25 қаңтар 2016ж. «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қорының шәкіртақылық байқауы жөнінде ереже І жалпы ереже



жүктеу 67.83 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі67.83 Kb.


БЕКІТЕМІН

«Shakhmardan Yessenov Foundation»

ғылыми-білім беру Қорының

Атқарушы директоры
______________Малишева А.Т.

25 қаңтар 2016ж.

«Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қорының шәкіртақылық байқауы жөнінде ереже
І Жалпы ереже


    1. «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қорының шәкіртақылық байқауы (бұдан әрі – «байқау») геология саласындағы көрнекті ғалым геолог, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым Академиясының академигі, геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы, Ленин сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемелекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Шахмардан Есеновтың есімін мәңгілік етуге бағытталған білімгерлердің оқу, ғылыми, қоғамдық іс-әрекеттерін ынталандыруға бағытталған.

    2. Байқаудың мақсаты – еліміздің белгілі жоғарғы оқу орындарының бакалавриаты және магистратураның үздік білімгерлерін қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай құзыретін дамыту арқылы Қазақстан Республикасында геология ғылымының дамуына үлес қосу

    3. Ережеде «шәкіртақы» теминінің мағынасы 300 000 (үш жүз мың) теңге көлеміндегі әрбір шәкіртақы алушыға тағайындалатын, сәуір айынан келесі жылдың наурыз айы аралығында 12 (он екі) ай мерзімге 2.1. тармағында келтірілген мамандықтар бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және магистратураның 1-курс білімгерлеріне тағайындалатын ақшалай төлемақы болып табылады. Жыл сайын байқауға қатысушылар арасынан 5 (бес) жеңімпаз- шәкіртақы алушы іріктеліп алынады.

    4. Жеңімпаздар ашық байкау барысында іріктеледі. Байқау бір рет оқу жылының екінші семестрінде өткізіледі. Байқауға күндізгі бюджеттік және бюджеттік емес оқу бөлімінің білімгерлері қатыса алады. Байқау нәтижесі бойынша атаулы шәкіртақы тағайындалады. Жыл сайын тағайындалатын шәкіртақы 5(бестен) аспайпайды.

    5. Бағдарлама міндетті түрде ҚазҰТЗУ-ның 2 (екі) білімгерінің шәкіртақы алуын ұйғарады. Академик Ш.Есенов дәріс берген, жұмыс бөлмесі болған университеттің ең үздік 2 білімгерінің шәкіртақы алуына мүмкіндігі болуы тарихи түрде қалыптасқан үрдіс.


ІІ Ш.Есенов атындағы атаулы шәкіртақы үміткерлеріне қойылатын талаптар

2.1. Төменде келтірілген қазақстандық университтердің бакалавриат пен магистратура білімгерлері шәкіртақы ізденушісі бола алады:

5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;

5В070700 Тау-кен ісі;

5В070900 Металлургия;

5В071000 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;

5В071100 Геодезия және картография;

6М070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;

6М070700 Тау-кен ісі;

6М070900 Металлургия;

6М071000 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;

6М071100 Геодезия;

6М073700 Пайдалы қазбаларды байыту;

6М074100 Картография;

6М074700 Геофизикалық әдіспен пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау;

6М074900 Маркшейдерлік іс;

6М 075000 Метрология;

6М075500 Гидрогеология и инженерлік геология;

5В070200 Автоматтандыру және басқару

5В070300 Ақпараттық жүйелер

5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету


2.2. Бакалавриат және магистратура білімгерлерінің үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» болуы шарт. Бағалар транскрипт арқылы расталады.
2.3. Ізденуші жоғарғы оқу орнының ғылыми, қоғамдық өміріне белсенді араласуын құжат түрінде мәлімдеп, растауы қажет.
2.4. Білімгер білім алатын жоғарғы оқу орнының басшыларының (Ректор, Проректор, Университеттің щқу кеңесінің мүшесі, Институт директоры, Декан, Кафедра меңгерушісі) туысы болған жағдайда байқауға өтінімде осы жөнінде мәлімдеуі қажет.
2.5. Бағдарлама бойынша шәкіртақының тағайындалуы білімгердің мемлекеттік, оның ішінде ұлғайтылған шәкіртақы алу құқығын жоймайды.
2.6. Байқау жыл сайын өткізілетіндіктен, бір рет шәкіртақы алған білімгер бұл байқауға жалпы негізде әрдайым қатыса алады.
ІІІ Шәкіртақыны тағайындау тәртібі
3.1. Ш.Есенов атындағы шәкіртақы ІІ тармақта көрсетілген мамандықтар бойынша білім алатын 2-3 курс бакалавриат және 1-курс магистратураның ең үздік 5 (бес) білімгеріне төмендегі талаптарға сай болған жағдайда тағайындалады. Олар:

а) осы оқу жылында үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» бағаланған;

б) студенттік ғылыми-техникалық конференцияларға белсенді түрде қатысатын;

в) Университеттің және институттың қоғамдық өміріндеа белсенді түрде қатысатын білімгерлер.



 

3.2. Байқауды өткізу үшін шәкіртақы алушыларды байқаудың үш кезеңінің (турының) нәтижесі бойынша сараптайтын комиссиясы құрылады.


3.3. Ш.Есенов атындағы шәкіртақыға студенттердің іріктелуі төменде келтірілген үш тур бойынша өтеді. Сараптау комиссиясының шешімі Ш.Есенов атындағы шәкіртақы жеңімпаздарының тізімі ретінде Қордың бұйрығымен бекітіледі
3.5. Шәкіртақы жылына бір рет тағайындалады және ағымдағы жылдың сәуір айынан келесі жылдың наурыз айына дейін 12 ай ішінде төленеді
3.6. Ш.Есенов атындағы шәкіртақының ізденушісі байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:


  • Өтінім, үлгі бойынша (Қор сайтынан жүктеледі);

  • Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

  • «Біз сізді үшінші турға не үшін шақыруымыз керек?» атты тақырыпқа ынталандыру жолданымы

  • Жеке куәлігінің көшірмесі

  • Білімгердің транскрипті (ортақ балл 3,3 кем емес)

  • Магистратура білімгерлері үшін жоғары білімі жөніндегі дипломның көшірмесі (бакалавр, маман)

  • Жеке мәліметтерді өңдеуге келісім (Қор сайтына, yessenovfoundation.org, жүктеледі)

3.7. Шәкіртақы атаулы болғандықтан өзге білімгерге бір білімгерден берілмейді


3.8. Байқауға қатысуға ниетті ізденуші құжаттар жиынтығын 2016 жылдың 25 қаңтарынан 10 наурызға дейін тапсыруы тиіс. Байқаудың ашық екендігі туралы хабарландыру қор сайтында yessenovfoundation.org және әлеуметтік желілерде жарияланады
3.9. Құжаттарды тапсыру арқылы ізденуші бағдарламаның мақсаттарын қуаттайтынын және өзінің осы Ережеде көрсетілген шарттармен толық келісетіндігін, орындауға дайын екендігін білдіреді
3.10. Барлық өтінімдер Қордың электрондық мекенжайына жіберілуі тиіс: info@yessenovfoundation.org
3.11. Өтінімдер қор қызметкерімен тіркеледі және әрбір қатысушыға жеке тіркеу нөмірі беріледі. Құжаттар жиынтығының толықтығы мен ізденушінің ресми талаптарға сай екендігі анықталған соң байқауға қатысуға рұқсат/рұқсат еместігі жөнінде шешім қабылданады. Шешімнің нәтижесі тек өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі. Бағдарламаның тілі орыс тілі болып саналады.
IV Байқаудың іріктеу кезеңдері

4.1. Шәкіртақылық байқау 3(үш) турдан тұрады, әрқайсысының нәтижесі бойынша ең үздік білімгерлер таңдалады.

4.2. Бірінші тур – 2016 жылы наурыздың 10 мен 14 аралығында өтеді.

Уакытылы келіп түскен өтінімдер рецензияланып, бес балдық жүйе негізінде тәуелсіз сарапшылармен келесі критерийлер байынша сырттай бағаланады:



  • жоғары академиялық әлеуеті (оның ішінде белгіленген саладағы қызығушылықтағы эрудиция, тәсілдемелер жаңалығы, жақсы академиялық нәтижелер)

  • мамандыққа қатысты жарияланымның болуы

  • ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білуі

  • студенттік өмірде белсенділік

  • еріктілік (волонтерлік) тәжірибенің болуы

  • т.б.

Транскрипт бойынша ортақ балл 3,0 кем болмауы кажет.
Бірінші тур нәтижесі ізденушіге электрондық пошта аркылы хабарланады. Екінші турға өткендер тізімі Қор сайтында жарияланады.

Бірінші тур соңында ҚазҰТЗУ-дың 10-нан, ал өзге жоғары оқу орындарының 20-дан аспайтын білімгерлер саны анықталады.


4.3. Екінші тур 2016 жылғы наурыздың 14 мен 17 аралығында өтеді.

Екінші тур қатысушыларымен телефон арқылы немесе онлайн сұхбаттасу өткізіледі, нәтижесінде тілді меңгеру сараланады.

Екінші тур соңында ҚазҰТЗУ-дың 5-7 аспайтайтын, өзге жоғарғы оқу орындарының 7-ден аспайтын білімгерлер саны анықталады.
4.4. Үшінші тур 2016 жылғы наурыздың 30 мен сәуірдің 3 аралығында өтеді.

Үшінші тур қатысушылары іскерлік ойын түрінде өтетін бетпе-бет іріктеуге шақырылады. Бұл ойын кезінде тәуелсіз сарапшылар мен психологтар бес балдық жуйе арқылы келесі қабілеттерді бағалайды:



  • көшбасшылық қасиеті

  • топта жұмыс істеу қабілеті

  • мақсат қоюда нақтылық және дәйектілік

  • тез үйрену және жаңа мәліметтерді тез қабылдау мен сараптау

  • ұйымдастырушылық қабілеті

  • коммуникативтілік

  • жаңа жағдайға бейімделу мен калыпты емес шешімдер қабылдай білуі

  • патриоттық

  • және т.б.

Іскерлік ойын ұзақтығы 1 күн. Байқау Астана мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының бірінің негізінде өткізіледі.

Үшінші тур соңында 5 білімгер анықталады.

4.5. Үшінші тур қатысушыларына бетпе-бет кездесу турына келіп кету жол ақысын (әуебилеті немесе темір жол билеті), сонымен қатар іріктеу өтетін қалада жатын орын, тамақтану құны (бір тәуліктен артық емес) өтеледі. Жатын орны мен тамақтануды Қор анықтайды.

4.6. Шәкіртақылық байқаудың жеңімпаздарының тізімі 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін Қор сайтында жарияланады.


V Шәкіртақыны алу және төлеу тәртібі
5.1. Шәкіртақылық байқаудың жеңімпазымен бірінші семестрге келісімшарт жасалады. Жеңімпаздың сессия тапсыру нәтижесі шәкіртақы алу шарттарына сай екендігі нақтыланған соң келісімшарт ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін ұзартылады.
5.2. Шәкіртақыны төлеу білімгер мен «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қоры арасында жасалған келісімшарт негізінде білімгердің банктік шотына немесе қолма-қол келесі айдың 10 күнінен кешікпей төленеді.
5.3. Шәкіртақы нақты білімгерлерге ғана төленеді, егер білімгер академиялық демалыста немесе басқа жоғары оқу орнында тәжірибе өтуде болса, төлемдер тоқтатылады.

5.4. Қор қосымша келісімшарт арқылы өзге де артықшылықтар ұсынуы мүмкін, оның ішінде онлайн курстарды оқу, конференцияларға, іскерлік кездесулерге қатысу сияқты және т.б.



5.5. Қор байқау нәтижелерін сараптау барысында қабылданған шешімдердің себебі мен дәлелдері жөнінде түсіндірме бермеу құқығын өзіне қалдырады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет