2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру бойынша мониторинг жөніндегі



жүктеу 0.6 Mb.
бет2/4
Дата29.08.2018
өлшемі0.6 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Жоспар - 2,5%, 3,3% АӨК субъектілер қызметтерімен қамтиған.

3. Орындаған және орындалмаған іс-шаралар бойынша ақпарат:

1-міндет. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне шағын және орта шаруашылықтарды қатыстыру бойынша 5 іс-шаралар қарастырылған, оның ішінде 4 іс-шара орындаған, 1 іс-шара орындалмаған.

Орындаған 4 іс-шара:

1-ші іс-шара. Ауыл шаруашылығы оқу орындарының, жалпы мақсаттағы университеттердің жанындағы біліктілікті арттыру жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерін, орталық және жергілікті билік органдарының АӨК басқару органдарының қызметкерлерін және оқытушыларды даярлау бөлігінде ұсыныстар әзірлеу.

2-ші іс-шара. АШМ, Еңбекмині және облыстар әкімдіктерінің арасында 2017 жылға арналған үшжақты іс-шаралар жоспарлары мен индикативті жоспарларға қол қою.

3-ші іс-шара. 160 аудан мен қаланы түсіндіру жұмыстарымен қамту (кооперативтер құру негіздері мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша). 2016 жылы құрылған 157 ауыл шаруашылығы кооперативтері бойынша мониторинг жүргізу және даму жоспарын әзірлеу.

4-ші іс-шара. Кредит бойынша бастапқы төлемді инвестициялық субсидиялар есебінен өтей отырып (қоса қаржыландыру), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компанияларының шарттары бойынша кредиттер мен лизинг беру рәсімдерін жеңілдету бөлігінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның тиісті ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу.

1 іс-шара орындалмаған:

5-ші іс-шара. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау.

2017 жылғы қорытынды бойынша тексеру одақтар құрылмаған және тіркелмеген.

Алматы, Павлодар қалаларында, ОҚО, ШҚО облыстарында тексеру одақтар құру жоспарлануда.

Субсидиялау 2018 жылдың екінші жартыжылынан басталатын болады.



2-міндет. Ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша 30 іс-шаралар қарастырылған, оның ішінде 20 іс-шара орындаған, 5 іс-шара орындалмаған. 5 іс-шара орындалуда.

20 іс-шара орындаған:

9-ші іс-шара. Акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Қағидалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы


9 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілді. 2017 жылғы 7 тамызда ҚР ӘМ-де
№ 15452 болып тіркелді.

11-ші іс-шара. АШМ, облыстардың әкімдіктері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «ҰАҒББО» КАҚ арасында егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша меморандумдар жасасу.

ҚР АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «ҰАҒББО» КЕАҚ және 2017 жылдың 10 наурызында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстары, 2017 жылдың 13 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, 2017 жылғы 24 наурызында Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары, 2017 жылдың 14 наурызында Алматы және Қарағанды облыстары әкімдіктері арасында 2017 жылдың 24 наурызыда меморандум жасалды.



22-ші іс-шара. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының түсімділігін және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды субсидиялау.

15 860,4 млн.теңге жоспар болғанда, 15 801,4 млн.теңге игерілген.



59,0 млн. теңгенің игерілмеу себебі: Ақмола облысында азықтық дақылдар түбегейлі жақсартылған жерлерге орналастырылғандықтан олардың егіс көлемдерін субсидиялауға бөлінген бюджеттік қаражаттар игерілмей қалды. Бұл ретте субсидия төлеу тек қана егістік жерлерге себілген жағдайда жүзеге асырылады. Сонымен бірге облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілерінен бір жылдық, көпжылдық шөптерді және сүрлемдік жүгеріні субсидиялауға өтінім түспегендіктен.

Осы қаражаттар бюджетке қайтарылған.



24-ші іс-шара. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіруге кеткен шығындардың құнын субсидиялау.

2 155,6 млн.теңге жоспар болғанда, 2 127,0 млн.теңге игерілген.



28,6 млн. теңгенің игерілмеу себебі: Маңғыстау облысында үш ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жылыжайының техникалық паспорты жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуден өткізетін уәкілетті органда тіркелмегендіктен көрсетілген көлемге бөлінген бюджеттік қаражаттар игерілмеген.

Осы қаражаттар бюджетке қайтарылған.



25-ші іс-шара. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін («Апорт» сортты алма ағашын) отырғызу және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) кеткен шығындардың құнын субсидиялау.

Жоспар - 338,8 млн.теңге, факт – 338,7 млн.теңге.

26-ші іс-шара. Минералды тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау.

Жоспар – 17 549 млн.теңге, факт – 17 549 млн.теңге.

27-ші іс-шара. Мақта талшығының, шитті мақтаның сараптамасына кеткен шығындар құнын субсидиялау.

Жоспар – 71,8 млн.теңге, факт – 71,8 млн.теңге.

28-ші іс-шара. Тұқым шаруашылығын қолдауды субсидиялау.

Жоспар – 8 503 млн.теңге, факт – 8 503 млн.теңге.

29-ші іс-шара. Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар және өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізу.

Жоспар – 4 841 млн.теңге, факт – 4 841 млн.теңге.

31-ші іс-шара. Жеке және/немесе заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын экономикалық зиянды шектен жоғары зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге және арамшөпке қарсы күресу үшін пестицидтерді, биопрепараттарды (биоагенттерді) сатып алу шығындарын субсидиялау.

Жоспар – 26 270 млн.теңге, факт – 26 270 млн.теңге.

34-ші іс-шара. АӨК субъектілеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру.

Жоспар – 60 000 млн.теңге, факт – 60 000 млн.теңге.

36-ші іс-шара. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға кететін шығындар құнын субсидиялау және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын жоғарылату.

74 009,8 млн.теңге жоспар болғанда, 73 990,2 млн.теңге игерілген

19,6 млн.теңгенің игерілмеу себебі: Маңғыстау облысында 19 622 мың теңге – АШТӨ-нің мәлімделген көлеміне өтінімдердің болмауына байланысты, Жамбыл облысы мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату бағыты бойынша 413 мың теңге мөлшерінде игерілмеді (АШТӨ өлшем шарттар мен талаптарға сәйкес болмағандықтан).

Қаражаттар бюджетке қайтарылған.



37-ші іс-шара. Жануарлардың ауруларына аса қауіпті инфекциялардың болуы тұрғысынан диагностикалық зерттеулер жүргізу. Жоспар – 12 191 млн.теңге, факт – 12 191 млн.теңге.

38-ші іс-шара. Ветеринария бойынша референттік зерттеулер жүргізу.

Жоспар – 451 млн.теңге, факт – 451 млн.теңге.

39-ші іс-шара. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін бұйымдар (құралдар) сатып алу.

Жоспар – 1 670,0 млн.теңге, факт – 1 670,0 млн.теңге.

40-ші іс-шара. Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша инфекция ошақтарын уақтылы анықтауды, оқшаулауды және сауықтыруды қамтамасыз ету.

Жоспар – 1 641 млн.теңге, факт – 1 641 млн.теңге.

41-ші іс-шара. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық препараттармен қамтамасыз ету.

Жоспар– 5 373,5 млн.тенге, факт – 5 373,5 млн.тенге.

42-ші іс-шара. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін мониторингілеу.

Жоспар – 259,6 млн.теңге, факт – 259,6 млн.теңге.

45-ші іс-шара. Қайта өңдеу кәсіпорындарының құрғақ сүт, сары май және ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алуға кеткен шығындарын субсидиялау.

Жоспар – 2 869,9 млн.теңге, факт – 2 869,8 млн.теңге.

46-ші іс-шара. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындау ұйымдарына есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау.

Жоспар – 474,2 млн.теңге, факт – 474,2 млн.теңге.

Орындалмаған 5 іс-шара:

7-ші іс-шара. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына:

  • субсидияларды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолдану;

  • субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін толықтыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Уәкілетті органмен аталған іс-шараның орындалмауы бойынша нақты себептер ұсынылмаған.

8-ші іс-шара. Бекіре балықтарға генетикалық паспорттау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Бекіре тұқымдас балық түрлерін генетикалық паспорттауды енгізу бойынша ұсынылған нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын меморгандармен келісу барысында алып тасталды.



17-ші іс-шара. Әлеуетті өткізу нарықтары елдерінің (Қытай, Ресей, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері) ет және ет өнімдері нарығының құрылымын зерттеу.

ҚР АШМ-мен аталған іс-шараның орындалмауы бойынша нақты себептер ұсынылмаған.



19-ші іс-шара. Өнімнің экспорты, оның ішінде келісімшарттарды сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету.

Уәкілеті органмен консультациялық қызметтер көрсету бойынша нақты ақпарат ұсынылмаған.

Осыған байланысты, осы іс-шараны орындалмаған деп санаймыз.

43-ші іс-шара. Акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау. Жоспар -455,0 млн.теңге, факт – 0 теңге.

Жоспарды қалыптастыру кезінде облыстар әкімдіктері балық жемін 2017 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 455,0 млн. теңге субсидиялауға қолдау білдірді.

Алайда 2017 жылы облыстар әкімдіктері балық жемін субсидиялауға жергілікті бюджет қаражатынан 10,731 млн. теңге ғана бөлді:

-Қызылорда облысы - 4,5 млн. теңге;

- Жамбыл облысы - 4,536 млн. теңге;

- Ақтөбе облысы - 1,335 млн. теңге.

Алайда осы өңірлерде балық өсіру кәсіпорындарынан субсидия алуға өтінімдер 2017 жылы түскен жоқ.

Осыған байланысты әкімдіктердің ақпаратына сәйкес бөлінген қаражат бюджетті нақтылау кезінде субсидиялаудың басқа түрлеріне бөлінген.



5 іс-шара орындалуда:

10-ші іс-шара. Органикалық өнімге стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу.

2017 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарына органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы өндіру процесіне қойылатын талаптарды, сәйкестігін растау жөніндегі органдарға және органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісіне қойылатын талаптарды белгілейтін 3 стандартты әзірлеу енгізілген болатын.

2017 жылдың қорытындысы бойынша аталған стандарттар ҚР ИДМ-ң ТРМК-мен әзірленді. Ескертулер мен ұсыныстар ҚР ИДМ-ң ҚР АШМ-н бірлесіп құрылған органикалық өнімді өндіру және сертификаттау мәселелеріне қатысты стандарттарды пысықтау бойынша жұмыс тобы шеңберінде пысықталуда.

12-ші іс-шара. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарында көзделген АӨК саласындағы техникалық регламенттерін әзірлеу және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу

Ауыл шаруашылығы министрлігімен Кеден Одағының 2 Техникалық регламенті (бұдан әрі –КО ТР) әзірленуде:

1) «Жем және жем қоспаларының қауіпсіздігі туралы».

2) «Құс етінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы».

3) «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігіндегі» КО ТР-не «жеңіл оқу», «түсініктілік», «фонның қарама-қарсылығы» терминдерді айқындау және басқа да талаптар бөлігінде №1 өзгерістер.

Мемлекетішілік келісу процедурасы жүргізілді, жоба оның қорытындысы бойынша пысықталуда.

4) «Сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігі туралы» КО ТР-не қалпына келтірілген сүттің сүт өнімдеріне жатқызылуы бөлігіндегі №1 өзгерістер.

Мемлекетішілік келісу процедурасы жүргізілді, жоба оның қорытындысы бойынша пысықталуда.

5) «Сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігі туралы» КО ТР-не ұғымдық аппараттын түзету және құрамында сүт бар өнімдерді таңбалауға қосымша талаптар орнату бөлігіндегі №1 өзгерістер 2017 жылғы 10 қарашадағы № 102 Кеңестің шешімімен бекітілген.

Мемлекетішілік келісу процедурасы жүргізілді, жоба оның қорытындысы бойынша пысықталуда.

6)«Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігіндегі» КО ТР-не осындай ағзалардың болуы және ГМА қолдануды қоса алғанда тамақ өнімдерін алу туралы мәліметтерге қатысты №2 өзгерістер ЕЭО консультациялық комитеттің отырысында қаралды. 29.09.2017 № 5-ВК/КК хаттама.

7) «Май өнімдерінің техникалық регламентіне» ЕЭК Кеңесінің 2017 жылғы 26 маусымдағы шешімімен өсімдік майын тасымалдау бойынша №2 өзгерістер.



14-ші іс-шара. Қазақстанның ішінде салалық көрмелер өткізуге жәрдем көрсету.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен жыл сайын келесі халықаралық көрме компаниялары:

1. 1.TNT Productions – халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі және жабдық пен технологиялар халықаралық көрмесі (2017 жылғы наурыз); Оңтүстік Қазақстагдағы халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі (2017 жылғы қараша).

2. «ExpoDamu көрме компаниясы «Тамақ өнеркәсібі көрмесі» (2017 жылғы қыркүйек).

3. «Iteca» Халықарарлық көрме компаниясы Шымкент қаласында - «Тамақ өнеркәсібі саласында технологиялар мен жабдықтар» (қыркүйек айы.); Алматы қаласында Орта-азиялық халықаралық көрме «Тамақ өнеркәсібі» және Орта-азиялық халықаралық «Ауыл шаруашылығы» (2017 жылғы қараша);

4. Астана қаласында «ExpoGroup» халықаралық көрме – халықарарлық аграрлық көрме» (қазан айы) көрмелер өткізілді.



35-ші іс-шара. Өндірілген өнімді өткізу жөніндегі кооперативтерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін сауда пункттері мен алаңдарымен шарттар жасасуға жәрдемдесу.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін республикада 9,0 мың әлеуметтік сауда нүктесі бар. Сонымен қатар, 16 коммуналдық базарлар бар (Ақмола облысында - 2, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1, Атырау облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Қарағанды облысында – 4, Қызылорда облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Астана қаласында - 1). Жергілікті атқарушы органдармен тауар өндірушілерге ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға арналған 1,5 мың орын бөлінуде.



47-ші іс-шара. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын орындауға қажетті бірыңғай стандарттар тізбесіне қосу үшін АӨК саласындағы ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарға талдау жүргізу.

Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) қоғамдық талқылаудың қорытындысы бойынша пысықталған «Балықтың және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы» және «Сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін тізбесі және техникалық регламенттің талаптарын қолданылуы және орындалуы үшін қажетті қағидалар мен зерттеу (сынау) және өлшеу әдістері мен үлгілерді таңдау қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінің жобасы жолданды

Сонымен қатар, ҚР АШМ-гі ҚР ҰЭМ, ҚР ИДМ-ң ТРМК және ҚР ДСМ ҚДСК бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақтың «Балықтың және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын қолдануға және орындауға қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу әдістері мен үлгілерді таңдау қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бойынша бағдарлама жобасын әзірлеу, сондай-ақ, техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат ұсыныла отырып кедендік декларация берілетін өнімдер тізбесінің жобасын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

3-міндет. Мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану бойынша 8 іс-шаралар қарастырылған, оның ішінде 7 іс-шара орындаған:

49-ші іс-шара. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығына қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу шарттарын қатаңдату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 1 ақпанда № 49 бұйрығы (ҚР ӘМ 2017 жылғы 17 ақпанда № 14812 болып тіркелді).



50-ші іс-шара. «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығына АӨК субъектілеріне тек айналым қаражатын толықтыруға (2017 жылдан бастап) берілген кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 1 ақпанда № 49 бұйрығы. (ҚР ӘМ 2017 жылғы 17 ақпанда № 14815 болып тіркелді).



51-ші іс-шара. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 9-3/726 бұйрығына:

  • ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жеке жобалар үшін басымдықты белгілеу;

  • бюджет қаражаты шегінде субсидиялауға өтінімдерді қарау;

  • ірі жобалар бойынша шығыстардың бір бөлігін кезең-кезеңімен өтеуді енгізу;

  • абсолюттік мәнде субсидиялардың лимит берілген мөлшерін пайдалану;

  • құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша шығыстарды өтеу тәртібін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 1 ақпанда № 49 бұйрығы. (ҚР ӘМ 2017 жылғы 17 ақпанда № 14816 болып тіркелді).

53-ші іс-шара. 2013 – 2015 жылдары мақұлданған АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау.

14 002,75 млн.теңге жоспарланғада 14 000,8 млн.теңге игерілген.

1,9 млн. теңге сомасын игермеу жағдайда АӨК субъектілерінің ұзартылған міндеттемелері 231,8 млрд. теңге сомасына 197 өтінімі субсидияланды.

1,9 млн. теңге сомасын игермеу себептері объективті деп саналады: қарыз алушылардың қаржы институттары алдындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеулері; операторлық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерінің болмауы; өтеу кестелерінің өзгерулері; қаржы институты өтінімінің болмауы; сондай-ақ жалпы алғанда дөңгелету есебінен.

54-ші іс-шара. Субсидиялау бағдарламасына қатысушы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің негізгі қарызын төмендету мақсатында сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.

15 609 млн.теңге жоспарланғада 15 591,44 млн.теңге игерілген.

Іс-шараның 99,9% орындалуы атап өтеміз. Игерилмеген сомасы
17,6 мың теңге болды, оның ішінде келесі себептер бойынша:

- 10 683,8 мың теңге – міндеттемелер бойынша мерзімінен бұрын жартылай өтеуіне байланысты;

- 6 930 мың теңге - қаржы институттарынан өтінімнің болмауы.

55-ші іс-шара. Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау.

Жоспар - 76 224,8 млн.теңге, факт - 76 208,6 млн.теңге.

16,2 млн. теңге сомасын игермеу себептері объективті деп саналады: Маңгыстау облысында инвесторлардың өтінімдерінің болмауына, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша үнем. Сондай –ақ Ақмола, БКО, Атырау, ШҚО, Алматы қаласы бойынша қалған қаржы дөңгелеумен байланысты.

21 басым бағыт бойынша 7 532 инвесторлардың өтінімі субсиияланды.



60-ші іс-шара. Ірі агрохолдингтердің проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ірі агрохолдингтердің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Министрлік жұмыс тобын құрды, оған Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері кірді.

2017 жылғы 27 ақпанда АШМ, әкімдіктер, ҰКП және екінші деңгейдегі банктер арасында Ірі агрохолдингтердің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды, онда нақты мерзімдері, жауапкершіліктер, жоспарланатын нәтижелер және басқалары айқындалды.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген кеңесі хаттамасының (2017 жылғы 3 ақпандағы № 17-01-7.1) 4.2-тармағын орындау үшін ірі агрохолдингтердің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша ҚР ПӘ жауап жобасы 2017 жылғы 28 ақпандағы № 8-1-3/5040//17-01-7.1 хатымен Үкіметке енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 3972-1 ПӘБ тапсырмасына сәйкес осы тармақ тоқсан сайынғы негізде ақпарат ұсына отырып, 2017 жылдың соңына дейін ұзақмерзімді бақылауға ауыстырылды.

Осы тапсырманы орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жауап жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ҚР АШМ 2017 жылғы 26 маусымдағы № 8-2-3/5040,10//11-8/04-251//17-01-7.1 (4.2) хатымен енгізілді.

ҚР АШМ 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 8-2-3/20368,1//11-4/04-251//17-01-7.1 (4.2) хатымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жауап жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді.

Бүгінгі күні бақылаудан алынған тармақ бойынша Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне 2017 жылғы 18 тамызда Бурабай кентінде берген тапсырмасының 2.6-тармағының шеңберінде жалғастырылуда.



1 іс-шара орындалмаған:

56-ші іс-шара. АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау.

АШТӨ өтінімдердің болмауына байланысты 2017 жылға арналған қаражат игерілмеді.



4-міндет: Су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша 28 іс-шаралар қарастырылған, оның ішінде 18 іс-шара орындалған, 5 іс-шара орындалуда, 1 ішінара орындалған іс-шара және 4 іс-шара орындалмаған.

18 іс-шаралар орындалған:

63-ші іс-шара. Бөгеттер қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу және сараптау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет