Жылыой ауданының тұрғыны көршісінің үш қойын ұрлап, түрмеге тоғытылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны үшін айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

“Сотталушы 2023 жылдың желтоқсанында көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, қойларды арзан бағаға сатқан. Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 188-1 бабы 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген”, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.