Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде Capital Bank Kazakhstan АҚ мен AsiaCreditBank АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері саналатын борышкердің (жауап беруші Ш.-ның) активтері шығарылғанын анықтады.

Жауап берушінің қарызы 15 миллиард теңгеден асады.

“Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне жауап беруші Ш.-ның жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді. Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

  • Жетісу облысындағы 11 гектар жер мемлекетке қайтарылды

  • Қарағанды облысында миллион гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Еске салайық, бас прокурор Берік Асылов жалпы сомасы 760 миллиард теңге болатын активтердің қайтарылғанын айтқан еді. Мүліктің бір бөлігі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.