4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері



жүктеу 0.75 Mb.
бет5/5
Дата04.03.2018
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5

23 -2 = (3-2) + 20 = 21 /\ 20 3

( 3 - 2 ) Жазуы нені білдіреді?

Бірліктерді бірліктерден азайту. 2 5 + 50 = (20 + 50) + 5 = 75 /\ 20 5

( 20 + 50 ) Жазуы нені білдіреді? Ондықтарға ондықтарды қосу, - дегенді білдіреді. 20 , 50 деген қандай ондықтар?

Толық ондықтар.


  • 42 санында неше ондық, неше бірлік бар?

  • 4 ондық, 2 бірлік.

  • 4 ондықта неше бірлік бар?

  • 40 бірлік.

IV. Жаңа сабақ: 3 +56; 30 + 24

  • Ал, енді балалар, мұқият қараңдаршы! Тақтаға мысал есепті жазамын.

  • 43 + 5 нешеге тең болады?
    43 +5 = 48.

  • Ал, енді қосылғыштардың орнын ауыстырайық. Қосылғыштары қайсы?
    43 және 5




  • 5 + 43 нешеге тең?
    5 +43 = 48.

  • Екі өрнектен не байқадыңдар? Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен
    қосындының мәні өзгермейді.

45+ 50 нешеге тең? 45+50 = 95. 50+45 нешеге тең? 50+45 = 95.

-Екінші өрнекте біз қосылғыштарды не істедік ? Қосылғыштардың орнын ауыстырдық. Екі өрнектің мәні неге тең? 95 - ке. Бүдан не байқадыңдар? «Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді».

- Балалар, бұдан шығатын ереже:

«Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді». Оқушылардың өздеріне мысал келтіремін. 3 оқушы тақтаға шығып жазады. Ережені қайталатамын.

- Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

- Қыз қуу, бәйге, көкпар, асық, күрес.



  • Жарайсыңдар. Балалар бүгін біз барлық есептерді жарысып шығарамыз.
    Жарыс қыздар мен ұлдар арасында болады.

  • Қазақ халқында қыздар мен ұлдарды жарыстыру «Қыз қуу» ойыны деп
    аталады. Балалар, «Қыз куу» ойыны қалай ойналады? Кім біледі?

  • Бала аттың үстінде отырып қызды қуалайды. Егер жетсе бетінен сүйеді, ал
    жетпесе, қыз қамшымен оны үрады.

  • Балалар, бүгінгі есептің бәрін біз екі топқа бөлініп шығарамыз. I - топ
    ұлдар, II - топ қыздардан құрылады. Қай топтың білімі күшті екенін
    бүгінгі біздің «Қыз қуу» ойынымен білеміз. Оны шығарған сайын, мына
    аттың үстінде тұрған қызды не баланы орнын жылжыта отырып білеміз.

«Қыз қуу» ойынын жүргіземін.

№ 2. Қосындысын жаз және оның мәнін тап.

3 пен 56 сандарының;

30 бен 24 сандарының;

1) 3 + 56 = 59 2) 30 + 24 = 54

Қосындының мәнін қалай таптың? Түсіндіріп бер.

1. Алдымен, бірліктерге бірліктерді қостым, содан кейін ондықты қостым.

3 + 56= (3 + 6) + 50 = 59

2. Алдымен, ондықтарға ондықтарды қостым, содан кейін бірлікті қостым.

30 + 24= (30 + 20) + 4 = 54

Қосылғыштардың орнын ауыстырып, тағы екі қосынды жаз және мәндерін тап.

3 + 56-59 30 + 24 = 54

He байқадың?

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді. Қосындының мәнін қалай таптың? Түсіндіріп бер.

1. Алдымен, бірліктерге бірліктерді қостым, содан кейін ондықты қостым.

56 + 3= (6 + 3)+ 50 = 59

2. Алдымен, ондықтарға ондықтарды қостым, содан кейін бірлікті қостым.

24 + 30= (20 + 30) + 4 = 54

№ 3. Теңдеуді шеш: 10 — a = 5; a-5 = 5; 5 + a=10.


  • Бұл тевдеулер «сынап көру» тәсілімен берілген а дегеніміз не?

  • Белгісіз сан.

  • Яғни мұндағы a - ны, белгісіз санды бірдестен табу керек.

3 оқушыдан ауызша сұраймын, кейінгі 3 оқушыға тақтаға шығартамын.
10-а = 5 а-5 = 5

а= 10-5 а = 5 + 5

а = 5 а= 10

10-5 = 5 10-5 = 5

5-5 5-5

Сергіту сәті: «Мақал - мәтел» жарысы.



Қыздар ер бала туралы мақал - мәтел айтады. Ұлдар кыздар жайлы мақал -мәтел айтады.

Ұ: Қыздың жолы жіңішке. т.с.с.

Қ: Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. т.с.с.

№ 4. Оқы:

а) Асханаға 13 кг. Алма жәнё~~5 кг. Алмүрт сатып алынды. Барлығы неше килограмм жеміс сатып алынды?

ә) Асханаға сатып алынған X кг жемістің 10 килограмы түскі асқа жұмсалды.

Неше килограмм жеміс қалды?

Сұрактар:



  1. Осы тапсырманың қайсысы есеп? Жауабы: а-сы.

  2. Here? Себебі шарты толық берілген.

  3. Онышығар.
    Алма - 13 кг.

Алмұрт - 5 кг.

Шешуі: 13 + 5= 18. Жауабы: барлығы 18 кг.



  1. Қандай амалмен шығардың? Қосу.

  2. Қандай сұраққа жауап бердің? Барлығы неше кг жеміс сатып алынды?

  3. Қайсысы есеп емес? Ә - сі.

  4. Неліктен? Себебі шарты толық емес.

  5. Оны есепке айналдыруға бола ма? Болады.

  1. Екінші тапсырманы қажетті дерекпен толықтырып, есепке айналдыр және
    шығар.

Сатып алынғаны - 18 кг.

Жүмсалғаны - 10 кг

Қалады - ? кг

Шешуі: 18-10 = 8

Жауабы: 8 кг қалды.

Ю.Қандай амалмен шығардың? Алу.

11.Қандай сұраққа жауап бердің? Неше кг жеміс қалды?


  1. Оқушының біреуіне оқытамын.

  2. Есепті талдап; шығартамын.
    Шешуін ауызша сұраймын.

V. Қорытынды.

«Сиқырлы қоржын» ойынын ойнатамын. 1. Қоржын туралы айтып беремін.



  • Балалар, қалай ойлайсывдар бұрын ата - бабамыз қоржынды не үшін
    пайдаланды?

  • Қоржынға түрлі заттарды салатын еді: ыдыс - аяқ, түрлі тағамдар. Оны
    түйенің үстіне артып көшіп - қонып жүрді. Қазіргі біздің сөмкелеріміздің
    орныны қолданып жүрді. Оны киізден немесе теріден жасайтын еді.
    Сыртын оюлап әшекейлейді.

- Мына біздің қоржынымызда да ішінде бір заттар жасырылған. Бұл қоржынымыз «Сиқырлы қоржын». Сендердің білімдеріңді тексеретін қоржын екен.

Оқушының біреуін шығарып, ішінен асық алдыртамын. Асық нөмірленген.

Сол нөмір бойынша кеспе қағаз алады. Кеспе қағазда тапсырма жазылған.


  1. 42 саны неше ондықтан, неше бірліктен тұрады?
    42 = 4 ондық, 2 бірлік.

  2. 1 сағатта неше минут бар?
    1 сағатта = 60 минут бар.

  3. 82 + 3 Өрнектің мәнін тап. Жақшалар арқылы.
    82 + 3 = (2 + 3) + 80 = 85

  4. 20 + 30 жазуы нені білдіреді?

Ондықтарға ондықтарды қосу дегенді білдіреді.

5. 3 + 2 жазуы нені білдіреді?

Бірліктерге бірліктерді қосу деген жазуды білдіреді. Мына сұрақтарға жауап бер:


  1. 1 метр 1 дециметрден неше сантиметр артық?

  2. 1 метр 1 сантиметрден неше сантиметр артық?

  3. 1 дециметр 1 сантиметрден неше сантиметр артық?

  4. 1 минут 1 сағаттан неше минут кем?

10. 1 сағат 1 тәуліктен неше сағат кем?
Жауабы:

6. 1м=10дм 7. 1м=100см

1м = ЮОсм 1м > Ісм

1дм=10см 99см артық.

100-10-90смартық.
8. Ідм = Юсм 9. ісағ = 60мин

Ідм > Ісм 1 мин < Ісағ

9 см артық. 59 мин кем.

10. 1 тәулік = 24 сағ

1 сағ < 24 сағ

23 сағат кем. VI. Үй жұмысы: 48 бет, № 5, 6 ш.ж.

№ 5. 68 бен 72 - нің арасындағы сандарды кему ретімен жаз. Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Неше топқа бөлуге болады?

72, 71, 70, 69, 68. 72 > 71 >70>69>68

Ұқсастығы екі таңбалы сандар, ондықтар және бірліктерден тұрады. Айырмашылығы: Неше топқа бөлуге болады?

№ 6. Әр толық ондық пен 4-тің қосындыларын жаз және мәндерін тап. Шыққан әр теңдікке сәйкес азайту амалымен байланысты екі тура теңдік күр және жаз.

10 + 4=14 14-4=10 14-10 = 4

20 + 4 = 24 24-4 = 20 24-20 = 4

30 + 4=34 34-4 = 30 34-30 = 4

40 + 4 = 44 44 - 4 = 40 44 - 40 = 4

50 + 4 = 54 54-4 = 50 54-50 = 4

60 + 4 = 64 —64-4 = 60 64-60 = 4

70 + 4 = 74 74-4 = 70 74-70 = 4

80 + 4 = 84 84-4 = 80 84-80 = 4

90 + 4 = 94 94 - 4 = 90 94 - 90 = 4

Бағалау: «5» - өте жақсы.



Қорытынды

Қазақ халқының соңғы ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мэдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие эдістері мен тэсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейрімділік, қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қаблеттерді олардың боына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.

Әрине жастарға тәлім-тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлер мен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді караған жөн.

Сондықтан да мектепте баларға білім беруде ұлттық тәрбие дэстүрлерін басшылыққа алу- басты талап. Бұл міндетті шешудегі шаралардың қайнар бұлағы, сарқымас көзі халықтық педагогика.

Қорыта келе:


  1. Халықтық педагогика элементтерін оқыту оқушыларды ұлтын,
    халқын, Отанын қастерлеп қалтқысыз еңбек етуге тәрбиелейді.

  2. Халықтық педагогиканың құрамды бөліктері қазақтың ұлттық
    ойындары, мақал-мәтелдері, жұмбақтар, ертегі есептер, санамақтар
    т.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін
    дамыту, тапқырлығы мен шешендікке тәрбиелейді.

  3. Халықтық педагогика элементтерін оқыту оқушыларды ұлттық сана
    сезім оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, этикадық талғамы
    жоғары, ар - ожданы мал, еңбекқор етіп тәрбиелейді.

  4. Халықтық педагогика элементтерін оқыту балалардың ғасырлар
    бойы емір тәжірбиесінен өткен әдептілік, сыпайылық,
    қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, ілтипаттыққа тәрбиелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ақадықова Б. "1001 мақал". // Қазақстан мектебі. 2003ж, №7.

2. Алиева К.С. "Математиканы оқыту'' әдістемесінен бақылау
жұмыстары". — Шымкент, 2002ж.

3. Амонашвили Ш.А., Лысенкова С.Н., Шаталов В.Ф., және т.б.


Педагогиқалық ізденіс. - Москва: Просвещение

4. Абдрахманова А., Молдабек К., Қойшибаева Н.,


Жунисбекова Ж. "Особенности применения развивающих
игр на уроках математики в начальной школе'\
- Шымкент, 1999г.

5. Арғынбаев X. "Қазақ отбасы". -Алматы: "Қайнар", 1996ж.

6. Ақылбаева М. Қызықты есептер. //Бастауыш мектеп/ 2004ж. №1

7. Асарбаева А. Ұлттық ойындар — халық педагогикасының


құрамдас бөлігі. // Ұлт тағылымы. 2002ж. №2.

8. Әбдіқадырова Г. Халықдық педагогиканың мәні зор.


// Қазақстан мектебі. 2003ж., №8.

  1. Әбілова 3., Қалиева Қ. "Этнопедагогика". Алматы, 1999ж.

  2. Әбуова А. Жаңылтпаштар — тіл дамыту~құралы// Бастауыш мектеп. 2003ж. №5.

  3. Бантова М.А., Бельтюкова Г.А., Полевщикова A.M.
    "Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы". — Алматы. "Мектеп", 1978ж.

12. Баймұханов Б. "Математика есептерін шығаруға үйрету".— Алматы, 1983ж.

13. Бантова Б. "Математиканы окъіту әдістемесі,— Москва: Просвещение. 1978ж.

14. Балтабай Е. Этнопедагогика және отан сүйгіштік тәрбие
// Казақстан мектебі. 2003ж. №1.


  1. Бектенғалиева С. Этнопедагогиқалық даярлық аса қажет.
    // Қазақстан мектебі. 2003ж. №б.

  2. Біләлова Ж. Математиқалық ұғымды меңгеру.
    // Бастауыш мектеп. 2001ж.№і2.

  3. Волкова С.И., Столярова Н.Н. "Тетрадь с математическими
    заданиями". 2-3 класс.

  4. Елубаева С. Дидактиқалық ұлттық ойындар немесе
    логиқалық есептер. // Бастауыш меьсгеп. 1991ж.№8.

  5. Елубаева А. "Математикадан кластан тыс жұмыстар". - Алматы: "Мектеп", 1984ж.

20. Елубаев С. "Қазақдың байырғы қара есептері". - Алматы: "Қазақстан", 1996ж.

  1. Едігенова А. Танымдық кызығуды қалыптастырудағы халық
    ертегілерінің мүмкіндіктері.// Қазақстан мектебі. 2003ж.Х«9.

  2. Елубаев С. Халық аузындағы еспетердің сипаттары.// Бастауыш мектеп. 2003ж.№2.

  3. Жампозова Э. Ұлттық дәстүрге баушық. // Қазақстан мектебі. 2ООЗж.№ІО.

  1. Исмайлова Ш. Ұлттық ойымен сыбайлас. // Бастауыш мектеп. 1989ж. №11-12.

  2. Ильина Т. "Педагогика". - Алматы, 1977ж.

  3. Кенжебекова Р.И. "Бастауыш мектепте математика пәнінен
    үиірме жұмысын жүргізу". - Шымкент, 2001ж.

  4. Кенжебекова Р.И. Бастауыш мектепте математикадан
    сыныптан тыс уақытта туыстық атауларды пайдалана
    отырып есеп шығаруға және имандылыққа тәрбиелеу. //Ұлт тағлымы. 2002ж.№4.

28. Кішібаева Д. Ұлттық ойындарды пайдалану. //Бастауыш мектеп. 2004ж.№1.

29. Қалиева Г. Математиқалық ертегілер. //Бастауыш мектеп. 2002ж.№8.



  1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев P.M. "Педагогика". - Алматы, 2000ж.

  2. Қосанов Б.М. "Қазақстандағы әдістемелік-математиқаль^'-
    ой-пікірдің қалыптасу тарихы".

  3. Құрманалина Ш.Х. "Математикадан дидактиқалық ойынд/Ф
    мен қызыкты тапсырмалар". — Алматы: "Атамұра", 1997ж.

  1. Мендалиев Б. Ұлттық ойындар.
    // Қазақстан мектебі. 2003, №12.

  2. Наурызбайқызы Ә., Әубәкір Қ., Мүқанбетқызы *-■
    "Математикадан дидактиқалық материалдар мен ойынд.;Ф
    және қызыкты тапсырмалар". —Алматы: "Рауан", 1994ж.

  3. Нұрғанова 3. Ертегілер еліне саяхат. // Бастауыш мектеп. 2002 ж. №10.

  1. Оспанов Т.Қ. "Математика". 2000ж.

  2. Оспанов Т.Қ. "Бастауыш кластарда математиканы оқыту".
    -Алматы: "Мектеп", 1987ж.

  3. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Кайыңбаев Ж.Т.,. "Математика". 2-сынып.-Алматы: "Атамұра", 2002ж.

  4. Өтеев Ж. "Алтын көнбе университеті".// Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992ж.№7,8,9.

  1. Сағындықов Е. "Қазақстың ұлттық ойындар". -Алматы: "Рауан", 1994ж.

  2. Сулеев О. "1-2 кластарда математиканың кей^Ф
    тақырыптарын оқыту әдістері". — Алматы: "Мектеп",

  3. Сардарова Ж. Компьютерлік ойындардың дидактиқал ык
    мүмкіндіктері.//Бастауыш мектеп. 1990ж.№12.

  4. Скаткин Л.Н., Жмқалкина Т.К. "Обучение решению пропорциональными величинами". — Москва:Просвещение. 1997ж.

44. Сауранбаева Н. "Ұлттық әдет-ғұрыптар туралы". -Алматы, 1968ж.

  1. Табылдиев Ә. "Халық тағылымы". -Алматы: Казақ университеті, 1992ж. '

  2. Табыддиев Ә. "700 жұмбақ". -Алматы: "Жалын", 1985ж.

  3. Табылдиев Ә. "Қазақ этнопедагогикасы". -Алматы: "Санат", 2001ж.

  4. Төлебекова Р. "Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика".
    —Алматы, 1994ж.

  5. Төлтаева Г. Ұлттық ойындарды пайдалану. //Бастауыш мектеп. 2002ж.№9.

  1. Тотикова Г., Мүсабеков. Халық педагогикасы сабақта.
    //Бастауыш мектеп. 2004ж.

  2. Ұзақбаева С. "Тасыры терең тәрбие". —Алматы: "Білім", 1995ж.

  3. Ұзақбаева С. "Балаларға эстетиқалық тәрбие берудегі халық
    дәстүрлері". —Алматы: "Білім", 1990ж.







Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет