6- зертханалық сабақ Хордалылар типі. Тип тармағы басхордалылар. Басхордалылар классы. Типтармағы Омыртқалыларнемесебассүйектілер. Класс үсті балықтар. Сүйекті балықтар классы. Сабақтын мақсаты



бет1/3
Дата16.10.2022
өлшемі290.44 Kb.
#176797
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
6 апта ЗТС тапсырмалары
Реферат та ырыбы Д румендер Орында ан Елеубекова Ж. Е


6- Зертханалық сабақ
Хордалылар типі. Тип тармағы басхордалылар. Басхордалылар классы. Типтармағы Омыртқалыларнемесебассүйектілер. Класс үсті балықтар. Сүйекті балықтар классы.
Сабақтын мақсаты: Әр түрлі макро және микропрепараттарды, слайдтарды, Зоология Атласын, оқу құралдарын қолданып басхордалылар мен сүйекті балықтардын дене құрылысындағы, жүйесіндегі ерекшеліктермен танысу. Сабақтын міндеті: Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы және дамуы кезенімен танысып жұмыс дәптерінде белгілеу. Өзен алабұғасының ішкі және сыртқы құрылысымен препарат арқылы танысып, жұмыс дәптеріне белгілеу. Басхордалылар мен сүйекті балықтардын қазіргі замаңғы жүйелерін оқу.


Жалпы түсінік.
Өзен алабұғасының денесі сүйір пішінді болып бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Басы сүйрленген сына тәрізді пішінді болып тұлғасынан желбезек қақпақтары арқылы бөлінген. Желбезектер осы қақпақтарының астында орналасқан. Қасаң қабығы жойылған көздері кішкентай болады. Ал олардың алдыңғы жағында, басының үстіңгі бөлігінде жұп танау тесіктері болады. Алабұғаның тұлғасын қабықтар қаптап тұрады. Әрбір қабыршағы сүйекті пластинкадан түзілген. Пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқа шығып жатады.
Сол сыртқа шығып бос жатқан бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты болдырлары болады. Мұндай қабыршақтарды ктеноидты қабыршақ деп атайды. Денесінде болатын көптеген бір жасушалы тері бездері үздіксіз шырыш бөліп тұрады. Осы шырыштың әсерінен балықтың денесі су ішінде кедергісіз тез қозғалады. Денесінің екі жақ бүйір бетінде басынан құйрығына дейін созылып жатқан бүйір сызығы болады. Бүйір сызығы пунктир сызығы тәрізді болып қабыршақтардың тұсынан өткен жерінде қатарласып орналасқан тесіктері болады. Осы тесіктері арқылы бүйір сызығы сыртқы ортамен байланыста болады. Сырттан қабылданған әсерлер осы сызық бойымен бұлшық еттерде жатқан жүйке ұштары арқылы миға жеткізіледі. Сонымен бүйір сызығы сезім мүшесі болып табылады және де есту мүшелерінің қызметін де атқарады. Яғни, оны сейсменсорлы мүше деп атайды. Тұлға бөліміне жұп қанаттар- көкірек және құрсақ қанаттары байланысқан. Дара қанаттары арасындағы екі қанаттан құйрық және аналь тесігінің тұсындағы аналь қанаттарынан тұрады. Алабұғалардың құйрық қанаттары кең ашалы және тең қалақты болып келеді. Мұндай құрылысты құйрықты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды.
Ет жүйесі. Көкірегі мен құйрық бөлімінің ет жүйесін, ен минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бунақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді бір – біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет