2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме



бет4/6
Дата07.03.2018
өлшемі0.92 Mb.
#20421
1   2   3   4   5   6

А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында жас жеткіншектің бойына патриоттық сезімін ояту, отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу мақсатында Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына байланысты «Қаһарман қызы қазақтың» атты тарихи сағат өтті. Аты аңызға айналған қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметова өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері жайында мәліметтер айтылып, «Қаһарман қызы қазақтың» атты көрмеге шолу жасалынды.Соғыс туралы бейне фильм назарларына ұсынылып, балалар соғыс жайында өлеңдер оқыды. Еліміздің өткен тарихын құрметтеу, Отанға деген жауапкершілік және мақтанышын  сезімін ояту мақсатында, А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Этих дней не смолкнет слава» атты әдеби сағат-реквием болып өтті. Кітапханашы көрмеге қойылған соғыс туралы кітаптармен жан-жақты таныстырды. Шара барысында біздің жерлесіміз, ардагер, ҰОС қатысушысы Х.Т. Тотаев туралы бейне-сұхбат көрсетілді. Онда ардагер атамыз соғыс жыладырындағы қатал да қиын-қыстау кездерін еске түсіріп, қандай медаль және ордендармен марапатталғандығы жайында айта кетті. Іс-шара соңында Хаден Тотаевич өскелең ұрпаққа өзінің жылы лебіздерін білдіріп,  сабақтарын жақсы оқып, елінің қалаулы азаматтары болуға шақырды. 6- мамыр Жеңіс күні қарсаңында Мәншүк Мәметованың - 95 жылдық мерейтойына арнап «Аңызға айналған қыз» атты патриоттық сағат болып өтті. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерліктерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту мақсатында залда 1 минут үнсіздік жарияланды. Іс - шара барысында Мәншүк Мәметова жайлы «Батырлар елі» атты фильм көрсетілді. 9- сынып оқушысы Нұржанова Айзат Мәншүктің анасына жазған хатынан үзінді оқып берді. 2- сынып оқушысы Тілеуғабылов Бауыржан Соғыс туралы тақпақ айтып, 9-сынып оқушысы Қамбар Жаннұр «Әлі есімде» атты әнін орындап берді. Кітапханашы  «Бабалар рухына тағзым» атты  кітап  көрмесіне  шолу  жасады. Көрмеге жерлестеріміздің фотосуретімен өмірбаяны жазылған альбом және аты аңызға айналған Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының, Әбіш Кекілбаевтың  патриоттық тақырыпта айтқан жалынды сөздері қойылды.(ф№4) «Еңсесі биік –Ұлы Жеңіс!" атты кітап көрмесі кітапхана терезесіне шығарылды. Жарқын көрме өтіп бара жатқан адамдардың назарын өзіне аударып, көпшіліктің көңілінен шықты. Көрмені көшеден тамашалап, ұнаған кітапты оқуға кітапханадан алуға болатынын оқырмандарға жеткізді.


Туған өлке тарихына қызығушылықты арттыру бағытындағы жұмыс
Балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген киелі сезім оянады. Əрбір адам үшін Отан - отбасынан басталады. Осы бағыт-бағдар бойынша жоспарланған іс-шараларды алдағы уақыттарда келешек болашақ жасөспірімдердің құштарлығын арттыру, жас буынғакіндік қаны тамған жер, өзінің кішкенеОтаны тарихы туралы тереңірекбілумақсатында өлкетанубағытында іс-шаралар өткізіледі.Бүгінгі мыс шаһары атанған қасиетті мекеніміз, көкше көлдің жағасында бой көтерген Балқаш қаласының 80 жылдығы тек қана бұл өңірде ғана емес, Қазақстан бойынша  ерекше маңызды мереке. Сондықтан, жыл басынан өткізген іс-шараларымыздыңбірқатары осы тақырыпқа байланысты.Бүгінгі оқырмансұранысының талабына сай, өлкенің тарихы мен ерекшеліктеріне қызығушылығын арттыру, өз Отанын, елін, туған жерін сүюге баулу мақсатындабіздің кітапханада«Туған өлкем, қандай көркем» өлкетану бағдарламасы жүзеге асырылуда.Бағдарлама аясында сурет байқауы, «Мен өлкемді сүйемін!»интеллектуалды ойыны өткізілді.Бұнда өлкенің,қаланың тарихы, көше атаулары тарихынан сұрақтар болды, көшелерден бір белгілі орындар суретке түсіріліп, қай жерде орналасқаны жөнінде айту керек болды. Соғыс ардагері Тотаевпен бейне-интервью өткізілсе, күйші композитор Мағауия Хамзинның 90- жылдығына орай музыкалық сағат өткізіліп, «Сен мәңгісің, шертпе күйдің шебері» атты буктрейлер жасалды. Ширек ғасырдан астам қазақ елін басқарған тұлға Д.А.Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында әдеби портрет өтті. (Ф№3) «Менің қалам – менің тағдырым» атты   өлкетану сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларымыз сүйікті қаламыз жайлы эссе жазып, шаhар болашағы жайында өз ойларын ортаға салды. «Жас талап» клубының  мүшелері Советова А., Оралбекова А., Көпбаева Г., Әміржан Д., Сайранова А. өлкемізге арнауларын оқып, ән шырқады. «Балқаш кеше және бүгін» атты видео көрсетіліп, оқушыларға қаламыздың әсем көшелері, тарихи ескерткіштері бойынша викторина сұрақтары қойылды. Кештің соңында кітап-фото көрмесіне шолу жасалды.Оқырмандардың назарына бас қала туралы бай материалдардан құралған кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.нің сүйікті қаламның келбеті“ виртуальды саяхаты барысында бейнеролик арқылы балалар қаламызға саяхат жасады. Балқаш қаласының құрылғанынан бергі ғимараттары мен қазіргі кезде бой көтерген әдемі ғимараттары мен ескерткіштерін көрсетті. Сосын балалар „Өз қалаңды білесің бе? “ атты слайд арқылы викториналық сұрақтарға жауап берді.

(ОҚБК)Ескерткіш мұралары көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы.Осыған орай жас­ жеткіншектің Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету, тарихи өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, болашаққа аманат екенін түсіндірумақсатыменБалқаш ескерткіштерінің 3d галереясы» жасалды. Бұл галереяның тұсаукесері «Туған қаламның сүйікті жерлері» библио-такси бағдарымен өлкетану сағаты өтті. Кітапханашы жиналған қауымды қала көшелерін виртуалды таксимен аралатып, соңғы аялдама «Ғылым ордасына» келді. Қозғалмалы көліктегі «жолаушылар» әр аялдамада туған қаламыздың жаңашыл өмірімен танысып отырды. «Көшелер», «Біздің мақтанышымыз» аялдамаларында көшелерге аттары берілген тұлғалар туралы ақпарат беріліп, өлеңдер оқылды. Ал «Ескерткіштер» аялдамасында балалар кітапханасының сайтына қойылған Балқаш қаласының 3D ескерткіштерінің тұсаукесері .«Тарихи ескерткіштер – ұлт құн­дылығы» айдарыменөтті.
Қоғамдық-саяси тақырыбындағы әдебиеттерді дәріптеу
ОҚБК) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың   80 жылдығы аясында «Тарих беттері...» атты еске алу сағатын өткізді. Мақсаты: тарихымыздың қасіретті беттерін парақтай отырып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын әрқашан жадымызда сақтап, ұмытпау қасиетті борышымыз деп ой елегімізде сіңіріп, санамызға саралау, жас ұрпақты ұлт зиялыларын құрметтеуге тәрбиелеу

. (ф№5) Алаш орда үкіметінің құрылғанына- 100 жыл толуына орай, «Алаш орда-азаттықтың ақ таңы»атты дөңгелек үстел болып өтті. Кітапханашы шара барысында қатысушыларға Алаш ұлттық автономиясының негізгі қағидаттарын, Алашорда үкіметінің құрылу себептерін, сонымен қатар жалпы ұлтымыздың құндылықтары өткен ғасырдан тамыр жайғандығы жайлы айтып берді. Өзара пікір алмасу барысында тарихымызда алтын әріптермен жазылған айтулы оқиғаларын тағылым ретінде балаларға түсіндірді. Кітапхананың оқу залында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, Алашорда мүшелерінің (Ә.Бөкейханов, У.Танашев, Х.Досмұхамедов, А.Тұрлыбаев, Х.Ғаббасов, М.Шоқай, С.Аманжолов, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбаев, Б.Мамытов, О.Әлжанов) өмірі және еңбек жолдарымен тереңірек таныстырылды. Оқырмандар арасында викториналық сұрақтар қойылып балалар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Қазіргі қоғамда белең алып тұрған ең қорқынышты нәрсе бұл – террорлық акт. Осыған орай 6- сәуір күні №5 филиалында«Терроризм-ғасыр дерті» атты ақпараттық сағат болып өтті. Кітапхананың оқу залында бірнеше діни кітаптардан және терроризм жайлы баспасөз беттерінде жарияланған материалдардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқырмандар арасында терроризмнің түпкі мақсаты не екендігі жайында әңгіме өткізілді.Бұл ақпараттық сағат барысынды балалар осы қорқынышты қанды лаңкестік жайлы ой –пікірлерін эмоциональды түрде талқылады. Іс –шара соңында кітапханашылар балаларға, мұндай қатер төнген кезде немесе жарылғыш зат байқап қалған жағдайда өздерін қалай ұстау керек екендіктері жайлы, жадынама таратты.




Құқықтық ақпарат




  • Оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, Отанды сүюге тәрбиелеу мақсатында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметтеу сезімін қалыптастыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні аясында 2 маусым А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханысында «Желбіресін қазағымның көк туы!» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеп, ұқыпты қарауға тәрбилеу, Отанға деген сүйспеншілік пен патриотизмдік сезімдерін ояту. Іс-шара жүргізушісі  балалардың Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білімдерін тексеріп, Мемлекеттік рәміздердің мемлекетіміздегі орнын, рәміздердің маңыздылығын әңгімелеп, олардың негізінде Қазақстандық партиотизмді қалыптастыру туралы мағлұматтармен бөлісті. Шара барысында «Государственные символы РК» атты викорина ұйымдастырылып, оқушылар слайдтың көмегімен мемлекеттік рәміздер жайында қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Ақпараттық  шара соңында импровизациялық айтыс-ойыны өткізілді, онда жүргізуші мақал-мәтелдің жарытсын оқып, ал балалар болса мәтінді аяқтады. Ойын өтте қызықты және тартысты өтті. «Жас талап» клубының жас оқырмандарының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым» атты ақпарат сағаты өткізілді. 
    Шара барысында кітапхана қызметкері бүгін әрбір мемлекттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар, мемлекеттік рәміздерге - Ту, Елтаңба, Әнұран жататынын, сонымен қатар мемлекеттік рәміздер - бұл халық бірлігінің белгілері екені, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті екенін айтып берді. 
    Мемлекеттік рәміздер күні -Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейтіні туралы сөз қозғалды.
     Мәдени шара барысында балаларға мемлекеттік рәміздер бойынша викторина сұрақтары қойылып, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар ойынға қызығушылықпен қатысып, білімдерін жақсы көрсете білді. Кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған«Мемлекеттік рәміздер» атты кітап

көрмесіне шолу жасалып, «Қазақстанның рәміздері» атты видео көрсетілді. Балалар рәміздерге арнап сурет салып, іс шарамыздан жақсы әсер алып, жақсы көңіл күймен тарасты.Рәміздер күніне арналған әр формалардағы іс-шаралар «Ел рәміздері-Тәуелсіздік аймағы» (ф№1), «Тарих аясындағы үш символ» (ф№3),
Адамгершілік, мейрімділікті дәріптеу

Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде кітапхана шешуші роль атқарады. А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында  Алғыс айту күніне орай «Ата-анам- алтын тұғырым» атты сурет салу байқауы өтті. №16 орта мектебі және Абай атындағы №2 лицей-мектебінің оқушылары, байқауда өз шеберліктерін көрсетіп, шығармаларды ойдағыдай орындап шықты.(ОҚБК) Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Қазақ тарихындағы әйелдер», «Аналардың әуестену әлемі», «Ана - сұлулықтың символы» атты бөлімдерден тұратын «Аналар күнінің ғажайыбы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің ерекшелігі - «Ата-анама мың алғыс!» деген атаумен қағаздан жасалған түймедақ гүлінің әр жапырағына олар аналарына ізгі тілектерін жазды. Көрменің «Ата-анам - алтын тұғырым» деп аталатын бөлімінде алғыс айту мерекесіне орай балалардың өз қолдарымен салған суреті топтастырылды. Балалар тамаша суреттерімен ата-аналарын қуантуға барынша тырысып, үлкен жүрекпен жасаған туындылары көркем де  әсерлі болып шықты.Ал «Доброта в нас и вокруг нас» әңгіме 1 наурыз – алғыс айту күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасына келіп, қызықты іс-шараның куәсі болды. Аталмыш мерекенің тарихынан мол мағлұмат алып, балалар «Курт – драгоценный камень» атты бейне-фильмді тамашалау арқылы лагерь жанындағы қазақтардың жасаған жанашырлығы мен мейірбандығының арқасында тұтқын әйелдердің аман қалғандарын білді.  Шараның негізгі мақсаты – балаларды мейірімділікке тәрбиелеу арқылы адамгершілік құндылықтарын байыту, достық пен бейбітшіліктің қадірін ұғындыру. Шара барысында әр елдің салты бойынша балалар бір-бірлерімен ойын түрінде сәлемдесу рәсімін көрсетіп, жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Кеш соңында балалар үйіне «Подари книге жизнь» акциясы бойынша кітапханамызға  оқырмандардың сыйға тартқан кітаптары табысталды. Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.ОҚ балалар кітапханасында өткен «Отбасым-бақыт мекенім» атты кездесу кеші адамзат өміріндегі ең басты құндылық -«Отбасыға», оның маңыздылығына  арналды. Балаларға ата-аналарымен бірге, ребустарды шешіп, отбасы туралы жұмбақтарды құрастыру тапсырмасы жүктелді, сонымен қатар қатысушы отбасылар кездесу барысында жүректің көмегімен бір-бірлеріне өз отбасында жиі қолданатын мейірімді жүрек жарды сөздерін айтты. Іс-шара соңында №9 орта мектеп психологы П.А. Кабылдина «Паутина» атты ойын-тренингін өткізді. Іс-шара өте көңілді және қызықты өтті. Балалар отбасы құндылықтары жайында жан-жақты мағлұматтар алды. «Библиотека, книжка, я - вместе верные друзья» отбасылық қарым-қатынасына бағытталды. «Жұлдыз» бала-бақшасындағы бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге кітапханаға қонаққа келді, олар кітаптар патшалығына келіп, жастарына байланысты ең қызықты және ең үздік кітаптармен танысты. Ата-аналар отбасы туралы мақал – мәтелдерді айтып естеріне түсірді. «Узнай по голосу маму, сына, дочь» атты ойын ойнады. Кітап әлеміндегі кездесу өте қызықты және танымды өтті. (ф№5)«Алғыс айту» күніне «Дари добро» атты №3 мектеп оқушылары арасында алғыс айту сағаты болып өтті. Балалар «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?» аттыпроблемалық сұрақтар арқылы өз пікірлерін білдірді.Сонымен қатар балалар мақал- мәтел айтып жарысты Іс шара арасында «Автограф» ойынын ойнатылды. Әр оқушыға артына қағаз бекіту арқылы басқа балалар бір-біріне деген жақсы тілектерін жазып, алғыс айтысты.

Эстетикалық бағыттағы әдебиетті насихаттау
 (ОҚБК)    XX ғасырда өркендеген қазақ ұлттық өнері мен мәдениетінің төрінен ойып тұрып орнын алатын қазақ халқының талантты да аяулы қызы, ата аңызға айналған қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, ҚКСР халық әртісі Күләш Байсейітованың  105- жылдығына орай «Сыңғырлаған сазды әуен» атты өнер сағаты өтті. Иісі қазаққа мақтан болған әнші-актрисаның  әншілік өнерін бейнетаспадан тамашалап, жасынан домбырада, сырнайда ойнап, ән салғанын аса бір қызушылықпен тыңдады. Күміс көмей, бұлбұл үнді әншінің өмірі мен өнеріне арналған «Ғасыр бұлбұлы-Күләш» атты көрмеге шолу жасалды. Домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі – Мағауия Хамзиннің 90 жасқа толуына орай А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы «Рауан» клубының аясында «Сен мәңгісің, шертпе күйдің шебері» атты әдеби- сазды сағат өтті. Кітапханашы шетелдік талғампаз көрермендерінің алдында қос ішекті домбырасын оркестрдей ойнатып өнер

көрсеткен күйші шығармашылығына тоқталып, бейнетаспадан күйлерін тыңдатты. Күйшінің жолын қуып, өнер әлеміне қадам басқан №15 мектеп оқушысы Аманрахим Мұқатай орындауындағы күйлер кеш көркін әрлендіре түсті. (ф№3)Қазақ өнеріне өткен ғасырдың ортасында келіп, театр мен кино саласында есімі елімізге ғана емес әлемге әйгілі болған актердің жүріп өткен жолдарын жастарға өнеге ету мақсатында КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, режиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толуына арналған «Тірісінде аңызға айналған тұғырлы тұлға» атты ақпараттық сағаты ұйымдастырылды. Шараға № 7 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты. Халық әртісі А.Әшімов жайлы жазылған пікірлер талқыланып, «Қазақтың Асанәлісі» атты видео көрсетілді. кітапхана кызметкерлері Асанәлі Әшімовтың шығармашылығына тоқталып, жас оқырмандарымыз «Майраның әні», «Жан бөлек», «Менің жанрым –күнделік» атты кітаптарынан үзінді оқыды, кітап көрмесін тамашалады.



Жаратылыстану
«Здравствуй, птичья страна!» атты экологиялық мереке сағаты болып өтті. Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарға «Қанатты кемпірқосақ» атты кітап көрмесін ұсынып, қанатты өкілдер әлемі, құстардың қызықты сәттері жайында мағлұматтармен таныстырды. Балалар  «Құсты дауысынан таны», «Суреттерді құрастыр» атты сайыстарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күймен құстар туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсірді. Сонымен қатар, «Құстар – кітап кейіпкерлері» атты әдеби викторинаның (слайд бойынша жасалған) сұрақтарына жауап берді. Балалар барлығы бірлесе құстарға арналған үйшіктер жасап, оларды ағаштарға ілді. Құстар күні біздің кітапханада жас оқырмандарымыз таңғажайып және қызықты қанатты достарының әлемі жайында білімдерін тереңдетті. (№2)

Қысқы демалыс уақытында, әртүрлі жастағы оқырмандар арасында, құстарға үйшіктер дайындау үшін«Покормите птиц зимой» шеберлік сағатын өткізді. Балалар кітапханашымен бірлесе отырып, қаламыздағы құстардың түрлерін, қыстайтын құстарды, жылы жаққа ұшатын құстарды естеріне түсірді.  Олар бірлесе өздерінің қанатты достарына, үйшіктер жасады. Дайын болған үйшіктерді, барлық балалар жұмыла ілуге аттанды.  Жаз айында қызықты ойындар, байқаулар, сонымен қатар жаздық оқулар ұйымдастыру №2 кітапхана-филиалы жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. 16 маусым күні кітапхана қызметкерлері №16 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» лагерінің балаларымен «Знай, люби и береги природу» атты экологиялық сағатын өткізді. Кітапханашылар балаларға танымдық ақпараттарды ойын түрінде жеткізуге тырысты. Олар: «Если бы природа смогла заговорить...», «Если бы я стал художником» және  «Если я  стану поэтом» атты қызықты ойындарға қатысты. Әдеби викториналарға белсенді жауап берген лагерь демалушылары табиғат туралы қойылым қойып, өлеңдер шығарды. Шара барысында «Паутина жизни» атты ойынға қатысып, табиғаттың қадір-қасиетін, олардың өзара байланыстары бар екенін түсінді. 

Жер, жер шары – бұл біздің ортақ үй, мұнда су-жер тіршіліктері адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге барлығына орын бар.

28 сәуір №2 кітапхана-филиалында өте қызықты және көңілді «Паутина» атты экологиялық ойын ұйымдастырылды. Бұл ойында қатысушы оқырмандарға тордың көмегімен сұрақтар жазылған шеңберді өту жүктелді. Балалар екі командаға бөлінді. Сұрақтар жеті бағыт бойынша ұсынылды. Ұсынылған өрмекшінің белгісі түріндегі бағытта – қатысушыларға жүру кезегі бұйырды, маржан белгісінде қосымша ұпайлар беріліп, судың тамшысы белгісінде ұпайлар алып тасталынды. Оқырмандар гүлдер, саңырауқұлақтар, құстар және т.б. табиғаттың таңғажайып сырлары жайында тамаша мағлұматтар алды. «Жук» және «Бабочка» атты екі команда да өз белсенділіктерін және білімдерін көрсетіп, іс-шара соңында достық жеңді. Қатысушы барлық бала кітапхананың атынан диломдармен марапатталды. 



прямоугольник 240

Көркем әдебиетті дәріптеу

(ОҚБК) Жазушы, журналист, аудармашы Сейітжан Омаровтың 110 жылдығына арналған «Халқының сүйікті қарымды қаламгері» атты әдеби портреті өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығына, жас жеткіншектерді Отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достыққа  тәрбиелейтін туындылары жайында кеңінен тоқталған кітапханашы, жазушының аударма саласында Л.Толстойдың, А.Чеховтың, М.Горькийдің шығармаларын, ағайынды Гриммдердің, чех жазушысы Б.Немцованың  ертегілерін қазақ тіліне аударғаны туралы мағлұмат берді. Шара барысында қарымды қаламгер туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақынның бірі - Ескен Елубаевтың шығармашылығына арналған «Балалар бағының бағбаны» атты әдеби салон өтті. Кітапханашы жазушы шығармаларынан көрнекті орын алатын жанрдың бірі ертегілер мен аңыздар екеніне тоқталып, негізгі тақырыбы — балалар өмірі екенін баяндады. Әдептілікке, ізгілікке, парасаттылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін бірнеше өлеңдерін  талдап, соңында «Жыл мезгілдері», «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңдерін балалар мәнерлеп оқыды. (ф№1) “Ескен Елубаевтың таңғажайып әлемі” тақырыбында әдеби орындық өткізілді. Шара барысында жас оқырмандарға ақынның өмірі жайлы қысқаша айтылып, оқушылардың сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілетін дамытатын -  “Жаңылтпаштар мен жұмбақтар”, “Метаграммалар”,  “Логогрифтер”, “Омофондар” кезеңдерінен сүрінбей өтті. Жеңістерін өздері ұтып алған смайликтерімен дәлелдеді.ОҚБК оқырман қауымды балалар жазушысы және ақынының туған күніне орай ұйымдастырылған  «Маршакта қонақта» атты  қызықты және интерактивтік әдеби-ойын бағдарламасына шақырды.



Балалар кітапхана қызметкерімен бірге жазушы шығармашылығына шолу жасады: жұмбақтар шешті, шығармалар бойынша үзінділерді тапты, байқауларға қатысып өздерінің жазушы жайында білетін білімдерін көрсетті.  Іс-шараға орай  Самуил Яковлевичтің өмір жолдары, шығармашылықтарымен таныстыратын «Веселый волшебник» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көңілді де қызықты өткен шара мультфильм тамашалаумен аяқталды.ОҚБК –да ақын, қызықты ертегі әлемінің өкілі, атақты балалар жазушысы Чуковскийдің туғанына 135 жыл толуына орай «Чуковскийдің таңғажайып қаласы» атты әдеби саяхат ұйымдастырылды. Балалар жазушының таңғажайып ертегілер еліне саяхаттап, өмірі және шығармашылығымен танысты,  сиқырлы кітаптарының кейіпкерлерімен кездесті. Өткізілген «Корней Чуковскийде қонақта» атты сұрақ-жауап ойынында ақынның өлеңдері жатқа айтылды. Шара барысында шығарма кейіпкерлерінің кескінділері құрастырыла отырып, назарларына ұсынылған заттардың қай шығармаға тиесілі екенін тапты. Әдеби саяхаттың соңында балалар көтеріңкі көңіл күймен «Муха-Цокотуха» атты мультфильмді тамашалады.
Салауатты өмір салтын дәріптеу

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.Салауатты өмір сүру дегеніміз — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу. оқырманның бойына осы құндылықтарды дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау мақсатында төмендегідей іс-шаралар өткізілді. А.Гайдар ОҚбалалар кітапханасының оқырмандары «Денсаулығым - бар байлығым. Здоровье – бесценное богатство» атты денсаулық еліне саяхат жасады. Күн тәртібі, дұрыс тамақтану, денсаулыққа зиян әртүрлі дағдылар туралы, сонымен қатар спортпен айналысудың денсаулыққа пайдалы екені жайында ақпараттар алды. Кітапханашы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, онда денсаулыққа зиян әдеттермен күресудің жолдары туралы кітаптар ұсынды. Іс-шара барысында балаларға фильм көрсетіліп, балалар  өзін жақсы сезіну және оқу үшін, денсаулықтарын қалай сақтау, салауатты өмір салтын қалай ұстану керектігі жайында көптеген мағлұматтар алды. Шара соңында барлық балалар әуенмен физикалық жаттығулар жасалды. №3 кітапхана-филиалында   денсаулық сағаты ұйымдастырылды Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денсаулықты сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білу мақсатында балаларға ақпарат беріліп,кітапхана қорынан басылымдар ұсынылды.. Шарада тек қана зиянды әдеттерден аулақ болу ғана емес, сонымен бірге теледидардың, компьютердің алдында көп отыру, ұялы телефонмен  ұзақ сөйлесу, сапасыз тағамдар, яғни «фаст фудтардар» жайында  да айтылды. 

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қарағанды қаласының әкімі Аубакиров Н
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет