2. ҮЗдіксіз ізде (іздеу)



Дата29.10.2022
өлшемі19.38 Kb.
#177732
Байланысты:
зейін


1. БӘРІН БАЙҚАУ (ЕЛЕУ) 
Бірқатарға 5-7 (ең көбі - 10) зат немесе сурет орналастырып, оларды жауып қойыңыз. Заттарды 10 секундқа ашып, қайта жабыңыз да, балаларға есінде қалған барлық заттарды атауын ұсыныңыз. Заттарды қайтадан 8-10 секундқа ашып, балалардан заттардың қандай ретпен орналасқанын сұраңыз. Кез-келген екі заттың орындарын ауыстырып, барлық заттарды қайтадан 10 секундқа көрсетіңіз. Балалардан қандай заттарды орны ауысқанын сұраңыз. Заттарға қарамай, әр заттың түсін айтып беруді сұраңыз.
2. ҮЗДІКСІЗ ІЗДЕ (ІЗДЕУ) 
10-15 секунд бойы балаға айналасынан түсі (өлшемі, пішіні, материалы және т.с.с.) бірдей мейлінше көп зат табуды ұсыныңыз.
3. ЗАТ ІЗДЕУ 
Ойынға қатысатын балалар бөлмеден шығады. Осы уақытта кішкентай бір затты (сақина, өшіргіш) көрінетін жерге қойыңыз. Балалар бөлмеге кезектесіп кіреді; оларға бөлмені бір айналып шығып, қандай жаңа зат пайда болғанын атауға мүмкіндік беріледі. Тапсырманы орындай алмаған бала айып ұпаймен келесі айналымға өтеді.
4. КІМ БӘРІНЕН МҰҚИЯТ 
Баланы теріс қаратып тұрып, өз киіміңіз немесе бөлмедегі заттар туралы сұраңыз.
5. ЗЕЙІНДІЛІК ЖӘНЕ БАЙҚАМПАЗДЫҚ 
Жүргізуші сайлаңыздар. Қалған ойыншылар сол жүргізуші есте сақтауы тиіс дене қалыбын ұстайды. Артынша жүргізуші бөлмеден шығады, ал ойыншылар (өзара келісіп) киімдерінде, дене қалыптарында бірқатар өзгеріс жасайды. Кірген жүргізуші барлығын бұрынғы күйіне келтіруі тиіс. Егер жүргізуші барлық өзгерістерді тапса, ол ең байқампаз атанады.
10. СУРЕТТЕРДІ САЛЫСТЫРАМЫЗ 
Балаларға бір-біріне ұқсас, бірақ бірқатар өзгешеліктері бар суреттерден айырмашылықтарын табуды ұсыныңыз.


«МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.Жұмыс уақыты-1 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.

Зерттеу мақсаты: Зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау.

Зерттеу мақсаты: Зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау..

Нұсқау: «Сізге шаршы, үш бұрыш, шеңбер және ромб бейнеленген тест ұсынылады. «Баста» - деген сигнал бойынша геометриялық фигураларға қатесіз сәйкес белгілерді қойып шық: шаршыға +, үшбұрышқа -, шеңберді ешқандай белгімен белгілемейсің және ромбқа нүкте қойып шық. Белгілер қатарымен қойылады. Жұмысты орындауға 60 секунд беріледі. «Тоқта» деген сигнал бойынша белгілеуді тоқтатыңыз»



Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет