5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған



жүктеу 266.34 Kb.
Дата19.05.2018
өлшемі266.34 Kb.
түріБағдарламасы



Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы



5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған

«Ежелгі дәуір әдебиеті»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ФЖжӨ факультетінің деканы


_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2011 жыл



Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Қадырова Б.М.


Қазақ филологиясы кафедрасы

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20 __ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 20 __ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

_______Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. _______ 2011_ж. «_____»___________

(қолы) (аты-жөні)



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Қадырова Бақытжан Масалимовна

ф.ғ.к, доцент

Қазақ филологиясы кафедрасы _____А1__ корпусында (мекен-жайы), 324 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255


2 Пән туралы мәліметтер

Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан алуан түрлі тасқа жазылған ескерткіштер , түркі халықтарының шежірелері, трактаттары, сөздіктер, т.б. біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең ежелгі дәуір әдебиет үлгілерін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

Бар-лығы

2

21

6

6

-

-

-

78

-

емтихан



1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні .Әдебиет тарихы- әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі . Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен қадым замандардан бері өзара тығыз байланысты болғандығы.

Ежелгі түркі тілді әдебиет- бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстармен бірге жасаған көркем сөз өнері .

Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру қажеттігі.



Пәнді оқыту мақсаты:

Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан алуан түрлі тасқа жазылған ескерткіштер , түркі халықтарының шежірелері, трактаттары, сөздіктер, т.б. біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең ежелгі дәуір әдебиет үлгілерін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.



Пәннің міндеттері:

  • Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны,Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер;

  • Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғ «Ұлы жібек жолының» ашылуы ;

  • Сақтардың тайпалық бірлестіктері, аландар мен ғұндар ;

  • Сақтардың салт-дәстүрі, наным-сенімі,әдет-ғұрпы, діні;

  • Зороастризм діні. «Авеста» кітабы-ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы;

  • «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағандығы (766-940жж). Түрік қағанатының екіге бөлініп кетуі;

  • Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келетіндігі;

  • Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемелекеті-Қарахан мемлекеті (940-1212);

  • «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кен-қалалар;

  • Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар. Ежелгі түрік әріптері;

  • Ежелгі түріктердің наным-сенімдері.


Студенттер білуі тиіс:

Ежелгі түркі ру- ұлыстармен бірге жасаған көркем сөз өнерінің үлгілерін білулері қажет.


Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.


2 Пререквезиттер:

- Тіл біліміне кіріспе.

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Мәдениеттану.

-Философия.

-Халы ауыз әдебиеті




Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ


1

2

3

4

5

1.

Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

1




3

2.

«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі




0,5

3

3.

Қорқыт ата кітабы.(«Китаби дедем Коркуд»)

0,5




4

4.

Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)




0,5

4

5.

Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)







4

6.

М.Қашғари «Диуани лұғат ат- түрк(Түркі сөздерінің жинағы»)

0,5




4

7.

Ж:Баласағұн «Құтадғу біліг(Құтты білік»)

0,5




4

8.

А:Иүгінеки. «Хибатул –Хақайық»

(«Ақиқат сыйы»)






0,5

4

9.

А.Яссауи «Диуани хикмат»(«Да-

Налық кітабы»)






0,5

4

10.

Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»

0,5




4

11.

Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары»




0,5

4

12.

«Кодекс Куманикус

1




4

13.

Хорезми «Мұхаббат –наме»




0,5

4

14.

Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны




0,5

4

15.

Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки»

(«Түрік тіліндегі Гүлстан»)



1

0,5

4

16.

Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны




0,5

4

17.

Әбілғазы. «Шежіре-и түрік» («Түркі шежіресі»)




0,5

4

18.

Қ.Жалайыри. «Жами-ат тауарих»

0,5




4

19.

Х:Дулати «Тарих-и Рашиди»




0,5

4

20.

Бабыр «Бабыр –наме»

0,5

0,5

4

Барлығы: сағат

6

6

78




Тақырып




Сырттай бөлім

СҚТмӘ-101 (қ)

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1

Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

1




3

2

«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі




0,5

3

3

Қорқыт ата кітабы.(«Китаби дедем Коркуд»)

1




4

4

Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)

1




4

5

Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)




0,5

4

6

М.Қашғари «Диуани лұғат ат- түрк(Түркі сөздерінің жинағы»)

1




4

7

Ж:Баласағұн «Құтадғу біліг(Құтты білік»)

1




4

8

А:Иүгінеки. «Хибатул –Хақайық»

(«Ақиқат сыйы»)






0,5

4

9

А.Яссауи «Диуани хикмат»(«Да-

Налық кітабы»)



0,5




4

10

Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»




0,5

4

11

Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары»




1

4

12

«Кодекс Куманикус

0,5




4

13

Хорезми «Мұхаббат –наме»




1

4

14

Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны







4

15

Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки»

(«Түрік тіліндегі Гүлстан»)






0,5

4

16

Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны




0,5

4

17

Әбілғазы. «Шежіре-и түрік» («Түркі шежіресі»)







4

18

Қ.Жалайыри. «Жами-ат тауарих»




0,5

4

19

Х:Дулати «Тарих-и Рашиди»




0,5

4

20

Бабыр «Бабыр –наме»






4




Барлығы:

6

6

78


3.3 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Орхон жазуындағы жәдігерліктер. Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХғ).Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер. «Ұлы жібек жолының» ашылуы .Сол кездегі Қытай,Үндістан,Греция,Иран,Си-

Рия,Месопатамия,Вавилон,Мысыр,т.б. елдермен сауда,мәдени,рухани

байланыстар.Сақтардың тайпалық бірлестіктері,аландар мен ғұндар.Есік қаласы маңынан табылған сақ көсемінің «алтын адамның» киіміндегі зергерлік өрнектердің,сақтардың «Алтын обасынан»(Оңтүстік Қазақстан) шыққан әшекей-сәндік бұйымдардың,Таңбалытас,Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттердің,т.б. ғылыми мәні.Сақтардың салт-дәстүрі,наным-сенімі,әдет-ғұрпы,діні,олардың ата-баба әруағына,аспан денелеріне,Күнге, Айға,Жұлдыздарға және Жер анаға табынуы

Зороастризм діні. «Авеста» кітабы-

Ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы.Ежелгі жазу-сызулар.Арамей,авеста,соғда,кушан,көне ұйғыр, руна жазулары. «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы (552-745ж).Түрік қағандығының екіге бөлініп кетуі.Шығыс түрік қағандығы. Батыс түрік қағанаты-көне түрік қағандығының негізінде603-ж құрылған феодалдық мемлект. Батыс түрік қағанатынан кейін өмірге келген мемлекеттік дәрежедегі бірлестіктер. Түркеш қағанаты(704-766ж) Қарлұқ қағанаты(766-940ж).Оғыз мемлекеті(ІХ- ХІғ)Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдықмемлекет бірлестігі ретінде өмірге келгендігі. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдықмемлекеті-Қарахан мемлекеті(940-1212ж). «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кент қалалары;Отырар(Фараб),Сүяб,Та-раз,Құлан,Мерке,Испаджап(Сай-рам),Баба-Ата, Сығанақ, Созақ, Талхиз (Талғар)

Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу- сызулар. Ежелгі түрік әріптері. «Орхон»немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну; Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.

Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр(684-731ж),оның ағасы елбасы Білге қаған(683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон(руна)жазба ескерткіштерін табу,руна жазуын оқу,аударма жасау, ғылыми мәтін дайындау ісіне мол үлес қосқан орыс және Еуропа ғалымдары Н.К.Видзен,И.Т.Старленберг,Н:М:Ядринцев,В.В:Радлов,В.В.Томсен,С:Е:Малов

Ю:Немет,Х:Н:Оркун,И:В:Стеблева,т.б.туралы мәлімет. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер С.Аманжолов,

Ғ.Мұсабаев,Ғ.Айдаров,А:Аманжолов,М:Жолдасбеков,,Қ.Өмірәлиев,т.б. еңбектері

3-тақырып. Қорқыт ата кітабы ( «Кітабы дедем Қоркуд»)

Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.Қорқыт атаҮІІІғ Сыр бойында өмір сүрген тарихи тұлға,аңызға айналған күйші-сазгер, мәшһүр жырау,кемеңгер филосов.Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір,мәңгілік тіршілік іздеуші

Аңыз кейіпкері.

«Қорқыт ата кітабы»-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сыйқырлы күйлері.Қорқыт атаның өсиеттері,ғибрат сөздері,мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші,тәржімелеушіЕуропа және орыс ғалымдары.Қорқыт ата мұрасын зерттеу,қазақ тіліне аудару ісінеқазақ ғалымдарының қосқан үлесі. «Қорқыт ата кітабы».

Тақырыбы мазмұны,компазициясы,қаһармандары,көркемдік ерекшеліктері.

Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындысындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер. «Қорқыт ата кітабы» 12 жырдан тұрады.


6-тақырып. М.Қашқари. «Диуани лұғат ат- түрік»

М.Қашқари (ХІ ғ)-ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, саяхатшы.

«Диуани лұғат ат-түрік»-түрікше-арабша түсіндірме сөздік.Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра. «Диуани лұғат ат-түрік» -тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне,т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ.

«Түркі сөздерінің жинағының» зерттелуі, тәржімалануы, басылымдары. «Сөздікті» зерттеуші түркі, Еуропа, орыс ғалымдары: А.Рифат, Басым Аталай,

Броккельман,Т:А:Боровков,А:Н:Кононов,В:А:Гордлевский,т.б.

М:Қашқари «Сөздігінің» қазақ тіл білімінің тұрғысынан зерттелуі: Н:Т:Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.Н.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов,

Қ.Бекетаев, Ә.Ибатов.

«Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ғибырат сөздер, сажыдар (ақ өлең), насыр (проза), т.б.

«Сөздікте» аңшылық жайындағы өлеңдер.Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі аңшылық бейнлейтін көркмсөз үлгілері,еңбек, егін салу, мал бағу тақырыбына арналған өлең-жырлар.

«Сөздікте» батырларды көтере мадақтайтын өлең жолдары.Алып Ер Тұңғаны

(Афрасиф) мадақтау. «Сөздіктегі» түрмыс-салт жырлары.Қадым заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, кәсібін,тотемдік түсініктерін танытатын өлең-жырлар.

М.Қашқари жинаған бәдік, бақсы өлеңдері, бата-тілек, бесік жыры, той бастар, жар-жар, жоқтау, естірту,т.б.жыр үлгілері.

«Диуани лүғат ат-түріктегі» мақал-мәтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер. Қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылатын мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
7-тақырып. Ж.Баласағұн «Құдатғу біліг»

Баласағұн-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы,ғылымы, белгілі қоғам қайраткері. «Құтты білік» дастанының бізге үш нұсқасының-ВЕНА (яки Герат),Каир және Наманған нұсқаларының жеткендігі.Дастанды зерттеуші ғалымдар, аудармашылар,бастырып шығарушылар: Ж.Амадес,Г.Вамбери, В.В.Радлов, Е.Э.Бэртельс,А.Валитова,С.Е.Малов, С.Муталибов,К.Каримов,С.Иванов,А.Егеубаев,Б:Сағындықов,т.б.

«Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат.

«Құтты білік»-дидактикалық дастан.Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт қаһарманы: Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы Ұғділміш, дәруіш Одгурміш.

«Құтты білік» дастанының негізгі сюжеттік желісінің шығарманың негізгі төрт

қаһарманының өзара әңгімесінен,сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазатын хаттарынан тұратындығы. Дастандағы ел басқарған әкімдер бейнесі. Ел басқарған әкімдер мен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас мәселесі .Патшалар, уәзірлер, қолбасшылар, елшілер, ғалымдар, саудагерлер,дихандар, малшылар, қолөнер шеберлері,аспаздар,түс жорушылар,тәуіптер,т.б. қоғамдағы рөлі жөніндегі дастан авторының ой-пікірлері.

Дастанда ел басқаратын әкімдерге қойылатын талаптар: әділдік,ақыл- парасат,өнер білімге жетік болу,ниеті түзу,сөзі шырын,пейілі кең,кек сақтамайтын болу. Дастандағы ақыл-парасат,өнер-білім, әдептілік,тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік,жомарттық, мейірімділік,тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу,т.б.мәселелер. Дастанның көркемдік ерекшеліктері,түр-
10-тақырып. Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы»

Сүлеймен Бақырғани –сопылық сарындағы хикмат жырлармен есімі мәшһүр ақын.Қожа Ахмет Иассауидың философиялық ой-пікірлерін ислам қағидалары бойынша жалғастырушы шәкірті.

«Бақырғани кітабының» негізгі идеясы- сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, адалдыққа,бауымалдыққа үндеу. Гуманистік ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы (Б.Сағындықов).
12-тақырып. «Кодекс Куманикус»

«Кодекс Куманикус –кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі,қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303ж) екі бөлімнен тұратындығы.1-бөлім- латынша, парсыша, куманша сөздік.

«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі,Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.
20-тақырып. Бабыр.

Бабыр (1483-1530) – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі жазушы, атақты тарихшы- ғалым. «Бабыр –наме» - үш бөлімнен тұратын прозалық шығарма. Бірінші бөлімінде 15-16 ғасырлардағы Орта Азиядағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық-әлеуметтік, саяси оқиғалар, осы өлкенің табиғаты сөз болады. Екіншісінде – қазіргі Ауғанстан жерінде («Кабул уәлләяты») орын алған маңызды тарихи оқиғалар, үшіншісінде – Үндістанның бай табиғаты, халқы, салт-санасы, ғылым, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, ондағы саяси оқиғалар баяндалатыны. «Бабыр-намені» зерттеу, басқа тілдерге тәржімелеу, бастырып шығару ісіне көп елдердің ғалымдарының ат салысқаны: үндістандық М.Н.Хайдар, С.А.Шарми, Р.П.Трипатке, ауғанстандық А.Х.Хабиби, А.А.Кохзат, түркиялық Р.Р.Арат, И.Н.Банор, пакистандық Р.А.Надви, А.Мавлийат. «Бабыр-наменің» идеялық мазмұны, тарихы, тілі.



3.4 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

2.

«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі

«Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора,аллегория,гипербола,эпитет,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер туралы. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы.Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.

4.

Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)

«Оғыз-наме» эпосының қаһармандары-Оғыз қаған,оның балалары,Ұлы Түрік,Алтын Қаған,Урум қаған,Урус бек,Сақлаб,Ұлы Орда бек,Қағарлық ер,Темір Қағұл Жосун ер,Көк Бөрі,т.б. «Оғыз-наме»эпосының нұсқалары.Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ:Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.


8.

А:Иүгінеки. «Хибатул –Хақайық»

(«Ақиқат сыйы»)



«Ақиқат сыйы»- дидактикалық сарында жазылған шығарма.Компазициялық құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез- құлық,әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы.Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі»,

«білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию әдептілік пен

тәртіптіліктің шарты екендігі туралы.


9.

А.Яссауи «Диуани хикмат»(«Да-

Налық кітабы»)



Дәуітұлы, М.Шафиғи,Б.Сағындықов,т.б.

«Диуани хикмат» -исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа,бауырмалдыққа,ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің

қағида, шарттарын,Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу,ақиқатты іздеп табу,адамның рухани өмірінің таза болуы.


11.

Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары»

Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы,халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар,өлең-жырлар жинағы.


13.

Хорезми «Мұхаббат –наме»

«Мұхаббат-наме» дастаны (1353ж)-Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі. «Махаббат-наменің» қолжазба нұсқалары. Көне ұйғыр жазуындағы және араб жазуындағы екі нұсқаның табылуы. «Махаббат-намені» зерттеуші, аударушы, бастырып шығарушы ғалымдар: Э.Н.Нәжіп, А:М:Щербак,С.Қасымов, В.Валиходжаев, Н.Маллаев,А.Қыраубаева туралы.

Дастан негізінен жігіттің 11 хатынан (намеден) тұратыны, қыздың жігітке жауап хаты берілмейтіні, жігіттің хаты арқылы-ақ қыздың махаббаты айқын бейнеленгені.




16

Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны

«Жүсіп-Зылиха » дастанының идеясы – ел билеушілер арасында тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету.


3.5 СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

СҚТмӘ-101(қ)



1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

12

(2х6)


2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

12

(2х6)


3

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы







4

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

26

5

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

20




Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

8




Барлығы







78


Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет.

Ұ¦сынылатын әдебиет: [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер.

2. Нәзиралық шығармалар.

Ұсынылатын єдебиет: [8], 1-100 беттер; [9], 1-96 беттер.

3. Ислам дәуіріндегі әдебиет.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.

4. Қорқыт жырларындағы өмір мен өлім күресі.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-200 бет.
Бақылау жұмыстарының тақырыптары.


  1. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі.

  2. Оғыз дәуіріндегі әдеби ескерткіштер.

  3. Ислам мәдениеті және түркі әдебиеті.

  4. Әл-Фараби - әдебиетші, ақын.

  5. Ахмет Иассауи және сопылық поэзия.

  6. Сүлеймен Бақырғани поэзиясындағы этика-мораль мәселесі.

  7. «Құтты білік» дастанындағы тәлім-тәрбие мәселесі.

  8. М.Қашқари сөздігіндегі тұрмыс-салт үлгілері.

  9. Алтын Орда әдеби ескерткіштеріндегі дидактикалық сарын.

  10. Сайф Сараидың «Гүлістан бит-түрки» ескерткіштерінің жанрлық сипаты.


Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности(ей)




5В050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Пәннің атауы Ежелгі дәуір әдебиеті


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Сырттай

ЖОБ негізінде



2













3,00

9

6

39

1-семестр

2-семестр

6












6

4,80

60


Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.. –А. 1986.

  2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. – А. 1989

  3. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

  4. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – А., 199б.

  5. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. –А. 1986.

  6. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.

  7. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.

  8. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А., 1991

  9. Қоңыратбаев Т. Қазақ эпосы және түркология. –А., 1987.


Қосымша:

10. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

11. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1979.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.



13. Сүйіншіәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –А., 1989.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет