7 Әлемдегі және еліміздегі ғылым мен технологиядағы қызықты оқиғалар


FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР



жүктеу 386.34 Kb.
бет6/7
Дата21.04.2019
өлшемі386.34 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР



Жаңа көзілдіріктер соқырларға көруге көмектеседі







IRIS II атауымен революциялық өнім көпшілікке шілденің басында ұсынылған, бірақ жақында ғана алдыңғы қатарлы еуропалық медициналық ұйымдардан клиникалық сынаулар жүргізуге мақұлдау алды.

IRIS II көзілдірігі Pixium Vision француздық компаниясымен жасалған және үш негізгі компоненттен тұрады: бірге жасалған видеокамерасымен көзілдіріктен, компьютерден және көз имплантынан.

Камера бейнені ұстап, ол компьютермен талданады, және сымсыз технология бойынша көз торының астында орнатылған имплантқа беріледі. Имплант 150 электродты алып жүреді және пациентке қара, ақ, сондай-ақ сұр түстің онға жуық өңдерін ажыратуға мүмкіндік беріп, көру жүйкесін ынталандыра алады. Pixium Vision- нан өнертабысшылап, бейімделуден кейін, бұрын тас соқырлықпен зардап шегетін пациенттер адамдардың бет бейнелерін, сондай-ақ айтарлықтай ірі шрифтпен жазылған мәтінді ажырата алатындығын айтады.

Осы сәтте тәжірибеге Ұлыбританияның, Францияның, Германия мен Австрияның тұрғындары қатысуда, ал адамдарға көмектесуге тырысатын аурулар көз торының дегенеративтік аурулар тобына жатады: Ушер синдромы, селеубас- таяқшалы дистрофия, хороидеремия және кейбір басқалары.
Дереккөз: http://hi-news.ru/medicina/novye-ochki-pomogut-slepym-vernut-zrenie-2.html

Ұлыбританияда эндоскопиялық робот-хирургты жасаумен жұмыс істеуде







Эндоскопиялық хирургия — бұл хирург пациенттің денесінде үлкен кесулердің орнына жұмыс үшін қажетті аспаптар енгізілетін кішкентай ғана тесіктер жасайтын, жұмыс істей алатын процесс.

Операция өткізудің мұндай тәсілі неғұрлым қауіпсіз, жылдам болып саналатынына және пациентке аяққа оперативті араласудан кейін тезірек тұрып кетуге мүмкіндік беретініне қарамастан, әрбір хирургтің жеткілікті біліктілігі жоқ және мұндай қуыстық операцияларды жасай алмайды.

Бұл мәселені шешу үшін, Cambridge Medical Robotics компаниясы хирургтарға мұндай деликатты операциялар жасауға көмектесе алатын, арнайы машина жасаумен жұмысты бастады. Басты мақсат – дәрігерлерге эндоскопиялық хирургияның барлық қыр- сырын үйретуге уақытта жоғалтпауға, бұның орнына тек машинаны басқаруды үйреніп және оның барлық мүмкіндіктерін игеріп, іске бірден дерлік кірісуге мүмкіндік беретін құрылғыны әзірлеп шығу.

Мартин Фрост, CMR атқарушы директоры, бүгінгі күнде әлемде мұндай операциялар өткізуге мұқтаж 12 миллионнан артық адам барын айтады, бірақ үлкен өкінішке орай, олардың жартысына ғана барлық қажеттіні жасаған, себебі мұндай операциялар хирургтан аса үлкен шеберлікті қажет етеді. Заманауи ауруханалар арсеналында бар роботтар хирургтың міндетін жеңілдету үшін жасалғаныимен, әдетте мұндай операциялардың бірнеше түрі үшін ғана бейімделген, бағасы да өте қымбат тұрады, оның үстіне мұндай керемет техникаға қол жеткізуге әрбір аурухананың мүмкіндігі бола бермейді.

Мартин оның компаниясы роботтандырылған жүйені әзірлейтінін түсіндірді, ол хирургтарға кез келген аз инвазивті араласуларды жасауға ғана көмектеспейді, сонымен қатар өзіне жұмыстың үлкен бөлігін алады.

Компания басшысы құрылғыны арсеналында әр түрлі құрал- саймандардың үлкен жинағы бар модульдік конструкция ретінде сипаттайды, олар әр түрлі ем- шараларға қажет болуы мүмкін. Құрал- саймандар адам қолымен салыстырғанда анағұрлым икемдірек болады, сондықтан хирург процесті қашықтықтан басқаруға ғана толықтай жұмылдырыла алады.

Мартин Фросте маманның нақты қалай машинаның әрекеттерін басқаратынын айтпады, бірақ бейнеойындық контроллерге ұқсас контроллерді сипаттап берді.

«Жоқ, бұл геймпад емес, бірақ, ол ойын контроллерін еске салады. Оның әр түрлі басқару элементтері бар, мысалы, саптары, батырмалары, тұтқалары, олардың көмегімен хирург құрал- саймандар мен камераларды басқара алады.» — деді Фрост CNBS сұхбатында.

Жақында CMR компаниясы автоматты медициналық жабдықтың ірі еуропалық өндірушісі ABB- дан 20 миллион доллар алған. Енді әзірлеушілердің айтуында, машинаның прототипін жасау толық жүруде. Бірінші жұмыс прототипін келесі 12 ай ішінде көрсетуді жоспарлайды. Құрылғының сатылымда пайда болу күні хабарланбайды.


Дереккөз: http://hi-news.ru/robots/v-velikobritanii-rabotayut-nad-sozdaniem-endoskopicheskogo-robota-xirurga.html


CLIP-AIR —және ұшақ және пойыз жарты ғасырдан кейін







Ұшақ бір уақытта пойыз да бола алатын болашақты елестетіңізші. Үш салон- «вагон» көлік құралының авиациялық бөлігіне беккітіледі, бірақ одан тіркеуі шешіліп, темір жол вагондары ретінде пайдаланыла алады. Мұндай жағдайда жолаушыларға әуежайдан қалаға дейін жету қаюет болмайды, керемет көлік оларды өзі жеткізеді.


2015 жылы көктемде жапон пойызымен жылдамдықтың теңдессіз рекорды белгіленді, ол заманауи жер көлігінің айтарлықтай жылдам бола алатынын көрсетті.

Жарты ғасыр өткеннен кейін әлемде пайда болуы мүмкін, бұрын- соңды болмаған көлік туралы неғұрлым толығырақ Эндрю Хокинстің (Andrew J. Hawkins) суреттемеленген жазбасында айтылған «This awesome plane-train hybrid could revolutionize transportation, but not for another 50 years», theverge.com. ресурсымен жарияланған.

Clip-Air атауымен мұндай жоба швейцарлық зерттеушілер консорциумымен ұсынылған. Мәнісінде Clip-Air төрт бөліктен тұратын, модульдік ұшақ болып табылады. Олардың үшеуі салондар немесе капсулалар болып табылады, оларда жолаушылар тасымалданады, жүктер немесе отын тасымалданады.

Көлік құралының төртінші құраушысы кабинамен және қозғалтқыштарымен жеке ұшақ болып табылады. Бұл болашақ ұшағы аса әсерлі көрінеді. Капсулаларды ұшақтан тіркеуін ажыратуға және темір жолмен саяхатты жалғастыруға болады.

Капсулалары темір жол вагондар бола алатын, мұндай көлік құралы ең қымбат компонент – ұшақты пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Ұшақтың қанаттарының жайылуы 200 футты (~67 метр) құрайды, ал фюзеляж ұзындығы — шамамен екі есе кем. Әрбір капсула 30 тонна жүк масималды салмақты көтере немесе 450 жолаушыны тасымалдай алады, бұл Airbus A320 мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Бұрын Airbus компаниясы 3D-принтерде басып шығарылған ұшақты көрсеткенін еске алу қажет.

Жобамен айналысатын Clip-Air консорциум Лозаннада Швейцарлық федералды технологиялық институтпен басқарылады (Swiss Federal Institute of Technology in Lausanne). Зерттеушілер бұл жағдайда жақын арада ақиқатқа жүзеге асырылатын концепт туралы айтылмағанын түсінеді. Әзірлеушілер тобының сайтында үш капсуламен мұндай көлік құралын пайдалану тек 40 немесе 50 жыл өткеннен кейін ғана басталуы мүмкін екені айтылған.

Ойлау көкжиектерін кеңейтетін, көлікті жетілдіруде қолданыстағы технологияларды пайдалануға жаңаша қарауға мүмкіндік беретін, зерттеу жобасы туралы айтылып отыр.

Консорциум жақын арадағы бес немесе он жыл ішінде жеке ұшақпен өлшемі бірдей прототипті әзірлегісі келеді. 10-15 жылдан кейін 150 жолаушыға есептелген, орта өлшемді прототип пайда болуы мүмкін. Көлік құралының үш капсулалы нұсқасын жасау бес онжылдыққа дейінгі уақытты қажет етеді.

Ұшақ пен пойызды бір көлік құралында біріктіру идеясы бұрын пайда болғанын айта кету қажет. 2011 жылы IEEE International Conference on Robotics and Automation конференциясында жер үстінде өте төмен ұша алатын жолаушы ұшағы болып табылатын, Aero Train жобасын көрсеткен. Horizon Mass Transit System — қозғалыстағы темір жол вагондарын іліп әкете алатын, электр ұшақ идеясы.

Сондықтан Clip-Air көлікті жетілдіру бағытындағы келесі инженерлік ой болып табылады, оның ақиқатта іске асырылуы оңай емес.

Тек смартфондар мен планшеттер ғана жетілдірілмейді. Прогресс көлікке қатысты да байқалды – жүргізушілері қажет емес автобус туралы еске түсіру де жеткілікті. Кәдімді ас бөлме де уақыт өте келе ақылды бола алады.

Жер көлігін авиациялықпен біріктіруден сіз қандай артықшылықтарды көріп тұрсыз?


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/clip-air-i-samolet-i-poezd-polveka-spustya.html





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет