Дүниежүзілік банк 190 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы әйелдердің жағдайын сегіз индикатор бойынша бағалады. Онда қозғалыс еркіндігі, жұмысқа орналасу, жалақы, неке, ата-ана болу, кәсіпкерлік, мүлікті басқару және зейнетақы сынды көрсеткіштер болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дүниежүзілік банктің есебінше, Қазақстан 100-ден 75,6 ұпай жинаған.

Құжатта 190 елдегі әйелдердің жағдайын 10 көрсеткіш бойынша бағалайтын индекс бар – "қауіпсіздік", "қозғалыс еркіндігі", "жұмыспен қамту", "жалақы", "неке", "ата-ана болу", "бала күтімі", " кәсіпкерлік", "мүлікті басқару" және "зейнетақымен қамтамасыз ету".

WBL 2.0 "құқықтық база" индексі бойынша Қазақстан 70,0 ұпай жинады, бұл әлемдік деңгей бойынша орташадан жоғары (64,2).

WBL 2.0 сәйкес "қолдау шеңбері" – 62,5 , бұл да орташадан жоғары (39,5).

WBL 2.0 деректері бойынша "сарапшы қорытындысы" 76,3 ұпай, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (65,7) жоғары.

Еске салсақ, Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермеген еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.