2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру бойынша мониторинг жөніндегі



жүктеу 0.6 Mb.
бет4/4
Дата29.08.2018
өлшемі0.6 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Жоспар - 1 084 млн.теңге, факт – 1 084 млн. теңге.

2017 жылы қорытындысы бойынша 3 000 мың гектар аланыңда 1084 млн. теңге сомаға топырақтың бонитетін айқындау жұмысы өткізілді.



109-ші іс-шара. Қалалардың және ауылдық елді мекендердің жерлерінде есептік орамдардың электрондық жер-кадастрлық карталарын жасау.

Жоспар - 198 млн.теңге, факт – 198 млн.теңге.

2017 жылы қорытындысы бойынша 75 есептік орамына 198 млн. теңге сомаға есептік орамдардың электрондық жер-кадастрлық карталары кұрылды.



110-ші іс-шара. Электрондық түрде топырақ карталарын жасау.

Жоспар - 101 млн.теңге, факт – 101 млн.теңге.

2017 жылы қорытындысы бойынша 4500 мың гектар аланыңда 101 млн. теңге сомаға электрондық түрде топырақ карталары жасалынды.



111-ші іс-шара. Электрондық түрде геоботаникалық карталар жасау.

Жоспар - 26 млн.теңге, факт – 26 млн. теңге.

2017 жылы қорытындысы бойынша 3 800 мың гектар аланыңда 26 млн. теңге сомаға электрондық түрде геоботаникалық карталар топырақ карталары жасалынды



113-ші іс-шара. Сұранысқа ие суармалы жерлердің гидромелиорациялық жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту, оның ішінде: ХҚҰ қарызының сомасы – 0 теңге; РБ-дан қоса қаржыландыру, оның ішінде - 568,684 млн.теңге, оның ішінде:

а) жүйелі суару, оның ішінде: ХҚҰ қарызының сомасы, РБ-дан қоса қаржыландыру;

б) көлтабандап суару, оның ішінде: ХҚҰ қарызының сомасы, РБ-дан қоса қаржыландыру.

2017 жылы Су ресурстары комитетімен халықаралық қаржылық ұйымдардың, Ислам Даму Банкі (бұдан әрі - ИДБ), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі - ЕҚҚДБ) сияқты, суармалы жерлердің суару жүйелерін қалпына келтіру бойынша жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттен тыс инвестицияларын тарту бойынша шаралар қабылданды.

Ағымдығы жылғы 10 мамыры 102,2 млрд.теңге сома қаражатқа 128 мың га суармалы жерлерді айналымға тарту үшін ЕҚДБ-мен келісімге 53,9 млрд.теңге сомаға (бұдан әрі – Кредиттік келісім), а.ж. қыркүйекте ИДБ-мен келісімге 48,3 млрд.теңге сомаға қол қойылды, атап айтқанда ИДБ-мен Алматы облысы - 35,4 мың га, ЕҚДБ-мен: Ақтөбе облысы – 15,99 мың га, Жамбыл – 51,02 мың га және Оңтүстік Қазақстан - 25,69 мың га.

150 «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарламаны іске асыруға ҚР Үкіметінің 17.11.2017ж. № 752 қаулысымен 2017 жылға 568 687,0 мың теңге сомасында қаражат көзделген, 100% орындалды (017 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен» бюджеттік кіші бағдарламасы) бюджеттік бағдарламасын іске асыру үшін, о.і. «Қазсушар» ШЖҚ-ғы РМК қолма-қол қаражатының бақылау есебіне (бұдан әрі-КСН) аударылды.

Жалпы халықаралық қарыздарды тарту есебінен жалпы сомасы 102 млрд.теңгеден аса қаражатқа 128 мың га. алаңда жобалар іске асырылатын болады.

Қалған 481 мың га. жерге инвестициялық ұсыныстар әзірленуде.

Бүгінгі күні үш облыс (Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды) бойынша ирригациялық инфрақұрылым «Қазсушар» РМК теңгеріміне берілген, инвестициялық ұсыныс ҰЭМ қаржыландыру көзін қарастыру және анықтау үшін енгізілді.

Сонымен бірге «Қазсушар» РМК-ны белгіленген мерзімде заемды іске асыру үшін қажетті конкурстік процедураларын өткізді.



6-міндет. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникамен және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етілуін арттыру бойынша 4 іс-шараның орындалуын қарастырылған, оның ішінде 3 іс-шара орындалды, 1 іс-шара орындалуда.

Орындалған 3 іс-шаралар:

114-ші іс-шара. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер арасында Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (инвестициялық келісім) жасасу.

ҚР ауылшаруашылық машина жасауды дамыту мәселесі бойынша «ҚАФ» АҚ, «Гомсельмаш» АҚ, ООО «Комбайновый завод Ростсельмаш» 2017 жылғы 10 наурызда және «Комбайновый завод «Вектор» 2017 жылғы 10 наурызда арасында үш тарапты келісім бекітілді.



115-ші іс-шара. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Ұсыныстар ҚР Үкіметіне 2017 жылғы 30 маусымдағы № 5-2-7/6835//113 (п.115) хатымен жолданды.

Өзекті және талап етілетін арзан аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін және оны сатып алуын ынталандыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бағыты бойынша 2017 жылдан бастап мерзімі 7 жылға сыйақы мөлшерлемесі 5,5% (қазіргі мөлшері 16-17%) отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды лизингке сатып алудың жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы жүзеге асырылды 5 млрд. теңге көлемінде қаржы қаражаты бөлінді.

116-ші іс-шара. Инвестициялар және даму министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мәселелерін реттеу бөлігіндегі функцияларды беру туралы ұсыныстар әзірлеу.

Ұсыныстар ҚР Үкіметіне 2017 жылғы 24.04 № 5-2-7/6835//113 хатымен жолданды.

АШМ ИДМ, ҰЭМ, ӘМ бірге ИДМ-дан АШМ-ға ауылшаруашылығы машина жасау саласын реттеу функциясын беру мәселесі пысықталды.

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлық жобасы әзірленіп, ИДМ, ҚМ, ӘМ, ҰЭМ сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен келісілді.



1 іс-шара орындалуда:

117-ші іс-шара. Тыңайтқыштарды өндірушілерге өндірістік сипаттағы шығындарға (энергия тасығыштар, көлік шығындары, өндірілген өнімді өткізу) жеңілдік беру бөлігінде жәрдем көрсету.

2017 жылы химиялық өнеркәсіп кәсіпорны ТЖМ қызметтері үшін УТК тарифін ұсынуға өтінім берілген жоқ.

«ҚазАзот» ЖШС өнімнің өтімі бойынша меморандумға отыруға көмек көрсетілді, сол бөлікте ірі тау-кен өндіру және металлургиялық кәсіпорындар «Қазцинк» ЖШС, «Қазахмыс» ЖШС, еншілес кәсіпорындар «Қазатомпром» ҰАТ АҚ («УМЗ» ЖШС, «Инкай» ЖШС, «Бетпак-Дала» ЖШС, «ТТК» ЖШС), сондай-ақ АӨК қолдау көрсету бойынша бағдарлама шеңберінде ауылшаруашылықтауар өндірушілер мекенжайына тыңайтқышты жеткізуге көмек көрсетілді.

7-міндет. Сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 2 іс-шаралардың орындалуы қарастырылған, оның ішінде 1 іс-шара орындалды, 1 іс-шара орындалуда.

119-ші іс-шара. Көтерме-тарату орталықтарын құруға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін пысықтау орындалды.

Ұсыныстар Үкіметке 2017 жылғы 5 мамырдағы № 1-3-6/6835//113 хатымен жіберілді.

ҚР АШМ-мен КТО құруға мемлекеттік қолдау келесі бағыттар бойынша көрсетіледі:

- инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу (Қағида 2017 жылы 1 ақпанда Министрліктің № 48 Бұйрығымен бекітілген);

- жылдық 7% теңгемен көлемінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды қоса алғанда айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталған қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау (Қағида 2017 жылғы 1 ақпандағы Министрліктің № 50 бұйрығымен бекітілген);

- «Қазагро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша КТО жеңілдікпен несиелеу («Қазагро» ҰБХ» АҚ кредиттеу талаптарына сәйкес);

- заттай жер гранттарын беру (ҚР ИДМ).

«Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы инфрақұрылымды құру мәселесі ҚР ҰЭМ-мен пысықталуда.



118-ші іс-шара. 16 көтерме-тарату орталығын құру орындалуда.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында (1-кезек) 1 КТО жұмыс жасайды, Астана қаласында 1 КТО «Continental Logistics», Шымкент қаласына КТО 1-кезегі іске қосылды.

Екінші кезеңде, 2018-2021 жылдары қалған ірі қалаларда КТО құрылатын болады. Ол үшін облыс әкімдіктерімен объектілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың базасында КТО құрылатын болады, КТО коммуникацияларының құрылысына ТЭН, ЖСҚ жасау.

8-міндет. Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми-техникалық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету бойынша 11 іс-шаралардың орындалуы қарастырылған, оның ішінде 5 іс-шаралар орындалды, 5 іс-шаралар орындалуда, 1 ішінара орындалған іс-шара.

Орындалған 5 іс-шаралар:

121-ші іс-шара. ҒЗТКЖ-ны қалыптастыруға және іске асыруға техникалық ерекшелік жасауға техникалық талаптар әзірлеу.

ҒЗТКЖ әзірлеуге және енгізуге арналған техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қойылатын техникалық талаптар әзірленді.

ҚР АШМ-нің 5.12.2017 жылғы № 481 «2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының бекіту туралы» бұйрығы.

125-ші іс-шара. «ҰАҒББО» КеАҚ жанында ақпараттық-консультациялық қызмет құру бойынша мәселені пысықтау.

«ҰАҒББО» КеАҚ-да ақпараттық-кеңес беру қызметін құру мәселесін қарастыру туралы ұсыныс 2017 ж. 4.07. № 30-07-11/775 хатымен жолданды.

Осы жұмысты ҒЗИ-тың базасында жүргізу ұсынылды.

128-ші іс-шара. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту бойынша инвестициялық ұсыныстар әзірлеу.

Қаржылық экономикалық негіздемелерді түзету бойынша инвестициялық ұсыныстар: «2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оқытуға арналған зертханаларды жаңғыртуға арналған жабдықтар сатып алуға «Қазақ ұлттық аграрлық университетімен» ҰЭМ-не 2017ж. 16.10. № 5-1-10/4644-И хат жолданды.


ҚР ҰЭМ-нен оң қорытынды шешім алынды

131-ші іс-шара. Зияткерлік және (немесе) шығармашылық қызмет нәтижелерін пайдалану үшін аударымдарды төлеу жүйесі туралы мәселені пысықтау.

Селекциялық жетістіктерді пайдалану және төлеу үшін роялти төлеу туралы мәселені шешу үшін лицензиялау саудасын орнату қажет. Зияткерлік меншік саласындағы заңда тек ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша тек лицензияланған сауда нысаны қарастырылған лицензияланған сауда белгіленбеген.

ҰАҒББО-тың лицензияланған саудасын құру үшін жаңа сорттарды қорғау жөніндегі халықаралық одағымен бірлесіп, роялти көзделген Қазақстан Республикасында тұқым өндірісінің ұйымдастырушылық-құқықтық жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныс әзірленді.

132-ші іс-шара. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қатысу үшін АӨК мамандықтарының тізбесін кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ұсыныстар ҚР ҰЭМ 2017 жылғы 15.12. № 5-1-10/6835//113 хатпен АӨК басым бағыттағы мамандықтарды 9 дан 14 ке дейін ұлғайту туралы ұсыныстар жолданды.

Бүгінгі таңда, мамандықтарының тізбесін кеңейту мәселе бойынша ҚР ҰЭМ-мен анықтауда.

5 іс-шара орындалуда:

124-ші іс-шара. Құзырет орталығы қызметін, базалық шаруашылықтарда семинарлар өткізуді және Call-орталығының жұмысын ұйымдастыру арқылы АӨК субъектілеріне өтеусіз негізде ақпарат ұсыну.

Жоспар – 461 млн. теңге, факт – 461 млн. теңге.

Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде ҚР «Атамекен» ҰКП Агроқұзыреттілік орталығы құрылды, онда Агроөнеркәсіп кешені үшін Call-орталығы ашылды. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің жалпы білім беру және консультациялық қызметтермен қамтылғаны 6773 адамды құрады, оның ішінде 3147 өсімдік шаруашылығы және 3626 мал шаруашылығы. Жалпы,АКӨ ақпараттық-консультациялық қызметтер 25 басым бағыттары бойынша (өсімдік шаруашылығы саласында - 13; мал шаруашылығы-12).



126-ші іс-шара. Басым бағыттар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар жобаларын дайындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Мақсатты бағдарлама шеңберінде 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу үшін ҚР АШМ 05.12.2017 ж. № 481 бұйрығымен конкурстық құжаттама әзірленіп, бекітілді, бұл басым бағыттардағы ғылыми-техникалық бағдарламалар жобаларына қойылатын талаптарды қарастырады.



127-ші іс-шара. «ҰАҒББО» КеАҚ негізінде ұжымдық пайдаланудың ғылыми-зерттеу және сертификаттық зертханаларын құру.

ҰАҒББО тарапынан 5 жылға даму жоспары әзірленуде, онда аграрлық ғылымның нүктелері, технологиялар трансферті мен бейімделуінің 3 пилоттық полигоны «Бараев атындағы ҒӨО», Ж.Жиененбаев атындағы өсімдік қорғау және карантині ҚазҒЗИ, Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ және 3 ауыл шаруашылығы бейіндегі мамандандырылған жоғары оқу орындарының ғылыми консорциумы.



129-ші іс-шара. Жоғары және ЖОО-дан кейінгі аграрлық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің аграрлық мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты арттыру туралы ұсыныстар 2017 ж. 01.07. № 5-1-10/2820-И хатпен ҚР БҒМ-не жіберілді.

Бүгінгі таңда, осы мәселе орталық мемлекеттік органдармен (ҚР БҒМ, ҚР ҚМ) аңықтауында.



134-ші іс-шара. Аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық тізіліміне енген аккредиттеу агенттіктерінде аграрлық мамандықтары бар ЖОО-ларды халықаралық аккредиттеуге мониторинг жүргізу.

Болон процессі аккредитация өтіді міндеттейді. Барлық 3 жоғары оқу орындары Ұлттық институциалды аккредитация өтті. Университеттер Ұлттық аккредитация орталығына аккредитация саласындағы аграрлық мамандықтарды ұлғайту туралы өтімдер берілді.

Олар халықаралық стандарттарға сәйкес университеттердің есебінен аккредитация өтетін болады.

1 ішінара орындалған іс-шара:

130-ші іс-шара. ҒЗИ, ОЭС және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ дамыту бағдарламаларын әзірлеу және бекіту.

Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің бағдарламасы әзірленіп, Директорлар кеңесінде 2017 ж. 28.08. № 8 хаттамасымен бекітілді. ҒЗИ, Тәжірибе эксперименталды станциялардың (ТЭС) бағдарламалары 2018 жылы ҰАҒББО қайта ұйымдастырылғаннан кейін бекітілу жоспарлануда.



4. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысына әсер еткен факторларға талдау:

Бағдарламалық құжаттың іске асыру барысына әсер еткен факторларына талдау «Орындалған және орындалмаған іс – шаралар туралы ақпарат» бөлімінде көрсетілген.



Одан басқа, Мемлекеттік бағдарламаның іске асу барысына әсер ететін көрсетілген іс – шаралардың орындалмауына анықталған объективті емес себебтерді ескеруді және болашақта индикатор мен көрсеткіштерге қол жеткізуге теріс әсерін тигізуді болдырмау бойынша тиісті шараларды қабылдауды ескеруді ұсынамыз.

5. Қаржыландыру көздері бойынша топтастырылған іс – шараларды орындауға бюджеттік және басқа да қаржылық қаражатты есепті кезеңде бөлінген және игерілмегені туралы ақпарат:

Қражыландыру көзі

Жоспар,

млн. теңге

Факт,

млн. теңге

Ауытқу

млн. теңге

Игерілмеу себебтері

Республикалық бюджет

243 747,4

242 539,6

1 207,8

10,7 млн. теңге – міндеттемелер бойынша мерзімінен бұрын жартылай өтеуіне байланысты;

6,5 млн. теңге - қаржы институттарынан өтінімнің болмауы;

0,4 млн. теңге - пайдаланылмаған қаражатының қалдығы;

16,2 млн. теңге - инвесторлардың өтініміне сәйкес келмеуі, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу;

1,8 млн. теңге - кепілдік беру және АПК субъектілерінін қарыз сақтандыруға ауыл шаруашылық өндірушілерден сұраным жоқ болуы;

1,9 млн. теңге - қаржы институттарына қарыз алушылардан мерзімнен бұрын міндеттеме орнын толтыру; операторлық қызметтерді ұсынудан бас тарту; графиктерді өзгерту; қаржы институтының өтініштері болмауы; сондай-ақ есеп айырысу;

71,8 млн.теңге - бюджеттік қаражаттың үнемі;

352,6 млн.теңге - конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу;

680,2 млн.теңге - жұмыс өндірісі кестесінен кейін қалу;

28,2 млн.теңге – мемсатып алулар бойынша өтпеген конкурстар;

20,2 млн.теңге – шартты жасау рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу;

17 млн.теңге – жабдықтаушылармен шарт талабын бұзуы.

Жергілікті бюджет

143 547,6

143 412,9

134,7 млн. теңге

26,6 млн. теңге - 2017 жылы тексеріс одағының тіркелуі жоққа байланысты игерлермеуі;

59, 0 млн. теңге – Ақмола облысында азықтық дақылдар түбегейлі жақсартылған жерлерге орналастырылғандықтан олардың егіс көлемдерін субсидиялауға бөлінген бюджеттік қаражаттар игерілмей қалды. Бұл ретте субсидия төлеу тек қана егістік жерлерге себілген жағдайда жүзеге асырылады. Сонымен бірге облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілерінен бір жылдық, көпжылдық шөптерді және сүрлемдік жүгеріні субсидиялауға өтінім түспегендіктен;

28,6 млн.тенге - Маңғыстау облысында үш ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жылыжайының техникалық паспорты жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуден өткізетін уәкілетті органда тіркелмегендіктен көрсетілген көлемге бөлінген бюджеттік қаражаттар игерілмеген;

19,2 млн.теңге – Маңғыстау облысы әкімдігімен бюджет қаражатының игерілмеуі АШТӨ-нің мәлімделген көлеміне өтінімдердің болмауына байланысты;

0,5 млн.теңге - Жамбыл облысы әкімдігімен игерілмеу себебі АШТӨ өлшем шарттары мен талаптары асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға кететін шығындар құнын субсидиялау және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасына сәйкес болмауына байланысты;

0,6 млн. теңге - Мангыстау облысы әкімдігімен қол жеткізілмеу тынайтқыштарды субсидиялауға өтініштердің болмауы;

0,2 млн. теңге - үнем, игерілмеген қаражаттын қалдығы.

Барлығы

387 295

385 952,5

1 342,5




Шаруашылық субъектердін қаражаты

180,6

180,6

-




ШНҰ қаражаты

261,4

259,5

1,9

1,169 млн. тенге – жасалған шарттар бойынша үнемделу;

0,775 млн. тенге - – курс бағамындағы айырмашылық.

«Нұрлы жол» бағдарлама шенберінде – ПУИД – 2 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен» 152-017 кіші бағдарлама бойынша

610

604

6

2,3 млн. тенге - жасалған шарттар бойынша үнемделу;

3,7 млн. тенге - курс бағамындағы айырмашылық.




БАРЛЫҒЫ

388 347

386 996,6

1 350,4





6. Бақылау жүргізілген іс – шаралар туралы мәліметтер

Іс – шаралар жүргізілмеді.


7. Уәкілетті мемелекеттік орган – орындаушымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат:

Өзгерістер мен толықтырулар енгілмеді.


8. Қорытындылар мен ұсыныстар

Есепті кезеңге 7 нысаналы индикатордың, 64 нәтижелі көрсеткіштердің және 95 іс-шаралардың орындалуы жоспарланған.

Мембағдарламаны іске асырудың есепті кезеңіне 7 нысаналы индикатордың (85,7%), 6 – ына, 64 нәтижелі көрсеткіштердің (73%) 47 көрсеткішіне қол жеткізілді.

Жоспарланған 95 іс – шараның 65 (68%) орындалды, 11 іс – шара (12%) орындалмады, 17 іс – шара (18%) орындалуда, 2 іс – шара (2%) – ішнара орындалды.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден субсидиялауға өтінімнің болмауы, бюджеттік қаражатты үнемдеу секілді байланысты (5, 43, 56) іс – шаралар қатарының орындалмауы объективті себеп ретінде болады.

Екі іс – шара бойынша (64, 103) ведомствааралық өзара әрекеттестік факторлары, оның ішінде РБК – ң теріс шешімі бар.

Жоспарланған 95 іс – шараны іске асыруға 388 347 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен
243 747,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 143 547,6 млн. теңге.

Қалған 1 052 млн. теңге көлеміндегі қаражат - Халықаралық қаржы ұйымдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілері қаражатынан және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде.

Барлық қаражатты игеру 99,6% немесе 386 996,6 млн. теңгені құрады.

Жалпы алғанда, өткізілеген мониторинг қорытындысы келесі бағыттар бойынша жұмысысы келесі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет:



  1. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту

Берілген есепке сәйкес, 1 Міндет. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне шағын және орта шаруашылықтарды қатыстыру шеңберінде 7 нәтижелі көрсеткіштердің 1 – не ғана қол жеткізілген.

Сонымен қатар, жоспардағы 326 қарамастан, 528 кооператив құрылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлаудың жоспарлы көлеміне (ет, сүт, жемістер, көкөністер) қол жеткізілмеді, бұл уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы орган жағынан сапасыз жоспарлау мен тиісті үйлестірудің жоқтығын айғақтайды.

Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кооперациясын ары қарай дамыту үшін ҚР АШМ Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында (бұдан әрі - Жолдау) берілген тапсырмалары шеңберінде, мемлекеттік қолдау механизмдерін қайта қарау бөлігінде, оған қоса құрылған кооперативтерге көмек көрсету мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жұмысты жалғастыруды орынды деп санаймыз.

2) Егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттардың бірі арпаны, сұлыны, астыққа арналған жүгеріні өндіруі ынталандыруының қамтамасыз ету арқылы егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру, құрама азық өндіруінің өсуі және талап етілетін өнімдерді экспорттау болады.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру арқылы монодақылдылықтан бас тартуга және басқа дақылдардың алаңын кеңейтуге (майлы, құрама және т.б.) талап еткен.

Бұл ретте, сұлы және астық дақылдар өндіру көлемдерін бойынша жоспарланған көрсеткіштер қол жеткізілмегені уәкілетті орган және ЖАО тараптарынан алқаптарының құрылымын әртараптандыру сапасыз жұмыстын нәтижесі боп табылады.

Осы мәселені жүйелі шешу үшін ҚР АШМ-ге егістік алқаптардың нашар әртараптандыру себептерін талдау және қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру арқылы әртараптандыруды ынталандыру үшін тиісті шаралар облыстар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге ұсынылады.

3) Тауар балық шаруашылығын дамыту

2017 жылдан бастап бекіре, арқан балық және тұқы тұқымдас балық түрлері мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 % өтеуге механизм (ҚР АШМ-нің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығы) әрекет етеді.

Осы механизмді іске асыру үшін ЖБ-тен 455 млн.теңге бөлуі жоспарланған, алайда, барлығы 10,7 млн.теңге қаражаттар тек Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарымен салынған.

Бұл ретте, балық кәсіпорындарынан субсидиялауға өтінімдердің артуына байланысты қаражат бюджетті нақтылау кезінде осы қаражаттар басқа түрлеріне бөлінген, бұл сапасыз жоспарлау және аталған мəселені кəсіпорындармен пысықталмағаның білдіреді.

Жоғарыда аталған проблемалық мәселелерге сүйене отырып, Мемлекеттік бағдарламаны түзету шеңберінде келесіні ескеруді жөн деп есептейміз:

- Мемлекет Басшысы Жолдауда 2017 жылмен салыстырғанда АӨК –де еңбек өнімділігін 5 жыл ішінде және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кемінде 2,5 есеге арттыруды тапсырды;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2017 жылғы 25 шілдедегі №29 Хаттамасына сәйкес 2017 – 2021 жылдарға индустриализация бойынша аграрлық қайта өңдеуді Жүйелі шаралар бойынша Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу мәселесін қарастыру жүктелген;

- қазіргі таңда биологиялық әртүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану мәселелері «екінші кезекте».



Осыған байланысты, биологиялық әртүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану мәселелерін Мемлекеттік бағдарламаға жеке тарау ретінде қосу ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет