2. ДӘріс тезистері



бет1/8
Дата13.01.2022
өлшемі124.22 Kb.
#169690
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс (2)





2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ




№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Қазақ әдебиетін оқытуда таным теориясының қалыптасуы

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі- әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттігі.

Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де тәсілдері, амалдары, жолдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Әдебиет пәнінің мектеп өміріне, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарына игі әсері. Оқушылардың адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын терендетуде және күллі сұлулық, көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.

Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені).



  1. Араб-парсы әлемі үлгісіндегі әдеби оқу дағдыларының кең қанат жаю себептері, алғы шарттары, қазақ ұғымына үйлесімділігі.

  2. Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу құралдары. Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері.

  3. ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі туралы тың ойлары.

  1. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі.

  2. Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. Оқу-ағарту ісіндегі уақыт талабына сай өзгерістер; 1917-1927 жылдардағы мектеп түрлері.

  3. 1928-1938 жылдар аралығында әдебиетті оқытудағы тарихи бағыттың басымдылығы.

1932 жылы қабылданған «Оқу бағдарламалары мен бастауыш және орта мектептер туралы» қаулы-қарарлар. 1939 жылы қабылданған жаңа бағдарлама, оның ұзақ жылдық қызметі. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу бағдарламасы.

Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі.Сол өнердің бертін келе бірте –бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ аласы , қара көріністері, ондағы әдеби- тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары.

Таным теориясы - философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.

Таным тарихы

Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды.

Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты.

Танымның формасы
- сезімдік, түйсіктік таным;

- рационалдық, логикалық таным

Әдебиет – өнер пәні. Өнер пәнін оқытуға қойылатын міндет те аса жауапты. Ә.Бөкейханов: «Ән өлең, күй – ең сенімді үн, бұл үнмен адам мехнатын, рақатын, ғайратын, шафқатын, сүйіспеншілігін билейтін, қайғы-қасіретін Құдайға тапсырады, жеткізеді…»,–деген екен. Әдебиет пәні оқушының ақыл ойын, шығармашылық қабілетін ғана жетілдіріп қоймай, эмоциялық зиятын шыңдап, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін мектептегі жалғыз, дара пән екенін түсінсек, әдебиетті оқытуға жеңіл-желпі қарамас едік.

Әдебиет – адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет – жан-жақты да терең ойлантатын пән. Оқушы танымы мен логикасын дамытуда әдебиет пәні жаратылыстану пәндерінен кем түспейді. Жаратылыстану пәндері сияқты тұрақты бір формула мен қағидалар, заңдылықтармен шектелмей, әдебиет пәні еркін ойдың, қиялдың дамуына жолбасшы бола алады. Әдебиет пәнінде дәлелдеуді қажет ететін тұрақты формула, элементтердің бұлжымас ережелері жоқ. Бірақ кейде шығарма өзегіндегі ой қисынын зерделеу, азаматтық ұстаным тұрғысынан келгенде күрделі есепті шығарудан да ауыр болатын тұстары аз емес. Белгілі әдіскер Қ.Бітібаева «Әдебиет – адамтану құралы» болса, әдебиет пәні – «адам тәрбиелеу құралы» деген пікір айтады. Ал әдіскер ғалым Е.Н.Ильин «Әдебиет – адам қалыптастырушы құрал» деген әдебиет пәнін оқытудың жаңа жүйесін ұсынған болатын.

Әдебиет пәні арқылы оқушы адам болмысын тануды үйренеді, сол арқылы өзін-өзі тануға талпыныс жасайды. Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейтеді, рухани дүниесі байиды, туған тілі мен еліне деген құрмет сезімі, ұлттық ділі мен рухы қалыптасады. Адам тұлға ретінде рухани қуаттанады. Ашығын айтқанда, білімі бекем, рухы қуатты ұрпақтың өз туған ұлтына, Отанына деген сатқындығы болмайтыны айқын. «Пайданы көрсе бас ұратын», өзінен бастап, Отанына дейін сататын жеткіншек қайдан қалыптасады деп таңырқаудан бұрын, себебі неден деп зерделеген орынды болмақ. Сондықтан әдебиетті оқыту қажеттігін білу және оны қай мазмұнда оқытуды терең пайымдау бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі.

1987 жылы жазылған әдістемелік еңбегінде Ә.Қоңыратбаев: «Танымның (білімнің) негізінде материал (текст) жататын болса, бірінші жинақтауға мазмұн (тексті оқу) сатысы жатады. Затты (материалды) бала өзі ұстап көрмей жатып, сол зат туралы онда ешқандай актив ұғым тумайды. Бүтін – сол.  Білім дегеніміз таным болса,  ол заттың өзін игеруден басталады… материал арқылы бала болмысты, адам табиғатын танып біледі. Бала алманы көзбен көріп (түсі), қолмен ұстап (салмағы), мұрнымен иіскеп, өз білгенін тілмен айтады. Екінші саты – талдау (бөлшек). Бұл тұста балалар бірлескен түрде шығарманың формасын (образдарын) композициясын, тілін, өлең өлшемін) жеке-жеке талдайды. Бөлшексіз бүтін жоқ. Бұл оқуды тереңдетеді. Кластағы  бірлескен талдау сабақты активтендіреді. Талдау сабақтарын тереңдетудің екінші формасы – теориялық мағлұмат» дей келе автор теориялық білімнің ретімен берілуін назардан тыс қалдырмайды.

Әдебиетте оқушының өзінің қабылдауы, түсінуі, түйсінуі есепке алып барып келесі оқу міндетіне қадам жасау маңызды. Біз әдебиетті оқытқанда ақпарат қана беріп отырғанымыз жоқ. Әр оқушы өзі қауышқан кейіпкерімен бірге өсіп жетілетінін, өмір тәжірибесіне жүгініп сарапқа салатынын ұмытпауымыз керек. Оқушының сыни, дивергентті, аналитикалық,  шығармалық, образды ойлау жүйесіне септігі тимейтін болса, пәннің де бағасына жетпеген болып шығамыз.  Абайдың:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет