13 қаңтарда Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше Александра Ле мен Никита Чирюкин Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.

Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде Ұлттық құрама 2-орын алды. Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра финалда 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады.

Ал жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита іріктеуде 584 ұпай жинап, финалға 1-орынмен шықты. Алдағы уақытта ол ақтық сында жүлдеге таласады. Соған қарамастан қазірдің өзінде Олимпиада лицензиясы оның уысында.

Бұған дейін Ұлттық құрама 3 жолдама иеленген. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский жеңді. 

Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.