2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат



жүктеу 50.14 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі50.14 Kb.

2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Экономиканың нақты секторының басым бағыттардың бірі, қалыптастырылған бәсекелі, нарықты тауармен толтырылуына және қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызатын және экспорттық потенциалының жоғарлауы, салық түсімдерінің көбеюі, бұл шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуы болып табылады.

2017 жылғы 1 қаңтарынажедел мәліметтер бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2276 бірлік. 960 - жеке кәсіпкерлер, ШҚ - 1103, ЖШС-213 .

Аудан тұрғындарына 28 қоғамдық тамақтандыру объектісі қызмет көрсетеді, 15 шағын наубайхана, 9 дәріхана, 3 жанар-жағар май құю станциясы, 180 дүкен және дүңгіршек, 69 басқа да қызмет көрсету объектілері. 2017 жылы 6 -дүкен, 2-кафе,1- ателье, 1-дүңгіршек және 5-басқа да қызмет көрсету орындары ашылды.

Жыл басынан кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар және "Бизнестің Жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 2017 адамдарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бизнестің Жол картасы-2020" бағдарламасы

Бірыңғай "бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасыніске асыру шеңберінде 2017 жылы субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жалпы сомасы 183,8 млн. теңгеге 7 жобаұсынылды.

"Халық Банкі" АҚ арқылы бағдарлааның бірінші бағыты аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде техниканы сатып алу үшін (УАЗ 2206, тіркеме КТУ, Renault Duster (2 бірлік))жалпы сомасы 59,5 млн теңге, "Өскемен құс фабрикасы"АҚ қаржыландырылды.

2.«Байсагатов» ЖК «Бұрғылау қызметімен кәсіпорынды дамыту» скважинаны бұрғылау бойынша техниканы сатып алуға «Бизнестің жол картасы 2020» 4,5 млн. теңгеге «Нұр Банк» АҚ арқылы қаржылай қолдау көрсетілді. 2017 жылдың 18 сәуірінде Ұлан ауданының Жоғарғы Тайынты ауылында тіркелді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұрғылау арқылы су шығарумен айналысады. 2 жұмыс орны құрылды.

3.«Нұр Береке» ШҚ «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттің Бірыңғай бағдарламасысының бірінші бағыты бойынша өндірістік инфраструктураны өткізу (электрмен жабдықтау) 27,3 млн. теңгеге қаржыландырылды.

4. "Окуньки" ЖК Окуньки көлінде демалыс базасының құрылысы.

Жобаның жалпы құны-37,3 млн. теңге. Оның ішінде меншікті қаражат 17,3 млн. теңге. Жобаны іске асыру кезеңі 2017-2021ж. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттің Бірыңғай бағдарламасысының бірінші бағыты бойынша сомасы20,0 млн. теңгеге, "Банк Центркредит"АҚ арқылықаржыландырылды.



5. "Жуанышев"ЖК«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттің Бірыңғай бағдарламасысының бірінші бағыты бойынша "Қараша демалыс базасын абаттандыру" жобасы (Окуньки көлі)Банк ЦентрКредит" АҚ арқылы сомасы 12,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

6.ШҚО-да облыстық "Халық Банкі"АҚ филиалында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттің Бірыңғай бағдарламасы бойынша "ВК-Бекон"ЖШСсыйақы ставкасын субсидиялау қаржыландыруы бекітілді. Субсидиялау сомасы 39,0 млн.теңге.

7.«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттің Бірыңғай бағдарламасысы аясында "Дамир"ШҚбасшысы Тураров Қанатбектің жобасы қаржыландырылды. Несие бойынша сыйақы ставкасының бөлігі субсидияланды. Сомасы 21 500 000 теңгеге«Банк Центр Кредит» АҚ арқылы транспорт(автогрейдер) сатып алу үшін қаржыландырылды.

Құнсыздану

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары және кәсіпкерлер арасында негізгі әлеуметтік азық-түлік тауарларына үстеме бағасы 10%-дан жоғары болмауын белгілейтін 133 меморандумға қол қойылды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сату үшін «Демалыс күн» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

2017 жылы барлығы 45 жәрмеңке өткізілді сомасы 77,3 млн. теңгеге.

Ұлан ауданы Өскемен, Астана, Алматы қалаларында жәрмеңкеге белсенді қатысады.

2017 жылғы 3 тоқсанда шағын және орта бизнестің дамуы
Ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік 2017 жылдың 1 қыркүйегіне 2028 бірлік, оның ішінде 160 заңды тұлға, 787- жеке кәсіпкер, 1081-шаруа қожалық.

Аудан тұрғындарына 308 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызмет көрсетеді. Бұл: 29 объект қоғамдық тамақтандыру орындары, 15  наубайхана, 9 дәріхана, 3 ЖЖМҚС182  дүкен және дүңгіршек, 69 объект басқа да қызмет көрсету орталықтары және 1 шағын рынок «Тоғанас». 2017 жылдың 8 айына ауылдық округтердің ақпараттары бойынша 4- дүкен, 8- басқа қызмет көрсету орындары , 2-кафе ашылды.

Ұлан ауданының кәсіпкерлікті қолдау орталығымен 2017 жылдың 9 айына 1685 консультация көрсетілді.

Өнеркәсіп
2017 жылдың 9 айына өнеркәсіп өнімінің көлемі 23104,3 млн. теңге. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 32481,7 млн.теңгені құрады, ЖӨК- 100,4 %.

2017 жылдың 9 айына тау-кен өндірісі өнімінің көлемі 32,5 млн. теңге. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тау-кен өндірісі өнімінің көлемі 25,5 млн.теңгені құрады, ЖӨК- 144,4 %.

2017 жылдың 9 айына өңдеу өндірісі өнімінің көлемі 21726,4 млн. теңге. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өңдеу өндірісі өнімінің көлемі 31131,3 млн.теңгені құрады, ЖӨК- 100,1 %.
2017 жылғы 1 жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат
Экономиканың нақты секторының басым бағыттардың бірі, шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуы болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте 105 белсенді кәсіпорын тіркелді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8 субъектке артып 108,2% құрады.

2017 жылдың 1маусымына бөлшек сауда айналымының көлемі 2534,0 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауда айналымының нақты көлем көрсеткіші 2016 жылдың осы айына 116,4 % құрады.

«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында 1 жоба бойынша мемлекеттік қолдау субсидия түрінде пайыздық мөлшермен жалпы құны 59,5 млн.теңгеге «Өскемен құс фабрикасы» АҚ техника сатып алуға несие берілді.

Кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділіктерін арттыру мақсатында, «Бизнес-кеңесші»бағдарламасы аясында , 2017 жылдың 5 айына «Даму» атты кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдерімен, аталған жоба бойынша жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған оқыту семинары өткізіліп, 101 кәсіпкер сертификат алды.

Индустриалдық- инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 1 жоба жүзеге асырылуда.

«Ost Fish» ЖШС – Бекіре тұқымдас будан балықтан уылдырық және ет өндіру.  23 жұмыс көзін құра отырып, қуаттылығы жылына -45 тонна бекіре тұқымдас балық етін және 4 тонна уылдырық шығару жоспарлануда. Бүгінгі күнге 3 модуліне балық жіберілген.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары және кәсіпкерлер арасында негізгі әлеуметтік азық-түлік тауарларына үстеме бағасы 10%-дан жоғары болмауын белгілейтін 141 меморандумға қол қойылды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сату үшін «Демалыс күн» жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

2017 жыл басынан барлығы 23 жәрмеңке өткізілді сомасы 49,4 млн. теңгені құрады.



2017 жылғы I тоқсанда шағын және орта бизнестің дамуы
Ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік 2017 жылдың 1 сәуіріне 2426 бірлік, оның ішінде 205 заңды тұлға, 1120- жеке кәсіпкер, 1101-шаруа қожалық.

Бүгінгі күнге 177 дүкен, 14 дүңгіршек, 1 нан зауыты, 14 шағын наубайхана, 6 ауылшаруашылық өнімін өңдеу цехі, 12 шаштараз, 11 дәріхана, 3 тігін цехі, 27 кафе, 4 жанар-жағар май құю станциясы, 2 жиҺаз цехі, 5 аяқ киім жөндеу орны, 2 фотоателье.



Ұлан ауданының кәсіпкерлікті қолдау орталығымен 2017 жылдың 5 айына 685 консультация көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет