2. ДӘріс тезистері



бет6/8
Дата13.01.2022
өлшемі124.22 Kb.
#169690
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс (2)

Сұрақтар:

1.Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі.

2.Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері.

3.Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары.

4.Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері және заңдылықтары танысу

5.Драмалық туындылдардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар

6.Драмалық шығармаларға қатысты әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.

7.Драмалық образ

8.Драмалық қойылымдардағы деккорация

9.Драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер

10.Драма кейіпкерінің табиғатына сай көрсете білу.


1

№ 13

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Тіл дамыту және жазба жұмыстарының әдістемесі

1.Оқушыларды тіл мәдениетіне баулу.

2.Ауызша тіл шеберлігіне баулу.

3.Жазбаша тіл дамыту. Мазмұндама – жазба жұмыстарының ең ауқымдысы.

4.Шығарма, эссе оған қойылатын талаптар,бағалау жолдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту – әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, барлығына тән бірыңғай талап.Тіл тарихы – халық тарихы. Тіл халық тарихымен бірге дамиды, өзгереді, халықтың рухани дүниесінің жетістіктерін бойына сіңіреді. Ұлттық сананың дамуын сөз төркіндерінен іздеп, олардың сөз шежіресін келешекке жеткізіп, жаңа мағына беру, оларды ғылымиландырып, жаңа сапаға көтеру – мәдениетті, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетін қалыптастырудың сара жолы. Көне заманнан ескiрмей жеткен мақал-мәтелдер, шешендiк, қанатты сөздердiң беретiн тағылымдық сипаты мол. Әдебиеттi оқыту кезiнде жас ұрпақтың ой-санасы сергек, сөзге шешен, ойға жүйрiк болуы да көзделедi. Ендеше, мектеп жасындағы жас өспiрiмнiң әдеби тiлi жатық, сөйлеуi сауатты болуы керек. Бұл дағды көркем мәтiнмен жұмыс үстiнде қалыптасады. Ортаңғы сыныптан бастап, мынадай тiл дамыту жұмыстары жүргiзiледi:

- сөздiк жұмысы;

- мазмұндау;

- сұрақ-жауап;

- жазба жұмысы.

Осы жұмыс түрлерi сынып бойынша күрделене жүргiзiлiп, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс жасауына да жәрдемдеседi. Тіл дамыту - әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы. Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі. Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген, бірақ оны тек сол сағаттарда ғана жүргізу керек деп ұқпау керек. Жоғарыда айтылғандай, тіл дамытуға мұғалім әдебиеттің әр сағаты, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі көңіл аударып отырады. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде жүзеге асуы керек. Оқушылардың әдебиет сабағында көркем тілін дамыту үшін де басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы ерекше. Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталасы, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше. Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталас, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше.

5-7 сыныптардағы жазба жұмыстарының ең ауқымдысы – мазмұндама. Мазмұндама мынадай бірнеше түрге бөлінеді:

а) Мәтінге жуық жазылатын мазмұндама. Мұнда оқиға эпизод, диалог, монолог, баяндау, суреттеу сияқты элементтер сақталынып жазылады.

ә) Ең басты оқиғаларды ғана теріп жазатын мазмұндама.

б) Бір оқиғаның айналасында ғана жазылатын мазмұндама.

в) шығармашылық бағыттағы мазмұндама.

Мазмұндаманың түрлері мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Шығармашылық бағыттағы мазмұндамаларды 8-9-сыныптарда да жүргізу тиімді. Әсіресе, шешендік қақтығыстар. Сырым, Қазыбек би, жыраулар мұраларына байланысты мазмұндама оқушыларды шешендікке, көркем сөйлеуге баулиды. Осы тақырыптарға жаздыратын мазмұндама оқушыларды шешендікке, көркем сөйлеуге баулиды. Осы тақырыптарға жаздыратын мазмұндама күрделі болып келеді, себебі, олардан шешендік сөздердің дәнін сақтау, сұлбасын нақты беру талап етіледі. Жоспар жасауға дағдыландыру, әсіресе, 5-7 сыныптарда күрделі де маңызды мәселе. Оған үйретудің тиімді деген әдіс-тәсілдерінен мұғалім де үзбей үйренуі керек. Көркем мәтінді оқу, мазмұнын меңгерту кезінде мұғалім ең басты мәселелерді бөліп алып, оқушы назарын үнемі соған аудартып отыру керек. Оған қысқа, тұжырымды тақырып қойып, тақтаға, не дәптерлеріне қолма-қол жаздырып отырады.

2. Негізгі, маңызды мәселелер баяндалатын абзацтарға көңіл бөліп, оған ат қойғызады.

3. Эпизодтарға бөлгізеді. Композициялық құрылысын анықтатады (байланыс, шарықтау шегі деген сияқты).

4. Оқиғаларды рет-ретімен жүйелеп, сол бойынша сұрақтар қойып, мазмұндатады.

5. Шығарманы оқу, талдау алдында оның ең негізгі түйінді дәні жазылған («Нені білу керек?» деген атпен жазуға болады) көмекші-нұсқауды кесте-плакатқа іліп қою тиімді. Себебі, жоспар жасауда оқушы оны басшылыққа алады.

Шығарма жазба жұмыстарының ең күрделісі. Шығармаға дайындық тіл дамыту жұмыстарында жүргізіледі. 5 сыныптан бастап шығарма жаздыруға дағдыландырады. Жазу дағдыларын қалыптастыру біртінділік әдісі бойынша дамып, күрделеніп отырады. 5-7 сыныптарда жай, 8-9 сыныптарда күрделі, 10-11 сыныптарда сыр, ой-толғау проблемалы шығармаларды жаздырады.

Шығармаға қойылатын негізгі талаптар: Өмірден көргенін көкірекке түйе біліп, қорытынды жасау; көркем туындыдан алған өнегесін өмірмен, өз ой-пікірімен ұштастыра білу; тақырыптың идеясын ашу, дәйектемелерді (қанатты сөздер, мақал-мәтелдер) орынды үйлестіру; шәкірттердің жазба жұмыстарына психологиялық әзірлігі.

Шығарма мазмұнына қарай: әдеби тақырыпқа байланысты; шығармашылық әңгіме; пейзаждық ой-толғау; инсценировка; поэзия негізінде; прозалық жанрға жазылатын шығармалар болып бөлінеді.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Тест:

1.Қазақ әдебиеті пәнінен берілген тіл дамыту бағытындағы жұмыс түрі

А) Түсіндіру

В) Сөйлеу мәдениеті

С) Шығарма

D) Пікір


Е) Мотив

F) Ой - толғау

G) Шағын әңгіме

H) Дәлелдеу


2.Әдебиет сабақтарында жазылатын шығармаға қойылатын баға саны

A) Екеу


B) Он

C) Қойылмайды

D) Бес

E) Екі


F) Жұп сан

G) Жеті


H) Үш
3.Көркем мәтінді сыныптан тыс оқу

A) үйде оқу жүйесі

B) Бағдарлап оқу жүйесі

C) Саралап оқу жүйесі

D) Дауыстап және іштей оқу жүйесі

E) Даралап оқу жүйесі

F) Дауыстап оқу жүйесі

G) Мәтіндік оқу жүйесі

H) Іштей оқу жүйесі
4.Шығармалар жаздырмас бұрын мұғалімнің мақсаты

A) Қызықтыру

B) Мәтінге назар аудару

C) Ой салу

D) Киімдеріне қарау

E) Тәртіптеріне қарау

F) Көңілдеріне қарау

G) Адамгершілікке қарау

H) Барлығы дұрыс
5.Көркем мәтінді оқу барысындағы оқушыларды қызықтыратын мәселелер

A) суреттер

B) Кейіпкерлер тағдыры

C) Аяқталу кезеңі

D) Авторы

E) Автордың өмірбаяны

F) Автордың әлеуметтік жағдайы

G) Оқиғадағы табиғат бейнесі

H) Отбасылық қарым – қатынас
6. Мазмұндама жазатын сыныптар

A) 1-2


B) 3-5

C) 5-8


D) 5-7

E) 1-11


F) 12-11

G) 9-11


H) 5-6
7. Шығарма жазатын сыныптар

A) 1-2


B) 3-5

C) 5-10


D) 5-7

E) 1-11


F) 12-11

G) 9-11


H) 4-6
8.Ең көп жазылатын мазмұндама түрі

A) Мәтінсіз мазмұндама

B) Мәтіннен тыс мазмұндама

C) Мәтінге жуық мазмұндама

D) Оқулықтан тыс мазмазмұндама

E) Естігені бойынша мазмұндама

F) Көргені бойынша мазмұндама

G) Айтылған оқиға бойынша мазмұндама

H) Болған оқиғалар бойынша мазмұндама
9.Эссе жазу мақсаты

A) кітап бойынша білім беру

B) бағдарлама негізінде

C) сыныпта жазу

D) серуен кезінде жазу

E) оқушыны шығармашылыққа әкелу

F) мұғалім шеберлігін шыңдау

G) Оқушыны ойтолғауға жетелеу

H) кез-келген уақытта жазу
10. Шығарма жазу басталады

A) жоспардан

B) аудармадан

C) мәнерлеп оқудан

D) талдаудан

E) пікірлесуден

F) кітап табудан

G) дайындықтан

H) сөйлесуден



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет