4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері



жүктеу 0.75 Mb.
бет4/5
Дата04.03.2018
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5

2.6. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар.

Қазақ халық педагогикасында жаңылтпаштар мен жұмбақтардың да алатын орны ерекше.

Сан және санау мәселеріне"байланысты болып келетін жаңылытпаштар" баланың тілін ширатып, оны дұрыс және айқын сөйлеуге үйретумен катар, сандардың атауларын дұрыс айта білуге қалыптастыруға да игі әсерін тигізеді. Халық жаңылытпаштары тақырыпқа өте бай және мазмұн жағынан әр алуан болып келеді. Қазақ арасында есеп сипатында тұжырымдалатын жаңылытпаштар да көптеп кездеседі.

Мәселен, Немесе

Сырық - қырық Үш кіші ішік піштім,

Құрық —қырық Бес кіші ішік піштім,

Қанша болды, Неше кіші ішік піштім?

Құрық, сырық?

деген сияқты жаңылтпаштар, бір жағынан балаға сандардың аталуын дұрыс айта білу мақсатымен берілсе, екінші жағынан, есеп шартындағы байланысты аңғара отырып, соының негізінде сәйкес арифметиқалық амалды дұрыс таңдап ала алуды талап етеді.

Жеті бірдей өренбіз,

Жеті шумақ өлеңбіз,

Жеті түрлі бояумыз,

Жеті түрлі әуенбіз.

Мейлі, бізді мақтама,

Бірақ бекер даттама.

Жаңылтпаш.

Гсшіл іссізбен келіспейді, Ізге түсті Ізмұрат,

Істі іссізден тез істейді. Ізмұратты біз бірак

Іске іске, Іздеп - іздеп таппадық,

Істі іске істер. Ізім - қайғы, қызық - ақ.

Ықылас пен Жасыбай

Ыдыстарын тасымай,

Ырыскүлден үлгі алмй,

Ынтасыз жүріп тілді алмай.

Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқар да қарт арқар бар.

Ұшып кетті үш құс, Қырық құрықтық,

Ұшып келді ұшқыш. Сырық, кұрық.

Жоғалды бес шыбын, Сегіз семіз серке,

Жоқ әлі еш сыбыс. Семіз сегіз ерке.

Жоқ әлі еш сыбыс, Сегізі де егіз,

Семізі де егіз.

Үш кісі ішік піштік, Қырық қызыл қүйрық,

Бес кісі ішік піштік. Қырық қыл қүйрық.

Неше кісі ішік піштік? Қырық қыл қүйрық ішінде

Ылғи қызыл қыл күйрық.

Қазақ жұмбақтарындағы анық байқалатын бір ерекшелік, олардың көпшілігі сандармен байланысты болып келеді, оларды қандайда бір затты немесе құбылысты оның сандық сипаттамасын түспалдай отырып жұмбақтау жиі кездеседі. Жұмбақтардың көбіне онға дейінгі сандарды, сондай - ақ үлкен сандарды, кейде аса үлкен сандар мен шексіздік ұғымын қамтып келетіні де бар. Жұмбақтар ақыл - ой тәрбиесінің тамаша құралы болып табылады. Жұмбақтарды қазақ халқы басқа да тапқырлық сөздер қатарында жас жеткіншектің ойын тапқырлыққа баулу үшін, сонымен біге оның сан жөніндегі түсініктерін байытып, онан әрі дамытудың әдістемелік құралы ретінде де қолданып отырған.

Сондықтан оларды тәрбие сағаттарында, пәндік және тақырыптық кештерде, әр түрлі ойын - сауықтарда пайдалануға болады. Бәрі нешеу.

Асан, Айша екеуі,

Қос қуыршақ,

Бір құлыншақ.

Екі ойыншық,

Құстай ұшып,

Үйден шықтық.

(Жауабы: Жетеу.)

Бәрі қанша?

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой,

Бәрі нешеу айта ғой?

(Он тоғыз)

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай

Алдында оның бастаушы

Артында төртеу қостаушы

Ойың жүйрік болса егер

Торғай нешеу, есепкер.

(Бесеу)


Бұл қандай сан?

Бүкірлеумін, имекпін.

Мойынындай үйректің Сабағыңды білмесең Мені аласың күнде сен.

(Жауабы: 2)

Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді.

(Аптаның жеті күні)

Бұл не?
2.7. Математика сабағында халықтық педагогиканы оқыту іс - тәжірибесі.

1 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау. Сабақтын білімділік мақсаты:

а) Математикадан өткен сабақтарды пысықтау;

б) Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып оқушылардың білімін


тексеру.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлей білуге, ұжым намысын қорғай білуге, өз халқының салт - дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, дәлдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Ұлттық салт - дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушының ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Көрнекілігі: Әйтеке би ауылының, Қазыбек би ауылының киіз үй сызбалары: ұлттық ойындардың жеке - жеке суреттері: қыз қуу, көкпар, тай жарыс, дастарқан, әр түрлі ұлттық тағамның жеке - жеке суреттері.

Істелінген заттар: Кішкентай киіз үй, бесік (жабдығымен), сандық, домбыра және қамшы, ер - тұрман.

1. Сабақтың жұру барысы: - Балалар, сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені қайталау сабағы болғандықтан, қазір «Наурыз тойын» тойлау арқылы білімімізді көрсете аламыз.

- Наурыз тойын тойлау үшін қандай дайындықтар жасау керек?

а) киіз үй құру;

ә) дастархан жасау;

б) ұлттық ойындарға дайындалу.

Ендеше 1- топ оқушылары Қазыбек би ауылының той дайындығын, 2 – топ Әйтеке бй ауылының той дайындығын жасайсыңдар-. Тале би ауылы киіз үй құрмайды. Олар қонақтар - сабаққа қатысқан ұстаздар. Сендердің математика пәнінен білім дәрежелерің арқылы той қалай өткендігін бағалайды.

1. Екі топ кезек - кезек ауызша жауап беру арқылы киіз үйлерін құрады. Сұрақтар киіз үй суреті сыртындағы сандар, өрнектер және геометриялық фигураларға байланысты қойылады.



  • Шаңырақтағы өрнектерге қарап азайтудың және қосудың компоненттерін
    атау.

  • Қосындының мәні 7 болатын өрнек құр-

  • Айырманың мәні 4 болатын өрнек құр.

  • Шаңырақ геометриялық қандай фигура болады? (Дөңгелек)

  • Киіз үй құрған арқандар қандай сызықтар? (Тұзу және қисық сызықтар)

  • Киіз үйдің есігі қандай геометриялық фигура? (Төрт бұрыш)

  • Ең үлкен бір таңбалы сан қандай сан?

  • Басқадай киіз үй сыртында қандай геометриялық фигуралар бар?
    (Үшбұрыштар)

2. Дастархан жасау.

Екі ауыл да дастарханына тоғыз түрлі ұлттық тағам қояды. Екі ауылдан да тоғыз бала өз - өз карточкасына берілген екі өрнекті шешіп, азайту, қосу компоненттерін ауызша айтып дастархандарына суреттерді жапсырады. Осылайша дастарханда әсем салынған тағам суреттерімен жасалып болады.

3. Ұлттық ойындар ойналады.

Қазыбек би аулынан ер бала шығады. Әйтеке би ауылынан кыз бала шығады. Қыз қуу ойыныныңтәртібі таныстырылады.

Кітаппен жұмыс № 1.

Азайғышы 10 болатын айырмаларды жаз және мәнін тап. Ер бала айырма мәндерін өсу ретімен, қыз бала кему ретімен шешеді.

I. 10- 1 II. 10- 10

10-2 10-9

10-10 10-1

Айырма мәндерінің шешілгеніне қарап ұпай беріледі.

Ал, балалар, киіз үй құрып, дастархан әзірлеп, ойындар ойнап біраз шаршадық.

Енді сергіту сәтін жасайық.

- Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек. Бас бармағым - үйде қал, Балалы үйрегім - жылқыңа бар. Ортан терегім - сиырыңа бар, Шылдыр шүмегім - түйеңе бар, Кішкене бөбегім - қойыңа бар - деп үйге тапсырма беріп, қорытындыладым.

Қазақ халқындағы ұлттық ойындар кезінде кездесетін заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу секілді жолдарын

пайдалану.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Шәкірттер бойына халқымыздың қадір -қасиетін сіңіртіп ата - бабаның тыныс тіршілігінен хабардар етіп, есте сақтау.

Көрнекілігі: Қазақша ұзындық, сыйымдылық өлшемдерін өлшеу үшін пайдаланған әдістерді бейнелейтін суреттер: метірлік, литр ыдысы. Тұз, бидай, күріш.

Тәрбие сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру.

Балалар, бүгін біз бұрынғы аталарымыздың өзі өмір сүрген дәуірде, өздерінің күнделікті тұрмыс - тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану үшін ұзындылықты, сыйымдылықты қалай пайдаланғанымен танысамыз.

Бұрын қазіргідей ұзындықты өлшейтін дайын метрлік, сыйымдылықты өлшейтін кг., метр өлшеуіш құралдары көп болмаған, болса да көп адамдар түсіне білмеген. Сондықтан көз қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған. Қазақ халқында ортақ өлшеуіштерге жалпы халық сенген және түсінген. Біз сол өлшемдерге көз жеткізуіміз керек. Мысалы: Үлкендер бес саусақты қалай атаған? Бір оқушы саусағын көрсете отырып атайды.

Оқушы: 1) Бас бармақ, 2) Сұқ саусақ, 3) Ортан саусақ, 4) Аты жоқ саусақ, 5) Шынашақ.



  • Дұрыс

  • Ал, саусақтар бірдей ме?

  • Жоқ

  • Here?

  • Білмейміз

Ендеше бес саусақ туралы халықтың аңызын әңгімелеп берейін. Ең алғашқыда саусақтар бірдей болып жаратылыпты. Бастары бір қосылғанда бас бармақ басқаларға қарап:

- Ұрлық жасаймыз ба? - депті.

Сұқ саусақ оның сөзін қолдап, - Жасасақ жасайық - депті Ортан саусақ:


  • Құдайдан қорықпайсыңдар ма? - депті.
    Аты жоқ саусақ:

  • Құдай не қылар дейсің? - депті.

Сонда шынашақ: - Алайық та қашайық, ұрлайық та сояйық - деп шыдамсызданады.

Содан саусақтардың осы айтқандарын жаратушы құдай естіп, оларды әр түрлі етіп жаратқан екен деседі.

Кейде өмірде адамдардың іс - әрекетін, қадір - қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда «бес аусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде үлкендер жиі айтып отырады.


  • Балалар, математика сабағында ұзындық өлшемдерін өттіңдер,
    атандаршы.

  • Миллиметр, сантиметр, метр, дициметр.

  • Дұрыс, ал салмақ өлшемдері қандай?

  • Грамм, килограмм, центнер, тонна.

- Балалар, ертеде көшпелі қазақ халқының тұрмысында сызғыш, метрлік,
таразы әрбір үйде болмаған.

Міне, сондықтан олар өлшем бірлік ретінде саусақтарды пайдаланған.


Қазақша ұзындық өлшемдерін былай атаған.
1 Елі 4. Қарыс сүйем

  1. Сүйем 5. Қарыс

  2. Сынық сүйем 6. Түтам.

Қазақша ұзындық өлшемдеріне жеке - жеке тоқталайық. 1 - оқушы: Елі - саусақтың көлденең қалындығы.

2- оқушы: Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың буыны бүгіліп


барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.

  1. - оқушы: Сүйем - бас бармақ өлшем.

  2. - оқушы: Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың аралық өлшемі.

  3. - оқушы: Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.

  4. - оқушы: Түтам бес саусақпен түтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең
    ұзындық.

- Дұрыс. Мысалы, пісіп тұрған сүтті мүздай жерге қойса, қаймак бетіне жиналады, үлкендер оны бір елі қаймақ жиналды дейді.

Ал, математикадағы ұзындық өлшемі бойынша айтсақ 1 см қаймақ жиналды дер едік.

Кішкентай аласа бойлы адамды бойы бір қарыс деп тілге тиек еткен. Сонымен бірге тәжірибеден сыйымдылық өлшемдерін былай атаған:


  1. Шымшым.

  2. Шөкім.

  3. Бір уыс.

  4. Қос уыс.

Осы өлшемдерге түсінік берейік.

  1. - оқушы: Шымшым - үсақ затты бас бармақ және сүқ саусақпен қосып
    алғандағы өлшем.

  2. - оқушы: Шөкім - үсақ затты үш саусақтың үшымен кысып алғандағы
    өлшем.

  1. - оқушы: Бір уыс - қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем.

  2. - оқушы: Қос уыс - қос қолдың саусақтарын бірге жымдастарғандағы
    өлшем. Кеседегі тұрған тұзды өлшеп көрсету.

Тамақтың бір шымшым тұзы кем. Бір шөкім тұзы кем.

Бидай: Бір уыс бидайды тауыққа шаш. Қос уыс бидайды тауыққа шаш.

Сыйымдылық өлшемдерін сурет бойынша балалардың өздеріне орындату.

Қорытындылау.

- Балалар, бүгін сендер ата - бабалардың тыныс - тіршіліктері және

сыйымдылық өлшемдері қалай пайдаланғандығымен таныстыңдар.

1 - оқушы:

Бес саусақ

Бас бармағым бауға барды,

Сұқ саусағым суға барды,

Ортан саусақ орақ орып,

Аты жоғым ағаш жарды.

Жүмсамапты алақаным

Тек шынашақ балапаным.

(Он саусақ).



«Зеңгір көктем» әніне салып төрт оқушыға орындату.

1. Жалғыз саусақ тіпті де


Ұстай алмас жіпті де.

2. Екі саусақ бірікті


Ине қолға ілікті.


  1. Үш саусағым орамды
    Жүгіртеді қаламды.

  2. Өнерлі екен он саусақ

  3. Қала салсақ, жол салсақ.






Сөзжұмбақ шешу.



















ш

Ө

к

I

м







Е

л

I







ш

ы

м

ш

ы

м




С

Ү

и

Е

м







т

ұ

т

A

м
















Қол, саусақтың адам үшін атқаратын қызметі өте көп. Оны жоғаргы сыныпқа барғанда кеңірек тоқталасындар. Әзірге бүгінгі үйренгендеріңді үйдегі отбасыларыңа, достарыңа айта жүріңдер. Келесі қазақ халқының ұлттық ойындарын пайдалана отырып сабақ өткізсе болады.

Сабақтын такырыбы: «Оқушылардың білім деңгейін анықтау»

Сабақтын мақсаты: Балардың білім дәрежесін анықтау, есептер шығарып, сол арқылы балардың білімін, қызығушылығын, ойындар аркылы тапқырлығын, шапшандығын, мәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, кеспелер, ребустар мен сөзжұмбақтар, сағат.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалардың сабаққа қажетті оқулықтары мен жазу құралдарын алғызып, олардың зейінін жаңа сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырманы балалардан сұрап, тексереді. Үйге қандай тапсырма берілді?

3. Жаңа сабақ.

Балалар, бүгін біз тақырыпты қайталаймыз. Бұл қайталауды дидактиқалық ойын арқылы өткіземіз.

Мұғалім: Балалар мен жақсы білем, сендер математиканы жақсы көресіндер. Сондықтан, біз бәрін «математиқалық поезд» деген ойынды өткіземіз. Бұған бізге 2 команда керек. Қазір екі команда өздерінің атын, эмблемасын көрсетеді және айтады.

1 - команда. Үшбұрыш.

2- команда. Төртбұрыш.

Ойынның шарты: Біздің «математиқалық поезд» Цифр қаласынан шығып, Математиқалық қалаға жету керек. Математиқалық қалаға жету үшін 5 станциядан өтуіміз керек. Әр станциядан өту үшін өзінің шарты бойынша есептер, ребустар, сөзжұмбактарды шешу керек. Міне сонда ғана математиқалық қалаға жетеміз. Ең көп ұпай алған команда математиқалық қалаға жеткенде жеңімпаз атанады.

Ал ойынды бастадық.

1 - станция - Логиқалық станция: Бұл станцияда сөздерді оқу керек. Бірақ бұл сөздер жай сөздер емес цифрлардан да әріптерден де тұрады.




Дұрыс оқылған ребус сөз командаға 1 ұпай беріледі. Бұл сөздерді оқуларың керек, одан соң жазуларың керек, соңында жюриге берулерің керек. Жылдам орындаған командаға қосымша 1 ұпай беріледі. Сөзжұмбақтар шешеді, оған да 1 ұпай беріледі.





Ы

Он + домбыра + ы + қарлығаш + тарак = Ондықтар








Ұзақ + орындық

Ұзындық


Сөзжұмбақ.

Көлденеңінен:

1. Геометриялық фигура? (Шаршы)

Тігінен:


  1. 100 жыл неге тең? (I ғасыр)

  2. 72-68 = ....(төрт)

  3. 95-89=....(алты)















A




т




Л




ғ

ө




Т

ш

A

р

ш

ы




с

т




ы







р










2. Тапқырлық станциясы.

- Балалар, бұл станцияда сіздер өте ұқыпты және байқагыш болындар. Тапсырманы тез орындаған команда 5 ұпай, 2 - ші команда 3 ұпай алады. Бірақ есептерді шығарған кезде әр командаға және 1 ұпайдан беріледі.

№1

Шешесі 3 қызына 9 тэтті беріп, үлкеніңнен кішің 2 тэтті кем, ортаңшың 1 тәтті кем алыңдар дейді. Әр қыз қанша тәттідён алған?



(Жауабы: 4,3,2)

№2

Алмұрт ағашында 10 алмұрт, ал алма ағашында 15 алмұрт артық өсіп тұр. Барлыгы неше алмұрт өсіп тұр?



(Жауабы: 10, себебі алма ағашында алмұрт өспейді)

№3

Балық аулауға барғанда баланың 7 масасы болды, 4 масамен 4 балық аулады. Қолған масамен неше балық аулады?



(Жауабы: масамен балық ауламайды)

№4

Аулада жүрген құлындар мен қаздардың аяқтарының саны жиырма екі. Аулада неше құлын, неше қаз болуы мүмкін?



(Жауабы: 4 құлын, 3 қаз) №5

Ең кіші екі таңбалы санға, ең үлкен бір таңбалы санды қосканда неше шығады?

(Жауабы: 10 + 9- 19)

3. Саиамақ станциясы.

Бұл жарыста әр командадан 3 адамнан алынады. 3 оқушыны өздерің таңдап шығарасындар. Оларға кызықты есепті шығару оңай болсын. Дұрыс шығарылған есепке 1 ұпай беріледі. Тез шығарған командаға және 1 ұпай беріледі.

№ 1 есеп. Үш ағайынды.

Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

(Ең үкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал)

№ 2 есеп. 5, 4, 3, 2, 1 цифрларын қатар жазып, олардың 85 саны шығатындай етіп қосу және азайту амалдарын*жаз.

(54 + 32-1 =85)

№ 3 есеп. Екі адам екі сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнаған?

(2 сағат)

Әр дұрыс шығарған есепке 1 ұпай алады. Бірінші бітірген команда және ұпай алады.



Тапқырлық станция

Санамақ сатнция








Логиқалық станция

Азайту станция



Сыйлық станция.

5. Сыйлық станция.

Бұл станцияда ойынның қорытындысы жасалады. Сыйлық дайын болады.

Мұғалім: Балалар, математика қаласына жеттік. Сендерге бүгінгі саяхатымыз үнады ма, әлде ұнамады ма? Ұнаса, қандай жерлері үнады және одан қандай әсер алдыңдар?


Міне, балалар, өздерің көрген шығарсыңдар, математика нақты ғылым ғана емес, әрі қызықты, әрі тартымды. Математиканы оқу арқылы өздеріңе керекті заттар табуға, дүниенің қыры мен сырын түсінуге болады. Соңынан қорытындылап бағалайды.

Ойын таным әдістерімен бірге, іскерлікке, тапқырлыққа, жіг^рлілікке, белсенділікке, саналылыққа, бірлікке, зейінділікке, ұстамдылыққа, әдептілікке, қажырлылыққа, қиялға, тәрбиелеумен бірге, санауға, өлшеуге, беттестіру әдісіне, тең шамалылыққа, тең құрамдылыққа, топтауға., жіктеуге, біріктіруге және т.б. сияқты математиқалық ұғымдарға алдын ала тәрбиелейді. Ойын үстінде бала тілі дамиды.

Ойынға қызығу үшін ойын өмірмен үштастырыла алынмп, оның кажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай - ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет.

Сабақтың тақырыбы: 3 + 54, 30 + 24 Сабақтың мақсаты:

Б. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін колдану арқылы үйреншікті тәсілдеріне келтіріліетінін көрсетіп беу, екі амалмен шығарылатын е-"-епті — ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерт енгізуге дайындық жүргізу. Д: Амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыра түсу; теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау. Т: Экономиқалық, экологиялық, эстетиқалық, гигиеналық, ұлтжандық тәрбие беру.



Сабақтың кәрнекілігі: «Қыз қуу» ойынына байланысты суреттер, асық,

қоржын, кеспе қағаз, әдістеме.



Сабақтың әдісі: Көрнекілік, ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы,

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Түгелдеу

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  4. Қазанның 16 - сы.

Сынып жұмысы, - деп жаздырамын.

II. Үй жұмысын тексеру:

Жаңа дәптерлерді таратып, үй жұмысы жазылған дәптерлерді жинап аламын. (Дәптерлерді сабақтың соңында жинап аламын).



III. Өткен такырыпты қайталау.

- Өткен сабақтарда біз бірліктер мен ондықтарды қосудың оңай тәсілін үйрендік.

(Тақтаға мына мысалдарды жазамын). 4 2 + = ( 2 +3 ) + 40 = 45 /\ 40 2

( 2 + 3 ) Жазуы нені білдіреді? Бірліктерге бірліктерді қосу, - дегенді білдіреді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет