Биыл жаз өткен жылдың жазынан да ыстық болады. Елімізде алдағы уақытта болатын аптап ыстық мәселесі Мәжілісте талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың мәліметінше, жазда орташа температура 19-23 градус болады.

"Қазгидрометтің мәліметінше, жазда орташа температура 19-23 градусты құрап, 40 градус немесе одан да жоғары болады. Өткен жылы ауа температурасы көтеріпі, 40-44 градусқа дейін жетіп, өрт шығу қаупін тудырды. Мысалы, Семейде", — деді Сыздықов.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою жүйесін күшейту мақсатында Экология министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығы бойынша табиғи өрттерді жою саласындағы уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы алгоритмі бекітілгенін айтты.

  • Соғыстар өршіп, бірнеше елде сайлау өтеді: 2024 жылы әлемді қандай жағымсыз жаңалықтар күтіп тұр
  • "Мұздай судан бас тартып, жабық киіну": Маман аптап ыстықтан қалай қорғану керек екенін айтты

"Алгоритмде мемлекеттік орман күзеті де, ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері де жағдайды бағалайды және орман өрті кезінде қосымша күш тарту туралы шешім қабылдайды. Бұдан басқа, алгоритм авиация мен Қорғаныс министрлігінің, ІІМ мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелерін жұмылдыру, сондай-ақ ахуал күрделенген кезде эшелондалған қадамдық іс-қимылдар мәселесін регламенттейді", — деді Нысанбаев.

Министрдің айтуынша, орман өрттерін сөндіру бойынша білім мен тәжірибелік дағдылар деңгейін арттыру үшін мемлекеттік органдар Азаматтық қорғау академиясының базасында мемлекеттік орман күзеті мен орман шаруашылығы қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын бекітті.

"Сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларға орман ресурстарын пайдалану және орман ресурстарына бару кезінде қойылатын талаптарды нақтылау бөлігінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаттарына өзгерістер әзірленді", — деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы тарихтағы ең ыстық жыл болатыны туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.