Израиль алдағы 24-48 сағатта Ираннан соққы келеді деп дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Dzen

Израиль 1-2 күнде оңтүстік немесе солтүстікке Ираннан тікелей шабуыл келеді деп дайындалып жатыр.

Иран басшыларынан алынған дереккөзге сүйенсек, шабуыл жоспарлары талқыланып жатқанымен, түпкілікті шешім қабылданбаған.

АҚШ барлау қызметі бірнеше күнде Иран, Израиль территориясына соққы жасауды жоспарлағанын айтады. Айтуларынша, Тегеран баллистикалық зымырандар мен жарылғыш заттары бар ұшқышсыз ұшақтарды пайдалана отырып, Израильдегі ондаған сезімтал нысандарға, соның ішінде энергетикалық инфрақұрылым мен басқа да әртүрлі нысанға соққы беруді жоспарлаған.

Иран сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен тілдескенде Тегеран Израильдің Дамаскідегі Иран консулдығына жасаған шабуылына жауап беруге ниетті екенін растады.

1 сәуірде Израиль әскери-әуе күштері Иранның бас консулдығының ғимаратына әуеден соққы берді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.