2014 жылғы маусымда



жүктеу 37.96 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі37.96 Kb.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
2014 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың 974 өтініші келіп түсті, оның ішінде 830 өтініш тікелей ҚРҰБ-ға келіп түскен, осы айда 763 өтініш қаралды:

632 (82,83%) өтініш екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекетіне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары бойынша берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару);

- қарыздар бойынша берешекті, оның ішінде кредит беру мерзімдерін ұзарту, қарыздарды өтеу мерзімін кейінге қалдыру, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту, есептелген өсімпұлды есептен шығару арқылы қайта құрылымдау;

- есептің (ай сайынғы төлем, берешек, өсімпұл, сыйақы, комиссиялар, ЖТСМ мөлшерінің) дұрыстығын тексеру;

- басқа банктердің шоттарындағы ақшаға даусыз (акцептсіз) тәртіппен ақы өндіріп алу;

- шартты жасау, орындау және тоқтату тәртібін бұзу;

- шарт талаптарының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру;

- банк қызметін тексеру;

- берешекті қайта қаржыландыру;

- салымдарды қайтару;

- қарыздарды берудің заңдылығын тексеру;

- шартқа өзгерістер енгізу;

- кепіл мәнін босатудан бас тарту;

- ақпаратты алмау;

- сот шешімдерін орындау;

- банк қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері;

- шарт бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаға беру;

- кепіл мәнін сату рәсімі;

- банк шоттарына қызмет көрсету;

- басқа да мәселелер;



36 (4,71%) өтініш банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау;

- берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару);

- кепіл затын сату рәсімі;

- сыйақы мөлшерлемелерін өзгерту;

- кредиттік тарих.



27 (3,53%) өтініш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- есептің (сақтандыру сыйлықақысының, сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемінің) дұрыстығын тексеру;

- сақтандыру төлемін жүзеге асырмау;

- сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту;

- СК аннуитет шартын бұзудан бас тартуы;

1 (0,13%) өтініш бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлемеу мәселесі бойынша бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің іс-әрекеттеріне қатысты.

3 (0,41%) өтініш жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеттеріне қатысты. Жинақталған зейнетақы қаражатын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-қа толық көлемде аудармау өзекті мәселе болып табылады.

50 (6,56%) өтініш Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын түсіндіру және ҚРҰБ-ның және оның филиалдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер туралы.

14 (1,83%) өтініш басқа мемлекеттік органға тиесілі болғандықтан соларға қайта жіберілген.

Микроқаржы ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша өтініштер келіп түскен жоқ.

2014 жылғы маусым ішінде өтініштерді және қаржы нарығы субъектілерінің іс-әрекеттерінен анықталған бұзушылықтарды қарау нәтижелері:


р/с№

Іс-әрекетіне шағым жасалған субъектінің атауы

Қаралған өтініштер

Қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының саны

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлесі, %

Бағалы қағаздар нарығы

1

АО «Маңғыстаумұнайгаз»

1

100

0




Жиынтығы:

1

100%

0

0,13%*

* Өтініштердің жалпы санынан сектордың үлес салмағы.


2014 жылғы мамырда ҚРҰБ және оның аумақтық филиалдары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолданған жоқ.
ҚРҰБ жеке және заңды тұлғалар егер олардың қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде құқықтары бұзылған жағдайда мыналарға тиісті өтінішпен жүгіне алады:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайында көрсетілген мекенжайлар бойынша)


2) ҚРҰБ-қа

050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67



Тел. 7 (727) 2788 148, факс: 7(727) 2729 433

Е-mail: info@kzp.nationalbank.kz


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет