3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



жүктеу 1.11 Mb.
бет1/4
Дата18.01.2018
өлшемі1.11 Mb.
  1   2   3   4

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Кітапханалық-ақпараттық орталық


3 оқу залы



Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері

Библиографиялық көрсеткіш

Тараз

2017


Құрастырушыдан





Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері:Библиографиялық көрсеткіш/Құрастырушы: Д.Искакова.- Тараз қаласы.-М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.- Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2016.- 49 бет. Әдебиеттер – 3 аталым, 6 дана; мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар тізімі – 6 аталым.

Библиографиялық көрсеткіш Қарымбай (Керімбай) Қошмамбетовтың өмір тарихы деректерінен құрастырылған, өмірінің соңғы сәтіне дейін өзі іргесін қаласқан жаңа қоғамды мықтап орнықтыруға үлкен үлес қосқан белгілі мемлекет және қоғам қайраткері.

Библиографиялық көрсеткіш ауқымды көлемдегі оқырмандарға арналған.

Кәрімбай Қошмамбетов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Қошмамбетов Кәрімбай - (1897– 1930) – қоғам қайраткері. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты. «Қазақ жастарының революциялық ұйымын» құруға белсене ат салысты. 1922 – 1924 ж. Әулиеата уезінде атқару комитетінің төрағасы, 1924 – 1928 ж. Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1928 жылдан Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі, сауда халық комиссарының орынбасары, Алматы облысында Іле ауданында партия комитетінің хатшысы. Жазушы М.Қуанышбаев Қошмамбетовтің өмірі мен қызметіне арналған «Дала перзенті» (1990) атты деректі роман жазды. Тараз қаласында Қошмамбетовке ескерткіш қойылған.

Дереккөздер:

 Қошмамбетов Кәрімбай ескерткіші – Абай көшесі. Орталық қалалық паркте, «Химик» стадионының маңында орналасқан. 1959 жылы тұрғызылды. Мүсінші – М.Куров. А. Әбуов, С. Дембай

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%99%D1%80%D1%96%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D2%9A%D0%BE%D1%88%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B2
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №2(49). 2008 Вестник КазНУ. Серия историческая, №2(49). 2008.-205-208 бет
К. К. Олжабаева
Қарымбай Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері
Тәуелсіз еліміздің ақиқат тарихын, сол тәуелсіздік жолында күрескен аға ұрпақ өкілдерінің өмірі мен қызметін зерттеу қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мэселелердің бірі. Кез - келген мемлекеттің рухани негізі - халықтық патриотизм. Болашағымыз өскелең ұрпақты ұлттық сана - сезім, патриотизм

рухында тэрбиелеу туралы айтқанда нақ осы мәселенің алтын арқауы - халқымыздың талай сын сәттерде суырылып шыққан көсемдерін айтпау мүмкін емес. Осы орайда ақтаңдағы көп Кеңес дәуірінің 1920 - 1930 жылдарында тек қана Қазақстан емес, бүкіл Одаққа белгілі болған көптеген қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі әлі де толық зерттелмей келеді. Бұған себеп, кеңестік дәуірде, халық арасында аса танымал болған мемлекет қайраткерлерінің есімдері тоталитарлық жүйенің арнайы жүргізген шараларының негізінде, жасанды түрде төмендетіліп, кейінгі орынға ығыстырылды, тіпті әдейі ұмыттырылды. Яғни, әміршіл - әкімшіл жүйенің мұқтажына қызмет еткен партиялық идеология ұзақ жылдар бойына олардың өмірі мен қызметін «тап жауларының» символына айналдырып, қызметтерін зерттеуге, саяси идеяларының мәнін танып-білуге тыйым салды.

Бүгінгі өтпелі кезеңдегідей өзгерістерге толы, тұрақтаусыз, сағымдана зымырап өткен 1920-1930 жылдардың қаһарлы да аяусыз сәттерінде еліміздің болашағының жарқын болуының жолдарын ойластырып, іздестіріп, соны іске асыру үшін жан аямай күрескен қайраткерлердің үлкен шоғырының есімдері көпке дейін белгісіз болып қалды. Бұл - ұлт санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына орны толмас зиян тигізді.

Қазіргі уақытта тарихи тұлғатану (персоналистика) тарих ғылымының құ рамдас бөлігі ретінде айрықша жанр болып табылады. Әсіресе, соңғы жылдары тарихи тұлғаларды ғұмырнамалық жанр тұрғысында зерттеу әдістері жолға қойылды. Оның айырмашылығы ол жеке тұлғаның ғана ғұмырын көрсетіп қоймайды, сол тұлғаның кызметі арқылы тарихты сомдаған зерттеудің түрі болып табылады.



Қарымбай Қошмамбетов XX ғасыр басында қалыптасқан аса күрделі саяси хал-ахуал жағдайында қазақ халқының басына төнген ауыртпалықты сейілту ісі большевизм жолын таңдауға байланысты деп ұғады. Сондықтан да ол кеңес өкіметі орнаған кезде қаналған еңбекші халық билігін шынайы қабылдап, оның алға қойған шараларын орындауға белсене араласады, оның нығаюына бар күш - жігерін салады.

Ол 1920 - 1930 жылдары мемлекеттік-саяси іске белсене араласып, аса жауапты мемлекеттік және саяси қызметтер атқарады.

XX ғасырдың 1920 -1930 жылдарында Кеңес одағының құрамдас бөлігі болған Қазақстанда бір - бірімен тығыз байланысты көтерілген әлеуметгік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өзгерістер жүзеге асырылады. Олардың қатарында тез қарқынмен және негізінен сан миллиондаған шаруалар есебінен жүзеге асырылған елді индустрияландыруды, жеке меншік шаруалар қожалықтарын күштеп ұжымдастыруды, коммунистік идеяларға негізделген саяси-рухани өзгерістерді жатқызуға болады. Зиянды зардаптары аса ауыр болған бұл өзгерістер қоғамды «сталиндік тұрғыда» қайта құру үлгісінің көріністері еді. Бүкіл елді қамтыған бұл «эксперименттер» зорлық - зомбылық, күштеу, зорлау әдістерімен жүзеге асырылады, нәтижесінде елдің көптеген аудандарын, әсіресе, Қазақстанды жаппай ашаршылық жайлайды. Қазақ халқының жартысына жуығы ашаршылық құрбаны болады, сан мыңдаған адамдар ата-мекендерін тастап, басқа елдерге босып кетеді. Бұлардың барлығы Қарымбай Қошмамбетовты айналып өтпейді. Нақтырақ айтқанда 1917 жылдан бастап саяси өмір сахнасына шыққан Қарымбай Қошмамбетов жоғарыда айтылған аса ауыр, қарама-қайшылыққа толы оқиғалардың бел ортасында жүреді. Сондықтан Қарымбай Қошмамбетовты белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ретінде қарау бүгінгі төл тарихымызды зерттеу қажеттілігінен туындап отыр.

Қарымбай Қошмамбетов 1897 жылы 3 ақпан күні қазыналы Әулиеата уезінің Қарабастау болысында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Өмірдің қайшылығы мен қарсылығын үнсіз көтерген әкесі Қошмамбет балаларының күйкі өмірге құл болмауын ойлап, білім беруге ұмтылған. Қажетті қаражат жинап, әкесі Қарымбайды Асадағы болыстық орыс – түзем мектебіне береді. Оны ойдағыдай жақсы аяқтап, 1914 жылы Қарымбай Қошмамбетов Әулие-атадағы алғашқы жоғарғы училищеге оқуға түседі. Күндіз оқып, түнге қарай ол жергілікті жүн жуу және сорттау пунктінде жүн сорттаушы маман болып қызмет етеді. Осы жерде тіршіліктің қазығын шыр айналдырған, алдыңғы қатарлы орыс жұмысшыларының көмегімен Қарымбай Қошмамбетов большевиктер партиясының мақсат-міндеттерімен тыйым салынған әдебиеттер арқылы танысып, халықтың көкейіндегі айтылмай жатқан үнін ұғады. Бойына бір қайсарлық, мінезіне жігерлілік пайда болады. Онысын сол кездегі озық ойлы адамдар байқап, Қарымбай Қошмамбетовке талабы үлкен жүмыстар тапсыра бастайды [ 1, 137 — с.] .

1917 жылдың 6 (19) қарашасында Әулие-атада Кеңес өкіметі жеңіске жеткен соң, Кеңестердің беделді көмекшісі болады. Кеңес үкіметі жеңіске жетіп орныққанда да, оны нығайту үшін өзіндей отты жүректі Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Сәкен Сейфуллин сынды қайраткерлермен сан салалы істерде солардай қызмет атқарады. Қарымбай Қошмамбетов контрреволюциялық күштерді жою үшін бірқатар операцияларға қатысып, нәтижесінде 1918 жылы 10 мамырдаТүркістан Компартиясының Әулиеата уездік қалалық комитеті оны РКП (б) мүшесі етіп тағайындайды. Екі күннен кейін белгілі мемлекет қайраткері Тұрар Рысқүловтың басшылығымен әткен қазақ еңбекшілерінің 1-ші уездік съезінде Қарымбай Қошмамбетовты жұмысшы, солдат, шаруа және мұсылман депутаттары Әулиеаталық Кеңесінің атқарушы комитетінің мүшесі етіп сайлайды. Партияның мүшесі ретінде оны контрреволюциямен күресу үшін уездің контрреволюциямен күресу комиссиясына жібереді. Сол жылдың тамыз айында Дмитриев селосы кулактарының көтерілісін басуға қатысады. 1918 жылы Кетпен-Төбе ауданына басмашылар тобына қарсылық көрсету үшін уездің атқарушы комитетінің мүшесі Қарымбай Қошмамбетовтың басшылығымен Әулиеатадан Қызыл әскер отрядтары бірнеше рет жіберілген болатын. Қ.Қошмамбетов бастаған гарнизон әлгі бандыларға бірнеше рет күйрете соққы береді де, 1919 жылы түгелдей жояды [ 2, 34 - л.]. Әулиеата гарнизоны жауынгерлерінің жауынгерлік қасиеттері көп ұзамай 1918 жылы желтоқсанда Беловодск селосында бұрқ еткен кулактардың бүліншілігіне қарсы тойтарыс беруде үлкен сыннан өтеді. [3 , 110-1156.]. 1918 жылы 15 желтоқсанда Әулиеата Кеңесі Беловодск селосында болып жатқан оқиғалар желісі женінде Ташкентке жедел хат жіберіп, гарнизонды күшейту үшін 2 пулемет пен 50 қызыл әскер жауынгерлерін жіберуді сұранады

[4, 29 - 30 л.]. 1919 жылдың желтоқсан айында Пішпек уезінен Әулиеата уезіне эсер офицері Благодаренко басқарған кулактар көтерілісін талқандауға бұйрық беріліп, оған Қарымбай Қошмамбетов басқарған құрама қызыл әскер отряды жіберіледі. Құрама отряд кулактар кетерілісін де басып тастайды. Оның басынан өткен кептеген оқиғалар қызықты әңгіме, повестерге негіз бола алар еді. Осы Беловодск, Кетпен-төбе басмашыларын жоюдағы және Дмитриевск кулактары мен эсерлерінің бүлігіне кемектесуге уәде берген Никитиннің казак полкінің штабын қолға түсіріп, әскерін қарусыздандыруға жол ашқан ерлігі үшін Түркістан Кеңесі Әулиеата гарнизонының біріккен отрядының жетекшісі Қарымбай Қошмамбетовты аты жазылған революциялық қару - ескерткіш наган (алты-атар) және қылышпен наградтаған еді. [5, 104 -107 с.]. 1921 жылы Әулиеата атқарушы комитеті Кеңесінің президиумы Қарымбай Қошмамбетовты уездік - қалалық милицияның басшысы етіп тағайындайды. Ол өзінің жұмысымен толық танысып, өзінің міндеттерін іске асыруға кірісерде атқарушы комитетке докладной жазып, милиция қатарынан кездейсоқ адамдарды шығарып тастап, оның құрамын жаңа кадрлармен коммунистер мен комсомолдар қатарынан толықтыруға ұсыныс береді. Қарымбай Қошмамбетовтың ұсынысымен қылмысты тергеу орнының қызметі нығайып, маңызды аймақтардың күзеті күшейтіледі. Келесі жылы ол уездік Кеңестің атқарушы комитетінің

төрағасы болып сайланады. Қарымбай Қошмамбетовтың беделі мен даңқы 1922 жылы Әулиеата уездік Кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы етіп сайланғаннан кейін уез халқының арасында кеңінен таралабастайды. Осы жауапты қызметте жүріп ол аштық, жұт апаттарымен, кулактармен күресін жалғастыра береді. Оның жігерлі, кайратты тұлғасын кез-келген қиыншылықтарда керуге болатын. Кеңестің терағасы ретінде де Қарымбай Қошмамбетов халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін азық-түліктерді таратуда қатаң бақылау орнатып, қоғамдық асхана, балалар үйі, интернаттардың жұмысын бақылап, ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсететін комитеттер ашып, қолынан келген бар мүмкіндікті жасайды [1, 138 - 139 с.]. Бұдан басқа Әулиеата уезінің Кеңестер съездерінде және атқарушы комитеттердің отырысында халықтық білімді дамыту, кеңес құрылысы, қазақ тілінде іс жүргізу тағы басқа көптеген мәселелерді шешеді.Көп ұзамай, 1923 жылы Түркістан Компартиясының Әулиеата уезі қарайтын Сырдария облыстық комитетінен Қарымбай Қошмамбетовты Қызылорданың Қазалы уездік-қалалық Кеңесінің атқару комитетіне жауапты хатшы ретінде жіберген шақырту келеді. Бұл жерге де Қарымбай Қошмамбетов атышулы чекист ретінде әдейі көмекке шақырылған еді. Жарты жыл бойы Қарымбай Қошмамбетов Қазалыда жергілікті партиялық ұйымдардың жұмыстарын күшейтіп, «Қосшы» одағын бөгде, жау элементтерден, кездейсоқ адамдардан тазартып, оның қатарына кедей шаруаларды тартады [ 6,193 - б.]. Әулиеатаға қайта оралғанда Қарымбай Қошмамбетовты уездік Кеңесте Орта Азия республикаларын ұлттық-территориялық межелеу бойынша жауаптылығы кем түспейтін қызмет күтіп тұрады, мұнда да Түркістан АКСР-нің Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланып, 1923 жылы 31 мамырда Әулиеата уездік-қалалық атқарушы комитетінің төрағасының №18/5579 - шы куәлігін алады. Бұл уақытта Қарымбай Қошмамбетов кеңес әкімшілігін күшейту, жаңа кадрлар таңдау, ұлттық қазақ тілінде іс жүргізу мәселелерімен айналасып, үлкен жүмыстар жүргізеді.

1920-жылдардың II - ші жартысында Қазақстанның партиялық үйымы мемлекеттік әкімшіліктің байырғы негізі бойынша жергілікті ұлт өкілдерін басшылыққа қоя бастайды. Осындай қызметтердің біріне Қарымбай Қошмамбетов тартылып, 1926 жылы наурыз айында отызға да толмаган жігіт Орал губерниялық атқарушы комитетінің төрағасы қызметіне жіберіледі [6,194 - б.]. Әулиеата уездік Кеңесінде жиналған үлкен іс-тәжірибе және адамдарды тани білу қасиеті 29 жасар коммунист Қарымбай Қошмамбетовке губернияда кеңес және шаруашылық құрылыстарына басшылық етуде күрделі жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруына оң ықпалын тигізеді. Көптеген мәселелерді шешуде

Қарымбай Қошмамбетов ерекше тапқырлық, адалдық, жігерлілік, зеректілік сияқты қасиеттерін көрсете білген. Сол себепті де Қарымбай Қошмамбетовты халық шын сүйетін, ал партия бағалап, ерекше құрметтейтін.1928 жылы ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланады. Сол жылдың ақпан айында біржағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі ретінде Алматыда Қазақстан мемлекеттік ауыл шаруашылық қоймасы төрағасының меңгерушісі етіп ауыстырылады, бір жылдан кейін республиканың сауда Халық Комиссарының орынбасары қызметіне шақырылып, сол қызметке тағайындалады. 1929 жылы кеңестік құрылыстың барлық майдандарында ұлы бетбұрыс жылы болады.Өлкелік партиялық ұйымның басшылығымен елде ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру басталады. Жүздеген коммунистермен бірге Алматы округі ВКП (б) Іле аудандык комитетінің хатшысы Қарымбай Қошмамбетовте ауылдарға жіберіледі. Бұл жұмыс коммунистерден максималды күш жұмсауды, партиялық жұмыстарды ауылдарда табанды әрі тез арада қайта құруды талап етеді. Қарымбай Қошмамбетов 1930 жылдың қара күзіне дейін жаңадан құрылған шаруашылықгарға жағдай жасаумен болады [ 1, 140 - 141 с.]. Қызметіне адал, халқына шексіз берілген

оның сүйіспеншілікке толы жүрегі ақырында бойындағы бар отын сарқа жұмсап, тоқтайды. 1930 жылдың қараша айында Қарымбай Қошмамбетов қайтыс болады. Осылайша жалынды жас қайраткер өз еліне жүрегін құрбан етеді.Уақытпен бірге тарих ғылымы да алға қарай қадам басқан сайын бар ғұмырын сарп еткен жандардың жарқын бейнесі бұрынғыдан да жарқырай түскендей. Қарымбай Қошмамбетов өмірінің соңғы сәтіне дейін өзі іргесін қаласқан жаңа қоғамды мықтап орнықтыруға үлкен үлес қосқан белгілі мемлекет жэне қоғам қайраткері. Жүрегінің бар от - жалынын бақытты болашақ жолына жүмсаған Қарымбай Қошмамбетовтың 33 жастық өмір жолының мұрасы осылар. Қазір сол атамызға Тараз қаласы орталығынан ескерткіш орнатылған. Әке тұлғасы қашанда сол өзі ұстаған бақыт жолын мәңгі мезгеп түрғандай. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің мүсіндері бұл күнде өзінің атымен аталатын ауыл-аймақ пен мектептердің тұғырында тұр.

Қазіргі уақытта оның есімін Алматы облысы, Қаскелен ауданы, «Дружба» совхозының орта мектебі, Жамбыл облысы, Бауыржан Момышұлы ауданы, «Билікөл» совхозының орта мектебі, Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Майтөбе» ауылында көше, Тараз қаласында көше мен кітапхана иеленіп отыр.

Қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан жалынды революционер Қарымбай Қошмамбетовтың өмірі мен кызметіне арнап белгілі жазушы Мейірхан Қуанышбаев «Дала перзенті» және «Кек қылышы» атты қос кітабын жазып қалдырған. Түнгі аспандағы жарық жұлдыздардың адам көзін алыстан арбайтындығы сияқты, жалындап өткен Қарымбай Қошмамбетовтың да тау тұлғасы уақыт өткен сайын ірілене беретін болады.

1.М.Ж.Абдиров, Н.П.Калита и др. Борцы за советскую власть в Казахстане. - Алматы: Казахстан, Вып.2 . - 1987.-260 с.

2. ЖОММ. 5 0 -К .2 -Т . 1 8 -іс . 3 4 -п .

3. Жантуаров С.Б. В огненном кольце. - Фрунзе. -1968.

Керімбай Бұралқыұлы (1862-1924)  
Керімбай  Бұралқыұлы  Жуалы  ауданына  қарасты  Билікөлмаңында  1862  жылы  дүниегекелген.  (Сол  кездегі  Әулиеата  уезі, Билікөл болыстығы)  Керімбай  Бұралқыұлы  - Шымыр  руынан  шыққан  қоғамқайраткері,  Қойгелді  батырдың  ұрпағы.  Шымыр  руының шежіресі  бойынша:  Қойгелдіден  -  Сарымырза,  Сарымырзадан Жампоз, Жампоздан - Бұралқы, Бұралқыдан - Керімбай тарайды.  Керімбай  Бұралқыұлы  Әулиеата  уезінде  19  жасында болыстыққа  сайланып,  ұзақ  жылдар  болыстық  қызмет  атқарған.  Ол  елді  диханшылыққа, сауда саттыққа,  кәсіпшілікке  
ұйымдастырған.  Тұз  өндіретін, балық  аулайтын  бірнеше кәсіпорындар  ашуға  ұйытқы  

болған.  Керімбай  болыстың ағартушылық қызметімен де ел аузында аты қалған.  


1888  жылы  ол  мешіт,  салдырып,  орыс-бұратана  мектебін  ашады. 

Қазіргі Тараз қаласындағы №12 мектепті қазақ балалары үшін Керімбай болыс интернат етіп салдырған, ол 1912 жылы Аса интернаты болып аталды.  


Керімбай Бұралқыұлы өз заманында көзі ашық сауатты кісіболған,  көнекез  қариялардың айтуына  қарағанда  ақындығымен,сол  сияқты  күйшісазгерлігімен  де  аты  шыққанға  ұқсайды.  Ол 1912  жылы  Ташкент  қаласында  өзі  жинастырып  құрастырған

қазақ шежіресін де бастырып шығарған. 1918    жылдың  мамыр  айында  Керімбайдың  ауылына арнайы  келген  халық  ақыны  Жақсыбай  Жантөбетұлы  былай  


жырлайды:   
                             Би болған Қаратеке, атаң, Шоқан,   
                             Хан болған Сарт Қойгелді - бұл да наһан,   
                             Сарымырза, Нұрбота мен Жампоз датқа   
                             Бақ қонып, ел сұраған бәрі де паң,   
                             Абырой екі ғалам бірдей беріп,   
                             Ақыры әжі болды Бұралқы атаң,   
                            Өзіңмен тоғыз болып, оныншы да   Ұстады мирасында Жамаш ботаң.  
Мұндағы  ақынның  жыры  Керімбайдың  ата- тегінің барлығы  да  текті  адамдар   болғанынан  мәлімет  береді.

Бабалары Қаратеке, Шоқан, Сарт, Қойгелділер жоңғар шапқыншылығында  


еліне  пана  болған  батырлар  мен  билер  болса,  ал  Нарбота  мен Жампоз  -Қоқан  мен  Ресей  отаршыларына  қарсы  көтерілісұйымдастырған  күрескерлер  болған.  Елінің  азаттығы  үшінкүрескен  осындай  ата-бабаларының  әруағын  сыйлап өскен  
Керімбайдың өзі қайырымдылығы, ерлігі, шешендігі, әділ билігі, ең  бастысы-қазақ  деген  туған  елінің  қамы  үшін  күресіп,патшаның  отарлау  саясатына  қарсы  шыққан  қайраткер  екендігі тарихымыздан белгілі.  
Керімбай  Бұралқыұлының  осындай  парасаттылық пенқайырымдылыққа  толы  ғұмырнамасы  журналист  -  жазушыАмангелді  Ормантайдың  Керімбай  болыс  атты  повесть  -  
хикаятында  егжейтегжейлі  баяндалады.  (Алматы  «Мұрагер»2006  ж)  Осы  кітапта  журналист  Б.Әбілдаұлының  және  тарихғылымдарының  кандидаттары  Ә.Жүргенов,  Ы.Сағынтаевтардың«Ел  арысы  Керімбай»  атты  естелігінде:  «Әулиеата  ояздықкеңесінің  сол  кездегі  төрағасы  Тұрар  Рысқұлов  аштардытамақтандыратын  асханалар  ұйымдастыра  

бастағанда  олардыңалғашқылары  Керімбай  Бұралқыұлының  ауылында    Билікөлде,  сондай  - ақ  Меркіде,  Алмалы  -  Ботамойнақта,  Күйікте  ашылды. Билікөлдің  Аса  өзені  құятын  тоғыз  тарау  алқабындағы  Керімбайқыстауында  ел  «Ақтам»  аталған  үйінде  1917  -  1918  жылдары талай  аш  қазақ  жан  сақтады.   Тіпті,  жылы  үй  жетпеген  соң  киіз үйлер тігіліп, тамаққа күніне жүздеген ірілі -уақ мал сойылып, от жағылып, қазан қайнағандығын көрген жандар азын -аулақ болса  


да  әлі  де  баршылық.  Қысқы  суықта  тойынып  әлденгенадамдарды  киіндіру  жөнінде  

де  көп  әрекет  жасаған  деген мәліметтер көрсетілген.  


Керімбай  Бұралқыұлының  Әулиеата  оязынан  тыс  жерлерге де  кең  жайылған  атақ  -беделімен  патша отаршылары да  кезіндесанасуға  мәжбүр  болған.  Мәселен,  1911  жылыШақпақата  жерінде,  кейін  отаршылар  Кременевка  деп  атаған  ауылдаРесейден  келген мұжықтар  жергілікті  азаматтардың  жер-суын тартып  ала  бастағанда  Керімбай  Бұралқыұлы  араға  түсіп, отаршылдарды шегінуге, көпайыппұл төлетуге мәжбүр еткен.  
Ол  қазақтардың  білікті,  ел  ағаларымен  қатар  өзбектің,  
қырғыздың  игі  жақсыларымен  де  қарым  -  қатынас  жасаған.  
Керімбай  Бұралқыұлына  әкесінің  аралас  -  құралас  қатары  
Ноғайбай  Дәулетқабылұлының,  қырғыз  манабы,  Қырғызстан  
Республикасының  Президенті  болған  Асқар  Ақаевтың  бабасы  
Шабдан  Жантайұлының  орыстармен  қарым  -  қатынасы  да  едәуір  
үлгі - өнеге болған сияқты.   
Билікөлден  балық  аулау  Керімбай  Бұралқыұлының  араласуымен, оралдық мұжықтардың қатысуымен кең өрістейді. Қордайлық болыс (ол кезде Жетісу облысына қараған) НоғайбайДәулетқабылұлы  өз  ауылынан  - Шарбақтыдан  қазақ  балаларына  
орысша  үйрететін  мектеп  ашылғанда  Керімбай  да  Әулиеата оязына қарасты 32 болыстың арасында қазақ балаларын орысша әрі  мұсылманша  оқытатын  екі  жылдық  мектеп  -интернат  ашқызуға ұйытқы болған.  1873  жылы  ашылған  орыс  мектебі  жанынан  бұратана,  яғни өз  елінде,  өз  жерінде  кемсітіліп,  осылай  аталған  қазақ  балалары  
үшін  алғашқы  интернат  1883  жылы  ашылды.  Міне,  осы интернатта  жатып  оқитын  қазақ  балаларына  қаржы  жинаудың басы-қасында  Керімбай  Бұралқыұлы  да  болған  еді.  Кейін,  1912 жылы  Аса  интернаты  аталған  бұл  мектеп  сол  кезде  -  Кауфман, Қазан  төңкерісінен  кейін  -Коммунист,  биылдан  бастап  Төле  би аталған  көшеде  орналасты.  Онда  Қарымбай  Қошмамбетов, Бауыржан  Момышұлы,  Құрманбек  Сағындықов  сияқты  еліміздің асыл  азаматтары  да  оқыған  еді.  Бұл  мектеп  1927  жылы  
пролетариат  кесемінің  есімімен  «Карл  Маркс»  атындағы  мектеп  
болып  аталған.    Бұл  деректер  Жамбыл  облыстық  «Ақ  жол»  
газетінен алынды. (23 мамыр 1992жыл).  
Керімбай болыс өте денелі кісі болған, мінетін сәйгүліктері  
еркін  көсіліп,  бауырын  жазып  шаба  алмайтын  деуші  еді  оны  
көзімен  көргендер.  Керімбай  болыс  туралы,  оның  шарапаты,  
даналығы,  батырлығы  туралы  ел  аузында  көптеген  естеліктер  
бүгінге дейін сақталып қалған.  
Керімбай  Бұралқыұлы  1924  жылы  алпыс  үш  жасында  
дүниеден  озған.  Ол  Жуалы  ауданына  қарасты  өзінің  жайлау  мекені  Тоғызтарау  жеріне  жерленген.  Жуалы  аймағында Керімбай  болыс  мекен  еткен  бірқатар  жер  -  су  аттары  сақталып  
қалған.  
  

http://emirsaba.org/bajdaliev-d-d.html?page=9

Халық перзенті

Көпжасар Нәрібаев,
шәкірт інісі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі

5 - қыркүйек, 2012 ж  

Асекең орны бөлек, ерекше жаратылған ағаларымыздың бірі еді. Ол кісінің журналистермен жүргізген сұхбатында, түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінде сол кездегі қоғам талабына сай қалыптасқан бірізділік басым боп, еркін шешіліп, еркін көсілуіне мүмкіндік туа бермегені белгілі. Оңаша отырып сырласқан сәттерде жан дүниесін тербеп, жүрегінің түкпірінен шыққан сезімдерін, ой-тұжырымдарын, адамдарға, жекелеген тұлғаларға деген қарым-қатынасын, заманға берген бағасын, жалпы өмірге деген көзқарасын біліп, естіп, қағазға түсіру жағы жеткіліксіз болды.  

Біз оған мүлде мән бермеппіз, оны ойластырмаппыз. Ол кісіні мәңгі арамызда жүре беретіндей көріппіз. Ең өкініштісі − айтқандарын күнделікті жанында жүріп, қағазға түсіріп алған адам болған жоқ. Бұл жағынан, Құдайға шүкір, Бауыржан ағамыз бақытты екен. Александр Бектен, Әзілхан Нұршайықовтан бастап, Мекемтас, баласы Бақытжан, Мамытбек, Жәмила жеңгей, Зейнеп келін, тағы басқа да ондаған қаламгерлеріміз Баукеңнің қыр-сырын жұртқа жақсы, жан-жақты, толық жеткізді.


Ал Асекеңнің төңірегінде ондай қаламгерлер болмады. Сол себепті ол кісінің шын жүрек сыры, іштен қайнап шыққан терең пәлсапалық ой-пікірлері, асыл сезімдері айтылған жерде айтылған күйі қалып қойды. Оған
сәлем беріп, үйіне кіріп-шығып жүрген ғалымдар, қайраткерлер, ағайын-туыс, дос-жарандар ол кісінің қанатты сөздерін жазып алуға мән бермеді.
Жалпы Асекең қазақ елінде, қазақтың ұл-қыздарының арасында, Қазақстанда − феномен. Бұған ешкімнің таласы болмаса керек. Феномен − ешкімге ұқсамайтын, өзінше дара, атын үлкен сүйіспеншілік, мақтанышпен арнайы атап айтатын, дә­ріптейтін, өнеге тұтатын ерекше құбылыс.
Асекең қолына қару алып, жаумен соғысты. Майданнан оралған соң, өзін-өзі тәрбиелеп, өз еңбегімен үлкен қайраткер, ірі тұлға дәрежесіне көтерілді, өз еңбегімен өзінің тұғырын биіктетті, абыройын асырды.
Әрине, мұның бәрі толассыз еңбектің жемісі, бірақ мол еңбектің негізінде тектілік болу керек. Асекеңде тектілік те, батыр бабаларынан қалған қан да, жүректілік те бар. Соның бәрінің үстіне бұл кісі күнделікті халық өмірін зерттеп, біліп, танып, талмай оқып, үйренді.
Асекең жөнінде естеліктер аз жазыл­ған жоқ. Олардың көбінде үйіне, кеңсесіне кіріп-шыққаны, сәлемдескені, тілдескені айтылады. Ол кісінің үлкен тұлға, құбылыс ретінде қалай өскені, Ағамыз жөнінде әлі күнге дейін жүйелі, тұтастай зерттеу жоқ.
Бейбіт заманның өзінде бәріміз Асекең, Асекең деп ардақтап келдік қой. Ол кезде де атақ-даңқы, абыройы өзінше асқақ, биік болатын. Басына іс түсіп, те­мір торда 4,5 жыл отырып, бостандыққа шыққаннан кейін ол кісінің абыройы тіпті аспандап кетті. Асекеңді енді тек қана төңірегі, ағайын-туғаны, жақындары ғана емес, бүкіл қазақ, Қазақстанның барлық халқы, тіпті көршілес қырғыз, өзбек, тәжік те, орыс, татар, еврей де мойындады. Аты бұрынғыдан да бетер аңызға айналды. Ол кісі шын мәнінде аңызға лайықты адам еді.
Бішкекте өткен соттың қорытынды отырысында соңғы сөйлеген сөзін тың­дағандардан естідім, адам таңғаларлық өреде сөйлепті. Денсаулығы болса нашар, жасы келген, 4,5 жыл темір торда отырып, азап шеккен кісі ғой. Соған қарамастан бес сағат табанынан тік тұрып, қажымай, сыр бермей, бұрынғы ойына ой қосып, ақылына ақыл қосып, логикалық жүйе­мен өзінің адалдығы, ақтығы, еліне сіңірген ерен еңбегі туралы түрлі дәлелдер келтіріп айтқан әр сөзін жұрт көздеріне жас ала оты­рып тыңдапты. Бір ғана осының өзінен-ақ Асекеңнің кереметтігі, кемеңгерлігі танылып тұрған жоқ па? Жұлдызы жанып, шалқыған кезде асып, таспаған, ал ауыр, азапты, қиын кезде бас иіп, саспаған, сыр бермеген сырбаз Асе­кеңнің мінезі нағыз батырдың мінезі емес пе?!
Біз Асекеңнің атын мектепте, инс­титутта оқып жүрген кезімізде естідік. Осындай Асанбай деген азамат бар, үлкен қайраткер, кемеңгер. Кезінде Жамбыл облысын басқарған, халық игілігі үшін көп тірлік, жұмыс істеген, көп нәрсе тындырған деген сөздерді құлағымыз шалатын. Кейде туысқандары, жақын ағайындары үйіне іздеп барып, амандасып жүреді екен деген хабарды да еститінбіз. Өз басым көпке дейін алдына батып бара алған емеспін.
1972 жылы Алматы халық шаруа­шылығы институтына мені ғылым ісі жөніндегі проректор етіп бекітпекші болды. Тәртіп бойынша облыстық партия комитеті бюросынан өтуім керек екен. Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров.
Дәл сол кезде мен кафедра меңге­рушісі әрі бір факультеттің партия ұйы­мының хатшысы едім. Ректорымыз Александр Иванович Белов проректорлыққа 2-3 адамды ұсыныпты. Басқалармен сөйлескен, сөйлеспегенін білмеймін, мені Асекеңнің алдына облыстық партия комитеті оқу, ғылым бөлімі меңгерушісі­нің орынбасары Ольга Трофимовна Ободинская дейтін кісі алып барды. Асекеңмен қол беріп, амандастым. Жүзі жылы, шырайлы екен. Көзі керемет жанып тұр. Бір қарағанның өзінде-ақ жаныма күн сәулесі түскендей әсер алдым.
– Отыр, − деді. Алдымен Ольга Трофимовна Ободинская Асекеңнен сәл төменірек орынға жайғасты. Мен столдың қарсы жағынан орын алдым.
– Қай жерде оқыдың? Аспирантураны қалай бітірдің? Кандидаттық диссертацияңның тақырыбы қандай? Қызметің қалай жүріп жатыр? − деп бәрін тәптіштеп сұрады. − Ректорың Александр Иванович Белов сізді проректорлыққа ұсынып отыр. Александр Иванович бұрын Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары боп істеген, партиялық үлкен қызмет атқарған, ар жақты, бер жақты жақсы білетін кісі. Кездейсоқ адамды ұсынбайтын шығар деп қолдап отырмыз. Қарағым, ескертем, партиялық тәртіпті білуің керек, ол әділ, әрі қатаң тәртіп.
Алдында жатқан құжаттарымда туған жері Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы деп жазылған. Оны оқып:
– Біз қызметке ұсынғанда, бекіткенде, тағайындағанда жерлестік, туысқандық принциппен емес, партиялық принциппен санасамыз. Бізде партиялық талап қатаң. Халық шаруашылық институты жаңадан құрылып жатқан институт. Тәй-тәй басып, дамып, өсіп келе жатыр. Ғалымдар аз. Кандидаттар да көп емес. Мен өзім байқап қарадым, ұзын саны әлі отызға жетпейді, бір-екі ғана ғылым докторы бар екен. Мойныңа түскен жүктің қаншалықты ауыр екенін біліп отырсың. Алда ғалымдардың санын көбейтіп, экономика ғылымын дамытуымыз керек. Өйткені бұл қалада, облыста емес, респуб­ликада жалғыз экономика институты. Бізде ондай басқа институт жоқ.
Осындай сұраныстарға сен жауап беретіндей дәрежеде болуың қажет, оқу-тәжірибе жұмысын, ғылыми-зерттеу істерін жоғарғы талапқа сай ұйым­дас­ты­руды қамтамасыз етуің керек. Бө­лімнен өтіпсің. Мына кісі менің алдыма алып келіп отыр. Жассың ғой, аспирантураны Мәскеуден бітіріп кепсің. Үлкен ғалым­дардың арасында болыпсың, қо­лың­нан іс келеді деп сенем, тағы да табыс тілеймін, − деп шығарып салды да, ана кісіге:
– Бюроға әзірлеңіз,− деді. Онысы проректор етіп бекіту керек дегені ғой деп түсіндім мен.
Бұл қыркүйек айының орта шені еді. Жұмысымды істеп жаттым. Бюроға біраз уақыт шақырмады. Тек қарашаның екінші жартысында ғана шақырды. Бюроны екінші хатшы Александр Филиппович Клинков деген кісі жүргізді. Асекең демалыста екен. Бірер күн бұрын облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Тұрғынбек Қатаевтың алдында болғам. Ол кісі:
– Дұрыс, қалқам, жақсылап жұмыс істе. Жас екенсің, болашағың алда,− деп келісімін берген. Бюро мені проректор етіп бекітті. Кейін неге мені қарашаға дейін созды деп ойға баттым. Мұны Асекеңнің алды-артын ойлағандығы-ау деп түсіндім. Ол кезде қызметі өседі-ау деген азаматтардың үстінен домалақ арыздар бұрқырап жазылып жататын, сол жағын ескерген болу керек.
1973 жылы тамыз айында ғылыми зерттеу жұмысымды жалғастыру үшін Америкаға бір жылға ғылыми стажи­ров­каға баратын болдым. Аттанар алдында:
– Тым болмаса Асанбай ағаға сәлем беріп, батасын алып шығайын, − деп көмекшісі Шаншар Мәңкеевке өтініш айттым. Ол:
– Ой, Көбеке, соның керегі бар ма? Пәлен-түген, − деп кіргізгісі келмеді.
– Шаншар, мен бірер күнге бара жатқам жоқ. Одан кейін Америкаға қазақтың жолы күнде түскен емес. Асекең Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, облыстың жетекшісі, мен партия мүшесімін. Үндемей-түндемей кете бергенім ұят емес пе? Алдынан өтейін, мүмкін айтатын ақылы бар шығар, − дедім.
Шаншар ішке кіріп еді, Асекең:
– Келсін, − депті. Қабылдады.
– Қай штатта, қай университетте боласың? Қанша уақытқа, қандай тақырыппен бара жатырсың? − деді сұрап. – Сен жақсылап ізденіп, материал жинап әкел. Келгеннен кейін ар жағы, бер жағы бір-екі жылдың ішінде докторлық диссертацияңды қорғап ал. Американың материалдары ешкім тимеген, тың материалдар. Сен ғылымда жүрсің, саған докторлық диссертация қорғап алу өте қажет. Америкада жүргенде сен сақ жүр, тіліңе абай бол. Артық сөз, артық пікір айтпа. Анау-мынау топқа қосылып кетіп, жоқ жерде басыңа бейнет тауып алма. Оларда өздерін қалай болса, солай ұстайтындар, сырт көзге солай көрінетіндер бар. Олар сендердің іздеріңді аңдып, сөйлеген сөздеріңді тыңдап, барлық істеріңді қадағалап жүреді. Өйткені Совет Одағының атынан барасыңдар. Ал, жолың болсын, − деп біраз ақылын айтып, шығарып салды.
Бір жылдан кейін қайтып келдім. Қазақстан тұрмақ, бүкіл Совет Одағында жоқ жаңа идеялар, екі-үш шабадан материал, көптеген кітап алып келдім. Асекеңе рақмет айтып, кіріп шығайын десем, демалысқа кетіп қалыпты. Тұрғынбек Қатаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетіне бөлім меңгерушісі боп ауысып, орнына Бәйдібек Ахметұлы Төлепбаев деген кісі келіпті.
Асекең орнында болмаған соң, сол кісіге кірдім. Алғаш көруім, өзінің бауырындай жақсы қабылдап, бір сағаттай әңгімелесті.
– Қанша, қандай материал әкелдің? Ағылшын тілін білуің қалай? – деп көп сұрақ қойды. − Енді саған тапсырма, қанша уақыт керек, бір жыл ма, бір жарым жыл ма, докторлық диссертацияңды қорғап ал. Мына әкелгендерің, меніңше, тың дүниелер болу керек.
– Америкаға сол қорғау үшін бардым ғой. Әйтпесе бір жыл бала-шағамды, үй-жайымды тастап, ол жақта нем бар? Әскер сияқты амалдап күн көрдік, − дедім.
– Хабарласып тұр. Асекеңе өзім айтам. Ол кісінің уақытын алмай-ақ қой. Қазір жоқ, − деді.
Сол аралықта ректорымыз А.И.Белов қайтыс боп кетті де, орнына бұрын Қазақстан Коммунистік партиясы Ор­талық Комитеті бөлім меңгерушісінің орын­басары боп істеген В.Д.Руднев келді. Оның келуіне байланысты Асекең біздің инс­титуттың партия жиналысына қатысты.
Сол жиналыста Асекең сөз сөйледі. Өте керемет сөйледі. Бұрын көсемдігін білсек, енді Асекеңнің шешендігімен таныстық. Небір нақыл сөздер, жаңа ойлар, қызықты пікірлер айтылды. Көп уақытқа дейін институт ғалымдары ол кісінің сөзін ұмытпай, орынды ойларын қайталаумен болды. Шіркін, басшы деген осындай болса деп жүрді жұрт.
Кейін ол кісі Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы боп ауысып кетті. Онда барып бітірген істері бүкіл халыққа аян. Ұлан-ғайыр тірліктерінің қайырымды нәтижелерін ескеріп, 1982 жылы ақпан айында Асекеңе Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Осы жоғары атақпен құттықтауға Алматыдан 5-6 жігіт бардық. Мен бұрын Асекеңнің үйінде болған емеспін. Сол жолы бірінші рет дастарқанынан дәм таттым. Ұзақ отырып, көп сырластық.
Сонда Асекең жай бір өткінші, тез ұмытылатын, ұсақ-түйек, нәрсіз нәрселерді емес, негізі терең әңгімелер айтты. Шежірені, қазақтың тарихын, хан-билеріміздің өмірбаяндарын керемет білетіндігі мені таңғалдырды. Әсіресе Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің өмірінен мысалдар келтіріп, ағыл-тегіл сөйлеп отырды.
Кешкі асты ішкен соң, біраз уақыт аулада дем алып, серуендедік. Бізді біле жүрсін деді ме, қайдам, Асекең:
– Зерттеуші Молдияр Серікбаев деген азаматтың қолындағы мұрағаттық құжаттар көшірмесі негізінде айтайын, 1916 жылғы Мерке ұлт-азаттық көтерілісін Тұрар Рысқұлов Ақкөз Қосанов екеуі ұйымдастырған, − деп 1916 жыл тарихынан сөз қозғады. − Ол көтеріліске Қабылбек Сармолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Қарымбай Қошмамбетов, Садық Абыланов, тағы басқа сол кезде оқыған, сауатты жастар қатысқан. Оларға Тұрар саяси басшылық жасап, идеялық бағыт беріп отырған.
Көтеріліске қатысқандардың бәрі кейін қайраткер боп шыққан. Мақсұт Жылысбаев Омбы облыстық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан жеңіл өнеркәсібі министрі болады. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен атылып кетеді.
Қабылбек Сармолдаев Қазақстан жоспарлау комитеті төрағалығына дейін жоғарылатылады. Ол Әулиеата уездік революциялық комитетін бас-қарып тұрғанда, Сәкен Сейфуллин 1919 жылы Бетпақдала шөлі арқылы атаман Аннековтың түрмесінен қашып, Әулиеатаға келеді. Қабылбек Сармолдаев Сәкенді жақсылап қарсы алып, жат пиғылдылардан жасырады. Осында қал деп қызмет ұсынады. Сәкен еліне қайтарында астына ат сыйлап, құрметтеп шығарып салады. Мұны күрескер ақын өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романында үлкен сүйіспеншілікпен келістіре жазған.
Асекең бұрынғы өткен тұлғалар туралы әңгімені көп білетін. Әр жолыққан сайын ол кісінің партия қызметкері бола жүріп, казақы салт-дәстүрге көп көңіл бөлетіндігін, оған қызығатынын, сыйлайтынын, құрметтейтінін аңғара түсетінмін. Қазақы әңгімелер айтып, қазақы бата беретін, көкірегі, көңілі, жаны, жүрегі, ниеті − бәрі қазақ еді. Үнемі ел бірлігін, ел абыройын көздеп, сол төңіректе ой қозғайтын.
Асекең ауылда, елде, қазақшылықтың бел ортасында қайнап өскен кісі ғой. Салт-дәстүріміздің титтейіне, майда-шүйдесіне дейін біледі. Ол кісінің қазақшылығы, қазаққа іш бұратыны керемет. Асекең бүкіл елдің қамқор қайраткері еді.
Кезінде Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене» кітабы жарық көргенде жазушылар арасында осы шығармаға мін тағушылар көп болған. Тіпті бұл мәселе Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюросына дейін талқыланады. Сонда бюроға қатысып отырған Асқаров кітапқа араша түседі.
Бұл жөнінде белгілі жазушы Бекежан Тілегеновтың «Тұйық өмірдің құпиясы» атты роман-толғауында (Айтылмай қалған шындық, Алматы, «Дәуір» баспасы, 1992 ж.) кеңінен айтылған.
Сондағы Асқаровтың сөзі мынау: «Жазушылар одағы дұрыс жолда, дұрыс бағытта деп ойлаймын. Ал әдебиетті тек бір ұрпақ жасамайды, әдебиеттің дамуына барлық ұрпақ, барлық жазушы үлес қосады. Өткен өмірімізге менсінбей қарауға болмайды. Аға жазушыларға да ұлғайған жастарыңды, тәжірибелеріңді бұлдай бермеңдер деп айтар едім. Қазір біздің әдебиетіміз кемелденген, өскен әдебиет. Қаншама кұнды шығармалар туды, елеулі істер істелді.
Жазушылар одағы маңызды мәсе­лелерге көбірек назар аударуы керек. Жеке-ара қатынас емес, шығар­ма­шылық мәселе бірінші кезекте тұруы керек. Бүгінгі жиында жеке шығармалар жөнінде әңгіме болған жоқ. Тек Есенберлиннің романы туралы ғана пікір айтылды. Тек тарихи тақырып туралы ғана әңгіме қозғалды. Бірақ бұл мәселеге де байыппен қарауымыз керек. Жалпы тарихты бейнелеуімізге қарсы болмауымыз керек. Тек кім қай тұрғыдан, қай бағыттан бейнелейді, мәселе осында. Жаңа бәрің Есенберлинге жабылып, сынап жатырсыңдар. Оларың дұрыс емес. Мен де кітапты оқып шықтым. Жекелеген кемшіліктері болуы мүмкін. Бірақ не­гізінен теріс, зиянды кітап деп айта алмаймын. Романнан соншалық үлкен қате­ні көріп тұрған жоқпын. Кітапта ұлтшылдық сарын бар дегенге де қосылмаймын. Бұл қате пікір. Мұндай айып тақсақ, өсіп келе жатқан жастарға қандай тәрбие береміз, қандай үлгі көрсетеміз. Мұндай пікірді абайлап, байқап айту керек».
Жиналыстан алған әсері жөнінде жазушы былай дейді: «…барлығы Есенберлинге жабылып романын жамандап, одан саяси қате, ұлтшылдық белгісін іздеген кезде, творчестводан мүлде аулақ, таза партиялық рухта тәрбиеленген функционер, коммунистік талаптан, партиялық бағадан басқаны мойындамайтын Асанбай Асқаровтың осы жолы Есенберлинге араша түскеніне таңым бар. Қайран қалдым».
Жазушы Бекежан Тілегеновтың бұл айтқандарына қосып-аларым жоқ. Тек бір ғана келіспейтін жерім, автордың Асекеңді «творчестводан мүлдем аулақ, таза партиялық рухта тәрбиеленген функционер, коммунистік талаптан, партиялық бағадан басқаны мойындамайтын» деп көрсетуі артық. Асекең, керісінше, нағыз шығармашылық адамы, өмірге, оның ішінде ақын-жазушыларға, тарихшыларымызға ой көзімен, сын көзімен қараған, отандық, әлемдік озық шығармаларды үзбей оқып, өзінше ізденген, іштей дайындығы әрі батылдығы мол адам. Онсыз ол кісінің жоғарыдағы пікірді айтуы мүмкін емес еді. Дайындығы жоқ адам не айта алады? Жазушы Бекежан Тілегенов таза партиялық рухта ғана емес, халықтық рухта да тәрбиеленген Асекеңді жақсы біліңкіремейді екен деп шештім.
Енді оған, меніңше, жазушы кінәлі емес. Асекеңмен араласпаған, сөйлес­пеген. Егер араласса, сөйлессе, ондай пікірге бармас еді. Шын мәнінде Асе­кең үлкен ғұламалардың еңбектерін көп оқыған, олардың қанатты сөздерін, мақал-мәтелдерін керек кезінде айтып, ойын түсінікті етіп жеткізуге талпынатын.
Ол кезде Асекеңнің өлең жазатын өнерін көпшілік біле бермейтін. Ал кейінгі кезде Асанбай ағаның жазып шығарған өлең жинақтары, естелік және әдеби кітаптары ол кісінің қайбір жазушыдан кем емес екенін көрсетті емес пе?!
Егер өмірін жазушылыққа арнағанда ағамыздан өте ірі, қазақтың көрнекті жазушысы шығар еді. Ал мына жазғандары ол кісінің ой-өрісінің кеңдігі, ұлттық рухының биіктігі, халқының тарихы мен тұрмысын терең білетіндігі, көргені мен естіп-білгеніне үлкен пайымдылықпен және парасаттылықпен қарайтыны сияқ­ты қасиеттерінен туған шығармалары, жазбауға болмайтын жүрек сырлары еді. Ал ағамыздың жазылмай қалған, қағазға түспеген, әңгіме арасында ауызша ғана айтылған ой толғақтары қаншама.
Асекеңнің аузынан шыққан пайдаға асар сөздерді жазып алғанда том-том кітап болар еді. Өкінішке қарай, ол кезде оған ешқайсымыз мән бермедік. Бірақ мен үшін Асекеңнің осы ізгі қасиеттері із-түзсіз кетті дей алмаймын. Ағамыздың білімдарлығы, таудай таланты, биік парасаты маған қатты әсер етті. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген емес пе, аңыз әңгімелер­ге, тарихи шежірелерге, орынды айтылған нақыл сөздер мен мәтелдерге құлақ түре жүретін болдым. Билердің шешендік сөздері, қазақ халқының тарихы, көптеген ұлттардың мақал-мәтелдері, көрнекті мемлекет немесе өнер қайраткерлері туралы кітаптардың жинақтары менің кітапханамнан орын ала бастады. Оның үстіне осы тақырыптар төңірегінде күнделікті баспасөз бетінде жарияланған мақалаларды қиып ап жинап жүретін әдет пайда болды. Оның бәрі, сөз жоқ, Асанбай ағамның әсері деп білем.
Асекең зейнетке шығысымен Шымкенттен Алматыға көшіп келді. Ендігі жерде бұрынғыдан да жиі араласа бастадық. Горбачевтың ұр да жық, өзімбілермен, өркөкірек, солақай саясатының кесірінен Желтоқсан оқиғасы бұрқ етті. Ол бәрімізге, жалпы қазақ халқының басына түскен үлкен нәубет еді. Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырушылардың бірі Асекең деп байбалам салушылар шықты. Көпе-көрінеу жапқан жала, ойдан құрастырған кінә асқындай түсті.
Менің шамалауымша, Асекеңді ұстап, тар қапасқа жабуға, біріншіден, көре алмаушылық себеп болды. Ол кісі қызметтен кетіп, зейнеткер атанғанымен абыройы Алатаудай асқақ, алдына ел-жұрт, халық ағылып келіп, ақылдасып тұратын, айтқан сөзі жерде қалмайтын аса абыройлы, сыйлы адам болды. Зейнеткер көп. Олардың арасында Асекең Шолпан жұлдыз тәрізді ту биіктен көз тартып, жанам деген жүрекке от беремін, деп ақын айтқандай замандастарына қуаныш сыйлайтын, ой, жігер, шабыт сыйлайтын абыз кісі еді.
Екінші, ең басты себеп, түк кінәсі жоқ Асекеңді ұстап, темір торға қама­ған­дағы солақайлардың мақсаты − Асекең арқылы Димаш Ахметұлы
Қонаевты да қаралап, масқараламақшы болды. Екеуі құда, бір-бірінің арасында қалайша алыс-беріс болмайды, соны дәлелдеу керек, екеуінің арасында шын мәнінде алыс-беріс жоқ болса, оны «болдыру» керек деп жанталасты.
Горбачевтың негізгі мақсаты − Димекеңді орнынан тайдырып, бас көтерер қазақтарды бір-біріне айдап сап, мансапқа таластырып, халқымызды құлақ кесті құлға айналдыру болатын. Өкінішке қарай, оның ол ойының біразы жүзеге де асты. Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Шараф Рашидовты «мақта ісімен» қаралағаны сияқты «қазақ ісін» ұйымдастырып, Бекежановты, Статенинді, Асекеңді тағы басқаларын қамауға алды. Қазақтың біраз азаматтарының қолтығына су бүркіп, туған халқына қарсы айдап салды.
Асекеңе тағылған кінәлар дәлелден­беді. Мысалы, Асанбай Асқаров туыстарын Шымкентке алып барып, лауазымды қызметке қойды делінген. Асекең Шымкентке өз туысқанынан бір адамды да апармаған. Мәскеуден келген тергеушілер қорғасын заводы, мақта, тағы басқа шаруашылық өнімін қосып жазып, көзбояушылық жасап, Социалистік Еңбек Ері атанды деген шағым бойынша да тексеру жүргізіп, қосып жазған ешқандай факті таба алмады. Асекең алғаш көзге түсіп, омырауына қадаған Ленин орденін 1947 жылы 25 жасында, Мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы боп күндіз-түні тыным көрмей, тусырап жатқан далаға қызылша еккізіп, мал басын көбейтіп, ауылшаруашылығын дамытып, мол өнім алғаны үшін кеудесіне таққан. Кейінгі алған көптеген марапаттарының бәрі өзінің ерен еңбегінің айғағы. Жалақор, бәлеқорлар әйтеуір қара күйені жаға беруді мақсат тұтып, Асекеңе шовинист, ұлтшыл деген де айып тақты. Тексеру барысында бұл да бос сөз боп шықты.
Қысқасы, жабылған жаланың бәрі дәлелденбеді. Желтоқсан оқиғасы Асекеңді халқына жаңа қырынан танытты. Шалқыған, жұлдызы жанған кезінде ғана емес, қиын-қыстау, қапаста жүрген кезінде де Асекең Асекең боп қалды. Әке қанынан, ана сүтінен дарыған мықтылығын, даналығын,
даралығын көрсетіп, қиындыққа, қатерге қарсы тұрып, жасымай, сынбай өзінің адалдығын дәлелдей білді.
Меніңше, Асекеңдей рухы биік адам ғана қанды шеңгел қапастан аман-сау, абыроймен шығады деп ойлаймын. Өйткені бүкіл елі боп, бүкіл жұрты боп «Асқаровты құтқару комитетін» құрып, қоғамдық адвокаттар көмекке келіп, оның ішінде орысы, еврейі, қазағы, өзбегі бар, бәрі Асекең үшін аянбай қызмет етті. Жамбылдың, Алматының, Шымкенттің ел ақсақалдары бастаған топ күн сайын Бішкекке кеп, сотына қатынасып, рухани қолдау жасап отырды. Сөйтіп, Асекеңнің нағыз халықтың ұлы екенін дәлелдеді.
Әрине билік тізгіні қолда тұрған кезде азаматты әркім-ақ мақтайды, әркім-ақ бас иеді, достық көңілін білдіреді. Ал мынандай қиын-қыстау кезеңде халқының Асекең жанынан табылуы тілмен айтып жеткізгісіз ерекше құбылыс. Кейбіреу Асекеңді құтқару жолында өз басын қауіпке де тікті.
Ақын Жарылқасын Аманов:Патшадай болсадағы тасымаған,Тас түрме ішінде де жасымаған.
Сыр шерткен жүрегінен, жыр да шерткен, Қайран менің, Асанбай, асыл ағам.
Өзіңдей туа бермес асыл адам, − деп жырлады, Асекеңнің қадір-қасиеті туралы.
Өз басым қаскөйлердің Асекеңе жаса­ған қастандығын, халқымызға да жасаған қастандық деп ұғам. Оның сондай екенін қазір мектеп оқушыларына дейін біледі. Біз Асекеңнің өз ортасына аман-сау кеп қосылғанына қуандық. Келісімен-ақ ештеңе болмағандай ел-жұртымен бірге той-томалаққа қатысып, өзін көппен бірдей сезінді. Бұл да ол кісінің халықтың адамы екенін білдірсе керек.
1992 жылы қыркүйек айында Шерхан Мұртаза ағамыз 60-қа толған тойына шақырды. Той Жуалыда өтпек. Асекеңнің тұтқыннан босап келгеніне әлі бір жыл да болмаған. Ол кісіні тойға алып баруды Шерағаң маған жүктеді.
Таразға дейін ұшақпен, ары Жуалыға машинамен баратын болдық.
Асекеңді алып, жолға шықтым. Кішкентай ұшақ. Асекең терезе жағына жайғасты. Біраз уақыт төмен қарап, жер жағдайын бағдарлап, үнсіз отырды.
Әлден кейін сөйлей бастады.
– Мынау пәлен деген совхозымыз еді. Жер көлемі пәлен шаршы шақырым. Мен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы боп келген кезде пәлен мың қойы бар еді, кейін пәлен мыңға жетті. Егістігі пәлен мың гектар. Бес бригадасы болатын. Жайлауы мына жақта. Қыстауы құмда. Осындай да осындай, − деп кетті көсіліп.
Тағы бір қауым уақыттан соң:
– Мынау Далақайнардың жері. Шаруашылық негізі − егістік. Бидайы керемет өсетін. Пәлен мың сиыры, пәлен мың қойы, жылқысы болатын,− деп арада отыз жыл өтсе де, бәрін жатқа айтып отыр. Көкірегінде бәрі сайрап тұр.
Ары қарай ұшып барамыз.
– Мынау пәлен деген колхоздың жері. Мына каналды Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Мәсімхан Бейсебайұлының тікелей көмегімен ақша бөлдіртіп, қаздырған едім. Мұның тау жағында Дмитриевка деген қыстақ бар. Мерке аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы боп жүргенімде сол қыстақ маңынан колхозаралық демалыс үйін салдырттым. Кейін ол республикалық шипажайға айналды, − деп Таразға жеткенше бейне картаға қарап отырғандай бәрінің тарихын айтып берді. Сол жолы да, «Асекеңнің есте сақтау қабілеті қандай мықты», − деп таңғалдым.
Әртүрлі бастықтар бар. Ұжымды 5, 10 жыл басқара ма, орнынан кеткеннен кейін ол ешкімнің есінде қалмайды. Тіпті оны қасында жүргендер де ұмытады. Олар сахнаға шығып, әншейін бастықтың рөлін нашар ойнаған актерлерге ұқсайды.
Асекең олай емес, істеген тірлігінің бәрін жүрегімен, бүкіл жан дүниесімен, ниетімен беріліп істегендіктен ел есінде, ел көкірегінде қалады. Өйткені ол кісі не істесе де, біреудің айтқанымен емес, өзінің ой-сезім, жүрек қалауымен, еркімен, ақылымен істеді. Бәрін таразылап, жос­парлап жүзеге асырды.
Кейбір зейнетке шыққан облыс басшыларынан облысыңда қанша аудан болды деп сұрай қалсаң, оны да дәл айта алмайды. Асекең әр колхоздың, әр совхоздың жер көлемін, малының басын, көрнекті адамдарының аты-жөнін жатқа біледі. Менің феномен деп отырғаным сол себептен.
Біз барған Шерхан ағаның тойы өте жақсы, көңілді өтті. Концерт те өз дәрежесінде болды.
Ол кезде Мырзатай Жолдасбеков бауырымыз Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Өмірбек Бәйгелді Жамбыл облысының әкімі еді. Шерханның тойын екеуі басқарды.
Бұл қыркүйектің 12-сі болатын. 15-ші қыркүйек күні Асекеңнің 70-ке толатын өз тойы өтпек. 13-і күні Алматыға қайтуымыз керек. Фатима жеңгей:
– Көбей, айналайын, ағаңды өзіңе тапсырам. Жігіттер қинап, шаршатпасын, басы-қасында бол. Уақытылы алып барып, уақытылы алып кел. Өзің білесің, төрт жарым жыл қапаста азап шекті. Қайбір денсаулығы бар дейсің? Әйтеуір саған сендім. Мен осындағы тойдың дайындығымен болам, − деген жолға шығарып саларда.
– Ойбай, жеңгей, сөз жоқ, Асекеңнің қас-қабағына қараймын, − деп уәде бергем.
Қыркүйектің 12-сі күні той ойда­ғыдай өтіп, 13-ші қыркүйектің таңы атты. Дастарқан жайылып, таңдаулы кісілермен оңаша отырмыз. Арамызда Өмірбек Жолдасбеков, Тоқтар Әубәкіров секілді әйгілі азаматтар бар. Сағат түскі бірде ұшақ Тараздан Алматыға ұшады.
Сағат он бір болды. Машинамен жүр­геннің өзінде Жуалыдан Тараз әуежайына жеткенше 1,5-2 сағаттай уақыт кетеді. Сол себепті біздің жолға шығуымыз керек.
Кешегі тойгершілікті ойдағыдай атқарған Өмірбек пен Мырзатайдың көңілдері көтеріңкі.
– Жо-жоқ, Асеке, сіз бүгін Алматыға қайтпайсыз, осында құрметті қонағымыз боласыз. Кеше Шерханды тойладық, енді бүгін сізді тойлаймыз. Көптен бері сізді сағынып жүр едік, бүгін көзайым болып отырмыз, − деп Өмірбек Бәйгелді ағынан жарылды.
Мырзатай отқа май құя түсіп:
– Оң жағыңызда Өмірбек, сол жағыңызда мен жатам. Терлесеңіз теріңіз­ді иіскеп жатамыз, − деп ол кетті шалқып. Екеуі де елжіреп, шын көңілдерімен қолқа сап жатыр. Оны бәрі біліп отыр.
– Мырзеке, айналайын, бүгін 13-і. Арғы күні бұл кісінің өзінің тойы.
Таңертең Фатима жеңгей телефон соғып, хабарласты. Алматыдағы үйіне Меркеден, Мәскеуден, Шымкенттен, Тараздан, ана жақтан, мына жақтан дос-жарандар, құда-жекжат, ағайын-туыстар кеп жатыр екен. Өзің ойлашы, Асекеңнің мұнда қонақ боп жүргені қалай болады? Біз жүрелік, рұқсат бер? – деп мен шырылдап едім:
– Ештеңе етпейді, келген кісілер далада емес, үйде ғой. Асекеңді ертең өзіміз жеткізіп саламыз. Тіпті тойына бір-ақ апарамыз, − дейді Мырзатай көңілденіп.
Асекең күлімсіреп, үндемей отыр. Мен:
– Мырзеке, сен ойлан, − деп тағы біраз дәлелдерімді айттым. Ырық берер емес. Бұл бір жағынан есте қалар оқиға болса, екінші жағынан Асекеңді ел-жұртының сағынып қалғанын білдіретін оқиға. Мырзатайды да, Өмірбекті де өте жақсы түсінем.
– Жағдайға байланысты көптен бері жөндеп бас қоса алмадық. Асеке, енді ортамызда болыңыз. Сізді сыйламасақ, кімді сыйлаймыз, кімді құрметтейміз? Құлдығыңыз болайық, жаныңызда жатайық. Қолымызға түсе бермейсіз, − деп Мырзатай ырық берер емес.
Олардың көңілі, ниеті – бәрі дұрыс. Егер басқа уақытта кездессе, денсаулығы жақсы болса, өзінің тойы алдында тұрмаса, онда әңгіме басқа. Бір күн емес, тіпті екі-үш күнге де қалуға болар еді.
Әрине, Асекеңнің қайтқысы-ақ бар. Бір жағынан, елді сағынып келгендегі ағайын-туғанның құшақ жая қарсы ап, жайылып жастық, иіліп төсек болғандары, шын пейілдерімен қоғадай жапырылып, қошемет көрсеткендері, тілдерінен бал тамып, Асекелеп небір асыл теңеулерді үйіп-төгіп сөйлеген сөздері жанына жаққан да болу керек. Міне, елім, халқым, жұртым, − деп көңілінің өскені де рас. Екінші жағынан, Мырзатай мен Өмірбек көшедегі адамдар емес қой. Біреуі облыс­ты басқарып отыр, біреуі республикада Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары. Әрі екеуі де жамбылдық бауыры. Меніңше, Асекеңнің үндемегені – оларды сыйлағаны.
Уақыт болса қысылтаяң. Уақытылы алып келгем, уақытылы алып қайтуым керек. Ұшаққа мінетін мезгіл жақындай түскен сайын менде маза жоқ. Бұл жолы қа­лып қойсақ Алматыға басқа ұшақ қа­шан ұшады, белгісіз. Арғы күні Асекеңнің өзінің 70-ке толған тойы. Оған бір күн болса да демалып баруы керек. Сол жағын ойлап тыпыршып барам.
Сонымен не керек, біраз уақыт өті­сімен Мырзатай бауырымыз бері қарады.
– Асанбай ағамызға рұқсат берейік. Ағамыз қайтсын, демалсын. Кейін әлі жолығамыз, кездесеміз, тағы тойлаймыз, − деді.
Ұшақтың ұшуына жарты-ақ сағат уақыт қалды. Енді оған жетіп үлгере алмаймыз. Ендігі ойым, Алматыға жеңіл машина жалдап кету.
Тысқа шыға бергенімізде, мың болғыр Тоқтар Әубәкіров бауырымыз:
– Үйдің сыртында менің вертолетім тұр, әуежайға сонымен барыңыздар, − деді. Тоқтар бауырымыздың азаматтығы, адамгершілігі арқасында енді есігін жауып, ұшайын деп тұрған ұшаққа жетіп үлгеріп, Асекеңді үйіне уақытылы, аман-есен алып келдім.
Асекеңнің өзінің тойы тамаша өтті. Үлкен лауазымдарына қарамай Өмірбек Бәйгелді де, Мырзатай Жолдасбеков те табанынан тік тұрып қызмет етті. Димекең той сәнін келтіріп, қасқайып төрде отырды. Ол кісі бұрын мұндай той-жиында ұзақ болмайтын, бұл жолы бастан-аяқ қатынасты.
Тойды Төлепбек Назарбеков ағамыз жақсы, керемет басқарды. Көп жақсы сөздер айтылды. Бұл Асекеңнің тар қа­пастан босап келгендегі бірінші тойы еді.
Ел әбден сағынып қалған екен. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарынан көп ақсақалдар келді. Қызылшашы, Социалистік Еңбек Ері Сындыбала Оңғарбаева, Дариқа Жантоқова секілді апаларымыз келді. Сол кісілер сөйлегенде көздерінен жас сорғалап тұрып сөйледі. Шын көңілдерін, шын ниеттерін білдіріп, Асекеңді құшақтап, бетінен, маңдайынан, қолынан сүйген кезде көңілі босап, толқымаған, тебіренбеген жан қалмады. Жалпы Асекең тойы бастан-аяқ жүрек қылын шертерлік, апыр-ай, жер басып жүрген мен не бітірдім деген ойға қалдырарлық той болды.
Мұндай жиын көп адамның басынан өтеді. Үлке-е-е-ен, биік лауазымды кісілер төңірегінде жақсы сөз айтатын жағымпаздар аз болмайды. Ал мына тойда жұрттың бәрі шынайы, табиғи сөйлеп, Асекеңнің қадір-қасиетін, алыптығын, даналығын, кереметтігін, нағыз елдің, халықтың адамы екенін әбден дәлелдей түсті. Көпірме, көбік сөз сөйлеген ешкім болған жоқ. Әсіресе, ауылдан келген ха­лық өкілдері – ақсақалдар, кемпір-шалдар жүректі қозғап, жан-жүйеңді босатып, елжіретіп сөйледі. Сірә, Димекеңнің тойдың аяқталуына дейін шыдап отырғанының себебі де сөйлеген жұрт сөзінің мәнділігіне риза болғандығынан шығар деймін.
Асекеңнің келесі тойы – туғанына 75 жыл толуы Тараздың батысына қарай шыға берісте, Айшабибі күмбезінің бер жағындағы пионер лагерінде керемет, жақсы өтті. Бұл тойды өткізуге мұрындық болып, барлық жағдайын жасаған қазақтың тамаша азаматы, үлкен қайраткер, сол кездегі Жамбыл облысының әкімі Амалбек Тшанов болатын.
Мен Алматыдан Бәйдібек Төлепбаев ағамызды алып бардым. Екеуі қызметтес болып, жақын сыйласқан азаматтар ғой. Ағыл-тегіл келіп жатқан жұртта есеп жоқ.
– Асекеңнің тойы қайда?
– Асекеңнің тойы қай жерде, қашан өтетін еді? – деп сұрап, әлекке түскен көп халықты көрдім. Бұл маған Асекеңді туған жерінің, туған елінің құрметтеуінде шек жоқтай әсер етті.
Қырғызстаннан, Өзбекстаннан келгендер қанша ма? Алматы, Шымкент, Тараз, Мерке басып қалды ма десем, артық айтқаным емес. Біз Алматыда жүргенімізде:
– Осы жақтан Жамбылға кім бара қояды? – деп ойлаған едік. Онымыз бекер екен. Асекеңді халқының шын сүйетініне, перзентім деп шын мақтан ететініне тағы бір куә боп, жанымыз жадырап қайттық.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімізге Асекеңді қалай шақырсам деп ойлап жүруші едім. Ондағы мақсатым – Асекеңе университетіміздің Құрметті профессор атағын беру еді. Өзімен бір-екі рет ақылдасып та көрдім. Ол кісі:
– Мен студенттеріңе лекция оқыға­ным жоқ. Оның маған артық құрмет қой, − деп алғаш келіспеді.
– Сіз сабақ бермегеніңізбен, уни­верситетіміздің жаңа қалашығының ірге көтеруіне сіңірген еңбегіңіз көп. Димекең жоғарыдан тапсырма бергенімен, жақсы ойды, жақсы жоспарды жүзеге асыруға аянбай атсалысқандардың бірісіз, − деп дәлелдегенімнен кейін:
– Жарайды, тек өтінерім, мені жеке шақырма. Түрлі тақырыпта ғылыми конференцияларың өтіп жатады ғой. Солардың біріне қосып шақырсаң қарсы емеспін, − деді. Бұл ол кісінің кішіпейілдігі ғой. Жұрттан оқшауланғысы келмегені. Университетімізде «Қазыбек бек Тауасарұлы – тарихи тұлға, ғалым және ақын» деген тақырыпта ғылыми конференция өткіздік. Оның ұйымдастырылуына ана жақтан да, мына жақтан да тістеп, шымшып: «Мұндай адам тарихта болған емес, мына кітап Балғабек Қыдырбекұлының өзі жазған кітап. Мұның түпнұсқасы жоқ. Бұл жай нәрсе» деген әңгіме көбейіп кетті. Соған жауап беру керек болды.
Осы конференцияға:
– Асеке, сіз де болыңыз, − деп шақырдым. Ол кісі келді. Мен баяндама жасадым. Екі адам сөйлегеннен кейін:
– «Еліміздің аса көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Отан соғысының абзал ардагері, ғұлама, тарихшы, ақын, жазушы Асанбай Асқарұлы Асқаровқа еліміздің өсіп, көркеюіне қосқан орасан зор еңбегі үшін, оқу орындарын дамытуға, оның ішінде Қазақ мемлекеттік университетінің өркендеуіне, оқу-материалдық базасы­ның нығаюына жасаған ерекше зор қамқорлығы үшін әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Құрметті профессоры атағы берілсін. 14 қыркүйек, 2000 жыл. Университет ғылыми кеңесінің шешімі» – деген жазуы бар жарлығымды оқып, құттықтадым. Жақсылап арнайы тіктірген мантияны кигізіп, профессордың дип­ломын, әл-Фараби бабамыздың суреті салынған кілемшені, университетіміздің символы ретінде жасалған медальонын табыс етіп, өзіне сөз бердім.
Асекең Қазыбек бек жөнінде жылы лебізін білдіріп, жастарды халқымыздың рухында, халқымыздың тарихы, салт-санасы негізінде тәрбиелеу керектігі, залда отырған студенттеріміздің еліміздің болашағы екені жөнінде мәні терең ойлар айтты.
Ол кісімен кейін де көп кездесіп тұр­дық. Қатардағы емес, Құдай берген ерекше қабілеті, дарыны бар өте ірі адам еді. Мерекелерде, тіпті жай күндерде де үйіне барып жүрдім. Кейде өзі телефон соғып:
– Келсейші, ақылдасайық, әңгіме­лесейік,− дейтін.
«Ұлы Тұранның ұлдары» деген кітабын жазарда маған жоспарын, кітаптың болашақ құрылымын көрсетіп:
– Ғұламалардың өмірін қалай жазға­ным дұрыс болар екен, – деп ақылдасты.
– Асеке, ол кісілердің өмірбаяны энциклопедияларда бар. Сол бағытта жазсаңыз жай анықтама боп шығады. Менің ойымша, бұған сіз өзіңіздің көзқарасыңызды, оларды қалай түсініп, қалай қабылдағаныңызды білдіріп, талдау жасап, өз тапқаныңызды, өз ойыңызды, пікіріңізді қосып жазсаңыз, сол бағалы, пайдалы болмақ, − деп едім:
– Өзім де солай ойлап жүр едім, − деді.
Көмегі тиер деп хандар, билер, әл-Фараби бабамыз, тағы басқа да тарихи тұлғалар жөнінде жазылған отызшақты кітап апарып бердім. Ол кісі бәрін оқып шықты. Кейін Мәмбет Қойгелдіге:
– Асанбай ағамыз тарихи тұлғалар жөнінде кітап жазып жатыр. Мен қағазға түсіргендеріңізді тарихи тұрғыдан қарап берсін деп сені айтып ем, ол кісі келісті. Асекең тарихты зерттегенімен, кайраткер адам ғой. Кем-кетігі, түзететін жері, тағы бірдеңесі болса, тарихшы ретінде кеңес бер,− дедім.
Обалы не керек, Мәмбет біраз қызмет істеп, өз ақыл-кеңесін айтты. Кейін кітап өте құнды, елдің аузында жүрген, оқырмандардың ризалығына бөленген кітап боп шықты. Құндылығы − оған Асекеңнің өзінің ой-пікірі, бағасы, көзқарасы, түсінігі, қабылдауы қосылды. Өзі ұлы адам ұлыларды түсіне, ұлылардың қадір-қасиетін көре біледі ғой.
Кітап жарық көргеннен кейін бір қызық жағдай болды. Мені шақырып:
– Көбей, осы кітап негізінде докторлық диссертация қорғасам қайтеді? Бұл ойыма сен қалай қарайсың? − деді. Мұндай ниеттің қайдан шыққанын, әлде өзінің, әлде біреудің айтуы ма, ол жағын біле алмадым. Мен:
– Асеке, ойлану керек. Сіздің қазіргі мәртебеңіздің өзі доктор, академиктен кем емес. Енді біреулердің алдына барып, осыны қорғап, үлкен басыңызды кішірейтудің керегі бар ма? − дедім.
– Маған ештеңенің керегі жоқ қой. Мен доктор боп қызмет істемеймін. Тек ұрпағыма қосқан үлесім болса деп едім. «Атамыз осындай қартайған кезінің өзінде докторлық диссертация қорғады» дерлік үлгі қалдырсам дегенім ғой.
– Ұрпағыңызды ойлантып-толған­тар­лық басқа да қасиеттеріңіз жетіп жатыр ғой, Асеке, − деп едім, берілетін түрі көрінбеді.
– Онда мен тағы Мәмбетті жіберейін. Ол Жоғары аттестациялау комиссиясының мүшесі, не істеу керек екенін, мына кітаптың докторлық диссертацияға жарайтын, жарамайтынын, бәрін біледі, − дедім.
Жақсы жібер.
Мәмбет келіп, ары қарап, бері қарап:
– Аға, дәл мына түрімен қорғау қиын­дау. Тағы біраз жұмыс істеу, диссертация­лық қалпына келтіру керек. Сізге мұның не қажеті бар? – десе, Асекең оған берілмепті. Содан кейін Мәмбет:
– Ақсақал тарихшымыз Манаш Қозыбаев. Сол кісінің алдынан өтіңіз. Егер де ол кісі мақұл дейтін болса, араласып көрейік, − деп жалтарыпты.
Асекең Манашпен сөйлесті ме, сөй­лес­педі ме, ол жағын білмеймін, қорғау мәселесі сол күйінде қозғаусыз қалды. Шы­нында, докторлық диссертация қор­ғамай жатыр деп ол кісіні ешкім кінә­ламайды ғой. Онсыз да атағы жер жарады.
Менің ойым – ғылыми кеңестің алдына барып, иіліп, сұрақтарға жауап беріп, терлеп-тепшіп, оны Жоғары аттестациялау комиссиясына жіберіп, бекітуін алаңдап күту дегеннің бәрі үлкен тебіреніс пен толғаныс қой. Оның үстіне төрт жарым жылға созылған тар қапас азабы денсаулығын әлсіретіп кетті, енді докторлық диссертация қорғаймын деп жүріп, өзін-өзі ұмытып, ауырып қала ма деген де қауіп болды. Бәрібір сол атың өшкір тар қапас Асекеңнің өмірін қысқартып кетті ғой.
2001 жылы тамыз айының басында Асанбай аға ауруханаға түсті. Көңілін сұрап барып жүрдім, мен сияқтылар көп қой, Асекеңнің палатасының есігі жабылмайтын көрінеді. Бәрі бір жағынан көңілін сұрап келсе, екінші жағынан ол кісіден көрген жақсылығын, жәрдемін көмегін айтып, рақметтерін жаудырып жатқандардың талай рет куәсі болдым.
Сонда Асекеңді тағы бір қырынан танығандай болдым. Абайдың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дегеніндей, Асекең өз туысына, жақынына тартпай, елге, жұртқа, халыққа тартқаны ұрпағымыздың ұрпағына өнеге емес пе? Ол кісінің бұл қасиеті де көпшілдігін, елшілдігін, тәртіптілігін, халқын сыйлай, сүйе білетіндігін аңғартса керек.
Он бірінші тамызда Жароков көше­сіндегі Жарбосынов атындағы урология орталығында дәрігерлер Асекеңе операция жасады. Мен 12 тамызда барып ем, жағдайы қиындау екен. Дәрігер:
– Жолығуға болмайды, − деді.
– Қолын алып, сәлем беріп шығайын, арнайы келдім − деп едім, бірер минутқа рұқсат етті.
Асекең алғаш үндемей жатты. Өңі жү­деу. Әлсіреп, қажығаны бірден байқалады. Біраздан кейін созған қолымды ұстап, жібермей:
«Ескелді би ме, әлде Балпық би ме, қайсысы екені дәл қазір есімде жоқ. Төрде төсек тартып жатыр екен. Кішкентай немересі бетіне үңіле қарап:
– Ата, ата, сен қашан өлесің? − депті. Би сәл күлімсіреп:
– Мен сен өлген соң, өлем, − дейді. Босағада тірлік істеп отырған келіні:
– Кішкентай балаға сен өлген соң, өлем дегеніңіз не, ата? – деп ренжіп, ашуланып қалыпты.
Әулие, дана адам не айтуды біледі ғой.
– Балам, сен менің ойымды түсінбедің. Мен сен өлген соң, өлем дегенім ұрпағым бар да өлмеймін, атым өлмейді дегенім, − деген екен. Көбей, сендер барда мен де өлмеймін, − деді Асекең қинала, әзер сөйлеп. Екі қолын кеудесіне қойып, біраз үнсіз жатып:
– Жарайды, келгеніңе рақмет, айналайын. Жұмысыңа бара бер. Мен демалайын, − деді.
– Сауығып кетіңіз», − деп қоштасып шығып кеттім. Ертеңіне, 13 тамыз күні таңғы жетіде:
– Асекеңнен айырылып қалдық, − деді хабаршы. Тұла бойым мұздап сала берді. Асекеңді соңғы сапарға шығарып саларда халық көп жиналды. Еліміздің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан жұртта есеп болмады.
Сөзімнің басында Асекеңнің тегі, қаны, ойы, ақылы бар, соған қоса өзін-өзі шыңдаған кісі деп айттым ғой. Барған, қызмет істеген жерін жандандырып, гүлдендіріп жіберетін. Елуінші жылдар­дың аяғы, алпысыншы жылдардың басында Жамбыл облысын басқарды. Іске кірісе салысымен Тараздың көшелерін асфальттап, телефон жүргізді. Алматының көшелері де шұрқ тесік боп жататын. Келе салысымен оны жөндеп, бірден асфальттауды қолға алды. Сол тұста белгілі ақынымыз Сырбай Мәуленов:
− Асанбай Асқаров,
Көшемізге тас салып,
Жамбылдан кеп жатыр ғой,
Алматыны басқарып, − деген бір шумақ өлең шығарған. Асекең тек машина жүретін жол ғана емес, ана үй, мына үй арасындағы жіңішке көшелердің бәрін асфальттап, бәрін дұрыстады. Бұдан басқа да қаншама игілікті істерді тындырды.
Биікке шығып алған адамдар асқынып-тасқынып жердегілерді ұмытып кетеді. Аяқ астындағы нәрселерді көрмейді. Асекеңде ондай мінез жоқ болатын. Қаншама жыл биікте тұрғанымен кішігірім, майда-шүйдеге дейін көріп, біліп, оны зиянсыздандырып, реттеп отыратын. Жай сөйлеген сөзінен де, жай бір, елеусіз істеген ісінен де ірі тұлғаның, ұлылықтың, тектіліктің белгілері танылып тұратын. Өмірдің болмашы қалтарыс-бұлтарысы туралы айтқанының өзінде терең пәлсапалық мән жататын.
Көп басшылар инкубатордан шыққандай бір-біріне ұқсас, былай жүріп-тұру, былай сөйлеу керек деп бір қалыпқа түсіп алған. Бар мақсаттары тапсырманы дер кезінде орындап, уақтылы есеп беру. Оның қалай орындалғанымен және халыққа тиер пайдасымен ісі жоқ. Сондай басшылар мен Асекең арасындағы айырмашылық аспан мен жердей еді.
Актерлерде рөлде ойнау, сонымен бірге рөлге кіру деген түсінік бар. Талантты актерлердің ойнаған рөлі талантты боп шығатыны − өзінің кейіпкерінің жан дүниесіне еніп, сахнада сол кейіпкердің өмірін сүріп, өзінің актер екенін ұмытып кетеді. Асекең сондай деңгейдегі өте талантты адам. Ол кісі барлық кезде қабылдаған шешімін, сөйлеген сөзін, істеген ісін, бағыт-бағдар, тұжырым-түйінін − бәрін жүрегінен өткізіп, елге тиетін пайдасын, қызығын, мүмкіндігін қалай көбірек жасауға болады, қайсысы халыққа көбірек жақсылық әкеледі деп ізденіп, өз ойынан, жанынан шыққан идеяларды іске қосып, жүзеге асыратын. Әйтпесе, кейін басы дауға қалған Шымкенттегі дендра саябағын, балалар теміржолын, зоопаркті, тағы басқа да құрылысты салып несі бар? Жоспарды орындап, басқалардай жан тыныштығын ойлап жүре бермеді ме? Халық игілігі үшін өз еркімен, өз бастамасымен қолға алған әлгі құрылыстарды жоғарыдан ешкім айтқан да, міндеттеген де жоқ қой. Үкіметтен тағы бір тиын ақша алмаған. Менің Асекеңді ешкімге ұқсамайтын ерекше адам, феномен дейтінім содан. Асекең үлкен бе, кіші ме, кез келген мәселеге жоғарыдан, биіктен, ел мүддесі тұрғысынан қарап, талғампаздықпен, ізденумен тірлік еткен басшы.

Адам баласы жарық дүниеге бәрі бірдей боп келгенімен бәрінің алдында не бітірді, не тындырды, фәни жалғаннан бақилыққа кім боп аттанды деген үлкен сұрақ тұрары анық. Біреулер бұл дүниеден елеусіз, ескерусіз өтсе, біреулер тіпті халықтың қарғысын арқалап аттанады. Тек аз санаулы адам ғана елінің мерейін өсіріп, мақтанышына айналып, үлкен абыройға ие болады. Сондай жанның бірі − Асекеңді халқы аса көрнекті, қажымас, қайсар қайраткер, айбарлы басшы, ғұлама ғалым, үлкен жазушы, ақын, елінің ардақты да абзал азаматы, ұлы перзенті деп бағалады. Өмірден озғанына он бір жыл болса да атын ұмытпады, атақ-абыройын төмендетпеді.


Алыстаған сайын биік таудың асқар шыңы көзге айқын көрінеді деуші еді. Тірі кезінде-ақ аты аңызға айналып, халқы­ның адал бағасын алған, сүйіспеншілігіне бөленген Асекеңнің ұлы тұлғасы күн санап ұлыланып биіктеп бара жатқаны рас. Асанбай Асқарұлы − Алаштың алып арыстарының бірі, ұлтымыздың намысы, еліміздің даңқы мен абыройы еді, біртуар, қайталанбас дара, дана тұлғасы еді. Асекеңнің осы дана, дара тұлғасы халқының есінде мәңгі сақтала бермек.

Каталог: kaz -> images
images -> «Аударма ісі» мамандығы бойынша 11. 12. 31, 11. 12. 32, 11. 13. 31 топтарының «Аударманың теориясы мен практикасы»
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Библиографический указатель подготовлен на основе Манифеста «Мир. XXI век»
images -> Ќ±рметті оќытушылар жєне білімгерлер
images -> Тараз 2017 Құрастырушыдан / От составителя Цифрлы ортадағы кітапхана және пайдаланушы
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағы
images -> «Бір ел – бір кітап» – акциясы Жыл сайынғы дәстүрмен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап»
images -> Халықаралық әкелер күнін әлемнің 52 елі мусымның үшінші жексенбісінде атап өтеді. Жалпы әкелер күні ХХ ғасырдың басынан бері аталып келе жатыр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет