15 тақырып: Жүрекшелік экстрасистолия, суправентрикулярлы тахикардия. І



бет1/5
Дата10.03.2022
өлшемі42.59 Kb.
#171642
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Аритмиялар


15 тақырып: Жүрекшелік экстрасистолия, суправентрикулярлы тахикардия.

І-вариант

1. Жүрекшелер жыбырына тән белгіні таңдаңыз:



  1. R-R интервалының әртүрлі болуы

  2. экг қарыншалық комплекстің алдында Р тісшесінің теріс мәнді болуы

  3. р тісшесінің қос өркештенуі

  4. pq интервалының әртүрлі болуы

  5. p тісшесі екіфазалы


2. Жүрекшелер жыбырына тән ерекше типтік ЭКГ өзгерістерін таңдаңыз:

  1. pq интервалының әртүрлі болуы

  2. qrs комплексінің алдында Р тісшесінің теріс мәнді болуы

  3. qrs комплексінен соңында Р тісшесінің теріс мәнді болуы

  4. р тісшесінің болмауы, F толқындарының болуы

  5. r-r интервалы ұзақтығының бірдей байқалуы


3. ЭКГ жүрекшелер жыбырына тән негізгі белгілерін таңдаңыз:

  1. әртүрлі ұзақтықтағы және амплитудалардағы f толқындарының болуы, R-R интервалының ара қашықтығы әртүрлі

  2. qrs комплексінің алдында Р тісшесінің теріс мәнді болуы

  3. qrs комплексінің соңында Р тісшесінің теріс мәнді болуы

  4. pq интервалының әртүрлі болуы

  5. r-r интервалының бірдей болуы


4. Жүрек шамасыздығының І-ІІ ФК және миокард инфарктін басынан өткерген, 68 жастағы науқастың жүрекшелік жыбырына (4 жыл аралығында тұрақты түрде) байланысты дәрігердің тактикасын бағалаңыз:

  1. бета-адреноблокаторларды қоса тағайындауда жүрекшелер жыбырының нормосистолалық түріне жеткізу

  2. стационар жағдайында (хинидин дәрілік заты немесе ЭИТ көмегімен) жүрекшелер жыбырын синусты ырғаққа ауыстыру

  3. синусты ырғақты қалыптастыру үшін ритмилен немесе изоптин препараттарымен (немесе соларға ұқсас дәрілік заттармен) профилактикалық ем жүргізу

  4. орынды тұрақты электрокардиостимуляцияға ауыстыру

  5. бұндай науқастарға тұрақты терапия қажет емес


5. Суправентрикулярлы пароксизмдік тахикардияны басу үшін ең тиімді препаратты таңдаңыз:

  1. лидокаин

  2. верапамил

  3. аденозинтрифосфат

  4. ритмилен

  5. новокаинамид

  6. конкор

  7. индап



6. Шешім қабылдаңыз: науқаста жүректің жиі соғу ұстамасы пайда болды (минутына 160 рет), дәрігер каротид синусына массаж жасап ұстаманы басты. Бұл ұстаманың себебі:

  1. синусты тахикардия

  2. пароксизмдік қарыншаүстілік тахикардия

  3. пароксизмдік жүрекшелер жыбыры

  4. пароксизмдік жүрекшелер дірілі

  5. пароксизмдік қарыншалық тахикардия


7. Клиникалық ситуацияны бағалаңыз: жалпы тәжірибелік дәрігерге жоспарлы қарауға 41 жастағы науқас келді. ЖИА. Тұрақты күштемелі стенокардия II ФК. Артериялық гипертензия II дәрежесі, қауіп тобы IҮ. ЖШФК0 диагнозымен бақылауда тұрады. Қарау барысында науқастың шағымдары болмады. АҚ 13080 мм сын. бағ. ЖЖЖ 72 мин. ЭКГ сирек қарыншалық экстрасистолиялар тіркелген. ЭхоКГ-да қосымша хорда анықталды. Науқасқа антиаритмиялық ем қажет пе?

  1. жоқ, науқастағы аритмия субъективті жақсы емге көнеді

  2. ия, себебі қарыншалық тахикардия пароксизмінің даму қаупі бар

  3. ия, себебі науқаста ЭхоКг-да қосымша хорда анықталды

  4. жок, себебі міндетті түрде жасанды жүрек ырғағын орнату қажет

  5. ия, себебі Морганьи- Адамс-Стокс ұстамасы дауы мүмкін


8. Клиникалық ситуацияны бағалап, диагнозын болжаңыз: аймақтық дәрігерге 60 жастағы науқас келесі шағымдармен келді: жүректің қатты соғуы, жүректің «тоқтап қалуы» сезімінің болуы, ентігуі, басының айналуы, әлсіздік. Анамнезінде – 2 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткерген. Аускультацияда: жүрек тондары әлсіз, брадикардия, пульсі 40-42 рет мин, АҚ 16080 мм сын.бағ. ЭКГ айқын көрінетін синусты брадикардия 40 рет мин. Брадикардия атропин препаратын енгізгеннен кейін де сақталған. Ортостатикалық сынамада ырғақтың жиілеуі болмады. Науқаста қандай асқынуы пайда болды?

  1. атриовентрикулярлы блокаданың 2 дәрежесі

  2. атриовентрикулярлы блокаданың 1 дәрежесі

  3. синусты аритмия

  4. атриовентрикулярная блокаданың 3 дәрежесі

  5. экстрасистолия

9. Шешім қабылдаңыз: синус түйінінің әлсіздік синдромына (СТӘС) жататын белгі:

A. синусты аритмия

B. шорт синдромы – тахикардия мен брадикардияның ауысып кездесуі, брадикардиясы басым

C. Қарыншалық экстрасистолия

D.атриовентрикулярлы блокаданың I дәрежесі

E. жүрекшелер жыбыры, нормосистолалық түрі

10. Науқас жағдайын саралаңыз: 65 жастағы науқас, дәрігердің қабылдауына физикалық күш түскенде төс артының қысып (сыздап) ауырсынуына, ауырсынудың сол қолға берілуіне, ауырсынудың нитроглицерин қабылдауымен басылуына, жүректің қатты, дүрсілдеп соғуына шағымданып келді. Анамнезінде 20 жыл көлемінде артериалық гипертензиямен ауырады, максимальді 200100 мм сын.бағ. дейін жоғарылайды. Соңғы жылдары верапамил препаратын тәулігіне 240 мг қабылдап жүрген. ЭКГ PQ интервалының 0,24 сек. Науқаста келесі асқынуы дамыды:


  1. атриовентрикулярлы блокаданың I дәрежесі

  2. гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы

  3. гис будасының оң аяқшасының толық емес блокадасы

  4. гис будасының оң аяқшасының толық блокадасы

  5. синоатриалық блокада


1. Науқаста атриовентрикулярлы блокаданың Ш дәрежесі және естен тану ұстамалары бар. Ең тиімді емдеу жолын таңдаңыз.

  1. бірінші орындағы аритмияға қарсы препаратты тағайындау

  2. хирургиялық емге жолдама беру- электрокардиостимулятор (ЭКС) имплантациясы

  3. бірлескен аритмияға қарсы препараттарды тағайындау

  4. жүрек бұлшық етінің зат алмасу процесін жақсартатын препараттарды тағайындау

  5. физиотерапияны тағайындау



2. II типті атриовентрикулярлы блокаданың II дәрежесіне тән ЭКГ белгісін таңдаңыз:

  1. qrs комплексінің жүйелі түрде түсіп қалуынан PQ интервалының тұрақты немесе қалыпты ұзаруының болуы

  2. бір комплекстен келесі комплекске PQ интервалы ұзақтығының біртіндеп ұзаруы

  3. pq интервалының ұзаруы

  4. pq интервалы ұзақтығының қысқаруы

  5. qrs комплексімен P тісшесінің қатынасы 3:2-ні құрайды



3. Науқаста дамыған асқынуды таңдаңыз: диффузды токсиндік зобпен ауыратын 34 жастағы әйелде, ентігу, жүрек соғысының күшеюі пайда болды. Жүрек тондары айқын, ырғақсыз. Жүрек ұшында қысқа систолалық шу естілді. ЖЖЖ 128, ал РS 78 мин. ырғақсыз. ЭКГ R-R аралығы әртүрлі, II, III avF, V1 тіркемелерінде f толқындары бар, P тісшесі теріс мәнді.

  1. av- түйінінен пайда болған пароксизмдік тахикардия

  2. жүрекшелер дірілі

  3. жүрекшелік экстрасистолия

  4. қарыншалық экстрасистолия

  5. жүрекшелер жыбыры


4. Тұрақты электрокардиостимуляция жүргізу көрсетпесін анықтаңыз:

  1. гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы

  2. морганьи-Адамс-Стокс ұстамалары

  3. атриовентрикулярлы блокаданың I дәрежесі

  4. синусты брадикардия 44-42 рет мин

  5. гис будасының оң аяқшасының толық блокадасы

5. Синдромды таңдаңыз: ырғақтың сиреуі (ЖСС 40 рет немесе одан да төмен минутына), Морганьи - Эдемс – Стокс ұстамалары бар.

жүрекшеаралық блокада


  1. атриовентрикулярлы блокаданың I дәрежесі

  2. гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы

  3. қарыншалық экстрасистолия

  4. толық атриовентрикулярлы блокада


6. Миокард инфарктының жедел кезеңіндегі жиі қарыншалық экстрасистолияда қолданылатын препаратты таңдаңыз:

  1. β-блокаторлар

  2. новокаинамид

  3. кордарон

  4. лидокаин

  5. жүрек гликозидтері


7. ІІ типті атриовентрикулярлы блокаданың II дәрежесінің (Мобитц бойынша) ЭКГ белгілерін таңдаңыз:

  1. р тісшесі сақталған және нақтыланған P-Q интервалының ұзаруы, QRST комплекстерінің түсіп қалуы

  2. қарыншалық комплекстер санының жүрекшелік комплекстер санына сәйкес келуі

  3. p-q интервалы "нақтыланған" және бөлек QRST комплекстерінің жойылуы

  4. qrs комплекстерінен кейін теріс Р тісшесінің болуы

  5. бета- толқынының болуы мен P-Q аралығының қысқаруы


8. 73 жастағы әйел, аймақтық дәрігерге ентігуге, жүрек тұсында жайсыз сезімінің болуына, эпизодты түрде жүректің қатты соғуына шағымданып келді. АҚ 15480 мм сын.бағ. ЖЖЖ 82 мин. ЭКГ сол қарыншаның гипертрофиясы. Тәуліктік мониторлауда ЭКГ: орта ЖЖЖ 78 рет мин, (минималді-58, максималді-147) ST сегментінде анық ишемиялық өзгерістер жоқ. Мониторлау барысында жиі кезеңд,і топтық қарыншаүстілік экстрасистолия тіркелді. Осыған байланысты 4 эпизодты қысқа жүрекшелер жыбырының пароксизмі анықталды. Емдеу тактикасын ұйымдастырыңыз:

  1. эналаприлдің мөлшерін 10 мг көтеру + 25 мг гипотиазид

  2. 5 мг эналаприл және 25 мг гипотиазидке дилтиазем қосылды

  3. 5 мг эналаприл және 25 мг гипотиазидке 5 мгтәу бисопролол қосылды

  4. 5 мг эналаприл және 25 мг гипотиазидпен жүргізілген терапия өзгеріссіз

  5. 5 мг эналаприл және 25 мг гипотиазидке седативті дәрмек (назепам) қосылды

9. қарыншалық парасистоланың және экстрасистоланың клиникалық маңызын табыңыз:

A. жүректің ауыр зақымдануын көрсетеді

B.экстрасистолия жүректің ауыр зақымдануын көрсетеді

C. жобасы бірдей

D.қарыншалық экстрасистолия кенет өлімге жиі алып келетін фактор болып табылады

E.парасистолия кенет өлімге алып келетін фактор болып табылады


10. Новокаинамидті еккен соң науқаста қарыншаішілік блокада дамығандығын бағалаңыз. Қандай препарат оның жоғалуына септігін тигізеді?

  1. 0,1% 1 мл атропин ерітіндісі

  2. 4% 80-100 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісі

  3. 10% 10 мл кальций хлор ерітіндісі

  4. оксигенотерапия

  5. 1 мг адреналин ерітіндісі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет