2014 жылғы қарашада



Дата14.03.2018
өлшемі36.62 Kb.
#21122

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
2014 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың 408 өтініші келіп түсті, оның ішінде 227 өтініш тікелей ҚРҰБ-қа келіп түскен, оның ішінде 77 өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Аумақтық филиалдарына қайта жіберілген.

Осы айда 421 өтініш қаралған:



314 (74,58%) өтініш екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекетіне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

  • қарыздар бойынша берешекті, оның ішінде кредит беру мерзімдерін ұзарту, қарыздарды өтеу мерзімін кейінге қалдыру, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту, есептелген өсімпұлды есептен шығару арқылы қайта құрылымдау (49 өтініш);

  • кредиттік тарих (41 өтініш);

  • басқа банктердің шоттарындағы ақшаға даусыз (акцептсіз) тәртіппен ақы өндіріп алу (22 өтініш);

  • банк қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (13 өтініш);

  • банктік шарт талаптарын ҚР заңнамасы талаптарына сәйкестігіне тексеру (10 өтініш);

  • есептің (ай сайынғы төлем, берешек, өсімпұл, сыйақы, комиссиялар, ЖТСМ мөлшерінің) дұрыстығын тексеру (8 өтініш);

  • банктен талап етілген ақпаратты алмау (8 өтініш);

  • басқа да мәселелер (163 өтініш).

12 (2,85%) өтініш банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау;

- берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару);

- сыйақы мөлшерлемесін өзгерту.



21 (4,99%) өтініш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- сақтандыру төлемін жүзеге асырмау;

- сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту.

5 (1,19%) өтініш бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- ақпарат алу;

- акционердің жалпы жиналысына шақыру және өткізу тәртібін бұзу.

1 (0,24%) зейнетақы жинақтарының азаю мәселесі бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ іс-әрекеттеріне қатысты өтініштер.

54 (12,83%) өтініш Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын түсіндіру және ҚРҰБ және оның филиалдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер туралы.

14 (3,32%) өтініш басқа мемлекеттік органға тиесілі болғандықтан соларға қайта жіберілген.

2014 жылғы қарашадағы өтініштерді және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің іс-әрекеттерінен анықталған бұзушылықтарды қарау нәтижелері:




р/с№

Іс-әрекетіне шағым жасалған субъектінің атауы

Қаралған өтініштер

Қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының саны

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлесі, %

Бағалы қағаздар нарығы

1

ИнвестЖолдары ИПҚ

2

40,00%

0

2

«СПМК-123» ЖШС

1

20,00%

0

3

Брокерлік компаниялар

1

20,00%

0

4

Акционерлік қоғамдар

1

20,00%

0




Жиынтығы:

5

100%

0

1,19%*

* Өтініштердің жалпы санынан сектордың үлес салмағы.
2014 жылғы қарашада ҚРҰБ және оның аумақтық филиалдары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолданған жоқ.

ҚРҰБ жеке және заңды тұлғалар егер олардың қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде құқықтары бұзылған жағдайда мыналарға тиісті өтінішпен жүгіне алатынын ескертеді:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша)
2) ҚРҰБ-қа

050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67



Тел. 7 (727) 2788 148, факс: 7(727) 2729 433

Е-mail: info@kzp.nationalbank.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет