Батыс Қазақстан облысының тұрғыны такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, алайда бұл туралы әкімдікке ескертпеген. Осыған сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы заңның 17-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Тасқала аудандық соты такси жүргізушісі жұмысы жергілікті атқарушы органды хабардар етуден басталатынын еске салды. Такси тасымалдаушысы қызметін жүзеге асыру үшін тиісті хабарлама жіберу қажет.

  • Алматыда ер адам такси жүргізушілерін алдаудың жаңа жолын ойлап тапқан
  • Дубайда алғаш рет әуе таксиі қолданысқа берілмек

Заңнама талаптарын орындамаған жағдайда кінәлілер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы 1-бөлігінде (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) көзделген жауапкершілікке тартылады. Кінәлі деп танылғандарға 15 АЕК, яғни 55 380 теңге көлемінде айыппұл салынады.

"Аталған іс бойынша М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, баптың санкциясы шегінде жаза тағайындалды", – деп хабарлады сот.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада такси жүргізушісі жолаушыны көліктен күшпен түсіріп, жарақат келтіргені туралы жазған едік. Ол 36 мың теңге айыппұл төлеп құтылып кеткен


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.