Өткен айдың ортасында пара алды деген күдікке ілініп, ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа жетті. Алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: gov.kz

Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен. 

Бірінші сот отырысы 11 наурыз күні өтеді деп жоспарланған. 

Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге қылмыстық кодекстің 366-бабы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр. 

Дәл осы күні сот отырысында қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қаралады.

ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді. 

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласы әкімінің ұсталғанын растады. 

Ал Сәтбаев қаласының тұрғындары пара алды деп ұсталған әкім Шапағат Әубәкіровті қорғап, босатуды талап етті. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.