№20 технологиялық карта



жүктеу 25.08 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі25.08 Kb.

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы: Әжемнің қамзолы.

Мақсаты:Балаларды қазақтың ұлттық киімі-қамзолмен таныстыру және оны ою- өрнектермен әшекелей білуге үйрету. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналыстыра білуге жаттықтыру, оның суретін салу жолдарын менгерту, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-орнегі және қазақтың ұлттық киімі-қамзолдың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:ақ қағаз фломастер, қылқалам, су.

Сөздік жұмыс: әшекей, әшекейлендіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива

циялық -қозғау-

шылық

«Оюды құрастыр,атын ата!» дидактикалық ойыны.

Педагог балалардан қазақтың қандай ұлттық ою-өрнектерінің атын білетіндерін сұрайды.

Балалар толық жауап береді.




Ұйымдастырушылық - әдістемелік

    Педагог балалардың қазақтың қандай ұлттық киімдерін білетіндерін сұрайды. Қамзол жайында әңгімелеп, оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аудартады.

    Сергіту сәті:

    Орнымыздан тұрайық,

    Қолды белге қояйық.

    Қос аяқтап секіріп,

    Бойымызды жазайық.

    Қамзолды салу үлгісіне қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді.

    Қамзолдың суретін салып, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен бояймыз, содан кейін жиегіне ою саламыз. Фломастермен қамзол жиегіне үшбұрыш тәріздес өрнек жасаймыз, қолымызды қағаз бетінен алмай салып жаттығамыз.

    Үлгіде көрсетілген ою-өрнектерді фломастермен жүргіземіз.


-Орамал, тақия, қамзол шапан.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



Қылқаламды жеңіл және еркін ұстап,бояуды өздері таңдап, жұмысқа кіріседі.





    Педагог ою- өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп көмектеседі.

-Қамзолдың пішініне сәйкес ою- өрнектерді жасайды.

Рефлек -

сиялық-

түзету-

шілік.

    -Балалар, сендер бүгін жұмысқа белсене қатыстыңдар жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңдар. Енді сол жұмыстарыңнан көрме ұйымдастырайық.

-Қамзолдың суретін салып, оны өрнектермен әшекейледік.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:ұлттық сәндік- қолданбалы өнер деген ұғымның мәнін.

Түсінеді: өрнектерді дұрыс орналыстыра білуді.

Қолданады: ою- өрнектің суретін салу жолдарын.
Каталог: uploads -> doc -> 0999
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0999 -> Тақырыбы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Мақсаты
0999 -> Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет