4 «в» сыныбының бастауышпен қоштасуы Сынып жетекшісі: Рымбекова З. К бастауышым- балбұлағым



жүктеу 53.43 Kb.
Дата02.05.2018
өлшемі53.43 Kb.



4 «в» сыныбының бастауышпен қоштасуы

Сынып жетекшісі: Рымбекова З.К

Бастауышым- балбұлағым.

Вальс: “Алматым” (оқушылар жұптарымен вальс билей жөнеледі).

Сания: Бала шақтан, болашаққа жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбаты

Армысыңдар ұстаздарым қымбатты.

Әлібек: Армысыңдар аталармен аналар

Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп

Үйреткен ғой Мағжан ата бабалар.



Жұмазия: Ел ардақтап ғұламаның есімін

Біз тербеттік даналардың бесігін

Мағжан атын қойған екен мектепке

Салтанатпен ашқан екен есігін.



Абдулазиз: Армысың сен алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім



Хор: Үйретеді бізді мектеп!

Хор: Мектепке біздің мың алғыс!

Әлібек: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән- мағына жатыр десеңші.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғайтын батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да бәрі-бір ұстаздан білім алған.



Сәния: Сондықтан ұлағатты ұстаздар,

Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Сөз кезегі құрбыларым өздеріңде.

Аружан: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғылымдардың даналардың.

Өмірде сенің алған орыныңды

Бірі де жете алмас бағалардың.



Еркежан: Байсалды мінезімен бір қалыпты

Меніңде көкейімде із қалыпты

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің «Біліммен күш толады»



Азат: Мейріммен бірге жайған құшағың

Қуат берді самғап енді ұшамын

Өнегеңді өмірімде үлгі етіп

Арманымды бір өзіңе құшамын



Хор: Ұстазым.

Темірлан: Мектебім алтын ұям нұрын жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып

Сүйкімді сенің күміс қоңырауын

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып



Ғайнел: Өткіздім мұңда балғын жасымды мен

Жаныма сіңді сенің асыл киең

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың

Мектебім саған мәңгі басымды ием



Сәбина: Мектебімде айтылмаған сыр барма

Мектебімде жырланбаған жыр барма

Мектебімде алаулаған жас шағым

Кетер мәңгі сізбен талай жылдарға



Рамазан: Мектеп үйім, ұстаздарым, ата- анам

Сенен өсіп сенен ғана нәр алам

Саян ыстық сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып сан тарапқа тараған



Ән: Мектебім.

Күй: Балбырауын.

Темірлан: Ең жылы сөз айтатын, мейірім шуақ шашатын, шаршау дегеңді білмейтін бестік алсақ куанатын, жаман баға алсақ қызаратын мен үшін тоңып, күйінетін адам- ол ана.

Ғайнел: Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, әліппені менімен бірге оқыған, шаршасам алдымнан шығатын, киіміммен тамағымды әзірлейтін, кейде мен үшін сабағымды орыңдай салатың адамның бар екенің білеміз-ол ана.

Мәдина: Баубек Бұлқышев. «Ана»

Инабат: Ф.Оңғарсынова «Қос қанат»

Ән: Асыл ана.

Би: Домбыра.

Сөз пәндерге беріледі.

Математика: Сәлем достарым

Сабағы боп жоспардың

Еңбек мәнің есептеп

Еліме көп қосқаным

Асылы мен білімнің

Амалымен біліндім

Төрт амалды қолданған

Төресімен ғылымның

Есеп істің әр қамы

Есеппен ой артады



Ана тілі: Сәлем достар амаң ба?

Аман болған әмәнда

Ана тілін ардақтар

Ата-бабан анаң да.

Елдің атын сақтаған

Ана тілмін, мақтанам

Ұлы халық тілі деп

Ұрпақтарын жаттаған

Тілсіз ойын толмайды

Ойсыз білім болмайды.

Ана тілін білмесең

Ақыл миға қонбайды



Ой сергіту сұрақтары:

(Екі пән кезектесіп қояды)



  1. Күн мен түн теңелетін күн

  2. Біз үш санына қарап оны он бес дейміз

  3. Он кг темір ауырма он кг мақта ауырма

  4. Күн, түн, таңертен, кеш

  5. Құнанбаевтың аты-жөні

  6. Ең үлкен материк

  7. 100 см

  8. Талғат пен Тоқтар кім

Күй: «Науысқы»

Пән мұғалімдерін құттықтау.

Информатика пәнінің мұғаліміне

Монитор,пернетақта- сөздің басы

Өрлейді компьютермен өрге тасың

Бүгінгі жаhандану заманында

Жазира апайымның зорғой бәсі

Күтеміз ықыласпен әр сабағың

Оқимыз жіберместен бір парағын

Барынша игеруге тырысамыз

Осы деп бұл заманның зор талабы

Музыка пәнінің мұғаліміне:

Өмірдің мағынасы ән менен күй,

Одан артық болмайды ешқандай сый,

Бір кезде

«Әнді сүйсең менше сүй» деп Абай айтқан,

Бүгінде Айкешова Зәурештей сүй.

Зәуреш апай саналады жеке дара,

Мектепте оңсыз өтпес ешбір шара.

Деніңіз сау болсын деп тілейді

Әніңізді жаттаған әрбір бала.



Орыс тілі пәнінің мұғаліміне:

«Үш тұғырлы тіл»-біздің ұранымыз,

Мадина апайдан көп сұрарымыз.

Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін

Керек болар тіліміз, құмарымыз.

Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз.

Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз.

Тілейміз Мадинадай апайларға

Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз.

Частушка:

Көңілде қимас сезім болары хақ.

Бейкүнә желкілдеген балалық шақ.

Тек бізбен қоштасар ұстазымыз.

Жазылмас басқамыздың жұптарымыз.

Хор: Папури.

Ғайнел: Өзіңде өстім,көктедім.

Қош, ұстазым алғашқы,



Қош, бастауыш мектебім!

Мөлдір: Ертегідегі аңыз бойынша бала дүниеге келгенде аспанда жаңа жұлдыз пайда болып, өмір бойы ол адамға жол сілтеп жарқырап тұрады екен.

Жарас: Иә, олай болса жан-жақтарыңызға қараңыздаршы . Бүгін осы залда қанша жұлдыз бар?

Мөлдір: Әр бала бұл кішкентай жұлдызша. Келешекте ол жұлдызша үлкен жарық жұлдыз болатыны сөзсіз. Ол үшін әрқайсымыз көп күш салып, тырысуымыз керек.

Жарас: Өмірде дұрыс жол табу үшін сендерге басқа жұлдыздар қазір жарқырап тұр. Келешекте, ер жеткенде сендер өз кезектеріңде басқа балалар үшін жол сілтеп жарқырайтын боласыңдар.

Хор: Қош бастауыш мектебім.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет