2001 жылєы бірінші жартыжылдыќтыѕ ќорытындысы бойынша



жүктеу 63.91 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі63.91 Kb.



2001 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша

Республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыруы туралы
БААТЖ деректері бойынша есептік кезеңде республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 444 628 арыз бен іс, соның ішінде 281 275 азаматтық, 138 373 әкімшілік және 24 980 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл 2010 жылдың осы кезеңіне қарағанда 7 138 іске немесе 1,6 %-ға артық (437 490 арыз бен іс, соның ішінде 273 279 азаматтық, 136 410 әкімшілік және 27 801 қылмыстық іс).

Барлығы 374 892 істі жүргізу аяқталды, соның ішінде 225 177 азаматтық, 125 002 әкімшілік және 24 713 қылмыстық іс, бұл былтырғы жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 1 411 іске немесе 0,4%-ға артық (373 481, соның ішінде 224 286 азаматтық, 121 644 әкімшілік және 27 551 қылмыстық іс).

138 984 азаматтық іс қаралып, шешім шығарылды (2010 жылдың 1 жартыжылдығында – 146 071). 14 260 адамға қатысты 11 154 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды (2010 жылдың 1 жартыжылдығында – 19 325 адамға қатысты 15 631 іс).

Соның ішінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар 25 980 істі жүргізуді аяқтады (2010 жылдың 1 жартыжылдығында. – 24 586). Солардың ішінде 19 828 іс қаралып, шешім шығарылды (2010 жылдың 1 жартыжылдығында – 18 963).

Астана и Алматы қалаларындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар барлығы 707 істі (2010 жылдың осы кезеңінде – 821), соның ішінде 361 азаматтық (333), 231 әкімшілік (382) және 115 қылмыстық (106) істі аяқтады. Солардың ішінде қаралған 296 іс (280) бойынша шешім шығарылды, 103 адамға қатысты қаралған 46 іс бойынша үкім шығарылды (148 адамға қатысты 78 іс).

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар 1 120 істі жүргізуді аяқтады, солардың ішінде 1 448 адамға қатысты 1 053 іс бойынша үкім шығарылды (2010 жылдың 1 жартыжылдығында –796 істі жүргізу аяқталды, соның ішінде 970 адамға қатысты қаралған 728 іс бойынша үкім шығарылды). Сонымен бірге алқа билердің қатысуымен 187 іс қаралды, солардың ішінде 260 адамға қатысты 183 іс бойынша үкім шығарылды (2010 жылдың 1 жартыжылдығында – 81 іс, соның ішінде 120 адамға қатысты 80 іс бойынша үкім шығарылды).

Соттар 8 877 адамға қатысты қамауға санкция беру, қамау мерзімін ұзарту туралы, бұлтартпау шарасының күшін жою және өзгерту туралы материалдарды қарады, солардың ішінде 8 495 адамға қатысты немесе 95,7%-ға өтініштері қанағаттандырылды, 382 адамға қатысты немесе 4,3% - бас тартылды (2010 жылдың 1 жартыжылдығында –10 576 адамға қатысты өтініш қаралды, солардың ішінде 10 173 адамға немесе 96,2 % өтініш қанағаттандырылды, 401 адамға қатысты немесе 3,8% өтініштен бас тартылды).

Барлық істер іс жүргізу заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаралды, ал 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында 4 азаматтық іс немесе 0,001% және 1 әкімшілік іс немесе 0,001%. мерзімі бұзылып қаралды.

Жоғары тұрған сатылар 788 шешімнің күшін жойды, бұл шығарылған шешімдердің жалпы санынан 0,6% құрайды (2010 жылдың 1 жартыжылдығында – 618 немесе 0,4%). 143 адамға қатысты немесе 0,5% үкімнің күші жойылды, ал 2010 жылдың осы кезеңінде - 194 адамға қатысты немесе 0,6%. Әкімшілік істер бойынша 184 қаулының немесе 0,1% күші жойылды (2010 жылдың осы кезеңінде - 231 немесе 0,2%).

Осылайша, есептік кезеңде соттардың қараған барлық істері мен арыздарының жалпы саны 1,6%-ға өсті. Сонымен бірге үкім шығарып қаралған қылмыстық істер санының азайғаны байқалады. Бұл қылмыстық заңнаманы ізгілендіру туралы ережелермен келіседі. Тұтастай алғанда, сотталғандардың саны 26%-ға азайды (19 015-тен 14 044 адамға дейін). Бұл ретте, 5 734 адамға қатысты бас бостандығынан нақты айыру қолданылды, бұл 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 849 адамға немесе 24% аз (7 583 адам).



Нормашығармашылық қызмет.

Жоғарғы Сот заңнаманы қолданудың бірыңғай практикасын әзірлеу мақсатында үш нормативтік қаулы қабылдады: жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы; «Соттардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы қолдануының кейін мәселелері туралы» нормативтік қаулыға түзетулер енгізу туралы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша 25 қолданыстағы нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Мемлекет Басшысы есептік кезеңде «Медиация туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі Жарлығымен сот жүйесінің қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына түзетулер енгізілді.

Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның, «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобалары әзірленуде.

Заң жобалары сот құрылысы мен сот ісін жүргізу құрылымы бойынша бірқатар жаңалықтарды көздейді, атап айтқанда, істерді жаңадан сот қарауына жіберу институтын алып тастау, жария етілген күннен бастап апелляциялық сатыдағы сот актілерінің заңды күшіне енуі. Кассациялық іс жүргізу заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын тексеруді көздейді. Бұл ретте, апелляциялық және кассациялық талқылау Жоғарғы Сотқа одан әрі жүгінудің міндетті шарты болуға тиіс. Бұдан басқа, тәртіптік-біліктілік алқаларының функцияларын тек Жоғары Сот жанынан жұмыс істейтін Сот жюриіне беру болжанып отыр. Жекелеген түзетулер судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің ролін күшейту мәселелеріне арналған.



Халықаралық ынтымақтастық.

Жоғарғы Сотта Германия Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Д.Байермен, Ресей Федерациясы Жоғары Төрелік Соты төрағасының орынбасары Т.Андреевамен және «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» Еуропалық Одақ Жобасының сарапшысы Ф. Дигмайермен Жоғарғы Сот Төрағасының кездесуі өтті.

Ағымдағы жылдың мамырында Жоғарғы Сотта Қазақстанға ресми сапары шеңберінде ұйымдастырылған Халықаралық судьялар қауымдастығының өкілі, АҚШ Екінші округі Апелляциялық сотының Федералдық судьясы Питер Холлмен Жоғарғы Сот Төрағасының кездесуі өтті. Осы кездесуге Конституциялық Кеңестің, Жоғары Сот Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағалары қатысты. Питер Холлдың Қазақстанға сапары Қазақстанның судьялар қоғамдастығы туралы есепті дайындаумен байланысты болды. Оның негізінде ағымдағы жылдың қыркүйегінде Стамбулда (Түркия) Халықаралық Судьялар Қауымдастығының (ХСҚ) жыл сайынғы 54-ші отырысында толық мүше ретінде ХСҚ-ға кіруге Қазақстан Республикасы Судьялар одағының өтініміне қатысты дауыс беру жүргізіледі.

Жоғарғы Сот бірқатар ірі, соның ішінде халықаралық ғылыми-практикалық форумдарды ұйымдастырды және қатысты.

Жоғарғы Сотта «Сот билігінің тәуелсіздігі: халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Оны Жоғары Сот пен Судьялар одағы Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығымен, «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» Еуропалық Одақ Жобасымен, (GIZ) Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы мен және Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияның жұмысына Президент Әкімшілігі мен Конституциялық Кеңестің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің өкілдері, шетелдік соттардың, адвокатура, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның өкілдері, Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың судьялары, Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бизнес-құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Жоғарғы Сот (GIZ) Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен бірлесіп, «Жоғарғы Соттың сот актілерін қайта қарау жөніндегі өкілеттіктері. Халықаралық тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оның шеңберінде Германия Жоғарғы Федералдық Сотының сарапшылары мен (GIZ) Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы жобасының өкілдері Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеменің екінші бөлігін жазу жөніндегі Жоғарғы Соттың жұмыс тобымен кездесті. «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» Еуропалық Одақ Жобасымен ынтымақтастық шеңберінде «Қамауға санкция қолданудың үздік практикалық тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның барысында халықаралық сарапшы, судья, Францияның халықаралық байланыстарын қолдауға және нығайтуға жауапты Алайн Гаудино мырза ең үздік еуропалық практикамен таныстырды.



Халықтың құқықтық мәдениетін және сот жүйесінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мақсатты түрде жүзеге асырылуда.

Жоғарғы және облыстық соттардың судьялары мен баспасөз қызметтерінің қатысуымен орталық және өңірлік деңгейде баспа және электронды басылымдарда 4 215 мақала жарияланды, телевидение мен радиода 318 бағдарлама мен сұхбат, 253 баспасөз конференциясы мен брифингтер, халықпен 445 кездесу ұйымдастырылды. Судьялардың және сот кеңселері қызметкерлерінің қатысуымен «СТВ» телеарнасында «Әділ қазы» телебағдарламасын түсіру жалғастырылды. 17 маусымда Жоғарғы Соттың ресми өкілінің қатысуымен БАҚ үшін алғашқы брифинг өтті. Брифингтерді тұрақты өткізу жоспарланып отыр.




Каталог: sites -> default -> files -> page docs
page docs -> Салтанат ЖҰбаниязова
page docs -> zha_adan_ta_ayyndal_an_sot_t_ra_alary.doc [Айдарбек би]
page docs -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
page docs -> Пленарное заседание
page docs -> Жумабеков О
page docs -> Об отправлении правосудия судами Республики
page docs -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
page docs -> 1-жоба Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
page docs -> Халықаралық құқық


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет