Вашингтонда шілде айында өтетін НАТО саммиті қырғи-қабақ соғыс кезінен бергі ең маңыздысы болмақ, деді Мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкен альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірлескен баспасөз конференциясы кезінде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Голос Америки

Оның айтуынша, алдағы кездесуде альянсқа төнетін қауіпке қарсы тұру мәселесі талқыланады. 

"Ол Ресей, Қытай немесе киберкеңістіктегі лаңкестікпен күрес болса да бәрібір", — деп атап өтті Блинкен. 

  • Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы заң жобасын мақұлдады
  • Қытай тоқырау дәуіріне қадам басуда – Пол Кругман

Бұған дейін НАТО әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр НАТО Ресеймен алдағы жиырма жыл ішінде болатын жанжалға дайындалып жатқанын мәлімдеген еді.

"Біз бейбіт әлемде өмір сүріп жатқанымыз әдеттегі жағдай емес екенін түсінуіміз керек. Сол себепті біз (НАТО күштері) Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатырмыз", — деп мәлімдеді НАТО шенеунігі. 
Сондай-ақ Бауэр қысқа мерзімде оқ-дәрі мен қару-жарақ шығару қажет екеніне байланысты қақтығысқа дайындық "өндіріс базасына сүйенетінін" болжады. Ол қайтадан әскерге шақыру басталуы мүмкін екенін мәлімдеді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.