2009 жылдың қорытындысы Ветеринариялық бөлiмi



Дата14.03.2018
өлшемі39.19 Kb.
#20685
түріБағдарламасы

2009 жылдың қорытындысы

1. Ветеринариялық бөлiмi

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай  аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімінде 16 мемлекеттiк ветеринариялык инспекторы , оның ішінде  15- ауылдық округтерде, 1 базардың  және 42 кәсiпкер малдәрiгерi келісім шартпен жұмыс істейді.


2009 жылы “ Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізу ”053 бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен “Ветпрепараттарды қолдануға”- 80029610 тенге, ветпрепараттарды уақытша сақтауға 116000-00 теңге қаржы бөлiндi. Осы қаржыларды игеру үшiн конкурс жарияланып , тендерге 42 кәсiпкер мал-дәрiгерлерi жiберiлдi.
Тарбағатай ауданы бойынша 2009 жылдың 1- қантар айына тіркелген мал саны iрi-қарадан – 107607 бас,  қой-ешкi – 336652 бас, жылқы - 18424 бас, түйе- 19 бас,        құс - 23714 және ит 6850 болды.
2009 жылы 6 - айында жүргізілген диагностикалық тексерудің қорытындысы бойынша 63701 бас ірі қарадан, 247051 бас қой-ешкіден, 124 бас жылқыдан, 700 бас иттен қан алынып, серологиялық әдіспен бруцеллез індетіне тексерілді.
Аудан бойынша 428 аула немесе 47343 шаршы метр қора-жай залалсыздандырылды.
2009 жылғы 1-тоқсанында 742 инспекторлық тексеру жұмысы жүргiзiлдi,оның iшiнде 742 акт жасалып, 1039 нұскама беріліп, 101 тұлғаға 190950 тенгенiң айыппұлы салынды.

2. Мал тұқымың асылдандыру бөлімі.

Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудандағы қазақтың құйрықты жартылай қылшық жүнді «Байыс» тектес қойын өсірумен айналысатын «Қайнар», Биязы  жүнді қазақ  мериносы  тұқымын  өсіретін «Дарабоз» шаруа қожалықтарына қаңтар айында тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру қорытындысында жоғарыда аталған Заң талаптарына сәйкес келмейтін он бір Заң бұзушылық анықталды. Соған байланысты шаруашылық жетекшілерінің сұранысы бойынша тексеру жургізіліп, анықталған Заң бұзушылықтың тоғыз түрі жойылды.


Наурыз айының оныншы жұлдызында Өскемен қаласында болған семинар-кеңеске қатыстым. Жиында облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру инспекторы М: Нұрсафин 2009 жылғы бірінші тоқсандағы атқарылған жұмыстар және алдағы тұрған міндеттер туралы бандама жасады.
Наурыз айында ветеринария саласы бойынша болатын «Эпизотияға қарсы шараларды жүргізу» 053 бюджеттік бағдарламаны жүргізу» шегіндегі өтетін конкурстық комисииясының құрамына хатшы болып тағайыдалдып, комиссияның құжаттарын жүргіздім.





3. Өсімдік қорғау бөлімі.

2009 жылға   өсімдік қорғау мемлекеттік инспекторы аудан бойынша  өсімдіктердің аса қауіпті зиянкес жемір шегірткелеріне қарсы 8900 га жерге күресу жұмыстарын жүргізді. 4199527 теңгенің улы химикаты шашылды.8900 гектар жердің-6600 га жері авияциямен өңделсе, 2300 га жер үсті бүріккіш қондырғысымен өңделді.Колорад қоңызына қарсы 3 ауыл округтерінде 50 га жерге өңдеу жұмысы жургізілді. Сондай-ақ Халық түтынатын азық-түліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаңтар , ақпан айларында аудан орталығындағы 9 дүкен және 2 орталық базарлар тексеріліп,9 заң бұзушылықтар анықталып, ескертіліп, нұсқамалар берілді.



4. Өсімдік карантині инспекциясы бөлімі

Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының, өсімдіктер карантні жөніндегі мемлекеттік инспекторы 2009 жылға ауданға келген және шыққан карантинге жататын жүктерге бақылау жасады. Барлық сауда орындарында    сауда орны, базардағы және кәсіпкерлерге жиыны   7 сауда орны,2 базар, 9 кәсіпкерге өсімдік тектес өнімдерді саудалау кезінде сақталатын ереже, қажетті құжаттары бойынша жиыны 18 әңгіме, түсінік жүргізілді. Шет жерлерден әкелініп саудаланған 75тонна  өсімдік өнімдеріне  карантиндік сараптама жасады. Оның 73 тоннасы Қытай елінен әкелінген картоп өнімдері.Тексеру барысында барлық заңды құжаты бар, заң бұзушылық болған жоқ. Ауданда Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының орындалуын анықтау мақсатында жоспарлы 12-рет тексеріс жасады. Нәтижесінде 3 тәртіп бұзушылық анықталып, 9072 теңге айыппұл салынып, аудан бюджетіне аударылды. Тексеру барысында 4 нұсқама  берілді. Ауыл округтеріндегі  шаруашылықтар, кооперативтердің тұқым қорындағы карантин обьектілері мен аса қауіпті зиянкестерді анықтау және олардың жерсіндірілген, тексерілген сорттық екенін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын өсімдік қорғау, карантин және тұқым инспекторлары бірлесе отырып атқардық. 1кооператив,16 шаруа қожалықтарында        ( жиыны 450 тонна).


Ақсуат-Бакей-Қарасу-Ақжар “М-380 Омск-Майқапшағай “ 31,5 га , Қарасу –“М-38 Омск- Майқапшағай 9,5 га облыстық маңызы бар жолдарға тозғанаққа қарсы химиялық жолмен барлығы 41 га  жерлерге химиялық күрес жұмысы жүрді.

5. Тұқым жөніндегі бөлімі.

Тұқым шаруашылығы саласында тұқым инспекторы Қ.Р.Тұқым шаруашылығы Заңының 005 бағдарламасы бойынша 2009 жылы көктемгі егістікке себетін 450 тонна дәнді дақыл тұқымдары  Зайсан зертханасында тексерілді. Аудан бойынша 4 ірі шаруа құрылымдарының тұқым қоймалары және тұқым құжаттары тексерілді. Нәтижесінде 1 шаруа құрылымында Заң бұзушылықтар анықталып он айлық есептік көрсеткіш 12960 теңге айыппұл салынды.



6.Техниалық инспекция бөлімі.

Тарбағатай ауданы бойынша 961 трактор, 532 трактор тіркемесі, 42 астықкомбайны,32 жол,құрылыс машиналарыбар. Тракторлардың901 доңғалақты, 92 трактор шынжыр табанды.ҚРАШМ тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттіктехникалық инспекция бөлімі осы техникаларға техникалық қадағалау жүргізу барысында өз жұмысын 2009 жылға жасалған жұмыс жоспары негізінде атқарып келеді.


2009жылдыңбасынан бері жиыны 141дана жеке және заңды тұлғаның тракторлары, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, жол, құрылыс машиналары, трактор тіркемелері тіркелді.Осы және өткен жылы тіркелген техникаларға 205 техникалық паспорт, 177 мемлекеттік нөмірлік белгі берілді.Жылбасынан бері жиыны 1566 әртүрлі техникалар жылдық техникалық байқаудан өткізілді. 114 механизатор кадрлары аттестациядан өткізіліп,109 адамға тракторшыныңжүргізу куәлігі берілді. 1 заңды тұлғаның техникасын кепілдікке қоюы тіркелді. Күнделікті ағымды жұмыстарда техника иелеріне техниканы пайдалану жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Жоғарғы орындарға, заң орындарына, және жеке адамдарға, тиісті мәліметтер, анықтамалар беріліп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет