3 – сынып Қазақ әдебиеті



Дата05.01.2018
өлшемі24.06 Kb.
#13153
түріСабақ

3 – сынып
Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: О.Бодықов Аққұс туралы аңыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыра отырып, ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған «Ән падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде қысқаша деректер беру.


Сабақтың міндеттері:


Білімділік: Әңгімені оқып таныстыру, мазмұнын ашу, әннің құдіреттілігін түсіндіру.


Дамытушылық: Оқушының оқу, жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.


Тәрбиелік: Ұлы таланттың өнерін балалардың бойына сіңіру, ізгілік пен өнерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ


Сабақтың әдістәсілдері: Баяндау, әңгімелесу, практикалық


Сабақтың көрнекілігі: Ш.Қалдаяқовтың портреті, презентация слайдтары, көрме
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Ә.Қастеев кім?

  2. .Суретші Қастеев туралы жинаған деректері.



Үй тапсырмасын қорыту
Күй ойнап тұрады. Әуеннің сүйемелдеуімен өлең оқылады.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй. (Абай)
«Ой шақыру» стратегиясы.
- Балалар, мен оқыған өлең не жайында?
- (Ән жайында)
- Ендеше мына әнді тыңдап көрейік. Бұл әннің музыкасын жазған қай сазгер?
- (Шәмші Қалдаяқов)
- Әнұранның музыкасын жазған кім?
- (Шәмші Қалдаяқов)

Сыныпты 2 топқа бөлу. «Аққу», «Гәкку» топтары.




2. Жаңа материалды меңгерту.
Менің Қазақстаным – менің Әнұраным. Дәл осы сөз 62 тамырды идіріп, қазаққа мәңгі мүра болып қалды. Әнұранымыз жаңарып, болашаққа бағыт берген Шәмшінің әні. Желтоқсан көтерілісі кезінде де жастар осы әнмен шыққан. Менің Қазақстаным – Тәуелсіздік әні.
Шәмшінің көзі тірісінде, көз жұмғанға дейінгі үш жылында қасынан қалмай қуанышы мен күйінішіне куә болған, қажет кезінде сенімді сүйеніші бола білген нағыз жанашыр, айнымас досы болған Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» әңгімесіне тоқталамыз.
- Ендеше, біз қазір мәтінді бөліктерге бөле отырып әңгімелейміз. Мәтінді өзім оқып беремін. Қысқаша әңгімелеймін.

Дәптермен жұмыс (сөздік жұмысын жүргізу)


- Тау мүлгіп – тау ұйқыға кетіп.
- Көл тынып – тыныш күйге түсіп.
- Аспан егіледі – аспан жылағандай күйге түседі.
1. Ән әлемінің падишасы
2. Әнімен әлдилеген ана
3. Аққұстың әнінің құдіреттілігі
4. Қарақұстың әнге табынуы
( оқушалар өз пікірлерін айтады)
Ш.Қалдаяқовтың «Сарыкөл», «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр», «Ақ бантик», «Әнім сен едің», «Менің Қазақстаным» т.б. көптеген танымал әндері бар.Жыл сайын Алматы қаласындағы үлкен сарайда Шәмші әндері орындалады. Бұл әндерді танымал халық әртістері, мықты әншілер орындайды.

3. Сергіту сәті.
«Шәмші» сөзжұмбағын шешу.
1) ... қолы көпке ортақ.
2) Ұстаздан ... озады.
3) Өнерлі бала ... .
4) Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон ... .
5) Жігіт адамға ... өнерде аз.
4. Сабақты қорытындылау.

Логикалық тапсырма


9 14 6 15 8 1 * 1 3 1 9 * 5 1 10 15 10 1* 11 13 * 4 2 12 2 3 7
Сандардың орнына тиісті әріптерді қойып жазу. Мысалы, 1 санының орнына А әрпін қойып жазу 1 - а, 2 – е, 3 – д, 4 – б, 5 - ж, 6 - з, 7 - і, 8 - к, 9 - м, 10 - н, 11 - о, 12 - р, 13 - т, 14 - у, 15 - ы
5. Үйге тапсырма.
«Аққұстың қуанышты әні» тақырыбына сурет салып келу.
6. Бағалау.
- Оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
- Күнделікпен жұмыс.
Каталог: uploads -> doc -> 1356
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1356 -> Интелектуалдыќ олимпиада
1356 -> Сабақтың мақсаты/Цели/The Lesson s aims: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет