«2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне



жүктеу 48.92 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі48.92 Kb.


«2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластықтың қолданылу мерзімін ұзарту туралы Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА




р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2.


Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы

30 мамырдағы №54 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағы


2017 жылғы 13 шілдедегі №№20-3/И-401 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ) арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес 2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластықтың қолданылу мерзімін ұзарту мақұлданған

3.


Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар көзделмейді

4.


Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды

5.


Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі


2014 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластықтың мерзімін ұзарту



6.


Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік уағдаластыққа қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 534 қаулысы

7.


Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8.


Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Талап етілмейді

9.


Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

 Қайшы келмейді

10


Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

11.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12.


Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік тілде
( КБ), орыс тілінде
( КБ).


13.


Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді

14.


Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Халықаралық шарттар туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың тізімінде болмауына байланысты осы келісім ратификациялауды қажет етпейді

 

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

2017 жылғы « »






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет