2016 жылғы І тоқсан бойынша Алматы қаласы Құрылыс басқармасының атқарылған жұмысы туралы есебі және ІІ тоқсан бойынша жұмыс жоспары



жүктеу 72.95 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі72.95 Kb.

2016 жылғы І тоқсан бойынша Алматы қаласы Құрылыс басқармасының атқарылған жұмысы туралы ЕСЕБІ және ІІ тоқсан бойынша жұмыс жоспары
Құрылыс басқармасы үшін Алматы қаласының бекітілген бюджетіне сәйкес 55 157,8 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген,оның ішінде:

- республикалық бюджеттен (трансферттер) – 18 689,2 млн.теңге;

- Қазақтан Республикасының Ұлттық қоры қажатынан – 22 593,0 млн.теңге;

- жергілікті бюджеттен – 13 875,6 млн.теңге.


Бекітілген қаржыландыру жоспарларға сәйкес 2016 жылдың 1 тоқсанның игеруіне 9 432,8 млн.теңге жоспарланған, оның ішінде:

- республикалық бюджет – 5 579,5 млн.теңге;

- жергілікті бюджет – 3 853,3 млн.теңге.

Нақтысында 8 578,1 млн.теңге игерілген (1 тоқсанға жоспарланған қаржыландыру көлемінен 90,9 % құрайды), оның ішінде:

- республикалық бюджет – 4 798,1 млн.теңге (85%);

- жергілікті бюджет – 3 788,9 млн.теңге(98,3%).

854,7 млн.теңге сомасында қаражат игерілмеді, оның ішінде келесі бағдарламалар бойынша:

- 3,2 млн.теңге – аппаратты қамтамасыз ету (вирусқа қарсы бағдарламаларды алуға арналған шарттардың жоқтығы, техниканың (компьютерлер) қызмет көрсету);

- 53,7 млн.теңге – денсаулық сақтау нысандарының құрылысы (№14 емхана ғимаратын қайта жаңғырту);

- 8,4 млн.теңге – Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы АІІБ құрылысы (РБ ортақ қаржыландыру);

- 789,4 млн.теңге – Унивесриада нысандарының құрылысы (жұмыстың орындалу актілері 2016ж.31.03 күні қол қойылған, наурыз айында төлем жасау мүмкіндігі туындамады).
Ескерту: ағымдағы жылдың наурыз айында игерілмеген қаражат қалдығы 2016 жылдың сәуір айында төленетін болады.
2016 жылы жоспарланған іс-шараларға сәйкес ағымдағы жылы пайдалануға беру арқылы 13 білім беру нысандарын іске асыру қарастырылған.

«Нұрлы-жол – Болашаққа жол» бағдарламасы бойынша Әуезов ауданы, Қалқаман шағынауданында №157 мектеп ғимаратына жапсаржай құрылысы (2015 жылы іске асырылады).

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде №4 мектеп-интернат, №4 кәсіби лицей, №34 мектеп - 3 білім беру нысандарына қалпына келтіру жұмыстарымен бірге, сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстары қарастырылған, жұмыс жеткізушілерін белгілеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталуда.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен 4 нысанның құрылысы жалғасуда, оның ішінде:

- Алматы қ. Бостандық ауданы, Байтұрсынова көшесі, 150 мекенжайы бойынша орналасқан қолданыстағы ғимараттарды бұзуымен бірге, дамуында зияткерлік бұзушылықтары бар балалар үшін №7 арнайы (түзету) мектеп интернаты ғимараты;

- Алматы қ. Алатау ауданы, Алғабас шағынауданындағы 120 орынға арналған балабақшасы (Восточный);

- Алматы қ., Алатау ауданындағы «Ақкент» шағынауданындағы жер телімінде орналасқан 140 орынға арналған балабақшасы;

- Алматы қ. Алмалы ауданындағы Қарасай батыр көшесінің қиылысы, Жароков көшесі, 205/9 бойынша №79 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту.


Денсаулық сақтау нысандары бойынша 2016 жылы пайдалануға беру арқылы 5 нысанды іске асыру жүргізілуде, оның ішінде:
2015 жылдан ауыспалы нысандар
- Алматы қ. Алатау ауданы, «Айгерім» шағынауданында жапсаржаймен бірге қолданыстағы №14 емханаға қайта жаңғырту;

- Алматы қ., Әуезов ауданы, Қалқаман шағынауданындағы ауысымында 200 адамды қабылдайтын емхана;

- Алматы қ. Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 295 бойынша бекітілген жер телімінде инфекциялық аурухана ғимаратына лабораториялық корпусының жапсаржайы;

- № 5 ҚКА жанындағы емхананың ғимаратына жапсаржай құрылысы;


жаңа құрылыс

- Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қалқаман шағынауданындағы №7 ҚКА аумағында вакцинаны сақтау үшін қойма ()

- склад для хранения вакцин на территории ГКБ № 7 в мкр. Калкаман Наурызбайского района города Алматы (жұмыс жеткізушілерін белгілеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде).
Қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру шеңберінде тұрғын үй мақсатындағы нысандары бойынша 18 тұрғын үйлер немесе 1 022 пәтер, жалпы алаңы 79,6 мың шаршы метр (пәтерлердің алаңы 59,8 мың шаршы метр) құрылысы аяқталуда, ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде:
- «Жалдамалы тұрғын үй» бағыты бойынша – «Саялы» шағынауданында 5 үй (188 пәтер), жалпы алаңы 15,6 мың шаршы метр (пәтердің алаңы 10,5 мың шаршы метр);

- «ТҮҚБ желісі бойынша барлық санаттағы азаматтар үшін» бағытының шеңберінде – Жас Қанат шағынауданында 13 үй (834 пәтерлер), жалпы алаңы 64,0 мың шаршы метр (пәтердің алаңы 49,3 мың шаршы метр).

2016-2017 жылдары кезеңінде іске асыру үшін 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Дағдарысқа қарсы іс-шара жоспарын іске асыру үшін дайындық жұмыстары (тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу, ЖСҚ түзету) жүргізілуде.
Спорт нысандары бойынша 3 нысанның құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде:

- Алматы қ. Алатау ауданындағы 12 000 орынға арналған Мұз айдыны;

- Алматы қ. Медеу ауданындағы 3 000 орынға арналған Мұз айдыны;

- Алматы қ. Алатау ауданындағы 5 000 орынға арналған Атлетикалық ауыл.



Жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес жұмыстар жүргізілуде, 3-4 тоқсанда пайдалануға берумен бірге толық көлемде 2016 жылы қаржыландыру қамтамасыз етілген.
Инженерлік инфрақұрылым нысандары – жалпы ұзақтығы 254,0 км жететін 10 нысан, оның ішінде:

- Алматы қ., Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» шағынауданы мекенжайы бойынша тұрғын үй кешенінің ішкі алаңдық жылу желілері – 7,0 км;

- Алматы қ., Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» шағынауданы мекенжайы бойынша тұрғын үй кешенінің ішкі алаңдық инженерлік желілері – 62,9 км;

- Алматы қ., Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» шағынауданы мекенжайы бойынша тұрғын үй кешенінің инфрақұрылымын дамыту – 26,3 га;

- Алматы қ., Алатау ауданы, «Шаңырақ» (Саялы) шағынауданындағы тұрғын үй кешенінің инфрақұрылымын дамыту – 28,3 га;

- - Алматы қ., Алатау ауданы, «Шаңырақ» (Саялы) шағынауданындағы тұрғын үй кешенінің ішкі алаңдық жылу желілері – 6,2 км;

- - Алматы қ., Алатау ауданы, «Шаңырақ» (Саялы) шағынауданындағы тұрғын үй кешенінің ішкіалаңдық инженерлік желілері – 63,2 га;

- Алматы қ., Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» шағынауданында көп қабатты тұрғын үйге Кожедуб көшесінен бастап су таратқышының (2 көзі) құрылысы – 0,55 км;

- Алматы қ., Медеу ауданы, Халиуллин көшесінің және Құлжа жолының қиылысындағы ауданында орналасқан 3 000 орынға арналған Мұз айдыны үшін телефонизациялау желілерінің құрылысы – 18,4 км;

- Алматы қ., Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылының солтүстігі, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан 12 000 көрермендерге арналған мұз айдыны және 5 000 орынға арналған Атлетикалық ауыл үшін телефонизациялау желілерінің құрылысы – 14,0 км;

- Алматы қ., Алатау ауданындағы 12 000 орынға арналған студенттік қалашығының құрылысы. Бірінші кезек - Рысқұлов даңғылының солтүстігі, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан 5 000 орынға арналған Атлетикалық ауыл (ішкіалаңдық инженерлік желілері) – 20,9 км.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылым нысандары, 1 нысанның іске асырылуы 2015 жылдан бастап аяқталады:

- Алматы қ., Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесі, 19 үй мекенжайы бойынша орналасқан «АсетДент» ЖСШ медициналық орталығы үшін электрмен жабдықтаудағы сыртқы желілері.

2016жылдың наурыз айында республикалық бюджеттен 3 жобаны іске асыру үшін қаражат бөлінді, қазіргі уақытта «КСС Инвест» ЖШС электрмен жабдықтау, «Tornado Plus» ЖШС-не желілері, «АЗМК» ЖШС қазандығына қайта жаңғырту нысандарына мемлекеттік сатып аоу ресімдері жүргізілуде, аталған нысандарды пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың желтоқсан айына қарастырылған.
Қоғамдық тәртіп нысандарын дамыту – 1 нысан

Алматы қаласы Наурызбай ауданында АІІБ ғимаратының құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілген, жұмыс жеткізуші анықталды. Құрылыстың басталуы 2017 жылы аяқтап және пайдалануға беру шартымен басталған болатын.


2016 жылғы 2 тоқсан бойынша жұмыс жоспары
2016 жылдың 2 тоқсаны бойынша игерімге 11 723,9 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, оның ішінде 5 147, 3 мың теңге республикалық бюджет қаражтынан, 4 423,3 млн.теңге – ҚР Ұлттық қоры, 2 153,3 млн.теңге – жергілікті бюджет қаражаты.

Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы, ал ағымдағы жылдың наурыз айында қосымша бөлінген қаражатқа шарттар жасалады.

Инженерлік-коммунаикациялық инфрақұрылымды дамыту және орналастыру бойынша (5 нысан):

- Алматы қ. Алатау ауданы, Райымбек даңғылы солтүстігі, Ақбұлақ шағынауданының батысы мекенжайында орналасқан қызмет көрсету нысандарымен бірге, көппәтерлі тұрғын үйлер үшін инженерлік желілерінің құрылысы. «Айгерім-2» шағынауданы (Нұркент). Екінші кезек (жылу желілерсіз);

- Алматы қаласына қосылған ауылдардағы жылумен қамтамасыз ету желілерін дамыту. Алматы қаласы, Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы үшін жылумен қамтамасыз ету желілерін дамыту (тұрғын үй құрылысының алаңы 153 га);

- Алматы қаласы, Түрксіб ауданында (КНС-2, 2а) алаңынан бастап өздігімен ағатын қаладан тыс коллекторының №8 камерасына дейін екі желілік кәріз жүйесінің тегеурінді коллектордың құрылысы;

- Алматы қаласы, Наурызбай ауданында орналасқан қызмет көрсету нысандарымен бірге, ауданның инженерлік желілері және тұрғын үй ғимараттары және көпқаббатты тұрғын үйлердің құрылысы (1 кезек құрылыс);

- Бостандық ауданында Аль-Фараби жаңғылының оңтүстігі, Есентай өз. Батысы, Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің шығысында орналасқан спорттың шаңғы түрлерінің дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сыртқы жарықтандыру құрылысы.

Әлеуметтік мақсаттағы 3 нысанның құрылысы бойынша:

- Алатау ауданы, Өжет шағынаудындағы №156 жалпы білім беретін мектепке жапсаржай құрылысы;

- Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар ауылының батысында бекітілген жер телімінде аудандық мемлекеттік органдар және қызметтерді орналастыру үішн әкімшілік ғимараттар кешенінің құрылысы (ХҚКО, прокуратура, мем.кіріс басқармалары және т.б);

- Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар ауылының батысында бекітілген жер телімінде аудан Әкімдігі ғимаратының құрылысы (ішкі инженерлік желілерсіз);

Қалпына келтіру жұмыстарымен бірге, сейсмикалық күшейту бойынша білім беру 5 нысаны: № 1, 95, 61, 36 мектептері және №31 балабақшасы.

Одан басқа, 2016-2017 жылдары кезеңінде іске асыру үшін 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Дағдарысқа қарсы іс-шара жоспарын іске асыру шеңберінде 2016 жылдың 2 тоқсанында «Саялы» және «Жас Қанат» шағынаудандарындағы тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникация құрылысын жүргізу - тұрғын үйлер құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасына түзету бойынша шарт жасау, жаңа «Саялы-2», «Саялы-3», «Саялы-4» тұрғын үй ғимараттарын жобалау жоспарланған.




Басшы М.Құрманғалиев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет