2 Дәрістік жұмыс



бет1/5
Дата14.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#173870
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 Лекция
лекция - копия, лекция, 1607248420, 539691, 1406363, kәsіporynnyң-eңbek-resurstary, EB STDA KAZ 2019 signed, №22, №10 Бюджеттік есеп, Кболжау, Тақырып 1, Латиф Абдулхайұлы, Фк, Жақты сөйлем, Жаратылыстану бірлестігі


2 Дәрістік жұмыс
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық дамуының мәселелері мен даму тенденциялары




Цифрлық экономика қазіргі әлемдегі басты басымдықтардың біріне айналуда және қоғамның барлық салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында қолданыла бастады. Ауыл шаруашылығының даму перспективаларын сандық түрлендірусіз елестету мүмкін емес. Ауыл шаруашылығындағы цифрлық экономика халықтың азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, агроөнеркәсіптік кешеннің, әсіресе экспорттық өндірістің өндіріс көлемінің, ресурстық әлеуетті пайдаланудан түскен табыстың өсуін, шығындарды оңтайландыруды және өнімділікті арттыруды қамтамасыз етеді. Дамыған елдер экономикасының аграрлық секторын дамыту стратегиясы агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігі мен бірлігіне шаққандағы табысты арттыруға бағытталғанын ескере отырып аграрлық секторды цифрландыру арқылы инвестицияланған ресурстарды тарту, ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын цифрлық инновациялық технологияларды дамыту біздің еліміз үшін одан да маңызды болып табылады.

Әлем сандық жаһандану дәуіріне келді. Осының арқасында еліміз ауыл шаруашылығы саласында кішкентай, бірақ жылдам, арзан, әрі күшті ақылды қондырғыларды қолдана бастады. Қазір күні ауыл шаруашылығы саласында маңызды қызметтердің өзін оңай атқарып жатыр. Шетелдік дихандар үшін сандық технологиялар көктемгі дала жұмыстарын жеделдетіп отыр.

Мамандардың пікірінше, цифрлық технологияларды енгізу ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шығындарының 20-30%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұл технологияның барлық шаруаларға берері көп. Біріншіден уақыт үнемделеді. Көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруадан бас алмайтын, кәсіпкерлерге әрбір минуттың өзі қымбат екендігі мәлім. Екіншіден осындай мүмкіндердің арқасында диспетчерлер, агрономдар мен механизаторлар қателіктерге бой алдырмайды. Үшіншіден Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында кадрлар тапшылығы бойынша агрономдардың, ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механиктерінің, есепшілердің, экономистер мен бухгалтер мамандарыдың тапшылық мәселесін шешуге ықпал етеді.

Шаруашылық басшылары атқарылған және істелініп жатқан жұмысты электронды түрде көре алады. Бұрынғы жүйе бойынша есепші өз есебін жүргізу үшін түнгі ауысымның аяқталғанын кейін барып қанша гектарға дән себілгенін есептейтін. Ал қазір барлық атқарылған жұмыстар автоматты түрде компьтерге келіп отырады. Есепті түнде де жұмысты жасауға болады. Сол ақпаратпен агрономдар, директор мен экономист маман оңай танысады. Кейін, осы бойынша алдағы жоспарларын айқындауға мүмкіндіктері бар. Техниканың бәріне арнайы қондырғы орнатудың көмегімен, алқаптарда жүрген тракторларды көріп, олардың қозғалыстарын бақылап отырады.

Қажет жағдайда жүргізушіге тапсырмалар да беріледі. Технология экономистер мен бухгалтерлердің де жұмысын жеңілдетеді. Өйткені, олар да осы технологиялар арқылы астық мөлшерін біледі, қырманда не болып жатқанын көреді. Сонымен қатар, есепшілердің де ісі бұрынғыдан жеңілдеп, олар егістік гектарларды бір-ақ рет есептейді. Өйткені, гектар көрсеткіштері күнделікті базаға келіп түседі. Тіпті, жұмысшылардың жалақыларын да осы бағдарлама арқылы есептеп беріледі. Осылайша, әр жұмысшыға сепкен алқабының аумағына байланысты жалақы төленеді. Бұл экономистердің де жұмысын біршама жеңілдетті. Бұдан бөлек, жанар-жағармай отынының қаншалықты жағылғаны, тракторлардың тоқтауы, механизаторлардың әрекеттеріне дейін бақыланады. Бұрынғыдай бір жүргізушіде жанар- жағармайдың мөлшері азайып қалыпты деген фактілер болмайды. Өйткені, жұмысшылар сандық технология арқылы оларды бақылап отырғанын біледі. Қазір дизельдің әр литрін шаруашылық басшалары қатаң бақылай алады. Бакқа құйылған жанармайдың қанша гектар алқапқа жететінін және қанша уақыттан соң таусылатынын да алдын ала біліп отырады. Компьютерлердің алдында арнайы диспетчерлер жұмыс істейді. Олар келеңсіздіктердің бәрін қадағалап отырады. Кемшіліктерді іс тындырылған соң емес, шаруа жүріп жатқанда біледі. Бұл олқылықтарды тез түзетуге мүмкіндік береді.

Сандық технология қатардағы комбайншылардың да жұмысын біршама жеңілдетті. Механизаторлардың жұмысы да оңайлады. Себебі бұл мамандар енді тек техниканы диспетчер берген бағыт бойынша ғана басқарулары міндетті. Ал егер де жолдан жаңылысса оған бірден хабарланады. Осы арқылы қателікті бірден түзеуге мүмкіндік бар. Жалпы, мұндай заман игіліктерінің көмегімен жұмыстың жылдамдығы артқан, тұқым себу сапасы да едәуір жақсарды.

Тракторға орнатылған компьтерлер арқылы жұмыс айтарлықтай жеңілдеді. Бұл кондырғы атжалдарды көрсетіп отырады. Дәннің қанша мөлшерде себіліп жатқандығы да байқалады. Тұқымның орналасу реті де қадағаланады. Мұндай техникамен жұмыс істеу қиын емес. Сандық технология жоқ көліктермен еңбек ету ауыртпалық тудырады. Онда істің бәрін жүргізушінің өзі қарап отыру керек. Трактордың жай-күйін, жанар- жағармай көлемін де бақылауы қажет. Қазір заманауи технологиялық жабдықтардың көмегімен жағдай жақсарды. Сандық технологияның көмегі арқылы енді дән себілген алқаптардың жағдайын бақылап отыруға болады. Дәнді дақылдарды химиялық өңдеу, арамшөптен тазарту сияқты жұмыстар да мұндағы тапсырмалар жоспарына енгізіліп, сол бойынша жұмыстар жасалады. Осындай технологиялардың көмегімен күзде мол өнімді қамбаға құюға мол мүмкіндік бар.

Шет елдер ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды бұрыннан қолданып келеді. Сол себепті олардың бұл істе тәжірибелері де мол. Бүгінгі күні шекаралас мемлекеттердің мамандары қателіктерді жоюды, дереу шешім қабылдауды, өнім көлемін сақтау мен алқаптардың құнарлылығын анықтау ісінде біршама жетістіктерге жетіп отыр.

Олар ауыл шаруашылығы жұмыстарында 3 негізгі бағдарламаны қолданып отыр. Олар сандық технология бағыты бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жобалардың біріншісі экзатфарминг деп аталады. Оның көмегімен алқаптардағы еңбекті бақылауға болады. Екінші бағдарлама бойынша техниканың барлығына байқау құрылғысы орнатылады. Осы тетіктермен берілетін ақпарат екінші агродабыл жобасына келіп түседі. Мұның арқасында мамандар тракторлардың бағытын, жылдамдығын және жұмыс сапасын қашықтықтан көріп отырады. Үшінші бағдарлама гиозис деп аталады. Бұл жаңашылдық жүмысты айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл технология арқылы егістік алқаптарын спуниктік арқылы қарауға болады. Ол арқылы тіпті, дәнді-дақылдардың өсу қарқыны, оның жағдайы қалай екендігін анықтауға мүмкіндік бар.

Бұрынғы жүйе бойынша егістік басындағы соңғы мәліметтерді алу үшін агрономдар сол жерлерге өздері барады. Егер де осы гиозис жобасын еліміздің егістік аймақтарына бағыттасақ, онда еліміздің агрономдары жолға шықпай-ақ, ақпаратпен таныса алады. Сонымен қоса, біз техниканың қай маңайда жүргендігін ғана емес, оның қандай қондырғымен жұмыс істеп жатқандығын және не істеп жүргендігіне дейін көре алатын боламыз. Жалпы, сандық технологиялардың пайдасы зор деп есептеймін. Сол себепті мұндай тың мүмкіндіктерді еліміздің барлық дихандары пайдаланғаны дұрыс ешім. Әрине бұл сандық технологияларды бірден меңгеру қиын болады. Бірақ біртіндеп іске көңіл бөлсек, барлығын да қолдануға болады.

Ауыл шаруашылығы саласы - климаттық факторларға тәуелді. Егер де жауын шашып көп болып, немесе қуаңшылық орын алса сапалы әрі мол өнім алуға мүмкіндік жоқ. Бұнын алдын алу жолдарын қарастыру қажет. Ол үшін шаруашылықтарға метеорологиялық құрылғыларды орнатқан жөн. Жаңашылдықтың арқасында табиғи құбылыстарға алдын ала бейімделуге болады. Оның үстіне өнім көлемі артып, шығын азайады. Метеорологиялық құрылғылар арқылы дән себу, ылғал жабу, ору және т.б. жұмыстар жүргізіледі. Метеорологиялық құрылғылардың көмегімен ауа райының жағдайын болжап, парға қалған және жыртылған егіс алқаптарын өндеудің қажеттігін анықтаймыз. Себебі күннің ыстығынан егістік алқапты техинкамен өңдей берсе топырақ кеуіп кетеді. Метеорологиялық құрылғылардың есептеуінше егер ауарайы салқындау болса майлы дақылдарды 2-3 см, ал астықты 5-6 см тереңдікке отырғызады. Себебі жердің асты салқындау. Егер ауа райы ыстық болып, ылғал мөлшері азайған жағдайда 5-6 см-ден төменде орналасу керек екенін метеорологиялық құрылғы анықтайды. Ауа райының жағдайы мен дәнді қандай тереңдікте отырғызу өте маңызды. Оның үстіне тұқым тым тереңде жатса арамшөптер оның өсуіне кедергі келтіреді.

Дегенмен, бұл ретте ұсақ және орта кәсіпкерліктер осындай технологияларды ірі шаруашылықтар сияқты қолдануға мүмкіндіктері бар ма деген сұрақ туады. Өзекті мәселені шешудің амалы да бар. Ол үшін шаруашылықтар бірлесе жұмыс істегендері маңызды.

Жүргізушісі жоқ техникалар ауыл шаруашылығында осындай технологиялар бар. Бұндай техникалардың мүмкіндіктері техниканы әзірлеушілердің идеялары мен өндіріс қызметкерлерінің ой-қиялдары бойынша кеңінен таралған және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде технологиялық операцияларды жүзеге асыруды қамтиды. Мал шаруашылығында - автоматтандырылған сиыр сауу үшін роботтарды, өсімдік шаруашылығында – егістік алқаптарда тікелей жұмыс істеу, яғни дән отырғызу мен ору жұмыстарында және өнім тасымалдауда қолданылады.

Жүргізушісі жоқ ұшақтар ауыл шаруашылығы саласында егістіктерді бақылап, олар бойынша деректер жинау үшін және өсімдік дақылдарын химиялық өңдеу үшін қолданылса, мал шаруашылығында өрсіте жүрген малдарды қадағалап, бақылап отыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Сонымен қорытындылай келе, экономикалық тұрғыдан алдыңғы қатарлы елдерде ауыл шаруашылығы саласының жақсы дамығандығы мәлім. Осының арқасында халықтың тұрмыс деңгейі жоғары. Бұны Қазақстанда қолға алуы тиіс. Егерде агроөнеркәсіп кешенінде сандық технологияны қолданатын болсақ, өндірісіміз қарқынды түрде артады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет