, тұрақтандыру; сенімді қалыптастыру.

PR-ның аталған функцияларында әр түрлілігіне қарамастан көптеген ортақ белгілері бар. Олардың негізгілері: коммуникативтік-ақпараттық, зерттеу-аналитикалық, ұйымдық-координациялық, интегративтік.

Біз коммунткация түсінігін, механизмін және ерекшеліктерін қарастырдық. Енді PR-ның өзге функцияларына көшейік. Көптеген зерттеушілер коммуникативтік процесте 3 басты компонентті қарастырады: ақпараттық, перцептивтік және интерактивтік. Біздіңше, PR-ның ақпараттық функциясы базалық болып табылады. Себебі коммуникация тек ақпараттық жағынан айқын байқалады. Сондықтан перцептивтік және интерактивтік негіздерді функция бөліктеріне жатқызуға болады.



Ақпараттық функция. Егер коммуникация процесс ретінде қарастырылса, онда осы процесс барысындағы берілетін ақпарат коммуникацияның маңызды элементі болып табылады. Адамзаттық және материалдық ресурстармен қатар ақпарат басқарудың негізгі ресурсы болып табылады. Кейде «басқару» ұғымы басқаратын жүйенің басқарылатын жүйеге ақпараттық әсер ретінде қарастырылады. PR-да позициялау спецификасына қарай берілген функция екі ақпараттық ағымды басқару түрінде болады. PR – құрылымының ақпараттық әрекетінің мақсаты – басқару қызметінің мақсатқа жету үшін ақпаратты алуы. Қоғамдық байланыстың коммуникативті – ақпараттық функцияларының маңызды міндеттері мыналар: ақпаратты шығару; кері байланысты және ақпараттың әсердің тұрақты мониторингін шығару; ақпарат жүретін каналдарды зерттеу; жаңа ақпарат енгізудің әлеуметтік нәтижелерін талдау және т.б.

Перцептивтік ішкі функция. Көпшілік коммуникациясында негізгі рөлді коммуникация процестері атқарады, яғни жүздесудің перцептивтік жағы. Қабылдау процесіне «араласатын» факторлар: СМИ, «екінші шындық сферасы» - образдар мен мифологогемалар әлемі, стреотиптер және т.б. PR коммуникация адекваттығына, коммуникативті кедергілерді жою үшін болатын кері байланыстың сапасына баса назар аударады. PR-да коммуникативті стратегия коммунткативті кедергілерді ескеру арқылы құрылады. Қоғамдық байланыстардың перцептивтік функциясы қабылдау механизмі мен коммуникативті процестерге олардың компоненттерін талдау, ақпараттық бұзылу мәселелерін зерттеу, ақпарат беру желілерінің қатынасына негізделген.

Интерактивтік ішкі функция. Қазіргі кезде интерактивтілік ұғымы коммуникатор мен аудиторияның кешіккен кері байланысының болуын білдіреді. Коммуникативтік әсер тек коммуникатор мен рециплетте кодтау мен декодтау жүйесі бір немесе ұқсас болғанда ғана жүзеге асады. Кодтау – бұл рециленттің коммуникаторға ұсынатын идеясы. Кодтар – бұл идеяны ақпаратты алушыға түсінікті ететін символдар немесе белгілер. Кодқа сөйлеудің ауызша немесе жазбаша формасын, визуалдық образдарды, олардың қозғалысын, иісін, дыбысын, түсін т.б. қолануға болады. Сондықтан PR интерактивті подфункция міндеттерінің бірі коммуникацияларға мағыналық ақпарат жеткізу үшін символдық және семиотикалық жүйелерді құру.

Интегративтік функция. Ортақ корпоративтік философия, корпоративтік стиль, фирмалық стандарттар – қызмет көрсету, тауар өндіру және т.б. құру. Ұйымды кең әлеуметтік контексте енгізу; ұйымды және оның дәстүрлерін, тарихын, фирмалық мәдениетін презентациялау; ұйым персоналына клиенттер мен партенрлерді және т.б. таныстыру.

Барлық функциялар бір-бірімен тығыз байланысты және тек теория жағынан ерекшелінеді. Қоғаммен байланыс аумағы өте кең, дегенмен олардың негізгі функциялары – ұйым мен қоғам арасындағы күрделі әлеуметтік қатынастарды басқару болып табылады. Осылай қоғамдық байланыстың негізгі қасиеттерін түсіну үшін теоретикалық негіз бен «қоғаммен байланыс» ұғымына түрлі концептуалдық көзқарастар, «пәндік өріс» ұғымының негізгі категориялары, оған тән қасиеттер мен функциялар талданды.

Бірнеше теоретикалық-методологиялық көзқарастарды салыстырмалы талдау, қоғаммен байланыс көп функциялы күрделі әрекет болып табылатынын көрсетеді «Басқару» ұғымын зерттеу PR - қызметінің басқаруында өзіндік ерекшеліктері барын көрсетеді.

Коммуникацияны «қоғаммен байланыс» ұғымына енгізілген маңызды категория ретінде зерттей отырып, PR - қызметіне тән коммуникативті принциптерді ескеру керек. Бұл қызметтің негізінде коммуникацияның ерекше түрі – саналы түрдегі және басқарылатын коммуникация. PR қызметінің концепциясы күрделі қатынастардың түрлеріне құрылады.

Қоғаммен байланыста басқару объектісі тек коммуникация ғана емес, барлық PR қызметінің комплексі болып табылады. Концепциялар, категориялар мен қоғамдық байланыс функцияларының салыстырмалы талдауы қоғамдық байланысқа екі көзқарас – басқару және технологиялық көзқарасты қалыптастырады. Біріншісі PR –ны басқарудың ерекше қызметі медиаторы ретінде, екіншісі технологиялық сфера ретінде қарастырады.

Қоғамдық байланысқа осындай көзқарас позициясынан мынадай анықтама шығаруға болады. Қоғаммен байланыс – бұл ұйым мен қоғам арасындағы күрделі әлеуметтік қатынастарды басқару, мұнда оның қызметі қоғамдық мүдделермен сәйкес келіп, өзара түсіністік пен қолдау табуы керек.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 1990.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 1998.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 1994.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.



8 -Дәріс.

тақырыбы: Маркетинг жүйесіндегі PR

Бүгінде маркетингтің анықтамасына байланысты әртүрлі көзқарастар бар. Көптеген шетелдік мамандар бұл ұғымды кеңейтіп, кәсіпкерлік қызметке бағыттауды жөн көрсе, өзге мамандар бұл пікірді сынай отырып, маркетингтің дәстүрлі қолдану саласын баса айтады. Менеджменттің өзі бір жағынан принциптер, амалдар, әдістер және өндірістің басқару түрінің нәтижелігін жоғарлату мен пайданың өсу мақсатының жиынтығы, екінші жағынан – тұтынушының өндірушімен өзара байланысуы кезінде, ұжымның өндірістік қызметі процесінде адамгершілік қатынасты басқару. Бұдан, бұқаралық ақпарат құралдарының менеджментіне принциптер, амалдар, әдістер және дайындық түрін, газет номерлерінің шығуын, көпшілік дәрісхана қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатындағы телерадио бағдарламаларын, пайда табу, СМИ ұжымының өндірістік қызмет процесінде адамгершілік қатынасты басқару ғылымын, сонымен қатар журналистиканың және ақпарат тұтынушыларының инфрақұрылыммен өзара байланысын жатқызуға болады.

менеджментінің 1-ші функциясы – қаржылық: кірістің шығыннан артуын қадағалау, қаржылық жұмыс жүргізу, басылым, телерадиокомпания экономикасында бәрінен хабардар болу.

2-ші функция – маңызды: тауар-тұтынушы құнына тартымды болып, жанрлы көрініске ие болуы үшін жоғары сапалы журналистік мәліметтер дайындау;

3-ші функция – маркетингтік: бұл тауарды ақпараттық нарықта сата білуге байланысты, нарықты не үшін зерттеу керек, бұдан мақсат көздеп сұраныс тепе-теңдігін сыртқы жақтан бақылап, инновация жүргізу арқылы хабарлау мәні мен оның берілу түрін өзгерту.

4-ші кадрлық: бұл «паблик рилейшнз», БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік және кәсіпкерлік ортадағы тәртібі. Сыртқы шеңбер «паблик рилейшнз» - басылым, телерадиокомпания имиджін жарыққа шығару және сүйемелдеу, жұртшылық алдында әрине маңызды. Біздің көзқарас бойынша маыздырақ болып ішкі шеңбер саналады, оның мақсаты – редакция ішінде тепе-теңдік орнату, еңбек келіспеушілігін болдырмау, ұжым тұрақтылығы, персоналды басқару, оның мотивациясы, бастаманың және журналистер шығармашылығының дамуы.

Осыған орай университте оқылатын лекциондық курстар – кәсіптік шығармашылықтың теориясы мен әдістемесі, журналистика психологиясы, СМИ-дің құқығы және этикасы, қоғамдық байланыс және жарнама, газеттік және радиотелеөндіріс ұйымы барлығы бұқаралық ақпарат құралдарының менеджментіне байланысты бір-бірінен уақытша жекеленген. Бұған қоса, БАҚ менеджмент журналистика факультетінің студенттерін оқыту процесінде көптеген оқу тәртібін өз назарына аудар комплексті мәселе ретінде қарастыруымызға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001


9 –Дәріс

тақырыбы: Баспасөздегі PR-ның өзекті мәселелері
PR технологиясы Қазақстан баспасөздерінің тұрмысына жақында ғана енді, себебі административті – командалық ережелер жүйесіне негізделген бұрынғы әдістер жаңашыл тенденцияларды өте баяу қабылдайды.

PR-ның функциялануы әлдеқайда жеңіл болуы үшін, біріншіден мүмкін жағдайларды ескере отырып, баспасөз құрылымындағы PR бөлімін ұйымдастыру қажет. Екіншіден, бөлімді немесе PR қызметкерлерін жұмыс жағдайларымен қамтамасыз ету, ең алдымен әкімшілікпен тығыз байланысты орнату маңызжы. Үшіншіден, PR қызметкерлерінің әрекеттеріне толық еркіндік беру керек. Егер баспасөз өз штатында PR қызметкерін ұстауға мүмкіндігі болмаса, онда консультациялық және жеке кітапты шығару, тарату және жарнамалауға байланысты қызметкерлермен қамтамасыз ете алатын агенстволар көмегіне жүгіну керек.

Баспасөз жүйесіндегі PR қызметі бір-бірімен байланысты төрт бөлімнен тұрады.


  1. Қазақстандағы қазіргі кітап басу жағдайын жолдау, бұрынғы және қазіргі кездегі белгілі бір баспасөз қызметін зерттеу, сондай-ақ жеке мақсат қою.

  2. Қаржылық құрылымдармен бірге әрбір басылымның сметасын, кітаптар сериясын жоспарлау.

  3. Белгілі бір кітаптың басылымын жүзеге асыру, мұнда дизаин мен мазмұнына көп көңіл бөліну қажет.

  4. Басылымдарды ақшаға айналдыруға қатысу, жарнамалық акцияларды, проспектілерді жоспарлау, ақшаға айналдыру (реализациялау) нәтижесін зерттеу, келесі басылымдардың кейбір атауларының бағасын және мүмкін болатын өңдеулерді анықтау.

Бірақ қазіргі кезде PR қызметінің бұл міндетті реті үнемі жүзеге аса бермейді, сондықтан көптеген баспасөздердің жұмысы нәтижесіз және ойдағыдай деңгейде емес. Баспасөздегі PR-ның әлдеқайда өзекті мәселереін анықтау үшін олардың жеке қызметін алып қарастырайық.

Кеңестік кезеңде ірі баспасөздерде өз типографиялары болған, шағындары болса біреудің айналасына топталған еді. Ал кітап ісінің басқа бөлімдері – кітаптарды облыстар мен ауылдарға жеткізуді, реализациялауды қамтамасыз ететін «Қазақкітап», «Алматыкітап» және «Қазбаспасөз» сияқтылар қазіргі кезде төлемеушілік зардабын шегіп отыр. Бұл әрине бұрынғы тиімді ынтымақтастық пен өзара көмектің жоғалғанын көрсетеді. Мемлекет тапсырыс пен кітап өнімін шығаруды қаржылай қамтамасыз етті. Егер бұрын баспасөз мемлекет меншігінде болса, қазір ол жеке меншікке ауысты, бұл нарық жағдайларында өз бетімен күнелту деген сөз.

Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша 16 баспасөз жұмыс істейді. Тапсырыстың жасалуы баспасөзге ұсынылған тақырып негізінде құрылады, ал баспасөз шығаруға мүмкіндігі бар әдебиеттер тізімін келтіреді. Жасалған тапсырыс негізінде кітап шығарудағы шығындарды жабу үшін бюджеттен бөлінетін дотация мөлшері есептеледі.

Бұл кітапты жекелеп ақшаға айналдыруды әлдеқайда ыңғайлы бағамен жүргізу үшін жасалады. әйтпесе жоғарғы еңбек пен материалдық-техникалық шығындар өнімнің өз бағасын қалың оқырман қауымға мүлдем тиімсіз қылады. Мысалы, кітап басылымның бүгінгі бағалары бір данасына 10-20, 100-300 теңгеден келеді. Бірінші жағдайда бұл брошюралар мен шағын форматтағы кітаптар, екіншіден ол көркем, арнайы ғылыми және юбелейлерге арналған көп томдық әдебиеттер.

Жоғарыда айтып өткендей дотациялар бюджеттен бөлінеді, ал соңғысының жағдайы қазіргі кезде мәз емес. Мысалы, 1998 жылы 8545, 88 учеттік баспасөз беттер көлемінде 798 кітап атаулары шықты, тиражы 6801000 дана. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша 6360, 12 учеттік баспасөз беттер көлемінде 560 атаулар, тиражы 6 357 250 данамен шықты, бұл 1997 жылда

30 %-ті құрайды. Қазақ тілінде 394 атаулар шықты (1997 ж 49 %); орыс тілінде 286 атаулар шықты(33,5 %). Сондай-ақ қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, ағылышн, түрік, француз, қытай тілдерінде кітаптар басылды. Отанымыз тарихының «ақтандақтар беттерін» толтыратын әдебиеттер әлдеқайда көбейді. өте сирек басылым – «Қазақстан ұлттық энциклопедиясын» шығару жұмысы басталды, оның бірінші томы 1999 жылдың сәуір айында жарыққа шықты. Сегіз айда мемлекеттік тапсырыс бойынша 2264 учеттік баспасөз беттері көлемінде 184 басылым, тиражы 972800 дана шықты. Оның негізгі бөлігі – оқулықтар.

әрине, шығарылатын тираж басылымына кітап басудағы бытыраңқылық пен жүйесіздік сияқты факторлар әсер етті. Бүгінде жеке баспасөздерде 5-6 адамнан жұмыс істейді: төлемеушіліктен қызметкерлер штаттары азаяды және бұл мемлекет даярламайтын жақсы мамандар жетіспеушілігіне қарамастан болады.

Мемлекеттік дотацияға үміт арту қажетсіз, яғни бұрынғы реализация жүйесі жоқ кезде бір шоғырда жұмыс істейтін ұйымдар арасында төлемеушілік орын алады, мұнда баспасөз тарапынан әлдеқайда тиімді шараларды іздеу және жүзеге асыру керек болады. PR жүйесін дұрыстау ауадай қажет. әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Францияда ірі монопольдік баспасөздер іштей жеке бағытта қызмет ететін тар кәсіптік секцияларға бөлінеді. Жеке меншік баспасөздер болса, әдебиеттегі бір-екі категория бойынша кітап шығарады. Қалай болғанда да мәселелер уақыт өте шешіледі.

Баға, қызметтер саны және аяқталған жұмыстың сапасы – типография қызметі осы үш факторлармен анықталады. Қызметтер санына байланысты типография төлемі бойынша бірнеше категорияларға бөлінеді. Олардың ең жақсылары графиктер мен дизайнерлер қызметі, корректураның жоғарғы сапасы, түрлі шрифттерді ұсынады және клиенттің ешқандай қолайсыздықты көрмеуін қамтамасыз етігу тырысады. Типографияның ең төменгі бағалы категориясында корректорлар жоқ, мұнда барлығын үлкен баспашы реттейді. Бұлардың арасында көптеген варианттар бар және мәселе мұнда: ыңғайлы бағадағы жоғарғы сапалы қызмет орындайтын типографияны жасау керек. Бұл да PR қызметкерінің міндеттеріне кіреді.

Типографиямен жұмыс істеуде бірнеше маңызды кезеңдерді көрсетуге болады, мұны да PR қызметкері табуға тиіс. Онымен оперативтік байланыста болған дұрыс, егер типография алыс болса, онда олармен байланыс орнатуда қалада оның өкілі болуының маңызы зор. Баспашылар конвейер принципі бойынша жұмыс істейді, бірақ олар мерзімнен тыс жұмыстарға, мысалы өте қажетті баслымдарды шығаруға әрдайым дайын болуы керек.

Көптеген типографиялар тапсырыс мерзімін үнемі орындай алмайды, бірақ егер баспасөз версткалауды кешіктермесе және жұмысқа барлық материалдарды тапсырса, онда PR қызметінің жұмыс графигін дәл орындауды талап ету құқығы бар.

Типографияның нашар жұмысына кешірім болу мүмкін емес. Сигналдық экземплярды өте мұқият зерттеп білу қажет, қателер мен брак болған жағдайда бүкіл тираждың шығуына дейін түзетуді талап ету керек. Қателер типографияның өз тарапынан болса, онда бұған қосымша төлем алынбайды. Қосымша шығынды қажет қылса да, маңызды жұмыстар кірбіңсіз орындалуы тиіс.

Басылымдағы маңызды өзгерістер верстка дайын кезде өте үлкен ысырапшылдық болып саналады және көпке дейін басылымның шығуын тоқтатуы мүмкін. Бұл кезеңді PR қызметкері бағдарламаны орындау пунктінде алдын-ала ойластыру керек.

Сондай-ақ «авторлық түзетулердің» төлемін есептеуді бақылауда ұстау керек.

Баспаханашы мамандар алдында күрделі мәселелер тұр: «Қазіргі заман кітабы қандай болу керек? Неге бейімделу керек? Жоғарғы табысқа, яғни көңіл көтеретін жаққа ма, әлде істің моральдік жағына талпыну керек пе? Кітап рухани байлық пен білімнің көзі болып қалу керек пе?» [12, 53 б.].

Бүкіл ғаламдық көлемде глобализация мен интеграция кезінде оқытудың жаңа технологиялары, білімді саналы меңгеру, сондай-ақ жүйелі менеджменттің жаңа білімі мен жаңа техникасы керек.

Кітап ісі қазіргі кезде түрлі аспектілер бірлігінде – техникалық-өндірістік, экономикалық, мәдени және құқықтық аспектілерде қолданылады. Қазірдің өзінде кітап өнімінің жаңа түрі – «Электрондық» кітаптарды айтып өту орынды, олар өз беттерінде әлдеқайда кең көлемдегі ақпаратты белгілі бір автордың шығармаларынан бастап бүкіл білім саласын қамти алады.

Қазіргі кезде ыңғайлысы – дамыған елдердің айтарлықтай бөлігін қамтыған компьютерлік жүйелер болып табылады. Компьютердің жадында кітап өмір сүрудің жаңа формасын қабылдайды.

Техникалық және технологиялық прогрестің осындай жағдайларында кітап бастырушылардың кадрларын дайындау мәселесі маңызды фактор болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет