173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп кулимгалиева айгүл бақЫТҚызы бастауыш сынып мұғалімі «білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –ең басты міндеті»



Дата22.04.2019
өлшемі1.47 Mb.
#111570

ЖАҢА ЗАМАН - ЖАҢА ТАЛАП 2016-2017 оқу жылы



173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп



КУЛИМГАЛИЕВА АЙГҮЛ БАҚЫТҚЫЗЫ

бастауыш сынып мұғалімі


«білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –ең басты міндеті»

Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай мұғалімдер үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман болуы қажеттігі күмән тудырмайды.

Соңғы жылдары білім беру саласында мамандардың құзіреттілігін қалыптастыру туралы әр түрлі пікірлер жиі айтылуда. “Құзіреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1990 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзіреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”, “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педогогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға саналады.

Қазіргі кезде, педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні барлығымызға түсінікті. Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы тұлғаның интеллектуалды, эмоциялық, рухани потенциалының баюына, өзін-өзі жетілдіруге, танытуға ұмтылуға нақты жағдай туады. Осыған байланысты ұстаздардың кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзіреттіліктің қалыптасу процесі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпы мәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әр түрлі танылады және әр түрлі іске асады.

Зерттеу барысында, педагогикалық үрдісінде құзіреттілігін қалыптастыру тиімді болады, егер:

•кәсіби құзіреттіліктің қалыптасуына әсер ететін факторлар ескерілсе: әлеуметтік; психологиялық; ұйымдастыру-педагогикалық;

•педагогикалық практика үрдісінде оқушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру бойынша тәрбиелеу;

Егемендік алып, жылдам дамып келе жатқан ақпараттық құзыреттілік мұғалімнің өзінің құзыреттілігін арттыратын туысы.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шағармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану кезеңіндегі педагогикалық құзыретті мақсаттар мыналар саналады:

1.Ақпараттық қоғам құру кезеңінде оқушының жеке тұлғасын және индивидті лайықты өмірге дайындау;

-ойлау қабілетін жетілдіру;


-эстетикалық тәрбие;
-қатынас- сөйлесу (коммуникативті) касиеттерін дамыту;

- Тиімді шешім қабылдауды немесе күрделі жағдайларда қабылданатын бірнеше шешімдер

нұсқасын ұсынуды қалыптастыру;
-ғылыми –тәжірибелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту;
-ақпараттық мәдениетті, ақпаратты өндеу ісін жүргізе білуді қалыптастыру

Білім беру мазмұнындағы өзгерістер, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру - мұғалімнің әдістемелік қызметінен көп жаңашылдықты күтеді, кәсіби құзыреттілігі шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Заман талабына сай болу үшін мұғалім әрқашанда ізденіс үстінде болу керек. Өздігінен дамуға, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылатын ұстаз оқушысына оң бағдар сілтейді деген сенімдемін.

Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейлінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.

Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.

Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.

Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып, елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.

Осы мақсаттарды орындап шығу үшін әрине өз ісіне берілген, кәсіби маман қажет. 12 жылдық мектептің педагогы өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.

Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны жөн. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.

Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті

(ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу.

Яғни, мұғалім оқушылармен қарым – қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.

Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Әрине, мұғалімдікке кездейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын, ар-намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйыдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ емес.

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.

Бұл мынандай фактілерге байланысты:



  • оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,

  • топтық жұмыс дағдыларын дамыту,

  • әрекеттерге үйрету,

  • нақты ситуацияларды талдау.

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.

Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни, өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды.

Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын басты талап. Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы» немесе мұғалім дайын піскен мәліметті беруші, ал оқушы оны дайын күйінде қабылдап алушы схемасы дәл қазіргі нарықтық бәсеке заманында мүлде тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке, мұғалімге қатысы жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі–ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстауына әсер етеді.

Қазақстан - демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп отыр. Ал, ол тек ашық та әділ сайлаулар, БАҚ – тың еркіндігі т.б. ғана емес мектепке де қатысты. Мектеп өмірін демократияландыру өзін–өзі басқару, бала құқығының сақталуы, орындалуы, оқушылардың өз пікірлерін ашық, еркін айта алуы, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне талап қою т.б. байланысты.

Мектепті демократияландыруға ұстаздардың да дайын болуы, соған ат салысуы оқушылардың белсенділігін арттырып, болашақтың жігерлі азаматтарын дайындаудың алғашқы негізі қаланады. Кәсіби құзырлылық – мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғары деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.

12 жылдық білім беру психологсыз іске аспайды. Ол туралы, яғни психологтың орны туралы тұжырымдамада айқын көрсетілген. Мектеп психологы баланың жан-дүниесімен жұмыс істеу керектігі түсінікті. Сонымен қатар, оқушыға білім беру процесі барысында әр мұғалім білім беру, оқу процесін ұйымдастырумен қатар олардың психологиялық ахуалын да назарда ұстауы қажет. Яғни, әр мұғалім психолог болуы керек. Сыныпта балаларды алалау (әлеуметтік, ұлттық т.б.), жаман оқитындар немесе жақсы оқитындар деп ашық түрде бөлу жеке тұлғалық және ұжыммен жұмыс істеуге нағыз кедергі болады да, психологиялық ахуал бұзылған жерде білім беру мен білімді игерудің түпкі нәтижесіне қол жетпейді.

Қазіргі заманғы психологияны кәсіби деңгейде болмаса да, белгілі бір дәрежеде игермеген мұғалім жарты қаруы жоқ жауынгер іспеттес. Бала психологиясына сезімтал болу ұстаз үшін бала жүрегіне жол табар жарты жеңіс деуге болады.

Сонымен, 12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оқушыға таным – бағыттық білім берудегі ең басты міндеті. Мұғалімнің білім деген теңіздегі кеменің бас «капитаны» болғандықтан, сол кемедегі «матрос» – оқушылардың қабілеті мен жеке қасиеттерінің көзін ашуға көмектесетін нағыз маманы болуы тиісті.

Қорытындай келе, құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.

•Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.

•Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.

•Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.

•Мектептің материалдық базасын нығайту.

•Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.



Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Государственная программа развития образования в Республике Казахстан до 2020 года. Астана, 2009 ж.

  2. Стратегия информатизации системы образования Республики Казахстан до 2020 года, Астана, 2008 ж.

  3. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009

  4. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008

  5. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007

  6. И.Д.Богаева . Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009

  7. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009.




Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
raznoe -> «Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары» тарих мұғалімі Мекебаева Жанара Болатовна
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасындағы»
raznoe -> Формальді түрде берілген және оны сақтау, өңдеу және таратуды қамтамасыз ететін ақпарат
raznoe -> «Мақал сөз мәйегі» і-жүргізуші
raznoe -> Vi халықаралық білім беру және біліктілікті көтеру жүйесінде педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі
raznoe -> Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебі «Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері Мақсаты
raznoe -> Без өйдә бөтен эшне дә бергә эшлибез
raznoe -> Сабаќ жоспарыныѕ картасы
raznoe -> Сабақ № Сабақ жоспары Күні Тобы Сабақтың тақырыбы: Қауіпті жүктерді тасымалдау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет