2. ДӘріс тезистері



бет4/8
Дата13.01.2022
өлшемі124.22 Kb.
#169690
1   2   3   4   5   6   7   8
Дәріс (2)

Сұрақтар:

1.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің педагогика,

психология және басқа ғылым салаларымен байланысы.

2.Мектептегі әдеби білімнің оқушының жас ерекшелігіне сәйкес белгіленетіндігі

3.Жас ерекшеліктің психологиялық негіздері, ғалымдар пікірлері.

4.Көркем шығарманы оқытуда жас ерекшеліктеріне байланысты топтастыру

5.Кіші жастағы жасөспірімдер (5-7 сыныптар, 10-12 жас).

6.Ересек жастағы жасөспірімдер (8-9 сыныптар, 13-14 жас). 7.Үлкен жастағы жастар (10-11 сыныптар, 15-17 жас).




1

№ 5

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын ендіру туралы айтылған. Осыған байланысты соңғы жылдары жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамуы. «Инновация» деген сөз латынның «novus» - жаңалық және «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы – «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.

Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен айналысу.

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған қазіргі кездегі тіл және әдебиетті оқытудың әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Мектептердің қазіргі даму барысында инновациялық ізденістерін саралау төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр: білім берудің мазмұнын қалыптастыру, жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа әдіс; жүйе; педагогикалық технология құру және оны жүзеге асырып үйрену; жаңа үлгідегі оқу мекемелерін жасау; кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы екендігі, оның инновациялық технология қолданудағы білім жолы.

Білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологиясының түрлері:

Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амоношвили, мақсаты:баланың жеке қасиетін аша отырып азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ояту,танымдық күшін дамыту),

Саралап оқыту :мақсаты:оқу үрдісіне мұғалім мен оқушы білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі, когнитивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әр түрлі мектеп пен сыныптар , топтар үшін оқыту жағдайын жасау.

Ұжымдық оқыту :әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастықта тәрбиелеу.

Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі (В.Т.Кабуш, мақсаты:оқушының бойында өзінөзі жетілдіру, қабілет, қызығушылығын дамыту, өзін өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру) Оқыту технологиясының түрлері мен білім сапасын арттырудағы жетекші ролі.

Деңгейлік(Монахов, Қараев),

модульдік оқыту(М.Жампейісова),

дамыта оқыту идеясы(Давыдов, Зенков),

сыни тұрғыдан дамыта оқыту технологиясы(демократиялық ашық кеңістік орталығы). Құрылымы, мазмұны,түрі,сабақ позициялары, американдық оқу стратегиялары-Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда дамыта оқыту, нәтижелері.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:

1.1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер

A) Білім беру жүйесіндегі реформалар

B) Әдеби білім тұжырымдамасы

C) ҚР орта білім мемлекеттік стандарты

D) Қазақ халқының рухани құндылықтары

E) Қоғамтану құралдары

F) Әдістеменің даму тарихы

G) Пәндік олимпиадалар

H) Кеңестік білім жүйесінің ерекшеліктері


2.Әдеби білім берудегі жаңа жүйе

A) Модульдік жүйе

B) Кіріспе, сұхбат, қорытынды бөлімнен тұратын жүйе

C) Жоқ дегенде міндетті деңгейді меңгеретін жүйе

D) Миға шабуыл жасайтын жүйе

E) Деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асатын жүйе

F) Педагогикалық жүйе

G) Әдеби – қисынды талдауды меңгеретін

H) Әдеби – теориялық ұғымды қалыптастыратын
3.Проблемалық оқытудың ерекшелігі

А) Таным белсенділігін арттыру

В) Есте сақтау қабілетін жоғарылату

С) Ойлау қызметін дамыту

D) Өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білу

E) Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуы

F) Жылдам оқи білу қабілетінің дамуы

G) Логикалық ойлау қабілетінің дамуы

H) Сөздік қорының молаюы
4.Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолданудың ерекшелігі

А) Оқушылар жалықпайды

В) Оқушыларға ауыр тиеді

С) Ойлауын тежейді

D) Көркем тілінің дамуына кедергі болады

E) Кітаппен жұмыс жасаға мүмкіндік болмайды

F) Пәнге қызығушылығы артады

G) Тақтамен жұмыс азаяды

H) Оқушының белсенділігі артады
5.Білім берудегі проблемалы оқытудың кезеңдері

А) Білімді проблемалы бақылау

В) Жазба жұмыстарын жүргізу

С) Білімді баяндаудың кейбір кезеңдерінде оқушыны ішінара қатыстыра отырып баяндау

D) Оқытуды зерттеу әдісімен ұштастыру

E) Материалды проблемаға құра білу, проблемалық ситуация туғызу

F) Білімді проблемалы баяндау

G) Шығармашылық ізденіске бағыттау

H) Проблеманы шешудің жорамалын жасай білу
6.Әдебиетті тереңдетіп оқытудың көкейкесті мәселесі

А) Қызығушылығын ояту

В) Өтілетін пән аясында өту

С) Жалпы ақын жазушылар шығармаларын толық қарастыру

D) Көркем сөз иесінің әлемін тұтастай қарастыру

Е) Көркем туындыларға жай талдау жасау

F) Оқылатын шығармаларының көптігі

G) Көркем шығармаларға кеңінен оқуға жол ашу

H) Тілдерін жаттықтыру
7.Әдебиет пәнінде қолданылатын сызбалы көрнекіліктің түрлері

А) Кестелер

В) Қима қағаз

С) Семантикалық карта

D) Аудиотаспа

Е) Хранологиялық кесте

F) Теледидар

G) Үлестірмелі қағаз

H) Карта
8.Оқытуды ң жалпы немесе құрылымдық формалары

A) жұптық

B) Қызығушылықты ояту

C) Топтық

D) Баяндау

E) сұрақ - жауап

F) ұжымдық

G) тақырыптық

H) Ой – қозғау
9.Қазақ әдебиеті пәнінен берілген тапсырманы тү рлендіру бағытындағы жұмыс түрі

A) Пікір


B) Сөйлеу мәдениеті

C) Шағын әңгіме

D) Дәлелдеу

E) Мотив


F) Ә ңгімелесу

G) Шығарма

H) Шығармашылық жұмыс
10.ЛогикалыҚ ойлауды дамытатын ойын тү рі

A) Көкпар

B) Сөзжұмбақ

C) Көксерек

D) құрастырмалы ойындар

E) Ребус


F) Қыз Қуу

G) Алтыбақан

H)Ақ сү йек
Сұрақтар:

1.Білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновацияның мазмұны

2.Инновациялық ізденістердің бағыттары

3.Жаңа технологияны игерудегі ерекшеліктер

4.«Инновация» сөзінің шығу төркіні

5.«Технология» термині

6.Педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихы

7.Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары

8.Модификациялық инновация

9.Комбинаторлық инновация

10.Радикалдық инновация



1

№ 6

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Әдебиет сабағы. Әдебиет сабағының көркем шығарманы оқытудағы орны, жүйесі. Әдебиетті оқыту әдістері

Әдебиетті оқыту үрдісі. Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді етудегі қызметі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Оқытуды ұйымдастыру формалары

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.

Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.

Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

Қазіргі мектеп тәжірбесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:

1.Кіріспе сабағы.

2.Жаңа білімді хабарлау сабағы.

3.Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.

4.Жаттығу және тәжірибе сабақтары.

5.Зертханалық сабақ.

6.Қайталау-қорыту сабағы.

7.Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.

8.Аралас сабақ.

9.Өздігінен білім алу сабағы.

Жеке сабақтардың жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ болып табылады.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:

1.Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

2.Сабақтың тақырыбы.

3.Сабақтың мақсаты.

4.Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.

5.Сабақтың мазмұны.

6.Оқыту әдіс-тәсілдері.

7.Сабақ құралдары.

8.Үй тапсырмасы.

9.Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі оның шығармашылық еңбегі болып табылады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:

1.Мұ ғалім сабақ түсіндіруде неден бастайды

А) Кіріспе әңгімеден

В) Сөздіктен

С) Ә ңгіме арқылы кө ңіл аударудан

D) Түсіндіруден

Е) Алғы сөз айтудан

F) Мазмұндаудан

G) Ба ғалаудан

H) Қорытындылаудан


2.Сабақ жоспарының басты құрылымдық элементі

А) Дамыта оқыту

B) Бақылау жұмыстары

С) Мазмұндама

D) Шығарма

Е) М ә нерлеп оқу

F) Жа ңа сабақты түсіндіру

G) Сабақты ң мақсаты

H) Ұйымдастыру кезе ңі
3.Әдебиетті оқытудың бірінші кезеңінің мақсаты мен міндеті

А) Көркем шығармалардың рөлі

В) Көркем туындыға оқушы ынтасын арттыру

С) Әр жанрды түсініп білу

D) Ойын сабаққа аудару

Е) Мазмұндауға ынтасын қалыптастыру

F) Жазушы стилі,тілі жайында мәлімет беру

G) Өзпікірі мен ойларын айта білу

H) Ауыз әдебиетін оқып үйрену
4.Сабақтың алғашқы кезеңінің мақсаты мен міндеті

А) Көркем шығармалардың рөлі

В) Көркем туындыға оқушы ынтасын арттыру

С) Әр жанрды түсініп білу

D) Ойын сабаққа аудару

Е) Мазмұндауға ынтасын қалыптастыру

F) Жазушы стилі,тілі жайында мәлімет беру

G) Өзпікірі мен ойларын айта білу

H) Ауыз әдебиетін оқып үйрену
5.Әдебиет пәнін оқыту әдістері

А) Сыныптағы оқушылар ұжымы

В) Мәтінмен жұмыс

С) Баяндау әдісі

D)Түсіндіру

Е) Сұқбаттасу

F) Сызба жұмысы

G) Сабақтың сапалы жүйесі

H) Көрнекілікпен жұмыс
6.Әдебиетті оқыту арқылы тәрбиелеу

A) Әсемдік пен сұлулыққа құштарлық

B) Имандыққа, ибалыққа

C) Адами ізгі қасиеттерді қалыптастыруға

D) Жаттығу жасауға

E) Мәтінді талдауға

F) Ғылыми жинақ шығаруға

G) Диктант жазуға

H) Қыстырма сөздерді пайдалануға
7.Әдебиет сабағының нәтижелі болуы мұғалімнің

А) Мәнерлеп оқуына

В) Киіміне

С) Дауыс ырғағына

D) Әдістемесіне

Е) Қимылына

F) Келбетіне

G) Сөйлеу шеберлігіне

H) Шеберлігіне
8.Әдебиет сабағы барысында мұғалімді ойландыратын мәселелер

А) Оқушылардың ой өрісін кеңейту

В) Тәртібін қадағалау

С) Оқушылардың жақсы түсінгендігін ескеру

D) Оқушылардың сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу

E) Оқушылардың келбетіне көңіл бөлу

F) Оқушылардың киіміне көңіл бөлу

G) Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау

H) Берілген материалды тиімді әдіспен жеткізу
9.Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекіліктер

А) Сызба, кестелер

В) Сәулет

С) Мүсін


D) Телехабар

Е) Кинофильмдер

F) Автордың суреттері, шығармалары

G) Ереже жазылған кестелер

H) Музыка туындылары
10.Үнемі сыныпта әдебиет сабағында қолданыла бермейтін әдіс

А) Зерттеу

В) Сөздік

С) Шығармашылық

D) Репродуктивті

Е) Жазбаша жаттығулар

F) Эвристикалық

G) Аралас

H) Көрнекілік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет