АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Мюнхен қауіпсіздік конференциясы кезінде Қытай және Үндістан сыртқы істер министрлерімен Ресейдің ғарышта ядролық қаруды орналастыру мүмкіндігі туралы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: newsweek.com

Блинкен келіссөздер барысында Мәскеуді ықтимал жоспарлардан бас тартқызатын Пекин мен Дели екенін айтты.

Мемлекеттік департамент басшысының айтуынша, ғарышта ядролық қаруды қолдану үлкен апатқа әкеледі. Сондай-ақ америкалық қана емес, Қытай мен Үндістан спутниктерінің жойылуына әкелуі мүмкін.

Осы аптада АҚШ Ресейдің жерсерікке қарсы қару жасап жатқанын мәлімдеді.   

  • АҚШ-тағы ең бай университеттің аты аталды
  • "Ешқашан тумайтын жақсы өмірді күтеміз": Түрмеде көз жұмған Путиннің "қас жауы" Навальный туралы не білеміз

1967 жылы АҚШ, Ұлыбритания және Кеңес Одағы қол қойған Ғарыш туралы шартқа сәйкес, ядролық немесе кез келген жаппай қырып-жоятын қаруды Жер орбитасында, Айда немесе кез келген басқа аспан денесінде, ғарыш кеңістігіндегі станцияда орналастыруға тыйым салынады. Ақ үй шенеуніктері егер Ресей келісімді бұзса, Солтүстік Корея сияқты елдер де үлгі ала ма деп қауіптенеді.

Мәскеу спутникке қарсы қару жасау туралы АҚШ-тың сұрауына әлі түсініктеме берген жоқ. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің Ресейдің ғарышқа ядролық қару орналастыру жоспары туралы сұрақтарына да жауап бермеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті лауазымына республикалық партиядан үміткер Дональд Трамптан гөрі Америка мемлекетінің қазіргі басшысы Джо Байденді артық көретінін айтқаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.