49 шығарылым Бөлімдер: «Ет өнімдері өндірісі»



жүктеу 2.11 Mb.
бет8/9
Дата07.03.2018
өлшемі2.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 59. Ірімшік жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майсыз ірімшік өндіру процессін жүргізу. бұлауларды белгіленген пропорцияда сүтпен және пахтамен толтыру. Ұйытқы, ұйытатын фермент және химикат салу. Ұйыту процесін қадағалау. Қоюлануын айқындау. Іріткіні төгу. Ірімшікті дәнде технологиялық нұсқаулыққа сәйкес тұздау. Ірімшікті формалау. Өздігінен сығымдалуды жүргізу, ірімшікті технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес сығымдау. Ірімшікті бөшкелерге формалауда – дәнді тығыздап салу, сығымдау. Ірімшікті тұздау бөлімшесіне орналастыру, ірімшікті тұздықта тұздау. Жетілдіру, орау немесе ірімшікті пленкаға орау кезінде майсыз ірімшікті ұстау. Ірімшікті аудару, ысқылау, жуу. Ірімшікті таңбалау және парафиндеу. Бөшкелерге формаланған ірімшіктің бетіне парафин қоспасын құю. өлшеу, орау, тиеуге дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; майы алынған сүт, пахта және ірімшіктің құрамы мен қасиеті; майсыз ірімшік өндіру технологиясы; қолданылатын шикізат және ірімшіктің сапасына қойылатын талаптар; қолданылатын шикізат және материалдардың шығу нормасы.
§ 60. Ірімшік жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұлауларда, ірімшік жасағыштарда майлы ірімшік өндіру процесін жүргізу. жабдықтарды жұмысқа дайындау. Бұлауларды немесе ірімшік жасағыштарды сүтке толтыру. Ұйытудан алдын қоспаның майлылығын реттеу. Ұйытқы, ұйытатын фермент ерітінділері мен химикаттарды салу, қоспаны ұйытудың қажетті температурасына жеткізу. Ұйыту процесін қадағалау. Дайын болуын айқындау. Іріткіні алып тастау, қышқыл сүт процесін реттеу, ірімшік массасын дәнде ішінара тұздау, ірімшік дәнін араластыру. Формалаудың құю тәсілімен іріткісі бар дайын дәнді формалауға жіберу. Бұлауларда ірімшікті формалауда пластының пайда болуы және сығымдау, пластыны кесуге қатысу және ірімшік массасын формаларға қолмен қалау. Ірімшіктің өздігінен сығымдалу және сығымдау процесін, оны тұздау бөлімшесіне жіберуді бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, сүт және ірімшіктің құрамы және негізгі қасиеттері, шикізат өндіру технологиясы, ірімшікте болатын кемшіліктер мен олардың алдын алу әдістері; қолданылатын бақылау-өлшеу және реттейтін аспаптардың қызметі және пайдалану ережесі; қолданылатын шикізат және ірімшіктің сапасына қойылатын талаптар.
§ 61. Ірімшік жасаушы шебер

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылына 300 т-ға дейін ірімшік өндіретін ірімшік өндіру процесін бұлауларда, ірімшік дайындағыштарда жүргізуді басқару. Түсетін шикізатты есептеу. Сүтті сапасына қарай сұрыптау және зертханалық талдаулар негізінде және органолептикалық тәсілмен ірімшіктің жарамдылығын айқындау. Сүтті май және ақуыз құрамына қарай қалпына келтіру және бактериалдық ұйытқы, химикат, ұйытатын ферменттің қажетті мөлшерін айқындау. Қажет болғанда бактериалдық ұйытқы дайындау. Бұлауларда, ірімшік дайындағыштарда ірімшік әнін өңдеу процесін бақылау. Формалаудан алдын ірімшік дәнінің дайындығын айқындау. Ірімшікті формалау және сығымдау процесін бақылау. Ірімшіктің белсенді қышқылдығын индикаторлық әдіспен кезеңімен тексеру. Ірімшікті өлшеу және тұздау бөлімшесіне жіберу. Жабдықтарды, формаларды, керек-жарақтарды жуу сапасын бақылау. Есептеу және есептілік жүргізу. ірімшіктің сапасын бағалауға қатысу.

Білуге тиіс: сүт пен ірімшіктің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері, ірімшік өндіру технологиясы; ірімшікте болатын кемшіліктер мен олардың алдын алу әдістері; қолданылатын шикізат және ірімшіктің сапасына қойылатын талаптар; қолданылатын шикізат және материалдардың шығу нормалары, есептеу және есептілікті жүргізу ережесі.

Жылына 300 т-дан артық ірімшік өңдеуде – 6-разряд.



Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 62. Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірімшікті жетілдіру процесін жүргізу. сығымдаудан кейін ірімшікті қабылдау, сығымдау сапасын тексеру. Ірімшікті тұздау процесін бақылау, тұздаудың қажетті технологиялық режимді қолдау. Ірімшікті қалау, жуу, ысқылау, айналдыру, парафиндеу жөніндегі жұмыстарды, оларды пленкаға орауды басқару. Түрлі температуралық және ылғалды режимді камераларда жетілдіруді бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес ірімшікті жетілдіру режимін реттеу. Ірімшіктің сапасын бағалауға қатысу. Ірімшіктерді тиеуден алдын жәшіктерге орауды басқару.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; ірімшіктің құрамы мен негізгі қасиеттері; өндірілетін ірімшік өндіру технологиясы, жетілдіру процесінде туындайтын ірімшікте болатын кемшіліктер; жетілдіруде ірімшіктің шығу нормасы, ірімшіктің сапсына қойылатын талаптар.
§ 63. Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы шебер

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылына 300 т-ға дейін ірімшік өндіруде ірімшікті жетілдіру процесін жүргізу. ірімшікті тұздау және сақтау процесін басқару. Сығымдаудан кейін тұздау бөлімшесіне түсетін ірімшік сапасын бақылау. Ірімшік сапасын бағалау. Ірімшік партияларын тиеуге дайындау, қажетті құжаттарды ресімдеу. Қолданыстағы нормалар бойынша ірімшікті жетілдіруде шығынын айқындау. Есептеу және есептілік жүргізу.

Білуге тиіс: сүт және ірімшіктің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері, түрлі ірімшік өндіру мен жетілдіру технологиясы; ірімшікте болатын кемшіліктер мен өндіру және жетілдіру кезінде олардың алдын алу және жою әдістері; ірімшіктің сапасына қойылатын талаптар; жетілдіру кезінде ірімшіктің шығу нормасы.

Жылына 300 т-дан артық ірімшік өндіруде – 6- разряд.



Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 64. Ірімшік тұздаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ ұлтабар ірімшік тұздау процесін жүргізу. сығымдаудан кейін ірімшікті қабылдап алу, ірімшіктің сапасын тексеру. Тұздықты бассейндерге, контейнерлерге немесе контейнерсіз ірімшікті орналастыру. Тұздаудың технологиялық режимін сақтау. Тұздық әзірлеу, пастерлеу, салқындату, ағарту, талап етілетін температураны ұстап отыру, тұздықты концентрациялау және қышқылдау; оны циркуляциялау немесе араластыруды жүзеге асыру; тұздықты сүзгілеу. Контейнерсіз тұздауда – ірімшікті бір, екі, үш қатарға орналастыру, ірімшіктің тұздықтан шығып тұрған жерлерін серпянка, тұздық жағу.

Білуге тиіс: ұсақ ірімшік өндіру және тұздау технологиясы; ірімшіктің құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, тұздаудың сапасына байланысты болатын кемшіліктер; олардың алдын алу және жою әдістері, тұздық әзірлеу ережесі; ірімшікті тұздауда кететін шығын нормасы; есептеу негіздері.
§ 65. Ірімшік тұздаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ ұлтабар ірімшік тұздау процесін жүргізу. ірімшіктің жоғарғы жағын жабық серпянкамен тұздау, ірімшіктің басын кезеңімен араластырып отыру. Тұзды ерітіндімен ірі ірімшіктердің жекелеген түрлерін жуу, араластыру, бассейндерде ірімшікті тұздағаннан кейін таза дөңгелектерге қалау және оларды кептіру. Жетілдіру процесінде ірімшіктерді тұздау, тұздау үшін щеткамен өңдеу. Тұздықтың талап етілетін параметрлерін қолдау, оны жаңарту.

Білуге тиіс: ірі ірімшік өндіру және тұздау технологиясы, ірімшіктің құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері; тұздаудың сапасына және одан әрі жетілдіруге байланысты болатын кемшіліктер; олардың алдын алу және жою әдістері, тұздықтың технологиялық параметрлеріне қойылатын талаптар; ірімшікті тұздауда және жетілдіруде кететін шығын нормалары; есептеу және есептілік жүргізу ережесі.
§ 66. Ірімшік формалаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шұжық ірімшігін оларға тиісті форма беру және тығыз салу үшін батондарды байлау. Батондарды таяқшаларға және рамаларға ілу. Батондарды ыстауға жіберу. Шұжық ірімшігін және шпагат қабығын жұмыс орнына тасымалдау.

Білуге тиіс: шұжық ірімшігін батондардың белгіленген формасына және мөлшеріне сәйкес байлау тәсілі; шпагаттың шығын нормасы.
§ 67. Ірімшік формалаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пластылы ірімшікті формалау немесе үйінділеу процесін жүргізу. Формаларды дайындау, оларды арба үстелге орнату немесе формалайтын жерге транспортермен жіберу. Формалау аппаратын жұмысқа дайындау. Ірімшік дәнін қабылдау, біркелкі биіктіктегі пласты пайда болуы үшін оны біртегіс етіп жаю. Іріткіні алып тастау, пластыны сығымдау. Манометр бойынша қысымды бақылау және оны реттеу. Пышақ рамасымен ірімшік пластысын кесу, есікті жібергенде көлденең бағытта кесу. Пластиналарды шаю, аппаратты құрастыру. Ірімшік брусоктарын аппарат пластинасынан алу, формаларға қалау.ірімшікті үйінділеп формалауда діріл балғасын, іріткіні ажыратқышты немесе формалау жартылай автоматын дайындау. Іріткіні тартатын сорғыны іске қосу. Формаларды жекелеп немесе топтау тәсілімен таратып құю құрылғысы арқылы толтыру, жартылай автоматқа қызмет көрсетуде формаларды жіберу және түсіру. Қабыққа масса толтырудың қажетті тығыздығын сақтай отырып түрлі құрылымдағы шприцтермен ірімшік массасын формалау процесін жүргізу. балқытылған ірімшік массасын қабылдау және шприцті зарядтау. Жабдықтарды жұмысқа дайындау. Күпшектерді орнату және ауыстыру. бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қысымды және вакуум шприцтердегі зарядтың аяқталуын реттеу. Шұжық ірімшігінің батондарын байлауға жіберу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; ірімшіктің құрамы және негізгі қасиеттері, түрлі ірімшікті формалау процесінің технологиясы, формалаудың сапасына байланысты болатын ірімшіктің кемшіліктері, ірімшік массасын қабыққа толтыру сапасына және тығыздығына қойылатын талаптар; қабық және ірімшік массасының шығу нормасы.
§ 68. Фризерлеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз істейтін фризерлерде балмұздақ қоспасын фризерлеу (ауа толтыру) процесін жүргізу. сүт құбыржолдарына сүзгі орнату. Фризерді іске қосу және оған балмұздақ қоспасын салу. Қоспаны араластыруды, фризердің және тез мұздататын аппараттардың температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша реттеу, балмұздақтың дайын болуын органолептикалық тәсілмен тексеру. Балмұздақтың ораудан алу аппаратына және тез мұздататын аппаратқа біркелкі жіберілуін, сондай-ақ ағын желісі автоматтарының синхронды жұмысын қамтамасыз ету. Араластырылған қоспаны гильзаларға және құлақшаларға жіберу. Балмұздақты ұсақ орау құлақшаларына, генераторлық формаларға немесе жетілдіру камераларына жіберу. Қажеттігіне қарай оралмаған балмұздақты орауға қатысу. Порциялардың салмағын бақылау. Жабдықтың жұмысындағы кемшіліктерді жою. Қызмет көрсетілетін жабдықты бөлшектеу. Есептеу және есептілік жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы; оның жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, балмұздақ өндіру технологиясы, балмұздақтың сапасына қойылатын талаптар; есептеу және есептілік жүргізу ережесі.

Кезеңімен істейтін фризерлерде жұмыс істегенде – 3-разряд.


§ 69. Фризерлеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пульті бар алмаспалы ұштамалы (экструдер) жартылай автоматтармен және автоматты фризерлермен жарақталған ағынды механизацияланған және автоматты желілерде балмұздақ қоспасы параметрлерін автоматты түрде реттеп және ұстай отырып, фризерлеу процесін жүргізу. Өндірістік бағдарламаға сәйкес балмұздақ қоспасын реттегіштер және араластырғышы бар аралық ыдыстарды толтыру. Эталон бойынша балмұздақтың араласуын айқындау. Ауаның жіберілуін реттеу. Балмұздақты формалау құрылғыларына, орау автоматтары мен жетілдіру (тез мұздататын) камераларына біркелкі етін жіберілуін қамтамасыз ету. Электромеханикалық және электронды синхронизаторлардың көмегімен ағынды-механизацияланған және автоматты желілердің жабдықтарын синхронды жұмысын қамтамасыз ету. Фризерлерді еріту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін желілердің құрылысы және кинематикалық тәсімдері, балмұздақ өндірудің технологиялық процесі; балмұздақ өндіру жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамасының негізгі ережесі; электромеханикалық және электронды синхронизаторлардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматиканың құрылымы; балмұздақтың араласуын айқындау ережесі.

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі


р/с№

Осы бөлімде ораналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2004 жылғы басып шығарылған

БТБА-ның қолданыстағы шығарылымы бойынша кәсіптердің атаулары



Разряд диапазоны

БТ

БА шығарыл



ым



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7




1.

Сүтті қалпына келтіру аппаратшысы

3-4

Сүтті қалпына келтіру аппаратшысы

3-4

49

Сүт өндіру




2.

Ірімшікке полимерлік және парафин қабат жағу аппаратшысы

2-3

Ірімшікке полимерлік және парафин қабат жағу аппаратшысы

2-3

49

-"-




3.

Сүт өнімдерін салқындату аппаратшысы

4

Сүт өнімдерін салқындату аппаратшысы

4

49

-"-




4.

Сұйық қаймағы алынбаған сүт ауыстырғыш өндіру аппаратшысы

4

Сұйық қаймағы алынбаған сүт ауыстырғыш өндіру аппаратшысы

4

49

-"-




5.

Ұйытқы өндіру аппаратшысы

4

Ұйытқы өндіру аппаратшысы

4

49

-"-




6.

Қышқыл сүт және балаларға арналған сүт өнімдерін өндіру аппаратшысы

3-4

Қышқыл сүт және балаларға арналған сүт өнімдерін өндіру аппаратшысы

3-4

49

-"-




7.

Сүт қантын өндіру аппаратшысы

4

Сүт қантын өндіру аппаратшысы

4

49

-"-




8.

Балқытылған ірімшік өндіру аппаратшысы

3-4

Балқытылған ірімшік өндіру аппаратшысы

3-4

49

-"-




9.

Құрғақ сүт

өнімін өндіру аппаратшысы



3-5

Құрғақ сүт

өнімін өндіру аппаратшысы



3-5

49

-"-




10.

Ерітілген

май өндіру аппаратшысы



2, 4

Ерітілген

май өндіру аппаратшысы



2, 4

49

-"-




11.

Тұзды ірімшік жасаушы

3

Тұзды ірімшік жасаушы

3

49

-"-




12.

Тұзды ірімшік жасаушы шебер

4

Тұзды ірімшік жасаушы шебер

4

49

-"-




13.

Вафли жасаушы

2-3

Вафли жасаушы

2-3

49

-"-




14.

Балмұздақ және тәтті ірімшік глазурлеуші

2

Балмұздақ және тәтті ірімшік глазурлеуші

2

49

-"-




15.

Балмұздақ жетілдіруші

3

Балмұздақ жетілдіруші

3

49

-"-




16.

Казеин жасаушы

3-4

Казеин жасаушы

3-4

49

-"-




17.

Балмұздақ дайындаушы

3-4

Балмұздақ дайындаушы

3-4

49

-"-




18.

Қаймақ дайындаушы

3-4

Қаймақ дайындаушы

3-4

49

-"-




19.

Ұлтабар ұнтақ және тағамдық пепсин жасаушы

4

Ұлтабар ұнтақ және тағамдық пепсин жасаушы

4

49

-"-




20.

Сүзбе дайындаушы

3-5

Сүзбе дайындаушы

3-5

49

-"-




21.

Шұжықты ірімшік ыстаушы

2

Шұжықты ірімшік ыстаушы

2

49

-"-




22.

Май дайындаушы

2-4

Май дайындаушы

2-4

49

-"-




23.

Май дайындаушы шебер

5-6

Май дайындаушы шебер

5-6

49

-"-





24.

Сүтті қант өндіру шебері

5

Сүтті қант өндіру шебері

5

49

-"-




25.

Құрғақ майы алынған сүт және қаймағы алынбаған сүт ауыстырғыш өндіру шебері

5-6

Құрғақ майы алынған сүт және қаймағы алынбаған сүт ауыстырғыш өндіру шебері

5-6

49

-"-




26.

Қаймағы алынбаған және қышқыл сүт өнімдерін өндіру шебері

4-6

Қаймағы алынбаған және қышқыл сүт өнімдерін өндіру шебері

4-6

49

-"-




27.

Вакууммен орайтын машинаның машинисі

4

Вакууммен орайтын машинаның машинисі

4

49

-"-




28.

Ірімшік жуушы

2-3

Ірімшік жуушы

2-3

49

-"-




29.

Сүт өнімдерін пакеттерге және пленкаға құю автоматының операторы

4

Сүт өнімдерін пакеттерге және пленкаға құю автоматының операторы

4

49

-"-




30.

Сүт өнімдерін автоматты өндіру желісінің операторы

5

Сүт өнімдерін автоматты өндіру желісінің операторы

5

49

-"-




31.

Ұйытқы өндіру операторы

5

Ұйытқы өндіру операторы

5

49

-"-




32.

Қышқыл сүт және балалар сүт өнімдерін өндіру операторы

5

Қышқыл сүт және балалар сүт өнімдерін өндіру операторы

5

49

-"-




33.

Казеинат және казецит ерітіндісін өндіру операторы

4

Казеинат және казецит ерітіндісін өндіру операторы

4

49

Сүт өндіру




34.

Балмұздақ өндіру желісінің операторы

3-5

Балмұздақ өндіру желісінің операторы

3-5

49

-"-




35.

Сүт және сүт өнімдерін бөтелкелерге құю желісінің операторы

4

Сүт және сүт өнімдерін бөтелкелерге құю желісінің операторы

4

49

-"-




36.

Сүт қоймасы операторы

4

Сүт қоймасы операторы

4

49

-"-




37.

Салу-орау автоматының операторы

3-5

Салу-орау автоматының операторы

3-5

49

-"-




38.

Ірімшік сығымдаушы

3-4

Ірімшік сығымдаушы

3-4

49

-"-




39.

Сүт өнімдерін қабылдаушы

3-4

Сүт өнімдерін қабылдаушы

3-4

49

-"-




40.

Ірімшік жасаушы

2-4

Ірімшік жасаушы

2-4

49

-"-




41.

ірімшік жасаушы шебер

5-6

ірімшік жасаушы шебер

5-6

49

-"-




42.

Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы

4

Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы

4

49

-"-




43.

Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы шебер

5-6

Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы шебер

5-6

49

-"-




44.

Ірімшік тұздаушы

3-4

Ірімшік тұздаушы

3-4

49

-"-




45.

Ірімшік формалаушы

2-3

Ірімшік формалаушы

2-3

49

-"-




46.

Фризерлеуші

3-5

Фризерлеуші

3-5

49

-"-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет