Атырауда мектептегі әлімжеттік әрекеттерін жасырғаны үшін бес мектеп директоры жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Прокуратура тексеру барысында білім беру ұйымдарында 1200-ден астам заң бұзушылық анықталды. Заң бұзушылықтар негізінен қауіпсіздік, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, білім сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі салаларына қатысты.

Жоғары сынып оқушыларының өзінен кішкентайларды ұрып-соғу фактілерін және басқа да заңсыз әрекеттерді жасырғаны үшін бес мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 16 мемлекеттік және бір жеке мектепте оқушылар интернетте тыйым салынған сайттарға еркін кіріп келген. Қазір бұл сайттарға кіру шектеліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Барлығы 29 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектепде тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтарды жою туралы 91 ұсыныс енгізіліп, 108 заңды және 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бір тұлға жалған диплом пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Негізсіз жоспарланған 353 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды”, – делінген Атырау облыстық прокуратурасының хабарламасында.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.