5В060800 «Экология» мамандықтарына арналған «Қоршаған орта мониторингісі»



жүктеу 1.16 Mb.
бет5/7
Дата19.09.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

3.4 Жер ресурстарын қорғау
3.4.1. Жер ресурстарының жай-күйі
Шығыс Қазақстан облысының жер қоры ШҚО жер қатынастары басқармасының деректері бойынша 2007 жылғы 01 қаңтарда 28346,8 мың гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығының алқаптары ШҚО бойынша жер қатынастары басқармасының деректері бойынша топырақтың құнарлылығын анықтайтын белгілер бойынша сипатталуы:

1. Қосылмаған кері белгілерімен:

барлығы – 3573,6 мың га, соның ішінде:

сөзсіз жарамдылары - 1478,6 мың га;

жер бедерінің жағдайы бойынша пайдаланылуы қиын - 959,9 мың га;

суару үшін судың жоқтығынан - 1135,1 мың га.

2. Тас шақпары көп – 12094,1 мың га.

3. Сортаң – 1573,9 мың га.

4. Сор топырақты жерлер – 3573,7 мың га.

5. Шайылғандары – 424,9 мың га.

6. Дефляцияланғандары – 856,9 мың га.

7. Су және жел эрозиясымен қоса зақымданғаны – 1,4 мың га.

8. Аса дымқылданған – 251,7 мың га.

9. Бақпақ – 121,9 мың га.

10. Өзгелері – 208,2 мың га.

Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымындағы егістік жерлер 1130,2 гектарды алып жатыр, немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының 20,7 % алаңы. Егістік жерлердің неғұрлым ірі алқаптары облыстың солтүстік-шығысында және шығысында орманды-дала және дала ландшафтты аймақтарында шоғырланған (16, 17 қосымшалар).

Жүргізілген жер реформасының нәтижесінде жер қатынастарының сипаттамасында бастысы жерге деген мемлекеттік монополияны жою және жердің кейбір санаттарына жеке меншікті енгізу ақылы жер пайдалануға көшіру, жерді сатып алу және пайдалануға төлем енгізу, жерде шаруашылықтың барлық нысанын тең құқықты дамыту үшін жағдай жасау, жылжымайтын мүлікті құру рыногын қалыптастыру. Жер реформасын тереңдетуге бағытталған ауыл шаруашылық өндірісті нарықтық қатынастарға және оны орнықты дамытуға табысты көшіру үшін кезекті шараларды жүзеге асыру.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер реформасын орындау барысы туралы ай сайынғы есепке сәйкес 2007 жылғы 01 сәуір бойынша 5597,9 мың га алаңда 16776 шаруа қожалығы, 1352,8 мың га алаңда ауыл шаруашылығының өнімдерін шығаратын 462 өнім өндіруші (АҚ, ЖШС, ӨК), 211,5 мың га алаңда 107 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорыны қалыптасқан.

2007 жылғы 01 сәуір бойынша алаңы 13057,2 га ауыл шаруашылығына тағайындалған 125 жер учаскесінің бағалық құны – 110671,1 мың теңге жеке меншікке сатылған, соның ішінде: жеке тұлғаларға жалпы көлемі 9690,8 га бағалық құны – 77349,8 мың теңге 107 учаске, заңды тұлғаларға жалпы көлемі – 3366,4 га, бағалық құны – 33321,3 мың теңге 18 учаске.

2007 жылғы 01 сәуір бойынша жеке меншікке ауыл шаруашылығы емес тағайындаудағы жерлердің алаңы – 6939,4 га, бағалық құны – 3244500,8 мың теңге 27363 жер учаскесі, жалға алу құқығымен жалпы алаңы – 346,6 га сомасы – 58820,8 мың теңге 395 жер учаскесі сатылды.

Реформа басталғаннан бері облыста 20 жер аукционы өткізілді, олардың жалпы алаңы 3,9 га, жалпы сомасы – 5031,6 мың теңге 48 жер учаскесі сатылды, жалпы көлемі 34,1 га, жалпы сомасы – 18477,1 мың теңгенің 100 жер учаскесіне 62 конкурс өткізілді.

Жер қатынастарын реформалау жалғасуда. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 18/10-ІІ шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған агроазық-түліктік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстың қалалары мен аудандарында 2005-2007 жылдарға арналған ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленді және қабылданды. Қабылданған Бағдарламада топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтіруге бағытталған ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар әзірленді, нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны қорғау бойынша өзге де іс-шаралармен бірлесе отырып кешенді түрде жер ресурстарын қорғау, жерлердің жай-күйіне келеңсіз антропогендік әсерді жою, жер заңнамасын сақтау үшін мемлекеттік бақылауды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жер мониторингінің желісін дамыту және келеңсіз үрдістерді жою бойынша ұсыныстарды оның деректері негізінде дайындап шығару қарастырылған.

Бұзылған жерлердің алаңы 2006 жылдың аяғында 12,8 мың гектарды құрады. 2005 жылы – 12,9 мың га, олардың ішінде 6,2 мың гектары 2006 жылы, 2005 жылы – 6,3 мың га, 2006 жылы 45 га, 2005 жылы – 20 га өңделді (18 қосымша).

Облыста жылдан жылға бұзылған және жұмыс істеп болған жерлердің деңгейі шамамен бірдей. Мұндай жерлердің көпшілік бөлігі Семей өңіріне келеді. Қайта өңдеуді көбінесе шашыранды алтын өндіретін кәсіпорындар жүргізеді.

Облыстағы егістіктердің құнарлылығына кері әсер ететін белгілер: тасты, шайылу, аса ылғалдану, сортаң, дефляцияға ұшыраған топырақ.

Эрозияға ұшыраған егістіктердің алып жатқан 225,4 мың га ішіндегі жалпы 212,9 мың га жер немесе 94,5 % шамалы эрозияға ұшыраған аумаққа жатады және барлығы 12,5 мың га (5,5%) – орташа эрозияға ұшыраған санатқа жатқызылады, бұл орайда күшті эрозияға ұшыраған егістік жоқ.

Су эрозиясы экологиялық тұрғыдан қарағанда шамалы тарауына байланысты облыстың аумағында қауіпті емес. Шығыс Қазақстан облысында 2006 жылғы 01 қаңтар бойынша су эрозиясымен зақымданған ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңдарының барлығы 423,8 га немесе 1,9 % құрайды.

Ауқымды су эрозиясы Шемонайха ауданында байқалады, онымен ауыл шаруашылығы алқаптары алаңының 21,2 % қамтылған, әкімшілік аудандар - Глубокоеда 18,5%, Бородулихада 8,3%, Үржарда 7,8%, Ұланда 4%, Зырянда 3,7%, Көкпектіде 2,7%.

Облыстың шегіндегі жел эрозиясының да табиғи сияқты, антропогендік сипаты да бар. Облыстың шегінде құмдауыт, құмдақтар және карбонатты топырақтары басым табиғи кешендер дефляциялы қауіптірек аумақтар болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысында 2006 жылғы 01 қаңтар бойынша жел эрозиясына ұшыраған (дефляция) ауыл шаруашылығы алқаптарының барлығы 854,7 мың га құрады немесе 3,8 %. Алайда, әкімшілік аудандар бойынша жел эрозиясымен (дефляциямен) зақымданған алаңдар тегіс байқалмайды. Сонымен, Бесқарағай әкімшілік ауданының ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлерінің жел эрозиясына ұшырағаны - 37,9 %, Зайсанда - 17,1 %, Үржарда – 14,5 %, Көкпектіде – 5,1 %, Бородулихада – 2,5 % және Тарбағатайда – 1,3 %.

Жел эрозиясына мал таптаған жайылымдық алқаптар, әсіресе Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар және Жарма әкімшілік аудандарының елді мекендері мен мал суарылатын маңайлар тез ұшыраған.

Бесқарағай, Бородулиха, Үржар, Көкпекті әкімшілік аудандарында жел эрозиясы егістіктерде, сондай-ақ топырақ жасаушы жыныстары негізінен жеңіл механикалық құрамдағы бұталары шабылған учаскелерде пайда болуда.

Сортаң жерлер ауыл шаруашылық алқаптарының 6,9 % пайда болуда, олардың қарқындылығы мен сортаңдану дәрежесі әртүрлі.

Аймақтық және интрааймақтық топырақтың түрлі сортаңдануының табиғи жоғарылығы таулардың ішіндегі және таулардың арасындағы ойпаттарда орналасқан ауыл шаруашылық алқаптарына тән. Сондықтан, топырақтың сортаңдылығының жоғарылығы Аягөз, Тарбағатай, Үржар, Абай, Жарма, Көкпекті, Күршім әкімшілік аудандарына тән.

Ауыл шаруашылығына тағайындалған ландшафттардағы топырақтың батпақтану үдерісі әкімшілік аудандардың барлығына дерлік тараған. Артық ылғалдану негізінен таулы ландшафттар мен өзендердің аңғарларындағы жергілікті су айрықтарының бетін тегістеудің нәтижесінде пайда болған.

Артық ылғалдану және батпақтану үдерісімен барлығы 369 мың га немесе 1,6 % ауыл шаруашылығы алқаптары қамтылған.

Батпақтану әсіресе Үржар әкімшілік ауданына тән (35 мың га) және Сасықкөл, Алакөл көлдерінің қазаншұңқырларына теңестірілген.

Шөлге айналу үдерісінің пайда болуына жел және су эрозиясына ұшыраған топырақ аумақтардың көбеюі, ыза сулардың деңгейінің және минералдануының өзгеруі, топырақтың табиғи-ресурстық әлеуетінің төмендеуі, биологиялық өнімділіктің азаюы және өсімдіктердің түрдік құрамының өзгеруі себепші болуда.
3.4.2. Ластанған топырақтың мониторингі
Облыс жерлерінің сапасының ахуалына тигізілетін келеңсіз әсер олардың ластану үдерісімен анықталады. Ауыр металлдар, радионуклидтер, мұнай, мұнай өнімдері негізгі ластаушы заттар болып табылады. Топыраққа ауыр металлдардың табиғи түсу көздері кенді өріспен, тарату аймағымен, геохимиялық кедергілермен тікелей байланысты түсті, сирек және қымбат металлдардың қайталама литохимиялық ауытқулары болып табылады.

Облыста топырақтың қабатын негізгі ластаушы болып түсті металлургия мен тау-кен өндіру кешендерінің кәсіпорындары, ауыл шаруашылығының салалары болып табылады. 2005 жылғы 01 қаңтар бойынша 198 кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі 12800 га алаңдағы жерлердің бұзылуына әкеліп соқты, оларды 6268 гектары қайта өңделді (49%). Облыстың топырақ қабаты мырыштың, мыстың, марганецтың, кадмийдің, қорғасынның, мышьяктың қосылыстарымен ластанған. Облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде ластанған топыраққа жүргізілген көп жылғы тексерудің деректері бойынша Шығыс Қазақстанның   биогеохимия  провинциясы бөлінген, ол тұтас бірқатар ауыр металлдардың біршама техногендік жинақталуымен сипатталады. Ауытқу алаңдары Шемонайха, Глубокое және Зырян әкімшілік аудандарының аумақтарын қамтиды. Ластанған аумақтардың жалпы көлемі 30 мың шаршы шақырымға дейін жетеді.

Топырақтың техногендік ластануы әсіресе қалалардың аумақтарында байқалады. Өскемен, Семей, Риддер қалалары аумақтарының біршама бөліктерінің рұқсат берілген шегіндегі концентрациядан асатын ауыр металлдардың концентрациясымен ластанған, ал жинақталғандарды қосқандағы алаңы 16-дан артық, қаланың үлкен бөлігін алуда.

Қаланың қоныс аймақтары қалпына келмейтін сипаттағы топырақ қабатының антропогендік бұзылуымен урболандшафтты болып табылады. Осындай механикалық бұзылған жерлердің жалпы көлемі аумақтың жартысынан көбін алып жатыр.

Қаланың ішіндегі түрлі ландшафттардың шегінде топырақтың вертикальды профилінде техногендік құрамды жүргізуді зерделеудің нәтижесінде анықталғаны:

1) Өскемен қаласы дала ландшафттарының аймағында орналасқан, топырағының құрылуы қара топырақты профильмен сипатталады, бейтарап-әлсіз сілтілік тотықтырғышы басым. Ұзақ жылдар бойғы таулы-далалық ландшафттардағы шығу тегі техногендік ауыр металлдардың антропогендік әсер етуі қарашірігі көп және алмасу үдерісі жағынан белсенді, қуаттылығы 15-25 см. горизонттың топырақтық-генетикалық жоғары қабатында жеткілікті мықты жылжымалы нысанда орналасқан. Ауыр металлдардың терең концентрациясы түседі де фондыққа ауысады. Орташа биік және беткейлердің ландшфттарында Ертіс пен Үлбінің өзен аралығындағы топырақтың вертикальды профилі бойынша техногендік құрамның таралу сипаты бір тұрпатты;

2) топырақтағы ауыр металлдардың аккумуляциясын күшейтетін факторларға басым ауыр грануламетриялық құрамды (әсіресе өзен аралықтары мен террассалардың топырақтары) жатқызуға болады, құрамында 5 % -ға дейін қарашірік, топырақ ерітіндісінде сілті реакциясы бар, аздаған жауын-шашын мен топырақтың шайылмаған су режимі. Басқаша айтқанда – топырақ профилінің жоғарғы горизонтында ауыр металлдардың жинақталуы сорбциялық, сілтілік және геохимиялық булану кедергілерінің пайда болуы әсерін тигізеді;

3) Үлбі өзенінің төменгі жайылмасындағы ландшафтта орта және төменгі горизонттағы топырақ профилінде су сорындыларында, сол сияқты ацетатты-аммонилі буферде мырыштың концентрациясы шамалы артқан жерде гельдік режим байқалған, бұл осы элементтің темірдің гидроқышқыл элементімен сорбциялануына байланысты болуы мүмкін;

4) басым ауыр металлдардың суда еритін нысандары көшу үрдісінде шамалы роль атқарады. Олардың көбірек байытылған горизонттардағы салыстырмалы мөлшері жалпы құрамдағы пайыздың оннан, жүзден бір және одан да аз үлесін құрайды. Транслокациялық құрамдылығы біршама жоғары, оның кеңістіктік жағдайы топырақтың ең жоғарғы горизонттарын анықтайды, ауыр металлдардың салыстырмалы саны мына шекте ауытқып тұрады: Zn – 21,7-40,0%, Pb-12,2-55,3%, Cd – 57 % дейін.

Бәрінен бұрын, ластанған топырақтағы As жылжымалы нысанының түрлі қатынасы өзіне назар аударады: Өскемен үшін жылжымалы қосылыстардың салыстырмалы аз мөлшері тән. Мышьяктың үлкен бөлігі (50-60% дейін) профильді топырақтың төменгі горизонтында оксидтермен және А1 гидроксидімен, алюминийдің арсенатына байланысты жинақталады, және грунтты сулардың деңгейіне жетуі мүмкін;

Өскемен қаласының аумағы үшін тән қара топырақты қатардың топырақтың сіңіретін кешенінде сорбциясы өте үлкен потенциалдық сыйымдылығы бар және ауыр металлдармен ластануға өте бейімделген болып табылады. Қара топырақтың жоғарғы сорбциялық сыйымдылығы топырақтың ластаушы - элементтерден табиғи тазарту процесін және тұрақтысын қалыптастыру, геохимиялық ауытқудың техногендік полиэлементін біртіндеп күшейту және көбейту тым баяу. Осындай ауытқулардың қауіптілігі олардың экожүйеге ұзақ уақыт әсер етуінде. Бұл орайда бәрінен бұрын трофикалық тізбеде пайда болып, адамға да әсер ететін акумулятивтік эффект орнын алуы мүмкін.
3.5. Өндіріс және тұтыну қалдықтары
Өнеркәсіп қалдықтарының негізгі көлемі “Қазмырыш” АҚ пен “Қазақмыс” корпорациясының “ВостокКазмедь” үлесіне келеді. Облыстың топырақ бетінің техногендік ластануының проблемасы тұтыну қалдықтарын жинау және көму жүйелерінің әзірленбегендігі болып табылады.

Қазіргі кезде облыста өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтардың есебін жүргізу 3-Уытты қалдықтар қолданыстағы мемлекеттік статистика есебі болып жүзеге асырылады. Муниципиалды (өңірлік) қалдықтарды басқару қалдықтарды үюге (көмуге) арналған рұқсат беру бөлігінде тек қана Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі және оның құрылымдық бөлімшелері арқылы ғана жүргізіледі.

Облыстың ірі қалалары мен кенттерінде тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинау, пайдаға жарату және көму бойынша міндетті шешу үшін түрлі ұйымдар жұмыс істейді (жеке кәсіпорындар, коммандиттік серіктестіктер және т.б.). Бірақ қаржылай қиыншылықтарға байланысты ТҚҚ күресіндерінің аудандары іс жүзінде иесіз болып қалуда, әдетте бұл жұмыс істеп болған саз жамылғысы бар карьерлер. Полигондармен және ұйымдаспаған күресіндермен ластанған алаңдардың нақты саны және жинақталған қалдықтардың көлемі осы уақытқа дейін анықталған жоқ. Оларды анықтау үшін облыс бойынша жинақталған тұрмыстық қатты және өнеркәсіп қалдықтарына түгендеу жүргізу керек.

2006 жылы мемлекеттік статистикалық есептің деректеріне сәйкес облыстағы өнеркәсіптің қызметінің нәтижесінде 44,08 миллион тонна өнеркәсіп қалдығы жинақталған. Бұл орайда облыстың кәсіпорындарында қалдықтардың кішкентай ғана бөлігі толық зарарсыздандырылады, ал қалдықтардың қалған қатты бөлігі ұйымдасқан жинау орындарына жөнелтілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың жыл сайынғы негізгі көлемдері Өскемен қаласында қалыптасады (686,452 мың тонна), Зырянда (1947,2 мың тонна), Риддерде (4923,3 мың тонна), Семейде (207,5 мың тонна). ТҚҚ пайда болуы мен жинақталуы Шемонайха – 25740,04 мың тонна (“ШҚ МХК” МАҚ мен “Ертіс ХМЗ” АҚ) және Глубокое – 122,25 мың тонна (Ертіс мыс зауыты, “Черемшанка құс фабрикасы”, “Племптица” АҚ) әкімшілік аудандарында ролі мейлінше жоғары.

Ірі қалалар мен аудандық елді мекендерде қауіптілігі ІV-V класстарға жататын тұрмыстық қатты қалдықтар ерекше экологиялық қауіп төндіреді.

Шығыс Қазақстан облысы үшін қалдықтарды пайдаға жарату және қайта өңдеу мәселесі өткір тұр, оларды пайда болуына байланысты шартты түрде мынадай санаттарға бөлуге болады:

1) тау-кен байыту кешенінің қалдықтары;

2) металлургия өндірісінің қалдықтары;

3) отын-энергетика кешенінің күл-шлак қалдықтары;

4) тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ).

Тау-кен байыту кешенінің қалдықтары аршынды және араласқан жыныстардан, байыту фобрикаларының қалдық жинау орындарынан құралады. Олардың жыл сайынғы пайда болуы орта есеппен 20 млн. тоннаны құрайды. Бұл қалдықтар қауіптілігі ІІІ-ІV класстарға жатқызылады және ингредиенттерінің спектрі өте ауқымды (19 қосымша).

Жыл сайын көлемі 436 гектар алаңда 20 миллион тоннаға жуық металлургия өндірісінің қалдықтары үйінділерге, террикондарға, қоқыс жинақтаушыларға жинақталады. Негізгі массаны қорғасын және мыс балқыту өндірісінің шлактары мен түсті өндірістің клинкері құрайды. Шлактар мен клинкерді орнату үйінділер мен террикондарда жүргізіледі, бұл шаңмен тарап және жаңбыр мен қар суының шаюынан қоршаған ортаны ластайды. Үйінділердің көбі су қорғау аймақтарында орналасқан, бұл жер асты және жер үсті суларының ластануына жол береді (Тишинский, Шубинский кеніштері, Николаевский карьері).

“Өндіру-байыту-металлургия” өндірістік жалғасының үйінді кешенінде өндірілген кеннің түсті және бағалы металлдардың үштен бір бөлігі қалдықпен араласып кетеді, әртүрлі құрылыс материалдарының зор қоры тұралап қалуда. Қорғасынның жоғалуы 33 %, мырыш – 28 %, мыс - 21 %, алтын - 41 %, күміс - 35 % құрайды. Жалпы жоғалудың ішінде өндірген кезде 15-20 % түсті және 8-12 % бағалы металлдар жоғалады, байытқан кезде тиісінше 43-48 % және 74-75 %, металлургия кезінде 35-42 % және 14-17 % бағалы металлдар жоғалады. Байытқан кездегі жоғалу оларды кен өндірісі мен металлургиялық қайта өңдеу кезіндегіден 2-3 есе асып түседі. Бұл көптеген техногендік кен орындарының пайда болуына әкеліп соқты.

Тау-кен өндірісінің түсті, сирек, бағалы және радиоактивті металлдарының қосылған қалдықтарының қоры мейлінше ірі кен орындарының тиісті қорымен қатар тұр. Мұнымен қоса негізгі және қосарлас құрауыштарының ішінде біршама уытты қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, мышьяк, сурьма, селен, күкірт және т.б. сияқты элементтер (олардың қосылыстары) бар. Соңғылары өндіру және қайта өңдеу үдерісінде қоймаларда жинақтала береді де, сол жерден қоршаған ортаның құрауыштарына түседі (топыраққа, суға, ауаға, биотаға). Қорғасынның ауытқуы Шемонайха, Глубокое және Зырян әкімшілік аудандарының аумақтарын қамтыған.

Осылайша, түсті және тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын пайдаға жарату әдістері негізінен қалдықтарды полигондарға үюмен және көмумен аяқталады. Тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары жыл сайын 30 млн тоннаға жуық қалдық шығарады, ал шикізатты қайталама пайдалану мүлдем жүргізілмейді. Ластанған аумақтардың жалпы алаңы 30 мың шаршы шақырымға жетеді. Өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі көлемі “Қазақмыс” корпорациясының “ВостокКазмедь” және «Қазмырыш» акционерлік қоғамының үлестерінде (20 қосымша).

Қауіптілігі ІV классқа жатқызылатын күл-шлак қалдықтар жанған көмірдің қалдығы. Облыстың жылыту энергетикасының ірі кәсіпорындарының өздерінің күл үйінділері бар, жалпы алаңы 127,5 га, оларда 6,5 млн. тоннаға жуық күл-шлак қалдығы жинақталады. “АЭS Өскемен ЖҚО” ЖШС, АЭS Согра ЖЭО” ЖШС ең ірі күл-шлак үйінділері өздерінің жобалық қуаттылығын сарқып болды. 2004 жылы Өскемен қаласында аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының араласуымен қолданысқа екі жаңа күл үйіндісі енгізілді. Осылайша, Өскемен қаласының өткен жүзжылдықтың 80 жылдарынан бастап келе жатқан бір экологиялық проблемасы шешілді. Шағын қазандықтарының басым көпшілігі өздерінің қалдықтарын ашық, жайластырылмаған алаңдарға жинайды, не болмаса қоқыс төгетін орынға апарады. Күл-шлак қалдықтарын екінші қайтара құрылыс материалы ретінде пайдалану құрылыс көлемінің жаппай құлдырауы мен озат технологиялардың жоқтығынан тым аз.

ТҚҚ-дың қауіптілігі ІV-V классқа жатқызылады. Облыста осы қалдықтардың барлығы бір де біреуі санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін полигондарға үйіледі.

Өскемен қаласында ТҚҚ пайдаға жаратудың қолданыстағы әдісі - таулы жерде орналасқан қаланың күресініне көму (қаланың шығыс бөлігі). Күресіннің алаңы 28 га және 100 %-ға игеріліп болды. Қазіргі кезде полигонда қалдықтарды орналастыру төбесіне қарай өсіру жолымен жүргізілуде.

Семей қаласында ТҚҚ және уытсыз өнеркәсіп қалдықтарын көметін қалалық полигон жоғары тұрпатты полигондардың санатына жатқызылады және қаланың солжағалау бөлігінде орналасқан. ТҚҚ полигоны алып жатқан жер алаңы 74,9 гектарды құрайды. Тұрмыстық қалдықтарды іс жүзінде үю өнеркәсіптік қалдықтарды аралық жік ретінде пайдаланумен оқшау үйіледі.

Риддер қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны 1954 жылдан бастап пайдаланылуда. Қазіргі кезде оны пайдалану табиғат қорғау заңнамасын, санитарлық талапты бұзумен жүзеге асырылуда.

Қалаларда ТҚҚ мамандандырылған полигондарға жинақталып, пайдалануға қосуды қызмет көрсететін ұйым жұмыспен қамтамасыз етсе, ал ауылдық жерлердегі барлық полигондар қалай болса солай пайда болған және иесіз.

Ауылдық елді мекендердегі шығарылатын және үйілетін ТҚҚ-дың нақты көлемін жүйелі есепке алудың жоқтығынан проблема қиындауда. Орта статистикалық деректерде қалалардың және ірі елді мекендердің полигондарының құрауыштары мынадай: жалпы көлемнен тамақ қалдықтары – 40-57%; қағаз, тоқыма, шүберек – 17-37%, сүрек қалдықтары - 4%-ға дейін, құрылыс және тұрмыстық қоқыс – 18-46%. Өздігінен ыдырайтын органикалық құрауыштарды (ағаш, картон, тамақ) пластмасса мен басқа да синтетикалық материалдар ығыстыруда. Табиғи үдеріспен ыдырау, үнемі бықсу және жиі жану және қасақана өртеу (көбінесе күресіндердің көлемін азайту мақсатында) ауаны ластаудың көзі болып табылады, ал пластик жанған кезде құрамында күкірт бар көмір сутек бөлінеді.

2004 жылы өнеркәсіп қалдықтарының көлемі 38,3 млн тоннаны құрады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес соңғы жылдары облыста кәсіпорындардың қалдықтарды пайдалануларының нәтижесінде уытты қалдықтардың пайда болу және үйілу көлемдерінің төмендеу үрдісі байқалуда.

Проблемалар мен оларды шешу жолдары. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының үйінділері, қалдық сақтау орындары, күл үйінділері, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары жер үсті және жер асты сулары топырақты ластайтын ошақтар болып табылады. Барлық қалдықтар өткен жүзжылдықтың 40-60 жылдарында салынған және өзінің жобалық қуаттылықтарын сарқып болған жинақтауыштарға үйіледі.

Кәсіпорындарда өндіріс қалдықтарынан екінші қайтара шикізат алу іс жүзінде жүргізілмейді. Жалғыз “Қазмырыш” ААҚ ғана өзінің металлургиялық шлактары мен басқада қалдықтарын біршама көлемде қайта өңдеуден өткізуде. Өскемен металлургия кешенінде 1997-2003 жылдары пайда болған 1,55 млн тонна өндірістік қатты қалдықтарының 1,18 млн тоннасы (76%) қайта өңделді. Қалдықтардың 9 түрі толық көлемде екінші қайтара технологиялық процессте пайдаланылады клинкер, катализатор, Рашиг сақинасы, органикадан өңделген бұйымдар, сүзу полотносы мен суды тазарту имаратының қоқырлары. Қорғасын өндірісінің шлактары (1997 жылдан бастап құралу көлемінен 69%), ескі ғимараттар мен құрылыстардың сынған кірпіштері (28%) ішінара пайдаға жаратылады. Әк-мышьяк кегінің қалдығы ғана қайтадан өңдеусіз 2000 жылы салынған арнайы сақтау орнына, атмосфера ауасына және су ресурстарын ластауға жол бермейтіндей орналастырылады. Өскемен металлургия кешенінде үйінділік қатты қалдықтарсыз өндірістік қызметті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тез және нәтижелі жүргізілуде. Риддер мырыш зауытында ағымдағы клинкерді қайта өңдеу басталды. Бұрын жинақталған клинкерді қайта өңдеу үшін экологиялық және техникалық-экономикалық бағалау бойынша іс-шаралар бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде байыту қалдықтары ғана толық көлемде пайдаға жаратылмай отыр. 2003 жылдан бастап кешенді полигонда қалдықтарды жинақтағаннан гөрі пайдаға жаратуға көбірек әкетіп жатыр, бұл қолданыстағы террикондарды біртіндеп жоюға мүмкіндік береді.

“АЭS Өскемен ЖҚО”: 2004 жылдың 4 тоқсанында Опытное Поле кентінің аумағындағы № 3 күл үйіндісі қолданысқа енгізілді. Ең жоғарғы талаптарды ескере отырып күл үйіндісінің орнында және шеттерінде сүзгіге қарсы экран орнатылды, ол жер асты горизонттарына судың тиюіне жол бермейді. Қазаншұңқырдың пайдалы сыйымдылығы 2,6 миллион текше метр, ол соңғы 15 жыл бойы оны пайдалануға болады және күл-шлак қалдықтарды қауіпсіз жинақтауға жоғары деңгейде кепілдік бере алады.

2000 жылдан бастап “ҮМЗ” ААҚ–да табиғат қорғау іс-шараларының “Экология” инвестициялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Инвестициялық бағдарламаның маңызды тақырыптарының бірі өндірістік сұйық қалдықтарды жинақтауға арналған буландырғыш-тоғанның құрылысын салу болып табылады. Осы объектіні пайдалануға қосу ластанған суды қалдық қоймасынан жер асты суларына жібермеуге мүмкіндік береді. Құрылысқа жоспарланған шығын – 2,5 миллиард теңге. Қазаншұңқырдан алынған грунттың көлемі 4,5 млн м3 құрады, ал буландырғыш-тоғанның жалпы алаңы толтырылғаннан кейін 33 гектарға жуық болады.

Басқа магистральдық бағыт – кәсіпорынның санитарлық-қорғаныс аймағындағы радиоактивті ластану ошақтарын жою.

Жұмыс істеп болған қалдық қоймаларын көму бойынша да жұмыстар жүргізілінуде. Бірінші кезекте қатты радиоактивті қалдықтарға арналған ғимараттың құрылысы үшін 23 млн 250 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстар аяқталған. Кезекте – қауіптілігі 1 және 2 класты қатты қалдықтарды көмуге арналған орын.

Ірі қалалардағы сияқты облыстың барлық аудандарының елді мекендеріндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаға жарату мәселелері баяу шешілуде. Өскемен және Семей қалаларындағы қолданыстағы тұрмыстық күресіндердің пайдалану мерзімі өткен, жаңа полигондардың жобалары әзірленбеген, қауіптілігі 1-3 класты уытты қалдықтарды көмуге арналған қалалық полигондар жоқ.
3.6. Биоресурстардың жай-күйі
Қазақстанда ормандар өте шектеулі – республикада барлығы 4 % -ды ғана құрайды, Шығыс Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығының ресурстары бойынша ерекше орын алуда. Облыстың орман қоры 3355,0 мың гектарды құрайды. Мұнда республика орманының 70 %-ға жуығы шоғырланған. Табиғат қорғау іс-шараларын толық қаржыландырмай жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауды тиісті деңгейде жүргізу мүмкін емес. Облыс ормандарының алаңы өрттің кесірінен, сондай-ақ орманды қайта қалпына келтірудің төмендігі кезінде Ертіс жағалауының теңдесі жоқ суыртпақ қарағайлы ормандарын үлкен көлемде өз бетімен аяусыз шабудан және зиянкес жәндіктердің үлкен алаңдарға жайылуынан азаюда.

Кенді Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында бақылаусыз жүргізілетін өнеркәсіптік ағаш шабудан келтірілетін залал өсімдіктер әлеміне өз бетімен ағаш шабудан келтірілген залалдан артық болмаса кем емес. Ағаш дайындайтын ірі кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы және жабылуы кезінде ағаш дайындаудың көп көлемі шағын ағаш дайындаушылардың үлесіне тиді, олар ағаш тасымалдайтын жолдардың құрылысын салумен айналысқан жоқ және негізінен пісіп толысқан, елді мекендер мен қолданыстағы жолдарға жақын өскен екпе ағаштарды таңдады. Бұл орайда шалғайдағы орманды алқаптардағы пісіп жетілген ағаштардың саны көбеюде.

Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының қызметіне, ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына, таудағы ормандарды өнеркәсіптік шабу, жиі болатын орман өрттері, соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, және браконьерлікке байланысты облыстың орманды алқаптарында қолайсыз экологиялық ахуал қалыптасуда.

Орманды алқаптардың биологиялық әртүрлілігін жоғалту тікелей орман өрттерімен және өнеркәсіптік масштабқа жеткен өз бетімен ағаш шабуға байланысты. Ертіс бойы, Морозов, Шыңғыстау, Катон-Қарағай, Кенді Алтай, Верх-Уба, Лениногор, Оңтүстік Алтай, Зайсан, Қалба және Өскемен негізгі орман өрттерінің аудандары болып табылады (21 қосымша).

2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін облыстың орман қорының аумағында өрт 74 мыңнан астам гектар орманды жойды. Орман отырғызудың қолданыстағы көлемі кезінде өрттен жанып кеткен орманды алқаптарды қайта қалпына келтіру үшін ғана 100 жылдан артық уақыт керек (22, 23 қосымша).

Облыстың орманды алқаптарының экологиялық ахуалына олардың қанағаттанғысыз санитарлық жағдайы әсер етеді, әсіресе Ертіс бойының қарағайлы ормандарында.

Құрғақ дала, шөлейт және шөл аймақтары – облыстың батыс және оңтүстік бөліктеріндегі жайылымдық алқаптарда жүйесіз мал жаюдан өсімдік қабатының құлдырауы байқалады. Облыстың жайылымдық алқаптарының жалпы көлемінен (19950,9 мың га) тапталған жайылымдар 458,5 мың га (9,1%), түрлендірілгендері – 352,1 мың га (1,8%), мал жемейтін және улы өсімдіктер жайлағаны – 68,6 мың га (0,3%). Тапталған жайылымдық алқаптардың сапасының жай-күйі әсіресе өзендердің, бұлақтардың аңғарларында, мал жүктемесі жоғары елді мекендер мен мал суарылатын құдықтардың маңайында бірден нашарлап кетті. Алаңдық қатынаста жайылымдық алқаптардың құлдырауы осы үдеріспен 5-тен 8,5%-ға дейін қамтылған Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катон-Қарағай және Шемонайха әкімшілік аудандарында қарқынды, бұл малды ұзақ уақыт жүйесіз жаюмен негізделеді.

Жақсы мәдени-техникалық шабындық алқаптардың 86,5% “таза” санатқа жатады, бірақ олардың өнімділігі көп емес.


3.7. Флора мен фаунаны қорғау
Шығыс Қазақстанның флорасы түрлерге өте бай, бұл әр алуан табиғи жағдайлармен түсіндіріледі. Шығыс Қазақстанда үшінші кезеңнің реликттері сақталған, олар – тұранғы шоқылары, Ертіс жағалауы мен Қайыңды қарағайлы ормандары, Көктау самырсынды шоқ тоғайы. Шығыс Қазақстанның флорасында бағалы дәрілік шөптер көп, эндемик-өсімдіктер шағын аумақтарда өседі және әлемнің басқа түпкірінде кездеспейді. Олардың көпшілігі Қызыл Кітапқа енгізілген.

Шығыс Қазақстанның табиғатының әртүрлілігі оның жануарлар әлемінің де бай болуына әсерін тигізді. Мұнда сүт қоректілердің 114 түрі мекендейді (республиканың тереофаунасының түрдік құрамының 64%), құстардың 388 түрі (80,3%), бауырымен жорғалаушылардың 22 түрі (45%), қос мекенділердің 5 түрі (49%), балықтың 37 түрі, жәндіктердің 15 мыңнан артық түрі мекен етеді. Қызыл Кітапқа енгізілген жануарлардан барыстың, сабаншының, бүркіттің, ақтөс сусарының, қара ләйлектің жоғалып кету қаупі бар. 2006 жылы олардың көбейгені байқалады (24 қосымша).

Маралдардың да көбеюіне қауіп төнуде, олардың саны аңшылық олжа ғана емес, сондай-ақ Қытай Халық Республикасында үлкен сұранысқа ие мүйіздері үшін де браконьерлік аулаудың есебінен азаюда. Жануарлардың негізгі түрлерін есепке алудың деректері бойынша көптеген аңдар мен құстардың саны мекен ету ортасының жағдайы бойынша оңтайлы мүмкіндіктің деңгейінің төменгі шегінде тұр.

Биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтау үшін облыста екі мемлекеттік табиғи қорық – Марқакөл, Батыс-Алтай; “Семей Орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты; Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркі; сегіз мемлекеттік табиғи қорықша; бір табиғат ескерткіші құрылды және жұмыс істейді. Аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлығының республикалық маңызы бар. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы жиынтық алаңы облыстың мемлекеттік орман қоры алаңының 37% құрайды.

Ихтиофауна. Биологиялық өнімнің басым көпшілігі су қоймаларында қалыптасады, ал өзендер балық қорын молықтыруда біршама роль атқарады. Бұл орайда Жоғарғы-Ертіс алабы бөлектенген су тоғандарының қосындысы емес, біртұтас, макроэкожүйені құрайды. Сондықтан алаптың жекелеген бөліктерінде биоценоздардың байланыстығы туралы, олардың арасындағы генофондтық алмасу мүмкіндігі туралы мәселе өте маңызды болып саналады. Кестеде бірқатар су тоғандарындағы ихтиофаунаның құрамы көрсетілген, бұл орайда өзендерде биоәртүрліліктің көбірек екені байқалады. Өзендердегі ихтиоценоздардың құрамы сыртқы әсерлерге төзімді, акклиматизанттар мұнда су қоймасындағыларға қарағанда аборигендерден басымдылығы артық.

Қазіргі кезде балық қорын қорғау және пайдалану оңтайлы емес. Бұқтырма су қоймасында жыл сайын 6,0-9,0 мың тонна балық, Шүлбіде – 100-360 тонна, Алакөл көлінде – 200 тонна, Ертіс өзенінде – 5-15 тонна, облыстың көлдерінде – 10-15 тонна балық ауланады.

Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су тоғандары бойынша 2005 жылғы балық аулау 9098,895 тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 06 қазандағы № 963 қаулысымен бекітілген ҚР 2007-2015 жылдарға арнаған балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасында 2007-2009 жылдардағы кезеңге қойылған негізгі міндеттердің бірі “...табиғи су тоғандарын көл-тауарлы және басқа да бейімделген шаруашылықтардың разрядына және олардың пайдалануға қосу режимін ауыстыру, сондай-ақ тауарлы балық шаруашылығын құру және дамыту бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу (тоғандық, алаптық, тұйықталған жүйелерде және басқалары)...”.

Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арнаған балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасында өткен кезеңдегі республикадағы балық шаруашылығының жай-күйіне ретроспективалық талдау жасалады, дәлірек айтсақ, тауарлы балық шаруашылығы туралы мәселе қозғалды “... өткен жүз жылдықтың 90 жылдары табысты дамыған.... Бейімделген су тоғандарында бір, екі, үш жастағы тауарлы балық өсірілген. 1970 жылдан бастап 1990 жылға дейін тауарлы балық өндіру 0,6 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейін өсті немесе 14,2 есеге дейін артты. Тауарлы балықты осылайша өсірудің қарқыны бұрынғы Одақтың бір де бір республикасында болған жоқ...”. 1985-1991 жылдары Шығыс Қазақстан облысында тауарлы-көлді балық шаруашылықтарын құру бойынша жұмыстар бейімделген су тоғандарында жүргізілді, оларға облыстың 18-20 көлі мен шағын су тоғандары пайдаланылды (Сібе, Балықтыкөл, Мариновка, Олемба, Совхозное, Шыбындыкөл және басқа да көлдер, Каменка, Шар, Тайынты су тоғандары). Табанбалықтың осы жылғысы, көкшұбар балық (рипус) личинка кезінде жіберілген. Нәтижесінде көпшілік су тоғандарында өздігінен ұдайы өндірілетін үйірлер қалыптастырылды (Шалқар, Ақ Мектеп көлдеріндегі рипус; Балықтыкөл, Шыбындыкөл, Сібе, Кенжебай су қоймалары мен көлдеріндегі табанбалық), не болмаса ұдайы өнбейтін шағын үйірлерге (Шыбындыкөл, Сібе, Кенжебай көлдеріндегі ақ амур мен дөңмаңдай балық) айналды. 1990 жылдың басында балықтандыру мен енгізілген балықтарды азықтандыру бойынша жұмыстар тоқтағаннан кейін көптеген су тоғандарындағы балықтардың ауланудың және табиғи өлуінің барысында құнды түрлері жойылып кетті, ал табиғатқа бейімделген басқа дарақтар өсу қарқыны төмен рипус пен табанбалықтың аздаған жерлігікті үйірлеріне ауысты.

“... 1990-2005 жылдары тауарлы балық шаруашылығы республикада жүргізілген жоқ. Осы жылдары тауарлы балықты аулау 150 тоннаға дейін азайып кетті. Республиканың жаңа экономикалық қатынастарға көшуі кезеңінде тауарлы балық шаруашылығын мемлекеттік реттеу жүйесі жұмыс істеген жоқ. Осы бағытты дамыту бойынша қандай да болмасын республикалық бағдарламаның жоқтығы балық шаруашылығы субъектілерінің осы салада толыққанды қызметті жүзеге асыруларына мүмкіндік бермеді...”. Шығыс Қазақстан облысында 2002 жылы облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 03 мамырдағы № 15-ІІ шешімімен “Облыстың 2002-2004 жылдардағы кезеңге арналған балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы” бекітілді. Бағдарламаның пункттерінің бірі “... облыстың көлдері мен шағын су тоғандарын негізделген су пайдалануға беру және оларда тауарлы балықты өсіруді ұйымдастыру...”. Балық шаруашылық мақсаты үшін беруге жарамды ту тоғандарының тізімі жасалды, оған облыстың 40 шағын су қоймасы мен 29 көлі енгізілді. Содан бастап көлдер мен шағын су қоймаларын балық шаруашылығы мақсаттары үшін жекеменшікке беру бойынша жұмыстар басталды.

Шығыс Қазақстан облысында су қорының көп болуына қарамастан, су тоғандарының барлығы бірдей балық шаруашылығы мақсаттарында қолдану үшін жарамды емес. Облыста балық шаруашылығы мақсатындағы су тоғандарының үш санаты бар:

1) балығы жоқ және балық шаруашылығы үшін болашағы жоқ;

2) ерекше табиғат қорғау құндылығы бар;

3) балықтардың санын көбейтуге және балықтың құнды түрлерін өсіруге жарамды.

Балығы жоқ көлдер мен су тоғандары (мысалы: Әмірекөл, Батырхан, Белкөл, Көзілкөл, Құрым-Байкөл, Малая Уба су қоймасы) балықтың өмір сүруі үшін жарамсыз гидрохимиялық құрамы бар (көпшілігі биік таудағы тоғандар), не болмаса температурасының төмендігі мен су алмасу коэффициентінің жоғарғылығы (таудағы су қоймалары) оларды балық шаруашылығын жүргізу үшін болашақсыз етуде.

Облыстың он жеті көлі ерекше қорғалатын аумаққа жатқызылғандықтан, оларда табиғатты пайдалану шектелген. Бұл объектілер табиғат ескерткіші, не болмаса қорықша болып табылады, онда шаруашылық қызметке мүлдем тыйым салынған (Марқакөл), не болмаса туризмді және спорттық-әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру үшін пайданылады (Сібе, Айыр).

Облыстың 100-ден астам шағын су тоғандарының бұрын пайдаланылуы, не болмаса балық шаруашылығы мақсаттары үшін қазір пайдаланылып жүруі мүмкін. Кейбір кәсіптік су тоғандарында балықты қарқынды аулау жүргізілуде, бірақ мынаны есте сақтау қажет – шағын су тоғанында қарқынды маусымдық балық аулағаннан кейін балық қорының қалпына келтірілу үшін 4-5 жыл қажет. Сондықтан кәсіпшілік ретінде пайдалану үшін шағын су тоғандары тиімсіз. Балық өсіру үшін бейімделген көлдер мен тоғандарда жыл сайын табанбалықтың, дөңмаңдай балықтық, ақсақабалықтың, ақ амурдың 2 мың тоннадан артық құнды өнімін алуға болады.

Қазіргі кезде облыста “Шығыс Қазақстан облысының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсібі кешенін тұрақты дамытудың өңірлік бағдарламасы” жұмыс істейді. Бағдарламаның тармақтарының бірі “... жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын пайдаланушыларға конкурстық негізде бекіту...” болып табылады. 131 су тоғаны енгізілген тізбе жасалды. Тізбе облыс әкімімен бекітілді. Су тоғандары белгіленген пайдалану режиміне қатаң сәйкес пайдаланылуы керек екенін ескеру керек.

Мысалы, арнайы уәкілетті органның бекіткен, балық шаруашылығы  ғылымының  негіздемесінсіз балық пен омыртқасыздарды өз бетімен су тоғанына жіберу қылмыстық жауапкершілікке дейін заң бойынша қудаланады. Бұдан басқа, су тоғандарында балық шаруашылығын судың химиялық құрамының есебі мен қажетті тыңайтқыштарсыз, жергілікті ихтиофаунаның құрамынсыз қате жүргізу, мелиорация іс-шарасын жүргізбеу балық шаруашылығын тиімсіз жүргізуге, өсірілетін балықтың қырылуына әкеліп соғады, су тоғанының экологиялық ахуалына зиян келтіреді.

Көпшілігінің қазір иелері бар. Әрбір нақты су тоғаны үшін ғылыми-өндірістік орталықтың Алтай филиалының мамандары балық жіберу үшін объектілерді анықтайды, өсіру материалдарының нормаларын есептейді және балық шаруашылығын жүргізу бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Ағымдағы жылы Қақастан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 57 қаулысымен “Жерсіндіру және су тоғандарын балықтандырудың республикалық схемасы” бекітілді, оған Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Алтай филиалының материалдары енгізілді. “Схемада ...” ірі су тоғандарын балықтандырумен қатар, су тоғандары және облыстың шағын су тоғандарын балықтандыру және балықтарды жерсіндіру объектілері анықталды.


3.8. Радиациялық ластану
Шығыс Қазақстан облысының табиғи радиациялық фоны сағатына 18-22 микрорентген. Радиациялық ахуал радиоактивті заттармен жұмыс істейтін кәсіпорындардың, Семей ядролық сынақ полигонының тигізетін әсерлерімен, сондай-ақ табиғи факторлармен анықталады.

Талдау көрсеткендей Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы орта радиоактивті деңгей бірқатар компоненттер бойынша радиациялық нормалардан жоғары, ал, радиоактивті қалдықтарды сақтау жағдайы қазіргі заман талабына жауап бермейді.

Қ.Сәтпаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімінің деректеріне сәйкес облыс аумағының шығыс (таулы) бөлігі, Глубокое ауданының солтүстік бөлігінен, Зырян ауданының солтүстік-шығыс бөлігінен, Катон-Қарағай мен Күршім әкімшілік аудандарының шығыс бөлігінен, сондай-ақ Зайсан ауданының оңтүстік бөлігінен басқасының барлығы табиғи жоғары радиациялық сәулелену аймағына жатқызылады. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің деректері бойынша облыстың аумағындағы радиациялық сәулеленудің орта маңызы сағатына 6-21 микрорентген шегінде.

Облыстың қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері бойынша табиғи ластану көзіне радиоактивті ауытқу жатқызылады, ол Жылытау ауылына жақын жерлердегі жайылымдарда орналасқан, уранның концентрациясы жоғары, алаңы 7 мың м2 мөлшерінде, жер бетіндегі гамма-сәуле шашуының ең жоғарғы дозасы сағатына 208 микрорентген. Екінші тұрпаттағы табиғи ластану Зырян, Ұлан және Глубокое әкімшілік аудандарындағы радонның ауытқулары болып табылады.

Антропогендік радиоактивті ластану көздеріне бірінші кезекте 18500 шаршы шақырым жерді алып жатыр Семей ядролық сынақ полигонын жатқызу керек. Абай және Бесқарағай аудандарының ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлері полигонмен тікелей іргелес орналасқан.

Казіргі сәтте Ұлттық ядролық орталықтың деректері бойынша полигонда жер асты ядролық жарылыстары кезіндегі бөлу өнімдерінің аккумуляциясымен байланысты ластанған аумақтарда қайталама эффект пайда болуда және олар жер бетіне грунттық, қар және нөсер суларымен шығуда. Сондықтан, ядролық сынақтардың экологиялық зардаптарына баға беруді жүргізген кезде, жер үстіндегі және оның астындағы радиоактивті заттардың барлығын ескеру қажет. Семей ядролық сынақ полигонының шекараларының шегіндегі радиациялық қалыптасу ахуалы желдің радиоактивті шаңды таратуына және радионуклидтерді жер үсті және жер асты суларына таратуға негізделген. Техногендік радионуклидтердің ішінен плутоний көбірек биологиялық уытты болып саналады.

Радиоактивті заттардың көп мөлшері Ертіс өзеніне (50 шақырым) тікелей жақын орналасқан жерасты ядролық жарылыстары болған қуыстарға шоғырланған. Осы радионуклидтердің жер асты суларымен Ертіс өзенінің бағытына қарай ауысу қаупі бар.

Радиациялық ахуал бойынша Аягөз, Бородулиха, Күршім, Ұлан, Үржар және Шемонайха әкімшілік аудандары салыстырмалы қолайсыз аудандар болып табылады.

Қазіргі кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатының радиоактивті ластануына облыстың 17 метеостанциясы (МС) бақылау жүргізуде. Күн сайын гамма-сәулеленудің экспозияциялық дозасының қуаттылығына (ЭДҚ) аспаптармен, ал олардың 7-сінде гамма-фонға бақылау жасалады, басқасына атмосферадан түсетін жауын-шашынның құрамындағы радионуклидтерге талдау жасалады (цезий-137-ге, берилий-7-ге, радий-226-ға, торий-232-ге, калий-40-қа) және бета-белсенділігінің қосындысына өлшеу жүргізіледі.

ШҚО аумағында гамма-сәулеленудің айлық орта қуаттылық дозасы көп жылғы байқаулардың нәтижесінде 4-тен бастап сағатына 19 микрорентген дейін ауытқиды, демек рұқсат берілген шегінде (25 қосымша).

Облыс бойынша 2006 жылғы гамма-сәулеленудің жылдық орта қуаттылық дозасы сағатына 15 микрорентген құрады.

Радиологиялық зерттеулер.

Мақсатты радиоэкологиялық зерттеулер мен Өскемен қаласының аумағын радионуклидтермен ластануына баға беру бойынша жұмыс 1990 жылғы ҚазССРО Министрлер кеңесінің өкімі бойынша 1989 жылғы 21 мамырда әзірленген “Қазақ ССРО қалалардың радиациялық экологиясын зерделеу” жалпыодақтың бағдарламасының бөлігі ретінде басталды. Екінші кезең 2004 жылы қаланың экологиялық паспортын жасаған кезде басталды.

Радиоэкологиялық зерттеулердің құрамында аумақтағы радиометриялық түсіру, судағы радонның құрамын, альфа және бета белсенділігінің жалпы үлес көрсеткіштері бойынша жер асты суларының радиациялық-гигиеналық жай-күйіне баға беру, қоғамдық және тұрғын ғимараттардың ауасындағы радонның ЭРОА сәттік маңызын өлшеу, топырақтағы радонды өлшеу және топырақтың бетіндегі радонның ағыс тығыздығын зерделеу енгізілген.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Өскемен қаласының тұрғындары табиғи сияқты, техногендік көздердің де иондалған сәулелерінің радиоактивті әсерлеріне ұшырайтыны зерттеулердің нәтижесінде анықталды. Қазіргі кезде Өскемен қаласының тұрғын аймағының аумағындағы көлемі 62 000-нан м3 артық радиоактивті қалдық бар, олар табиғи байқаулар көрсеткендей сыртқы гамма-ағындарымен ғана әсер етпейді сондай-ақ радиоактивті газдар мен шаң жүктемесінің эманациясының есебінен ішкі сәулеленуді құруға қабілетті.

Аллювиальды горизонттың солтүстік-батыс бөлігінің жер асты сулары радионуклидтермен ластанған. Ластанған аймақта жекеменшік тұрғын үйлер, саяжай кооперативтері, сондай-ақ әуежай мен Опытное Поле кенті ауданында тұратын тұрғындарды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін бас тоған бар.

Элеватор бас тоғанының, сондай-ақ Красин кентінің жер асты сулары тұрақты түрде араласу деңгейінен жоғары радонның деңгейімен сипатталады.

Радонның ЭТКБ сәттік маңызын өлшеу кезіндегі алынған деректер тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ауасында, атмосфераның ауасында, жер асты суларында, сондай-ақ топырақтың бетіндегі родан ағынының тығыздығы, қаланың аумағының радонның қауіпті белгілері бар.

1990 жылдың басында қаланың аумағын радиоэкологиялық зерттеу кезінде кешенді радиометриялық әдістер қолданылды: тікұшақ, автомобиль, жүргінші және шпура гамма түсіру; топырақтың және қардың құрамындағы уранды анықтаудың зертханалық әдісі; су мен судың түбіндегі шөгіндінің табиғи (уран, торий, радий) және жасанды (стронций-90, цезий-137) радионуклидтерге арналған сынамаларына талдау жасалды.

“Волковгеология” ПГО 1990-1992 жылдары қаланың аумағында 250 шаршы шақырымдағы 1:10000 масштабта тікұшақпен гамма-түсіруімен зерделеу жүргізді, автомобильді гамма-түсірумен қаланың ішкі орам және жол желісі бойынша 1158 қума шақырым жүріліп өтілді.

Алтай ГГЭ 14 шаршы шақырым алаңда көп қабатты тұрғын құрылысы бар қаланың орталық бөлігінде 1:2000 масштабына жүргінші гамма-түсіру жүргізді. 1:500 масштабындағы балалар бақшасы, оқу, медициналық және мемлекеттік мекемелердің және ішінара жекеменшік сектор зерттелді, ғимараттар – 1:200 және 1:100 масштабында. Барлығы 266 объекті зерттелді. Жүргізілген радиоэкологиялық зерттеулердің нәтижесінде 137 радиоактивті ауытқу және түрлі көлемдегі ластану мен экспозициялық рауалы дозасының қуаттылығы 25-тен бастап сағатына 7000 микрорентген дейін анықталды. Топырақтағы және грунттағы анықталған радиоактивті ластанудың көпшілігі 0,5-6 метрге дейін тереңдікте шпурамен және ұңғымамен элементтік құрамын идентификациялау үшін сынама алумен зерделенді.

Радиомертиялық ізденістермен қатар радиоактивті ластануларды зарарсыздандыру да жүргізілді.

1991 жылы облСЭС 1990 жылы анықталған радиоактивті ауытқуларға жұмыстар жүргізді. Бұл Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің (бұрынғы құрылыс-жол институты) және Буров-Мызы (Ақтау тау-кен байыту комбинатының бұрынғы қоймаларының аумақтары) көшелерінің аудандарындағы радиоактивті ластану ошақтары.

1994-1997 жылдары “Гео-Т” ЖШС одан кейін “Алтайский геолог” АҚ Өскемен қаласының солтүстік өнеркәсіп аймағына радиоэкологиялық зерттеулер жүргізді, оған жүргінші және шпуралық гамма-түсіру мен зертханалық радиометриялық зерттеулер енгізілді. Жиыны 15 шаршы шақырым аумақ зерттелді.

1:500 және 1:200 масштабты жүргінші гамма-түсіру кәсіпорындар, ұйымдар мен жекеменшік сектордың ғимараттарында және аумақтарында, саябақ, бау-бақша және құла далаларда 1:2000 және 1:1000 масштабында жүргізілді. Осы кезеңдегі радиометриялық зерттеулермен 255 радиоактивті ауытқу мен сағатына 5460 микрорентген дейінгі экспозициялық қуатты дозасымен ластану анықталған. Анықталған ластанулардың бірінде ядролық отынның активтелген және пайдаланылмаған өнімі табылған. Осы кезеңдегі анықталған радиоактивті ластанудың көпшілік бөлігі қаржыландырудың жеткіліксіздігінен зерттелген жоқ.

2000 жылы “Геос” ЖШС шаруашылық шарттың негізінде Комсомол аралында, алаңы 0,5 шаршы шақырымда масштабы 1:1000, 10х10 м желі бойынша, 2002 жылы Комендантка өзені тармағының арнасының батыс жағында масштабы 1:500 5х10 м желі бойынша жүргінші гамма-түсіруді орындады. ШҚМТУ ауытқу ауданында 2003 жылы 0,015 шаршы шақырым алаңда 5х5 м желісі бойынша 1:500 масштабының жүргінші гамма-түсіруін және 5х5м желісі бойынша 3 метр тереңдікке дейін ұңғыма орнатумен бұрғылау жұмыстарын жүргізілді.

2004-2005 жылдары 1:2000 масштабындағы қоныс және солтүстік өнеркәсіп аймағының бұрын зерттелмеген аумақтарында радиометриялық зерттеулерді жүргізілді (Жібек маталар комбинаты, Жаңа Согра, Пристань, Промбаза, Аблакетка, Защита, Тополиная роща, Абай даңғылы мен солтүстік шекарасы арасындағы өнеркәсіп аймағының солтүстік – шығыс бөлігі “Өскемен арматура зауыты” ААҚ). Қала құрылысы аумағындағы ірі радиоактивті ауытқуға іргелес орналасқан аудандарға радиоэкологиялық қолайсыз қатынастағы ретінде 1:500 масштабында мыналарға гамма-түсіру жүргізілді (Солнечная-Потанин-Дзержинский көшелерінің аудандарында, Ленин-Виноградов-30 Гвардияшылар Дивизиясы көшелерінің аудандарында, Мызы-Буров-Степная-Ушанов көшелерінің аудандарында, Буров-Новаторов-Пролетарлар көшелерінің аудандарында, Окябрьский округі, автополигонның аумағы мен ШҚМТУ жатақхаларының артындағы жағажай), Октябрь және Пионер бас тоғандарының негізі және оларға іргелес аумақтары, тұрғындардың жаппай демалатын орындары (Жамбыл атындағы саябақ, Киров атындағы саябақ, “Металлург” саябағы, “Сәулетай” балалардың ойын алаңқайы), сондай-ақ магистральдар мен Өскемен қаласының жекеменшік секторының үйлері мен усадьбаларының аралықтарындағы көшелер (Гавань кенті, Бабкина Мельница кенті, Ескі Согра кенті, Шмелев Лог кенті, Красин кенті, Сол Жағалау кенті, Нефтебаза-Прохладная, Мирный кенті, КСМ, аэропорт). Жұмыстың жалпы көлемі 27,8 шаршы шақырымды құрады. 900 м2 дейінгі алаңдағы радиометриялық зерттеулердің нәтижесінде сағатына 900 микрорентген дейінгі экспозициялық қуатты дозасымен 20 радиоактивті ауытқу анықталды, олардың үлкен бөлігі топырақ пен грунттың радиоактивті ластануына байланысты.

2005 жылы бұрынғы зерттеулермен анықталған қоныс аумағының аймағындағы радиоактивті ауытқуларға тексеріс жүргізілді. Барлығы 87 объекті тексерілді, оның 47-і радиоактивті ластанған грунттарға байланысты болды және 40 ауытқу құрылыс материалдарында, темір бұйымдар мен конструкцияларда болды.

2005 жылғы радиометриялық және тексеріс жұмыстарының нәтижесінде Өскемен қаласының қоныс аумақтарында анықталған ауытқулар мен радиоактивті ластанумен байланысты топырақ пен грунттарға егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізілді, 1:100 масштабында шпуралық гамма-түсіру жүргізілді және альфа-белсендінің жалпы үлес салмағына сынама алынды. Олардың аумағындағы инженерлік-құрылыс жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде осы уақытқа дейін толық шектелген ауытқуларға шпурадағы гамма-түсіру мен сынама алу жүргізілген жоқ.

Сондай-ақ, Өскемен қаласының қоныс аумақтарындағы грунт пен топырақта анықталған радиоактивті ластануларға 2005 жылы 14 радиациялық-гигиеналық паспорттар жасалды.

1990 жылы жүргізілген радиоэкологиялық зерттеулердің нәтижесінде Өскемен қаласы бұрын жұмыс істеген кәсіпорындардан қалай ластанса қазіргі кезде де жұмыс істеп тұрғандарынан да солай ластануда. Қаланың аумағындағы негізгі радиоактивті ластаушы көздері болып мыналар табылады:

1. Қоныс аумағының қазіргі аумағындағы өткен жүзжылдықтың 50-60 жылдары жұмыс істеген “Калбаолово” бұрынғы тресінің жентектеу фабрикасының қалдықтары.

2. “ҮМЗ” АҚ уран және тантал өндірісінің өнеркәсіптік қалдықтары.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтарында анықталған топырақты және грунтты радиоактивті ластауға байланысты радиоактивті ауытқулардың басым бөлігі аяғына дейін зерделенбеген, радиоактивті ластанудың таралу салдарын бағалауға және алдын алуға мүмкіндік бермейді.

Өскеменнің қоныс аймақтарының аумақтарында анықталған радиоактивті ауытқулар, көпшілік жағдайда 1990 жылы зарарсыздандырылған, не болмаса 2005 жылға дейін жүргізілген инженерлік-құрылыс жұмыстарының нәтижесінде ауыстырылған. Алайда, қалған ауытқушылықтар, сондай-ақ топырақ пен грунттағы қайтадан анықталған радиоактивті ластанулар осындай алаңдарымен және радиациялылығымен сипатталады (Өскемен қаласының қоныс аймағының аумағындағы радиоактивті қалдықтарды көлемі (РҚК) 62 000-нан артық м3 құрайды), осындай ластануларды олардың орналасқан жерлерін ескерумен зарарсыздандыру және қайта өңдеу біршама қаржылай шығынды қажет етеді. Ең ірірадиоактивті ластану Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ауданында, радиоактивті қалдықтың көлемі 60000 м3.

Сондай-ақ радиометриялық зерттеулердің нәтижесінде мейлінше оқшау алаңдық сипаты кезінде (алғашқы шаршы метрлер) топырақ пен грунтта анықталған кейбір радиоактивті ауытқушылық пен аз деңгейдегі гамма-сәулелену (сағатына 40 микрорентгеннен артық емес), жер асты горизонттарында радиоактивті ластанған грунттың, соның ішінде радиоактивті қалдықтардың (РАҚ) санатына жатқызылатын біршама көлемімен сипатталуы мүмкін екені анықталды. Осындай радиоактивті ластанудың үсті бейтарап грунтпен жабылуы мүмкін, бұл оны іздестіруді қиындатады, осындай ауытқуларда қандайда бір инженерлік-құрылыс жұмыстарын жүргізу басқа аумақтардың радиоактивті ластануына әкеліп соғуы мүмкін.

Радиометриялық зерттеулермен радиоактивті грунттан басқа, қаланың солтүстік бөлігінде МЭД сағатына 3000 микрорентген және одан да артық деңгейде металл бұйымдар мен конструкциялардың көп мөлшері анықталды, олармен жақын байланыс немесе шаруашылық мақсатында пайдалану денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Әсіресе иесіз радиоактивті құбырлар қауіп төндіреді.

2006 жылдың басындағы Өскемен қаласының аумағындағы радиоэкологиялық ахуал мынадай болды:

Өскемен қаласында 1990 жылдан бастап жүргізілген радиометриялық зерттеулердің нәтижесінде түрлі жүргінші гамма-түсірумен 57 шаршы шақырым масштаб қамтылды.

1990 жылдан бастап қаланың аумағында 411 ауытқу анықталды, олардың 206-сы радиоактивті ластанған грунтпен байланысты болды, 64 – құрылыс материалдарындағы, темір бұйымдардағы, конструкциялардағы және т.б. радиоактивті ауытқуларды көрсетті, 141-і иондалған сәуле шашудың техногендік көзі болып табылды, олардың қатысуы пайдаланылатын аспаптар мен құрал-жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктерімен байланысты.

2005 жыл бойынша Өскеменнің аумағында 221 ауытқу қалды, олардың 182-і грунттың радиоактивті ластануымен байланысты, 39-ы құрылыс материалдарындағы, темір бұйымдардағы, конструкциялардағы және т.б. радиоактивті ластанулар. 1992 жылғы материалдар бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардан иондалған сәуле шашудың 126 техногендік көзі алынды және сақтауға тапсырылды, қалған 15-ін сақтау және пайдалану радиациялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.

Өскеменнің тұрғын аймағының аумағында қазіргі кезде 35 радиоактивті ауытқу бар, олардың 21 грунт пен топырақтағы радиоактивті ластануға жатады, алаңының сипаты бір шаршы метрден 8 гектарға дейінгі аралықта, ал радиоактивті ластанған грунттың көлемі топырақтың қабатындағы 1 метр тереңдікке дейін 85 000 текше метрді құрайды, оның 62 000 текше метр І-ші санаттағы радиоактивті қатты қалдыққа жатады. Қоныс аймағының аумағындағы радиоактивті ластанудан басқа 14 ауытқу бар, олар ғимараттардың құрылыс конструкцияларында радиоактивті ластанумен және радиоактивті металл бұйымдармен байланысты.

Солтүстік өнеркәсіп аймағында қазіргі кезде 186 радиоактивті ауытқу бар, олардың 161 топырақ пен грунттағы радиоактивті ластануға жатады, ал 25 анықталған құрылыс материалдарында, конструкцияларда, металл бұйымдарда, өндірісте пайдаланылатын радиоактивтілігі жоғары материалдарда, немесе өндірістік қызметтің нәтижесінде ластанған. Радиоактивті ластанған грунтпен байланысты және солтүстік өнеркәсіп аймағында орналасқан радиоактивті ауытқулардың жалпы санының 121-і өнеркәсіп кәсіпорының аумақтарында орналасқан және осы уақытқа дейін атүсті зерттелген.

Радиометриялық зерттеулердің нәтижесі бойынша Өскемен қаласының аумағында 1990 жылдан бастап анықталған радиоактивті ауытқулардың мен иондалған сәулелену көздерінің кадастры, сондай-ақ қаланың радиоактивті ластануының картасы жасалды.

Судағы радонды өлшеу.

Өскемен қаласының ауыз суларының құрамындағы радонды өлшеу бірінші рет 1991 жылы жер асты суларының жай-күйіне сараптама жүргізген кезде орындалды. Эманациялық зерттеулермен қаланың бас тоғандары, жекелеген құдықтар, өнеркәсіп алаңдары, ұңғымалар мен қалдық қоймалары қамтылды. Барлығы 44 объекті зерттелді. 2 объектіде радонның концентрациясы фондықтан 6-10 есе артты. Элеватор бас тоғанында ол 95 эм/л (351,5 Бк/л) дейін жетті, ҮМЗ қалдық қоймасында фондық құрамы 9 эм/л (33,3 Бк/м3) кезінде 57 эм/л (210 Бк/л). Сараптаманы жүргізген кезде су ағындарының бетіндегі шөгінділердің пайда болу ахуалына баға беру үшін жұмыстар жүргізілді. Шөгінділерден 85 сынама іріктелініп алынды. Олардың құрамынан радионуклид табылды, соның ішінде Rа-226, құрамындағы РБШК 10 есе және одан да көп, уран – 6 есе.

1992-1993 жылдары “Казгеология” ПГО құрамына кіретін “Восток” геологиялық өндірістік кәсіпорнының геофизикалық партиясымен Өскемен қаласының негізі 10 бас тоғанында радонның концентрациясына бір жолғы өлшеу, Элеватор және Пионер бас тоғандарының су құбыры желілерінің екі реперлік нүктеде радонның ауытқуына мониторингтік байқаулар жүргізілді. Мониторингтік байқаулар кезеңінде радонның концентрациясының 10 есе және одан да көп ауытқығаны байқалды. Осындай өзгерістерге әсер ететін факторлар ретінде маусымдық климаттық жағдайлар мен тектоникалық қызметтің белсенділігі аталды. Радонның түсуінің негізгі көздері тектоникалық бұзылу аймақтары бойынша басым жыныстар болып табылады, ал кейбір жағдайларда техногендік радиоактивтік ластанудың бар екендігі жоққа шығарылмады.

2004 жылы жер асты суларын біржолғы эманациялық зерттеу Өскемен қаласының 25 су пунктінде: Элеватор, Пионер, Октябрь бас тоғандарында, сондай-ақ саяжайлық кенттер мен қаланың түрлі бөліктерінің жекеменшік секторларының ұңғымаларында жүргізілді. Осының нәтижесінде радонның 12,5 Бк/л бастап 105 Бк/л дейінгі концентрациясы анықталды. Су пункттерінен сынама алумен қатар Октябрь бас тоғанының әсер ету аймағындағы су құбыры желісіндегі радон концентрациясының уақытша ауытқуына бақылау жүргізілді. Араласу деңгейінен артық құрам (ауыз судағы 60 Бк/л радон үшін) Элеватор (105 Бк/л дейін) және Пионер (65,0 Бк/л дейін) бас тоғандарында байқалды, сондай-ақ Красин кентіндегі ұңғымада (103,5 Бк/л дейін). Араласу деңгейіне жақын радонның маңызы Октябрь бас тоғанында байқалды, онда ең жоғарғы құрамы 2004 жылы 56,0 Бк/л құрады, ал су құбыры желісіндегі концентрациясының ауытқуы 25,5 бастап 59,6 Бк/л дейін.

2004 жылғы зерттеулер көрсеткендей жер асты суларының жоғары ширек бөлігі Ертіс және Үлбі өзендерінің жайылмаларындағы сулы аллювиалды қазіргі шөгінділері 16,8 Бк/л орта маңыздылығы кезінде негізінен орта есеппен радонның 12-21 Бк/л концентрациясымен сипатталады. Алайда, Өскеменнің солтүстік-батыс бөлігіндегі горизонтындағы суда радон орта маңыздан 2 және одан да көп, бұны осы ауданның жер асты суларындағы радионуклидтермен түсіндіруге болады. Аталған факті альфа және бета белсенділіктің үлес салмағын анықтау нәтижесімен бірнеше рет дәлелденген болатын. Жер асты суларының аллювиналды горизонтында осындай радиоактивті ластанудың болуы 1954 жылы пайдалануға қосылған “ҮМЗ” АҚ ескі қалдық қоймасының өнеркәсіп қалдықтарының әсер етуінен болды. Осы объектіде негізінен уран қалдықтары, соның ішінде байыту мен уранның закись-окисін алғандағы қалдықтары көмілген, барлығы 840 000 м3 радиоактивті қалдық көмілген. Осы қалдық қоймасының құрылысын салған кезде қорғаныс экрандары салынбаған.

2005 жылы Өскемен қаласының жер асты суларына жүргізілген эманациялық зерттеу кезінде негізгі ауыз су бас тоғандарының (Элеватор, Солтүстік-Атамановка, Октябрь, Аблакетка, Пионер) бесеуінде радонның (222Rn) деңгейі 8,0 Бк/л бастап 81 Бк/л дейін анықтаған болатын. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей Элеватор бас тоғанының жер асты ауыз сулары құрамында радонның араласу деңгейінің жоғарылығымен (60 Бк/л) сипатталады. 2005 жылы оның орташа құрамы байқаудың барлық кезеңінде 36,8-81,0 Бк/л диапазонында 60,7 Бк/л құрады. Радонның құрамының араласу деңгейінен жоғары болуы 2005 жылғы 15 шілдеде Солтүстік-Атамановка бас тоғанының ауыз суында байқалды және орташа маңыздылығы 62,5 Бк/л кезінде 53,3-76,8 Бк/л диапазонында болды. Радонның араласу маңызының деңгейіне жақын болуы Пионер бас тоғанында (Крылов кусты) сәуір және мамыр айларында байқалды, онда ол 2005 жылғы ең жоғарғы құрамы - 61,0 Бк-л құрады.

Осылайша, Өскемен қаласының аумағындағы зерттелген бас тоғандардың жалпы санынан Элеватор бас тоғанының жер асты сулары тектоникалық бұзылған аймақтар бойынша эманациясының негізінде радон концентрациясының араласу деңгейінің жоғарлығымен сипатталады. Суды пайдаланушылардың көптігін ескере отырып (Жібек маталар комбинатының ауданы, Сол Жағалау кенті) су құбырлары желілеріндегі радон белсенділігінің үлес салмағын азайту әдістерін қарау қажет. Басқа бас тоғандардың жер асты суларын қауіпсіз деп сипаттауға болады.

1991 және 2004 жылдары зерттелген жекеменшік сектордың құдықтары мен ұңғымаларының жалпы санынан 60 Бк/л-дан артық радон концентрациясы Красин кентінде ғана тіркелді (102 Бк/л), бұл осы аудандағы жер асты суларының радондық қауіптілігіне айғақ бола алады.

Егер радонның ауыз судағы араласу деңгейінен (60 Бк/л) шығатын болсақ, сондай-ақ оның тербелістерінің споралығын ескерсек, онда жиіліктің сенімсіздігі мен бақылаудың ұзақтығы анықтаудың қорытындысында қалай жоғары болса, солай төмен де болуы мүмкін екендігінен нәтиже шығаруға болады. Осыдан келіп, сумен қамтамасыз етуге пайдаланылатын жер асты суларының деңгейіне арналған мониторингтік бақылауды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан әзірлеу қажеттілігі туындайды. Осындай бағдарламаның мақсаты табиғи және антропогендік фактордың әсеріндегі жер асты суларының радиациялық жай-күй туралы қажетті және жеткілікті ақпаратты алу үшін негізделген тұрғы әзірлеу қажеттілігі, тұрғындарды қорғау бойынша қазіргі заманғы шешімдерді қабылдау үшін су пайдалану көздерінің радиациялық (эманациялық) болжау жасау мүмкіндігі.

Ауыз сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесінің судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес ауыз судың радиациялық қауіпсіздігі жалпы альфа және бета белсенділік көрсеткіштері бойынша нормативтерге сәйкес анықталады, радионуклидтің құрамы егер нормативтердің бірі артқан жағдайда ғана анықталатыны маңызды факті болып табылады. Алайда, аталған параметрлер судың сапасының санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері болып табылады және аумақтың радиациялық жай-күйін сипаттайтын тұрғындардың жеке немесе ұжымдық сәулелену дозаларын бағалау үшін пайдалануға болмайды және тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша критерий болып қызмет етеді.

РҚН-99-ге (НРБ) сәйкес, қосылған альфа және бета белсенділіктің үлес қосындысы суды ішу мақсаттарында пайдаланудағы алдын ала бағалау көрсеткіштері болып табылады. Суда 3Н, 14С, 1311, 210Рb, 210Ra, 232Th болу мүмкіндігі кезінде осы радионуклидтердің үлес концентрациясын анықтау міндетті болып табылады. Аталған радионуклидтердің барлығының ішінен 210 Рb α белсенді радонның (222Rn) 22,3 жылдағы жартылай ыдырау кезеңінің еншілес өнімі болып табылады және оның судағы құрамы кейбір жағдайда радионуклидтің концентрациясымен анықталатын болады. Ауыз судағы 210Рb-ның рұқсат берілген орта жылдық үлес белсенділігі α белсенді – 0,1 Бк/л рұқсат берілген жалпы үлес маңыздылығы кезінде 0,2 Бк/л құрайды.

Осылайша, Өскемен қаласының аумағында атомды-өнеркәсіпті кешен кәсіпорындарының орналасқандығын, радон концентрациясының араласу деңгейі жоғары су көздерінің бар ескере отырып, Қазақстанның аумағының жалпы ерекшелігінен, біршама көлемде көшу үдерісінің тартылған құрамында табиғи радионуклидтердің фоны жоғары Жер шарының сегменті ретінде шыға отырып, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін бағалаудың ары қарайғы алдын алу және радиациялық – гигиеналық баға беру кезіндегі сараланатын құрауыштарының спектрін кеңейту қажеттілігі туындайды.

Ғимараттардың ауасындағы радонды өлшеу.

2004 жылы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің және жоғарғы оқу орындарының ғимараттарының атмосфераларының ауасындағы радонның (Rn222) сәттік эквиваленттік теңсалмақты көлем белсенділігі (ЭТКБ) маңызын мақсатты өлшеу алғашқы рет басталды. Эманациялық зерттеумен ғимараттардың жертөрелерін, бірінші, орта және жоғарғы қабаттарын міндетті түрде өлшеумен 87 объекті қамтылды. Барлығы 254 ғимарат зерттелді, 4662 өлшеу жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде 5-тен бастап 2687 Бк/м3 дейінгі диапазонда радонның ЭТКБ маңызы байқалды. Зерттелген 87 объектінің 53-інде радонның деңгейі 200 Бк/м3 артық тіркелді (тұрғын және қоғамдық үй-жайлар мен ғимараттардағы ауадағы радонның жылдық орта рұқсат берілген ЭТКБ). Олардың ішінде 34 жағдайда құрамының 400-ден бастап 1500 Бк/м3 дейін және 2 жағдайда 1500 Бк/м3 артқаны байқалды. Көпшілік жағдайда бұлар жұмыс және оқу үдерісінде пайдаланылмайтын, адамдардың болуы шектеулі жертөре бөлмелері, алайда, 6 объектінің жертөресінде радонның концентрациясы 203-ден бастап 878 дейін Бк/м3 жұмыс ғимараттары бар болды. 13 объектінің бірінші және екінші қабаттарында 200-ден артық Бк/м3 радон деңгейі тіркелді, екі жағдайда оның концентрациясы 400 Бк/м3 құрады.

2005 жылы атмосфера ауасындағы радонның (Rn222) ЭТКБ сәттік маңызын зерделеу жалғастырылуда. Эманациалдық зерттеулер Өскемен қаласының аурухана ғимараттарын, жекеменшік сектордың үй-жайларын, сондай-ақ радиоактивті ауытқулардың аумақтарында орналасқан табиғи апаттардың алдын алу және жою бойынша төтенше жағдайлардың облыстық мемлекеттік инспекциясы мен мемлекеттік қалалық техникалық қадағалаудың ғимараттарын қамтыды. Барлық жертөре бөлмелерін, бірінші, екінші және жоғары қабаттарын міндетті түрде өлшеумен 86 объект зерттелді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде 5-тен бастап 2349 Бк/м3 диапазонындағы радонның ЭТКБ маңызы атап өтілді. 2005 жылы зерттелген 87 объектінің ішінен ғимараттардағы 31 үй-жайда радонның 200 Бк/м3 артық деңгейі тіркелді. 2005 жылғы зерттелген ғимараттардың жалпы санының 26-ның жертөрелерінде радонның 200 Бк/м3 артық деңгейі тіркелді (ең жоғарғысы – 2349 Бк/м3), 8-інде біріші қабаттардағы бөлмелер (ең жоғарғысы – 573 Бк/м3) мен 2 қабат (ең жоғарғысы – 446 Бк/м3).

2005 жылғы зерттеулер ғимараттардың ауасындағы торонның (Rn220) ЭТКБ сәттік маңызы анықталды. Жұмыстардың қорытындысы көрсеткендей торонның ЭТКБ сәттік маңызын өлшеу көпшілік жағдайда эманометрдің (5 Бк/м3) сезімталдығы деңгейінен төмен болып шықты. Басқа объектілерде торонның және оның еншілес өнімдерінің ыдырау үлесі (ЕӨЫ) радий изотобының теңсалмақты көлем белсендігі 17,7 % орта маңыздылығы кезінде 2,3 бастап 36,6 % дейінгіні құрады.

2004, 2005 жылдардағы зерттелген объектілердің 173-інің 87-нде (50%) радонның ЭТКБ деңгейі 200 Бк/м3 байқалды, ал 60 жағдайда (35 %) 340 Бк/м3 асатыны байқалды. 22 объектіде ЭТКБ-нің 200 Бк/м3 артық сәттік маңызы тұрғын және қоғамдық ғимараттарды байқалды, ал 8-де – 340 5 Бк/м3 жоғары.

Үй-жайлардың ауасына жүргізілген эманациалдық зерттеулер 200 Бк/м³ асатын ЭРОА сәттік маңызы анықталған объектілер Өскемен қаласының барлық аумағы бойынша тарады және түрлі тұрпаттағы құрылыстарды құрады. Эманациялардың ағындары стандартты факторлармен ғана пайда болмаған: өңірдің геологиялық ерекшеліктерімен – қаланың Ертіс аймағындағы жаншылған және құрылыс материалдарының эманациясының орналасуымен, сонымен қатар аумақтарда ғана емес, ғимараттардың құрылыс конструкцияларындағы радиактивті ауытқушылықтардың да қатысуымен болады.

2004-2005 жылдардағы алынған радонның ЭТКБ орта маңызын тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жалпы жылдық орта сипаттамалары үшін алса, онда жұмыс ғимараттарының ауасындағы радон мен оның қысқа жылжушы еншілес өнімдерінің есебінен Өскемен қаласының тұрғындарының ішкі сәулеленуінің күтілетін жылдық орта тиімділігі (соның ішінде радиоактивті қалдықтардың да есебінен), радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұрғындардың табиғи көздерден сәулелену деңгейінің жоғарылығын көрсетеді.

Өскемен қаласының аумағын эманациялық түсіру.

2005 жылы Өскемен қаласының аумағында тұңғыш рет эманациялық зерттеулер жүргізілді, олардың құрамына топырақтағы радонды (ТР), топырақтың бетіндегі радон ағынының тығыздығы (РАТ) мен атмосфера ауасындағы радонның(Rn222) ЭТКБ зерделеу енгізілді. Эманациялық түсіруге Өскемен қаласының Үлбі ауданының алаңы 10 шаршы шақырым аумағы қамтылды.

Радон деңгейінің ықтимал есебі үшін маусымнан бастап қазан бойынша кезеңде бақылау нүктелеріндегі атмосфера ауасындағы радонның және ЭРОА топырақтағы радонға, радон ағынының тығыздығына кезең-кезеңмен байқаулар жүргізілді. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде топырақтағы радонның маңызы бақылаудың барлық кезеңі бойы іс жүзінде 3 Бк/л артпады, ал бақылау участкесінің бетінен радон ағынының тығыздығының маңызы демек 13,7-ден бастап 146,9-ге дейінгі мБк (м2хс) диапазонда 10 есеге ауытқыды. Топырақ эксхаляциясының орта маңызы бақылау нүктесі үшін 36 мБк (м2хс) құрады. Топырақтың бетіндегі радон ағысының тығыздығының өзгеруіне грунттардың ылғалдылығы мен сейсмикалық белсенділік күшті әсерін тигізеді.

Өскемен қаласының атмосфера ауасындағы радонның ЭТКБ құрамы зерттеу жүргізілген кезеңде 12,2 Бк/м3 орта маңызы кезінде < 4 Бк/м3 бастап 45 Бк/м3 дейінді құрады. Көбірек жоғарғы маңыз желсіз бұлтты күндері байқалады. Радонның ЭТКБ бөлу күні бойы бірдей емес. Белсенділік таңғы сағаттарда байқалады, одан кейін біртіндеп түседі.

Топырақ радонының деңгейін зерттеу кезеңінде зерттелетін учаскеде 0,32-ден бастап 10,5 дейінгі Бк/л құрады, негізінен 3 БК/л артпады, аталған аумақты радондық қауіптілігі жоқ аумақ ретінде сипаттайды (радиоактивті деңгейі 50 Бк/л).

Топырақ радоны деңгейінің төмендігіне қарамастан, топырақ эксхалациясы (РАТ) зерттелетін учаскеде 5,8-ден бастап 97,3-ке дейінді (м2хс), 27,8 мБл(м2хс) орта маңызы кезеңінде. Зерттелген нүктелердің санының төртеуінде табылған топырақ бетіндегі радон ағысының тығыздығының маңызы 80 мБк/ (м2хс) артады, бұл зерттелетін аумақтарда қауіпті радон аймақтарының бар екендігі туралы айғақ бола алады.

Радонның споралылығын, сондай-ақ бақылау нүктелеріндегі байқаулардың деректерін ескере отырып, 42,4 мБк(м2хс) құраған зерттелген учаскеде радонның әлеуеттік қауіптілік деңгейі есептелді. Осылайша, осы деңгейден асып кеткен нүктелер бір аймаққа біріктірілді.

Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ауданы бұрынғы “Калбаолово” тресінің жентектеу фабрикасының бірінің радиоактивті қалдықтарынан ластанған аумақ болып табылады. 2004 жылы осы аумаққа радиациялық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде 140 мБл(м2хс) дейінгіні құраған топырақтың эксхаляция маңызы анықталды, ал 1 метрге дейінгі грунттағы радидің (Rа226) құрамы – 582 Бк/кг дейін.
ПӘН: «ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ»


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет