2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме



жүктеу 0.92 Mb.
бет3/6
Дата07.03.2018
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6

ОҚБК мектеп жанындағы лагерь балаларына кітапхана есігі айқара ашылып, жаздың бірінші күні қонақжайлылық танытты. Ұйымдастырылған бүлдіршіндер бұрышы әсем безендірілген суретті, жиналмалы, ойыншық кітаптарымен жас оқырмандарды сиқырлы әлемге жетелеп, қызығушылықтарын тудырды. Мультфильмдер патшалығының әлеміне саяхаттаған бүлдіршіндер  сүйікті кейіпкерлерін  естеріне түсіріп, белсенді түрде ойындарға, викториналарға қатысты. Жаздың алғашқы күні Халықаралық балаларды қорғау мерекесімен басталады. Осы мерекеге орай А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында балғын бүлдіршіндеріміздің  мерекесіне арналған «Көтеріңкі көңіл-күй» күні өткізілді. Бүлдіршіндер театрландырылған қойылымдар мен мультфильмдер тамашалап, сиқырлы етікті Мысық өзімен бірге ала келген  қиын жұмбақтарға толы байқаулары мен көтеріңкі ойындарына қатысты. Сонымен қатар осы мерекелік күнде өткізілген «Брось пустышку — возьми книжку» акциясына қатысушы кішкене бөбектерге түрлі-түсті кітаптар сыйға тартылды. Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған «Ашық аспан аясында» атты жаздық оқулардың  ашылу салтанаты Қараменде би көшесінде жалғасын тауып, көше қызықты, қиял-ғажайып «Кітаптар алаңына» айналды.(№1)«Библиотека под открытым небом»


(ф№5)«Бүкіл әлем біз үшін жаралғандай» атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Аталмыш шараға №3 жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері қатысты. Барлық байқауға қатысушы балаларға түрлі-түсті бор үлестіріліп берілді. Белгі берілген кезде барлық балалар бірден үлкен шабытпен асфальтқа сурет сала бастады.Балалардың әр түрлі идеялары таңқалдырды. Бұл іс-шарадан мүмкіншілігі шектеулі балаларамызда сырт қалмады. Оларда өздерінің шығармашылықтарын көрсете білді. Олардың салған суреттерінен бейбітшілікті, мейірімділікті өмірге деген құштарлықтарын байқауға болады. Асфальтқа салынған суреттерге қазылар алқасы баға беріп, балалар мақтау қағаздармен ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.«ЭКСПО-2017»,«Моя школа»,«Лето»,«Наша земля», «Моя Родина –Казахстан» атты суреттер марапатқа лайық деп танылды.(ф№1) Мектеп жанындағы «Болашақ»  лагерімен бірлесе отырып «Чтобы было интересно и тебе, и мне, и всем» атты күн алаңқайындағы ойындар іс-шарасын  ұйымдастырды. Үлкен қызығушылықпен балалар ертегі викториналарға, жылжымалы ойындарға қатыспып, түрлі-түсті кітаптарды тамашалады. Қатысушы балалардың күлкісі де  қуаныштары да шынайы болды. Іс-шара шуақты, жайлы атмосферада  өтті. №3 кітапхана-филиалында «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты  танымдық-бенефис   өтті.


Жұмыстың негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар

Ел тарихына деген қызығушылықты арттыру бағытындағы жұмыс
Кітапхана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Жолдауларын, әлеуметтік экономикамыздың дамуын, еліміздегі және әлемдегі саяси жаңалықтарды оқырмандарға дер кезінде жеткізу, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін, қазақ халқының көрнекті өкілдерінің мерейтойларын атап өту және жергілікті қаламгерлермен кездесу кештерін өткізу арқылы құнды мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылады. Елбасының «Бүгінгі жастарды отан­шылдық рухта тәрбиелеу – мемле­кеттік идеологияның темір­қазығы болу тиіс» деген сөзінің бүгінгі таңда Мәңгілік ел идеясының басты шамшырағы.

(ОҚБК) Елбасының Жолдауы жария етілгеннен кейін кітапханада оқырмандарға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін түсіндіріліп, болашақ дамуымыз үшін нақты әлеуметтік-саяси бағдарлар айқындалғаны туралы ой өрбітті. «Жолдаудан жолдауға» кітап көрмесімен таныстырылды. (ф№5) «Елбасы Жолдауы – 2017», (ф№1) «Президент Жолдауы. Болашаққа көзқарас» кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары қойылды, атап айтқанда: «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік белестері» және т.б. Сонымен қатар, Елбасының 1997 жылдан бугінгі күнге дейінгі жарық көрген 20 Жолдауы ұсынылды. Бұл көрмелер оқырмандарды мерзімді басылым беттерінде жарық көрген ой-пікірлерімен таныстырды.

(ф№5)„Отаным – тәуелсіз Қазақстан“ Тұрақты кітап көрмесі. 5-9с. оқушыларына арналған. «Болашаққа жол тартқан Қазақстан» бөлімінде Қазақстанның картасы және елбасымыз, елордамыз, рәміздеріміз, елімізді мекендеген халықтар туралы әдебиеттер қойылған: Қасымбеков М.Б. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақстан және әлем елдері» кітап-альбомы, Романов И.М., Жандәулетов В.А. «Қазақстан». «Дала өркениеті» бөліміне тарихи-танымдық, этнографиялық әдебиеттер қойылған.

EXPO-2017



Әр дәуірдің өз қиындықтары,әр ғасырдың өз құндылықтары және әр қоғамның өзіне тән өзекті мәселелері бар. 2017 жыл — еліміз үшін ерекше жыл. Бүкіл әлемкөзін тігіп отырған «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмеге ие болуы, өзге елдерге үлгі боларлықтай игі іс болды.Осығанорай кітапханаларда әр формадағы іс-шаралар өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылды. (ОҚБК) ЭКСПО - 2017 көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру мақсатында«ЭКСПО - 2017балалар көзімен» аттыкөрме ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік бейбітшілікке бағытталған жаһандық сипаттағы қызметтері жан-жақты сарапталған «Әлемдік тұлға», «Мен Қазақстан азаматымын», «Менің Отаным  Тәуелсіз Қазақстан», т.б. кітаптар және мерзімді басылымдар ұсынылды. (ф№5). Кітапхананың оқу залында «Болашақ энергиясы- ЭКСПО-2017» тақырыбында аппликация жұмысы өткізілді. Мүмкіншілігі шектеулі балалар мектеп оқушыларымен бірге дискілерды қиып жапсырып, шар тәріздес көрменің ғажайып павильионының макетін жасап шығарды. Макет кітапхананың ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап жасалған көрмеге қойылдыБарлық кітапханалар көрмелер ұйымдастырып, шаралар өткізді: (ф№3) ЭКСПО-2017–ынтымақ кепілі – көрме, (ф№1) «Экспо –энергия будущего» ақпарат сағат, (ф№2) ЭКСПО-2017 информ сағат.

Бүгінгі өскелең ұрпақтың Қазақстан мәдениеті, ғылымы, рухани өмірі мен сол мәдениетті жасаушыларға деген қызығушылықтарының күн санап арта түсуінен де ұлтымыздың ұлы тұлғаларына деген сүйіспеншілігі мен құрметі анықталады. Сондай өз ғасырының біртума перзенттерінің бірегейі ретінде тарихтың алтын парақтарында өмір жолы мен қызметі хатталып, халқының жадында мәңгілікке сақталып қалған есім - Дінмұхамед Қонаевқа арналған (ОҚБК) «Жұртым деп соққан жүрегі» атты әдеби портрет өтті. Оқырмандар дара тұлғаның өмірбаяны мен еңбек жолы туралы мағлұмат алды.Іс-шара мақсаты –Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигі тарихында қалған Қонаевтың жақсы қасиеттерін жастарға айта отырып, олардың бойына адамгершілік, еңбексүйгіштік, әдептілік, кішіпейілділік сезімдерін ұялату. Жас оқырмандар  ұйымдастырылған аталмыш кітап көрмесімен де мұқият танысып, Д.А.Қонаев туралы өлеңдер оқыды. (№1) «Жұртым деп төккен жылуын» атты саяси сағатында кітапханашы Д.А.Қонаевтің өмірі мен шығармашылық жолдарымен, сонымен қатар Қазақстан елі мен халқына  жасаған ерен еңбектерімен, мемлекетіміздегі экономика, ғылым, білім, мәдениет және өнер салаларын дамытудағы үлкен рөлдерімен таныстырды. Тұлғаның өмірі Балқаш қаласымен байланысты, еңбек жолын Қоңырат кентінде бастаған. Іс-шара барысында «Узелки памяти» атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. (№5) Әдеби портрет „Мақтан тұтар ұлы тұлға“. (Д.А. Қонаев-105ж.), №6 „Ер тұлға“ әдеби портрет өтті. Еліміздің әрбір азаматы өз Отанында тұратын көптеген ұлттардың барына мақтаныш сезіммен қарайды. Біздің басты байлығымыз – көпұлттылық бір тұтастық. (ф№2) «Дружба и братство – главное богатство» атты іс-шара 1 мамыр Қазақстан халқының бірлестігі күніне ұйымдастырылды. Виртуалды слайд арқылы қатысушылар өткен тарихқа көз жүгіртіп, осы мерекенің шығу тарихымен, әр түрлі халықтардың ұлттық киімдерімен және сәндік бұйымдарымен танысты. Іс-шара барысында әлем ұлттарының ақын-жазушыларының өлеңдері оқылды. Әңгіменің басты тақырыбы көп ұлтты Қазақстандағы халықтардың бірлігі мен достастық идеясы болды.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге жәрдем беру




Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет