2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру бойынша мониторинг жөніндегі



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата29.08.2018
өлшемі0.6 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4


№ исх: 21-1/40 от: 13.04.2018

№ вх.09/504 от: 16.04.2018



Жоба
2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру бойынша мониторинг жөніндегі

ҚОРЫТЫНДЫ
1. Бағдарламалық құжаттың дереккөздері:

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) бекітілген құжат: Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығы.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген құжат: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
13 наурыздағы № 113 қаулысы.

Мемлекеттік әзірлеуші - орган:Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бірлесіп орындаушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері.

Іске асыру кезеңі: 2017 - 2021 жылдар.

Есеп беру кезеңі: 2017 жылы.
2. Есептік кезең аралығында қол жеткізген нәтижелер, оның ішінде қол жеткізген нысаналы индикаторлар, аралық деректермен бірге нақты нәтижелер:

Жалпы алғанда, Мемлекеттік бағдарлама аясында 8 нысаналы индикаторлар, 67 нәтиже көрсеткіштерін қол жеткізу және 134 іс-шаралардың орындалуы жоспарланған.

Есептік кезең аралығында 7 нысаналы индикаторлар, 64 нәтиже көрсеткіштерін қол жеткізу және 95 іс-шаралардың орындалуы жоспарланған.

Нысаналы индикатор 1. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің индексі (2015 жылғы деңгейге) қол жеткізілді. Қазақстан республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) алдын ала деректер бойынша 9 ай аясында Жоспар - 112%, факт - 127,8%. Жылғы қорытындысы бойынша соңғы статистикалық есеп ағымдағы жылғы шілде айында жарияланған болады. Бұл ретте, ҚР ҰЭМ СК деректер бойынша жылдың соныңда осы нысаналы индикатордың нәтижесі жоспарланған мәнінен төмен болмайды.

Нысаналы индикатор 2. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі (2015 жылғы деңгейге) қол жеткізілді. Жоспар – 108,5%, факт – 108%.

Нысаналы индикатор 3. Азық-түлік тауарларының экспорты көлемінің өсімі қол жеткізілді. ҚР АШМ деректер бойынша Жоспар – 920 млн.АҚШ долл., факт – 1 081 млн.АҚШ долл.

Нысаналы индикатор 4. Азық-түлік тауарларының импорты көлемінің төмендеуі қол жеткізілді. Жоспар – 2466 млн.АҚШ долл., факт – 2386 млн.АҚШ долл.

Нысаналы индикатор 5. Азық-түлік тауарлары көтерме саудасының нақты көлем индексі қол жеткізілмеген.

ҚР ҰЭМ СК-нің алдын-ала ақпарат бойынша Азық-түлік тауарлары көтерме саудасының нақты көлем индексі 79,8% болды (жоспар - 106%) немесе 3595,4 млрд. теңге.

Қол жеткізілмегеннің себебі: 2015 және 2016 жылдары көтерме баға индексінің өсуі. Азық-түлік тауарларының бағалары бойынша индексі
2015 жылы - 107,1 %, 2016 жылы – 113,8 %, 2017 жылы - 106,1%.

2017 жылдың ішіндегі ұсынылған деректер алдын-ала болып табылады, кәсіпорын алдын ала деректерді 2 – сауда нысаны бойынша (айлық) көрсетеді, «тауарлар мен қызметтерді сату» туралы жылдық есеп 2018 жылдың шілде айында қалыптастырылатын болады. 1 – ВТ (жылдық) «тауарлар мен қызметтерді сату» туралы есеп кәсіпорындармен жылдық жиынтық деректер негізінде жандандырылады. Осылайша, 2017 жылғы қорытындысы бойынша соңғы статистикалық есеп ағымдағы жылғы шілде айында жарияланған болады.



Нысаналы индикатор 6.Суаруға арналған су шығыстары қол жеткізілді. Жоспар – 8 608 тек ше.м/га, факт – 8 593 тек ше.м/га.

Нысаналы индикатор 7.Өнеркәсіптегі сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі:

сумен қайта жабдықтау - жоспар – 0,70 текше.м/га, факт – 0,70 текше.м/га;

айналымды сумен жабдықтау - жоспар – 7,33 текше.м/га, факт – 7,35 текше.м/га.

Осы нысаналы индикатор қол жеткізілді.



1-міндет. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне шағын және орта шаруашылықтарды қатыстыру бойынша 6 нәтижелер көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде 1 көрсеткіш қол жеткізілді:

Көрсеткіш 2. Жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны. Жоспарланған – 326 бірлік, факт 528 кооперативтер.

5 нәтижелер көрсеткіштер қол жеткізілмеген:

Көрсеткіш 1. Ауыл шаруашылығы кооперативтері (шаруа және үй қожалықтары) мүшелерінің саны қол жеткізілмеген. Жоспар – 135 мың бірлік, факт – 59 мың бірлік.

ҚР ҰЭМ СК деректеріне сәйкес 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің (бұдан әрі – АШК) мүшелері болып


59,0 мың үй және шаруа қожалықтары болып табылады.

Дегенмен, коперативтермен статистикалық нысанда есептілік тапсырылғанда кооперативтердің мүшесі ғана көрсетіледі, ал тартылғандардың саны тіркелмейді.

Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) ақпараты бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 173,0 мың үй және шаруа қожалықтары тартылды.

Қол жеткізілмеу себептері:

- статистикалық есептілік барлық кооперативтермен тапсырылмайды.



Көрсеткіш 3. Кооперативтер дайындаған ет көлемі. Жоспар – 13,2 мың тонна, факт – 7,4 мың тонна.

Орындалмау себебі кооперативтер ІҚМ сатып алуды екінші жарты жылдықта бастады.

Қазіргі уақытта көптеген кооперативтерде сатып алынған бұқашықтар осы күнге дейін бордақылануда.

Көрсеткіш 4. Кооперативтер дайындаған сүт көлемі. Жоспар – 258,0 мың тонна, факт – 107,3 мың тонна.

Қол жеткізілмеу себептері кооперативтер сүт қабылдау пунктерін сатып алу екінші жарты жылдықта басталумен байланысты.

Сонымен бірге, сүт көлемінің аз деңгейде болуы (сауым маусымының аяқталу себебімен).

Көрсеткіш 5. Кооперативтер дайындаған жеміс көлемі. Жоспар – 7,5 мың тонна, факт – 6,0 мың тонна.

Орындалмау себебі бұл бағыттағы кооперативтердің нашар дамуы, кооперативтер үшін өндірілген өнімге субсидияның жоқтығы.



Көрсеткіш 6. Кооперативтер дайындаған көкөністер көлемі. Жоспар – 15 мың тонна, факт – 12,5 мың тонна.

Көрсеткішке қол жеткізілмеу себебі жеміс-көкөніс бағытында кооперативтердің нашар дамуы. 2016-2017 жылдары 103 кооператив тіркелді. Бұдан басқа кооперативтер үшін өндірілген өнімге субсидияның жоқтығы.



Бұл ретте, ҚР АШМ-мен 4-6 көрсеткіштерінің қол жеткізілмеу себебі, кооперативтермен статистикалық нысанды дұрыс толтырмауы болып табылады, осы себебін ҚР ҰЭМ әділетсіз деп санайды.

2-міндет. Ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша 36 нәтижелер көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде 25 көрсеткіш қол жеткізілді, 11 нәтижелер көрсеткіштер қол жеткізілмеген.

Қол жеткізілген 25 нәтижелер көрсеткіштер:

Көрсеткіш 1. Арпа өндіру көлемі. Жоспар – 2 813 мың.тонна, факт – 3 305 мың.тонна.

Көрсеткіш 3. Астыққа арналған жүгері өндіру көлемі. Жоспар
779 мың.тонна, факт – 784,7 мың.тонна.

Көрсеткіш 4. Күріш өндіру көлемі. Жоспар – 398 мың.тонна, факт – 489,5 мың.тонна.

Көрсеткіш 5. Майлы тұқымдар өндіру көлемі. Жоспар
1 868 мың.тонна, факт – 2 354 мың.тонна.

Көрсеткіш 7. Қант қызылшасын өндіру көлемі. Жоспар
425 мың.тонна, факт – 463,2 мың.тонна.

Көрсеткіш 8. Мақта өндіру көлемі. Жоспар – 275 мың.тонна,
факт – 330,5 мың.тонна.

Көрсеткіш 10. Көкөністер өндіру көлемі. Жоспар – 3 752 мың.тонна,
факт – 3 791 мың.тонна.

Көрсеткіш 11. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өндіру көлемі. Жоспар – 335 мың.тонна, факт – 335 мың.тонна.

Көрсеткіш 13. Сиыр етін өндіру көлемі. Жоспар – 427 мың.тонна,
факт – 450,6 мың.тонна.

Көрсеткіш 14. Қой етін өндіру көлемі. Жоспар – 148 мың.тонна,
факт – 151,1 мың.тонна.

Көрсеткіш 16. Сүт өндіру көлемі. Жоспар – 5 124 мың.тонна,
факт – 5 459,4 мың.тонна.

Көрсеткіш 18. Албырт тұқымдас балық түрлерін өсіру көлемі. Жоспар – 260 мың.тонна, факт – 260 мың.тонна.

Көрсеткіш 19. Ақсақа тұқымдас балық түрлерін өсіру көлемі. Жоспар – 229 мың.тонна, факт – 230 мың.тонна.

Көрсеткіш 20. Өсімдік қоректі балық түрлерін өсіру көлемі. Жоспар – 71 мың.тонна, факт – 78 мың.тонна.

Көрсеткіш 21. Тұқы тұқымдас балық түрлерін өсіру көлемі. Жоспар – 744 мың.тонна, факт – 891 мың.тонна.

Көрсеткіш 22. Өсімдік майын өндіру көлемі. Жоспар – 309,0 мың.тонна, факт – 359,6 мың.тонна.

Көрсеткіш 23. Жеміс-көкөніс консервілерін өндіру көлемі. Жоспар – 27 мың.тонна, факт – 27 мың.тонна.

Көрсеткіш 24. Қант өндіру көлемі. Жоспар – 46 мың.тонна, факт – 48,1 мың.тонна.

Көрсеткіш 25. Картопты қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемі. Жоспар – 0,5 мың.тонна, факт – 0,7 мың.тонна.

Көрсеткіш 27. Шұжық өнімдерін өндіру көлемі. Жоспар – 40 мың.тонна, факт – 43,4 мың.тонна.

Көрсеткіш 29. Сары май өндіру көлемі. Жоспар – 15,6 мың.тонна, факт – 16,8 мың.тонна.

Көрсеткіш 30. Қатты ірімшік өндіру көлемі. Жоспар – 3,0 мың.тонна, факт – 4,3 мың.тонна.

Көрсеткіш 31. Сүтті қайта өңдеу үлесі. Жоспар – 30%, факт – 30%.

Көрсеткіш 32. Етті қайта өңдеу үлесі. Жоспар – 32%, факт – 32%.

Көрсеткіш 33. Жеміс және көкөністі қайта өңдеу үлесі. Жоспар – 5,2%, факт – 5,2%.

11 нәтижелер көрсеткіштер қол жеткізілмеген:

Көрсеткіш 2. Сұлы өндіру көлемі. Жоспар – 287 мың тонна, факт – 284,6 мың тонна.

Көрсеткіш 99,2 %-ға орындалу себебі ШҚО (2,0 мың ға) БҚО (1,1 мың ға) Қарағанды (2,6 мың ға) Қостанай (2,5 мың ға) СҚО (18,1 мың ға) мен Астана және Алматы қаласы (0,3 мың ға) егіс алқаптарының құралымының әртараптаңдыру индикативтық көрсеткіштері орындалмауынан.



Көрсеткіш 6. Астық дақылдар өндіру көлемі. Жрспарлан – 7 798 мың тонна, факт – 6 503 мың тонна.

Қол жеткізілмеудің себебі егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша меморандумның индикативтік көрсеткіштеріне жекелеген облыстардың астық дақылдардың өндіріс көлемін орындамауы: Ақмола (64 мың гектар), ШҚО (14,6 мың гектар), Қарағанды (26,2 мың гектар), Қостанай (120,7 мың гектар), СҚО (133,4 мың гектар),) ОҚО (32,8 мың гектар).



Көрсеткіш 9. Картоп өндіру көлемі. Жоспар– 3 615 мың тонна, факт – 3 551 мың тонна.

Қол жеткізілмеудің себебі егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша меморандумның индикативтік көрсеткіштеріне жекелеген облыстардың картоп өндіріс көлемін орындамауы: Ақмола (1,3 мың гектар), Алматы (0,2 мың гектар), ШҚО (1,0 мың гектар), БҚО (0,1 мың гектар), Қарағанды (0,6 мың гектар), Қостанай (1,1 мың гектар), ОҚО (1,2 мың гектар) және Астана мен Алматы қ. (1,2 мың гектар).



Көрсеткіш 12. Құс етін өндіру көлемі. Жоспар – 187 мың тонна, факт – мың тонна.

Көрсеткіш ЖАО тікелей деректерін айқындайды. Нақты жылдық есеп ағымдағы жылдың сәуір айында ұсынылады. Сонымен бірге, ҚР АШМ-мен көрсеткіштің нақты қол жеткізілмеу себебін ұсынылмаған.



Көрсеткіш 15. Шошқа етін өндіру көлемі. Жоспар – 129 мың тонна, факт – 91,8 мың тонна.

Қазіргі уақытта негізгі шошқа етін өндірудің үлкен бөлігі өз қажеттіліктері үшін жеке қосалқы шаруашылықтарда (59%) топталған.

Бұл ретте, сатып алу қызығушылығының төмендеуі шошқа етін пайдаланудың төмендеуіне байланысты, өнімді асыл тұқымды мал басының жоқ болуы, ауыл шаруашылық құрылымдарында шошқа санының 7,5% азаюы (шошқа ұстау үлесі жалпы мал басының 41% құрайды).

Көрсеткіш 17. Бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру көлемі. Жоспар – 268 тонна, факт – 154 тонна.

Қол жеткізілмеудің себебі – бекіре тұқымдас балық түрлері өсіру кезінде тауарлы салмаққа 4-5-ші жылы ғана жетеді. Бұл ретте тауарлы өнімді (бекіре еті) негізінен аталықтардан алады, ал аналықтар аналық табынды толықтыру үшін де, тағамдық уылдырық дайындау үшін де келесі жылдарға қалдырылады.

Ұзақ мерзімді кезеңге болжамдық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде тауарлы балық өсіру процесінде жыныстардың арақатынасын (аталық, аналық) дәлме дәл анықтау мүмкін емес.

Сондықтан есеп-қисаптарда аталықтар мен аналықтардың арақатынасы 50-ге 50 деп алынды, алайда практикада аналықтар көбірек болып шықты.

Осыған байланысты, қорытынды деректер ағымдағы жалғы сәуір айында жарияланады.

Көрсеткіш 26. Құрама азық өндіру көлемі. Жоспар – 1 446 мың тонна, факт – 981 мың тонна.

ҚР ҰЭМ СК 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айындағы оперативтік мәліметі бойынша құрама жем өндірісінің көлемі 981,0 мың тоннаны құрап, 2016 жылмен салыстырғанда (928 мың тонна) 5,7% артық орындалған. Бірақ, атап өту керек, 2017 жылдың қортынды ақпараты статистика комитетімен а.ж. сәуір айында берілетін болады.

Осымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының ақпараты бойынша 2017 жылы құрама азық өндіру көлемі 1,8 млн. тонн. құрады.

Аталған сұрақ бойынша ҚР АШМ облыс әкімдіктеріне 2018 жылғы


31 қаңтардағы № 3-3-9/448-И хатымен әкімдіктер мен ҚР ҰЭМ СК арасындағы қайшылықты жою бойынша хат жолданды.

Көрсеткіш бойынша нақты ресми есептілік а.ж. сәуірде ұсынылатын болады.



Көрсеткіш 28. Ет және ет-өсімдік консервілерін өндіру көлемі. Жоспар – 11,1 мың тонна, факт – 8,3 мың тонна.

Қол жеткізілмеу себебі қайта өңдеу кәсіпорындары етке бағаның өсуімен, сонымен қатар ресей жеткізушілерімен жоғары бәсекеге байланысты өндірістің өсу қарқынын азайтты.



Көрсеткіш 34. Азық-түлік тауарларының импорты бойынша, оның ішінде:

34.1. құс еті - қол жеткізілмеді. План – 124,5 млн.АҚШ долл., факт – 147,5 млн.АҚШ долл.

18,5% артық орындалу себебі, Белорусия, Ресей мемлекеттерінен сатып алу бағасының өзгеруіне байланысты және республика бойынша құс етінің қолданылуының 2016 жылмен салыстырғанда 33,9% өсуі.



34.2. өсімдік майы - қол жеткізілмеді. Жоспар – 124,7 млн.АҚШ долл.США, факт – 139,2 млн.АҚШ долл.США.

Заттай мәнінде өсімдік майының импорт көлімі деңгейінде болды, ал құндық мәнінде импорттың артуы тропикалық майлардың (зәйтүн, пальма, сондай-ақ рапс) сатып алу бағалары өсуіне байланысты.



34.3. жеміс-көкөніс консервілері – қол жеткізілді. Жоспар - 137,9 млн.АҚШ долл., факт – 126,0 млн.АҚШ долл.

34.4. қант - қол жеткізілмеді. Жоспар - 89,9 млн. АҚШ долл., факт
102,4 млн.АҚШ долл.

Көрсеткішке қол жеткізбеудің себебі 2017 жылы ЕАЭО елдерінде қанттың арттық өндірілуі (профицит) және республикаға арзан қант алып келуіне байланысты.



Көрсеткіш 35. Азық-түлік тауарларының экспорты бойынша, оның ішінде:

35.1. ұн - қол жеткізілді. Жоспар - 398,5 млн.АҚШ долл., факт
469,4 млн.АҚШ долл.;

35.2. өсімдік майы - қол жеткізілмеді. Жоспар - 117,6 млн.АҚШ долл., факт – 92 млн.АҚШ долл.

Көрсеткішке қол жеткізбеудің себебі 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда күнбағыс майының экспорттық бағасы 11%-ға төмендеді.



35.3. астық - қол жеткізілді. Жоспар – 628,2 млн.АҚШ долл., факт – 829,4 млн.АҚШ долл.

35.4. майлы тұқымдар - қол жеткізілді. Жоспар – 175,0 млн.АҚШ долл., факт – 274,8 млн.АҚШ долл.

35.5. сиыр еті - қол жеткізілмеді. Жоспар - 55,2 млн.АҚШ долл., факт – 24,2 млн.АҚШ долл.

Экспортқа nосқауыл болып турған себептер:

1) Атырау облысында нодулярлы дерматиттің тіркелуіне байланысты ресей тарапынан арнайы талаптардың енгізілуі экспортты ұстап тұрушы фактор болып табылады;

2) Ресей Федерациясында азық-түлік нарығында ірі қара мал етінің қолайсыз бағалық конъюнктурасы қалыптасқан. Мәселен, РФ нарығында бір килограмм сиыр етінің бағасы 210-220 рубльді құрайды, теңгеге шаққанда бағам бойынша жеткізуге арналған көлік шығыстарынсыз 1200-1300 теңгені құрайды, бұл ретте елдегі ішкі өткізу бағасы 1500 теңгені құрайды, бұл сиыр еті экспортының жоспарлы көрсеткіштерін іске асыруға кері әсер етеді.



Көрсеткіш 36. Енгізілген тұрақты суарылатын жерлерде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі

Жоспар – 14,7 млрд.теңге, факт – 0 теңге.

2017 жылдың төртінші тоқсанында вегетациялық кезеңде құрылыс-монтаждау жұмыстарының және оларды аяқтаудың арқасында енгізілген тұрақты суарылатын жерлерде ауыл шаруашылығы өнімі өндірілмеген.



Анықтама ретінде:

Есепті жылы 15,0 мың га тұрақты суарылатын жерлерде инфрақұрылым қалпына келтірілді (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары).

3-міндет. Мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану бойынша 2 нәтижелер көрсеткіштер қарастырылған.

Осы 2 нәтижелер көрсеткіштер қол жеткізілді.



1. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың НҚИ (2015 жылғы деңгейге). Жоспар159%, факт190,2%.

2. Тамақ өнімдері өндірісіндегі негізгі капиталға салынатын инвестициялардың НҚИ (2015 жылғы деңгейге). Жоспар102%, факт159,3%.

4-міндет. Су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша 4 нәтижелер көрсеткіштер қарастырылған.

4 нәтижелер көрсеткіштер қол жеткізілді:

Көрсеткіш 1. Су қоймаларының жалпы сыйымдылығы. Жоспар
97,90 текше км., факт - 97,90 текше км.

Республика бойынша барлық су қоймалардың жалпы көлемі


97,9 текше км.

Авариялық су қоймаларын реконструкциялау нәтижесінде Сазды су қоймасының жобалық сыйымдылығы 1,5 млн. текше метрге ұлғайтылды.



Көрсеткіш 2. Тұрақты суару кезінде ауыл шаруашылығы мұқтаждарына арналған жерүсті су ресурстарын алу көлемі. Жоспар – 12,18 куб.км, факт – 11,93 куб.км.

Жоспарлық мәннен аспауы жылдың мол сулы болуына байланысты.

Суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету толық деңгейде қол жеткізілді

Көрсеткіш 3. Көлтабандап суару кезінде ауыл шаруашылығы мұқтаждарына арналған жерүсті су ресурстарын алу көлемі. Жоспар – 0,37 куб.км, факт – 0,33 куб.км.

Жоспарлық мәннен аспауы жылдың мол сулы болуына байланысты. Суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету толық деңгейде қол жеткізілді.



Көрсеткіш 4. Ауыл шаруашылығы мұқтаждарына арналған жерүсті су ресурстарын тасымалдау кезіндегі шығындар көлемі. Жоспар – 4,39 куб.км, факт – 4,27 куб.км.

5-міндет: Жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау бойынша 9 нәтижелер көрсеткіштер қарастырылған.

Осы 9 нәтижелер көрсеткіштер қол жеткізілді:



Көрсеткіш 1. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін мемлекеттік жер кадастрының жаңартылған деректерімен қамтамасыз етілу. Жоспар – 17,4%, факт – 17,4%.

Көрсеткіш 2. Топырақтық зерттеумен қамтылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер алаңы. Жоспар – 4 500 мың.га, факт – 4 500 мың.га.

Көрсеткіш 3. Геоботаникалық зерттеумен қамтылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер алаңы. Жоспар – 3 800 мың.га, факт – 3 800 мың.га.

Көрсеткіш 4. Сапалы бағалаумен қамтылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер алаңы. Жоспар – 3 000 мың.га, факт – 3 000 мың.га.

Көрсеткіш 5. Электрондық түрде жасалған топырақтық карталардың алаңы. Жоспар– 4 500 мың.га, факт – 4 500 мың.га.

Көрсеткіш 6. Электрондық түрде жасалған геоботаникалық карталардың алаңы. Жоспар – 3 800 мың.га, факт – 3 800 мың.га.

Көрсеткіш 7. Агрохимиялық зерттеумен қамтылған жыртылған жерлер алаңы. Жоспар – 3,5 млн.га, факт – 3,5 млн.га.

Көрсеткіш 8. Сумен жабдықталған тұрақты суарылатын жерлер алаңы. Жоспар – 1 415 мың.га, факт – 1 415 мың.га.

Көрсеткіш 9. Сумен қамтамасыз етілген жайылма суарылатын жерлер алаңы. Жоспар – 239 мың.га, факт – 239 мың.га.

6-міндет. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникамен және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етілуін арттыру бойынша 5 нәтижелер көрсеткіштер қарастырылған.

5 нәтижелер көрсеткіштерден 4 нәтижелер көрсеткіштер қол жеткізілді:



Көрсеткіш 1. Машина-трактор паркін (тракторлар, комбайндар, сепкіштер, аспалы жабдық) жаңартудың орташа деңгейі. Жоспар – 1,9%, факт – 1,9%.

Көрсеткіш 3. Ауыл шаруашылығы техникасының (трактор, комбайн) өндірісі бойынша оқшауландыру деңгейі. Жоспар – 32%, факт – 37,2%.

Көрсеткіш 4. Азотты тыңайтқыштарды өндіру көлемі. Жоспар – 323,4 мың тонна, факт – 335 мың тонна.

Көрсеткіш 5. Фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру көлемі. План – 225 тыс.тонн, факт – 297 тыс.тонн.

1 нәтижелер көрсеткіш қол жеткізілді:

Нәтижелі көрсеткіш 2. Ауыл шаруашылығы техникасы (тракторлар, комбайндар, аспалы жабдық) өндірісінің көлемі.Жоспар – 4 200 бірлік, факт – 2 060 бірлік.

Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің төменделуі бірнеше факторлармен байланысты.



  • «Қазагроқаржы» ЖШС лизинг арқылы техниканың сатып алу көлемнің төмендеуі. 2017 жылы «Қазагроқаржы» ЖШС арқылы тек ғана 199 бірлік техника сатылды (салыстыруға 2016 жылы өткізу көлемі 800 шамамен бірлік құрады);

  • өндіріс көлемдеріне Беларусь Республикасынан импортталатын осы үлгілі қатардағы «Беларусь» тракторлардың қосарлас өткізуі сезіледі (Қазақстанға жыл сайын «Беларусь» тракторлары 1500 бірлік көлемінде жеткізіледі);

  • «Гомсельмаш» ААҚ серіктес кәсіпорын тарапынан машина жинақтауыштардың жеткізу көлемдерінің төмендеуі;

  • 2016 жылы өнімдердің қалдығы болып табылады.

7-міндет. Сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 1 нәтиже көрсеткіш қарастырылған. Осы нәтиже көрсеткіш қол жеткізілді.

Көрсеткіш 1. Көтерме-тарату орталықтарының саны. Жоспар
3 бірлік, факт – 3 бірлік.

8-міндет. Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми-техникалық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету бойынша 1 нәтиже көрсеткіш қарастырылған. Осы нәтиже көрсеткіш қол жеткізілді.

Көрсеткіш 2. АӨК субъектілерін білімді тарату жүйесінің көрсетілетін қызметтерімен қамту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет