56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы



жүктеу 54.93 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі54.93 Kb.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы

56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы

84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 28-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiне:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстар мен техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (бұдан әрі – жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану).»;

4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жалылсын:

«1 қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары – барлық жағдайда»;

3) тармақшада «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «зерделеу мен пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақшада «жер асты суларын» деген сөздер «суды» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары – балық шаруашылығында маңызы бар тоғандардан жер үсті суларын жинап алу кезінде және оған сарқынды және қашыртқы суларын ағызу кезінде.»;

7-тармақта:

1) тармақшада «сарқынды және қашыртқы суларын ағызу» деген сөздер «арнайы су пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «су ағызуды» деген сөздер «суды» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) тармақшада «сарқынды және қашыртқы суларын» деген сөздердің алдынан «су жіберу және (немесе)» деген сөздермен, «тұлғаларға» деген сөзден кейін «жер үсті суларын жинап алуға және (немесе) пайдалануға» деген сөздермен толықтырылсын;

8-тармақтың 4) тармақшасында «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «зерделеу мен пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы ережеге қосымшада келтірілген мәліметтерді көрсете отырып арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;»;

3) тармақша алынып тасталсын;

5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;

6) осы ереженің 6-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді.»;

7) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1 Су жинап алуға арналған су объектiлерiн пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшiн осы ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттiлiктерi туралы мәлiметтер;

2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.

9-2. Гидроэнергетика мақсаттары үшiн су объектілерiн пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшiн осы ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) гидроэлектр станциясының белгiленген қуаты туралы деректер;

2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабiлетi туралы мәлiметтер;

3) балық қорғау және балық өткiзу құрылыстары туралы мәлiметтер;

4) жоғарғы және төменгi бьефтердегi су режимi мен су сапасының көрсеткiштерiн бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер;

5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың өтініш берілген көрсеткіштерi туралы деректер.

9-3. Су жинап алусыз жер үстi су объектілерiн пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшiн осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) кеменің техникалық сипаттамалары;

2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетiле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімiнiң рұқсаты;

3) кемеде жиналатын сарқынды сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етiлу туралы деректер;

4) су объектiсінің және қоршаған ортаның жай-күйiне келеңсіз әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкін объектiлердi пайдалану және жұмыстарды жүргiзу кезiнде акватория учаскесiндегi су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер.»;

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген ережеге қосымшамен толықтырылсын.

2. «Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 84 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 3, 44-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы « »

№ қаулысына

қосымша


Арнайы су пайдалануға

рұқсат беру ережесiне

қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге

арналған өтініште көрсетілетін мәліметтер
Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) су пайдаланудың түрі (осы Ереженің 2-тармағына сәйкес);

2) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (сарқынды суларды ағызу, жер асты суы көзінің) орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схема;

3) су пайдалану мақсаты;

4) су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары;

5) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (ағызылатын сарқынды сулардың, жинап алынатын жер асты суларының) болжанып отырған көлемі (мың м3/жыл, м3/тәулік, л/с);

6) өнім бірлігіне кететін жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың үлестік шығыстары;

7) су пайдалануды бастау мен аяқтаудың болжанып отырған мерзімдері;

8) су тұтыну мен су жіберудің теңгерімдік схемасы мен есептемелері;

9) су пайдалануға жауапты тұлғаның аты-жөні, байланыс телефоны;

10) су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелердің алаңдары);

11) өтініш берушінің техникалық және технологиялық іс-шараларды, қайта өңдеуді және жұмыстардың қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, жер үсті және жер асты суларын сарқылу мен ластанудан қорғауға, сарқынды суларды қабылдағышқа, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ниеті;

12) өтініш берушінің кен орнынан (оның учаскесінің) жер асты суларын жинап алу кезіндегі су пайдалану шарттары туралы ниеті;

13) арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер осылар өтініш берушіде бар болса, жер үсті және жер асты суларын жинап алу және (немесе) пайдалану жөніндегі пайдалану, өнеркәсіптік және басқа да сарқынды суларды жер беті су объектілеріне ағызу тәжірбиесі);

14) жер үсті және жер асты суларын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдердің болжанып отырған есебі;

15) суды пайдалануды есепке алуға, режимдік байқауларды және зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтардың сипаттамалары;



16) суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар.

___________________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет