7 Әлемдегі және еліміздегі ғылым мен технологиядағы қызықты оқиғалар



жүктеу 386.34 Kb.
бет7/7
Дата21.04.2019
өлшемі386.34 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

Қытайда робот-ораушы жасалды







Ірі отельдер мен мейрамханалардың тұрақтарында жұмыс істейтін, автоиелеріне автоларын тұраққа қоюға көмектесетін жас адамдар өз жұмыс орындарын Қытайдағы «Ифэн» робототехника зауытында жақында жасалған заманауи тұраққа қою автоматтарға беріп қойып, жұмыссыз қалулары мүмкін сияқты.


Автомат оператор-адамның көмегіне жүгінбей, толығымен өздігінен жұмыс істейді және стандартты жеңіл автомобильдерден сәл ұзыңырақ, доңғалақтары бар көтергіш платформа болып келеді. Құрылғының жүк көтергіштігі әсер қалдырады — әдемі күлгін арба екі жарым тоннаға дейін таси алады, бұл жай жеңіл көліктің салмағынан әжептеуір асады. Платформа секундына 1,5 метр жылдамдықпен қозғалады.

Тұраққа қою платформасы лазерлік навигация жүйесі арқылы беттейді және автомобильді тұрақтың бос орнына екі минут ішінде ғана қоя алады. Тұраққа көлікті қоя білу керек, соған жүргізушінің куәлігін алғысы келетіндерді арнайы үйретеді, бірақ ардақты «қабықшаны» алғаннан кейін де көбінде мәселелер туындайды. Қытайлық көлік қоюшы автомобильдерді тұрақтың бос орындарына тасып, бес миллиметрге дейін дәлдікпен қояды.

Көлік иесіне тұраққа кірудің қажеті де жоқ, өз көлік құралын кіре берісте қалдырып кетсе де болады — платформа оны өзі көріп, алып, бос ұяшыққа қояды, ал керек сәтте автокөлікті шыға беріске тез жеткізіп, оны иесіне қайтарады. Ақылды машина тек жүргізушілерге ғана емес, сонымен бірге автотұрақтың иелеріне де қызмет жасауға қуанышты, адамдарға қарағанда, орынды үнемдеп, машиналарды 40%-ға тиімдірек қояды.

Өндіруші осы сәтте мұндай пайдалы құрылғыларды шығару тым қымбат екенін айтып өтті. Бір тұрақ орнын жабдықтау үшін, шамамен 10 мың АҚШ долларды жұмсау керек. Дегенмен, қытайлық автотұрақтарға тарифтердің күтілген өсуін ескерсек, ағымдағы бағаларға қарағанда, автомат өзін жеті жыл ішінде өтеп шығады. Арзандағанын күтіп отырмыз.


Дереккөз:http://hi-news.ru/robots/v-kitae-sozdali-robota-parkovshhika.html


ZEEQ «ақылды» жастық ұйқысыздықтан құтқарады







Таңертең тұру тозақтағы азап болып көрінеді ме, ал кешке ұйықтау одан да қиын болып тұр ма? Kickstarter платформасында арнайы сіз үшін девайс пайда болды: ZEEQ инновациялық жастығы сіздің тез ұйықтап қалып, таңертең өзіңізді сергек және толық күшті сезу үшін бәрін жасайды.


Сіздің басыңыз жастыққа тиген сәтте, сіз тез ұйықтап қалу үшін, ішіне салынған Bluetooth-динамиктерден ақырын әуен ойнай бастайды. Әуендер тізімінің көздері көп, соның ішінде әйгілі iTunes және Spotify.

Сіз ұйықтап қалған сәтте, музыка сөнеді және ZEEQ ұйқыны бақылау режиміне ауысады: егер жастық сіздің қорылдап жатқаныңызды байқаса, ол ақырын дірілдеп сізді әбден оянып кетпей, ыңғайлы жатып алу үшін ақырын оятып жібереді. Сонымен қатар ZEEQ сізге жаңа күнді бастауға ыңғайлы болатын уақытты табу үшін, сіздің ұйықтап жатқанда қозғалыстарыңызды бақылайды.

Фирмалық қосымшада сіз жастық жинаған барлық деректерді қадағалай аласыз — ұйқының ұзақтығы туралы деректерден басқа, бағдарлама сіздің қанша минут қорылдағаныңызды және қаншалықты жиі оянғаныңызды айтып береді. Ұйқыңызды барынша тиімді жасау үшін, өндірушілер қосымшаға сіздің диетаңыз туралы, физикалық ауырлықтар және ұйқының сапасына әсер ететін басқа да әдеттер туралы мәліметтерді енгізуді ұсынады. Демекші, мұндай пайдалы әдеттердің бірі сізді 10 секунд ішінде жылытатын технологиялық жапон көрпесін пайдалану болады.

Жастық USB арқылы зарядталады — бір заряд бір апта жұмысына жетеді. Сіздің ұйқыда қозғалыстарынды барынша дәл қадағалау үшін ZEEQ-пен жинақта REM-fit білезігі жеткізіледі.


Дереккөз:http://innogest.ru/m?na=15591

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛАР



Microsoft қызметкерлерін жұмыстан шығаруды жалғастыруда







2015 жылы Microsoft 7800 астам қызметкерлерді қысқартты. Осы жылдың мамыр айында компания тағы 1850 адамды жұмыстан шығарайын деп жатқанын жариялады. Қысқартуға түскен жұмыс орындарының көбісі компанияның Nokia бөліміне байланысты болды, оны Microsoft 2013 жылы сатып алды. Сонымен осымен редмондтық алып тоқтамауды жоспарлаған сияқты.


Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссия үшін құрылған, жақында жарияланған есепте, Microsoft қызметкерлерді кезекті қысқарту туралы хабарлады.

«Біз 2016 жылдың мамырында жариялаған 1850 жұмыс позицияларын қысқартуға қосымша, біз осы жылдың қалған кезеңі ішінде барлық әлем бойынша шамамен 2850 жұмыс орнын қысқартуға жоспарлап отырмыз».

Қысқартулардың көбісі, кейін белгілі болғандай, компанияның мобильді бөлімшесіне байланысты, оны Microsoft белсенді қайта құрылымдайды.

Recode жазып жатқандай, бұл «Microsoft Nokia-ның барлық мобильді бизнесін таратып жатыр» дегенді белгілейді. Редмонд алыбы өз уақытында 7,2 миллиард долларды берген компания.

Басқа жағынан, қадам Windows операциялық жүйенің негізінде мобильді құрылғылардың тым төмен танымалдылығын ескере отырып, өте қисынды болып көрініп тұр. Бөлімнің қалған нарықпен бәсекелесуге жағдайы жоқ. Және бір жағынан бұған осы платформа үшін мобильді қосымшалардың әлсіз дамып келе жатқан бағытын кінәлауға болады.

Қалай болса да, жұмыстан шығарылған 12 500 қызметкер 2 жыл бойы сыртынан Microsoft сияқты компанияға қатысты жағымсыз болып көрінеді.
Дереккөз:http://hi-news.ru/business-analitics/microsoft-prodolzhaet-uvolnyat-sotrudnikov.html

ӨНІМ ИННОВАЦИЯЛАРЫ



Alchema – үй жағдайында сидр өндірісіне арналған автомат







Барменнің орнына сусындарды араластыратын автоматтар, – мұны біз көрдік. Заманауи адамды самогон жасайтын аппаратпен таңқалдырмайсын. Ал сидрді жасауға арналған құрылғы – бұл жаңалық қой. Alchema компаниясының өндірушілері өз туындыларын дәл осылай позициялайды.


Гаджет мобильді қосымшамен тізбекте жұмыс істейді, сондықтан сіз алкоголь сусындарының көптеген рецептерден біреуін таңдап, оның ашу процесі қай кезеңде болып жатқанын үнемі біліп отыра аласыз.

Сидрді дайындау үшін сізге жемістер, қант, су ашытқы және шамалы шыдамдылық қажет болады. Ашыту процесі рецептіге байланысты бір екі аптаға дейін алады. Сонымен қатар сіз рецептураға авторлық штрихтарды қосып, сусынды нағыз өзіңіздің туындыңыз қылып жасай аласыз. Alchema мысалға, шиеден немесе құлпынайдан сидрді жасап, қонақтарыңызды таңқалдыруғу көмектеседі. Жиынтықты құмыраның көлемі 2,4 литр, ол төрт адамды тойдыруға жетеді.

Құрылғының ішінде ультракүлгін шам орнатылған, ол құмыраға түсетін, болашақ сусынға зиян келтіруі мүмкін барлық зиянды бактерияларды жояды. Залалсыздандырудан кейін сіз құмыраны ұсақ туралған жемістермен толтырасыз, рецептіге сәйкес қалған ингридиенттерді қосып, Alchemaны жабасыз және ол туралы бір-екі аптаға ұмытасыз. Сусын пайдалануға дайын болған кезде, мобильді қосымша сізге белгі береді.

Бұдан басқа, құрылғыда сіздің ыңғайлылығыңыз үшін жүктелген жемістердің және құйылған судың нақты салмағын анықтайтын таразылар қоса салынған. Alchema сусынды ферментациялау үшін оңды температураны орнатады, сондай-ақ сауыттың ішіндегі қысымға және сидрдағы алкоголь құрамының мөлшеріне мониторинг жасайды.


Дереккөз: http://hi-news.ru/gadgets/alchema-avtomat-dlya-proizvodstva-sidra-v-domashnix-usloviyax.html

ҮРДІСТІК ИННОВАЦИЯЛАР



Delphi өздігінен басқарылатын такси сервисін сынау басталды







Егер осы жылы сіз кенеттен Сингапурға барсаңыз — қала көшелерінен Delphi логотипі бар Audi автомобилін табуға тырысыңыз, өйткені бұл әлемдегі жүргізушісіз машиналары бар такси сервистерінің бірі, оның сынаулары басталып кетті. Тарихи сәт деп айтуға болады.


Delphi америкалық корпорациясы — әлемдегі автомобиль толымдаушылары өндірушілерінің бірі және General Motors автоконцерні үшін бөлшектердің негізгі жеткізушісі болып табылады. Delphi Сингапурдың үкіметімен бірге 2014 жылдан бері қызмет істеп жатыр, ол кезде қала көшелерінде өздігінен басқарылатын автомобильдерді әзірлеу және ендіру жөнінде бағдарлама қосылған болатын. Таяуда америкалық компания такси сервисін қала аудандарының бірінде тестілік қосуға рұқсат алды.

Өздігінен басқарылатын таксилер үш бекітілген маршрут бойынша қозғалатын болады, автопарк сервисті қосарда Audi маркалы алты автомобильден құрылған. Бірінші кездері жүргізуші көлікте қауіпсіздік үшін отыратын болады, бірақ сынау сәтті болса, көлік құралдары болашақта толығымен автономды болады. Жолаушылар таксиді өздерінің смартфондарының арнайы қосымшалары арқылы шақырта алатын болады.

Жоба басшысы Глен Дево айтқандай: «Егер сервис жолаушылардың арасында танымал болса, бұл көлік жүйесін дамытуда жаңа кезеңнің басталуын белгілеуі мүмкін. Өйткені біздің технология такси, қоғамдық көлік пен жүк тасымалы, соның ішінде алыс қашықтарға тасымалдар саласында қолданылуы мүмкін».

Өздігінен басқарылатын таксилерді сынау үш жылға созылады, ал сервисті толық қосу 2022 жылға жоспарланған.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/delphi-nachali-ispytaniya-servisa-taksi-s-samoupravlyaemymi-avto.html

Logitech-тің жаңа пульті үйдегі барлық гаджеттерді басқарады







«Шатастыруға» шаршадыңыздар ма — теледидардың, желдеткіштің және аудиожүйенің пульті ма? Олай болса Сізге Logitech Harmony 950 жаңашылығы өте ұнайтын болады. Бұл әмбебап пульт, ол ойын приставкалардан бастап Apple TV дейін шамамен 300 мың әртүрлі құрылғыларды бақылауға қабілетті.


Harmony 950 2,4-дюймлі түрлі-түсті сенсорлық дисплеймен жабдықталған. Одан басқа, сырттай ол АБ кәдімгі пульттан айырмашылығы жоқ — бірақ, сонымен бірге 15 әртүрлі құрылғыларды бір уақытта басқара алады және жесттерді қолдайды: арналарды панельдегі свайптармен ауыстыруға болады. Жесттермен бейненің тездетілген айналдыруды қосуға және дауысын баптауға болады. Бұл қараңғыда фильмді қараған кезде ерекше ыңғайлы болады: керек түймелерді табу үшін, экраннан көз алудың қажеті жоқ.

Жаңашылық 270 мыңнан астам әртүрлі девайстарды қолдайды — олардың арасында: Apple TV, Roku, TiVo және топтық ойын консольдары. Егер сіздің құрылғыңыз олардың арасына болмаса, сіз басқаруды өздігінен әрқашан баптай аласыз: Harmony 950 физикалық түймелер бағдарламаланады.

Пернелер мен экран қаранғыға сезімтал: арнайы датчиктер арқылы пульт сіздің оны іздеп жатқанын түсініп, көмескі жарықты белсендіреді. Одан басқа, Harmony 950 таймермен жабдықталған: сіз жаңалықты қарап отырып ұйықтап қалсаңыз, белгілі уақыт аралығынан кейін барлық қосылып тұрған құрылғылар сөндіріледі. Жаңалықтың аккумуляторы осы желінің алдындағы құрылғыларға қарағанда 20%-ға көбірек, бірақ қуаттандыру құрылғысы одан да ыңғайлы болды: бұл тік қойғыш (бұрын көлдеңендер қолданылатын), ол сізің қонақ үйңіздің ең кішкентай орынды алады.
Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=15628


МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР



Alibaba-дан бірінші смарт-автомобильге алдын ала тапсырыс басталды







Интернет-коммерция саласында жұмыс істеп жатқан Alibaba қытай компаниясы жетістіктеріне тоқтамауға шешті және жақында автомобильдердің мемлекеттік өндірушісімен бірлесе өзінің алғашқы «ақылды» автокөлігін шағаратын ойы бар екенін растады.

RX5 — Alibaba мен SAIC ынтымақтастықта шығарылған алғашқы автомобиль. Жаңа ғана оны қоғамға ұсынды, содан соң жаңалыққа алдын ала тапсырыстарды жинау басталғаны туралы жарияланды. Осы сәтте RX5 бағасы шамамен 22 мың АҚШ долларды немесе ағымдағы бағам бойынша шамамен бір жарым миллион рубльді құрайды.

Автомобиль соңғы екі жыл әзірленді, ол автомобильге әртүрлі сервистерге қатынасты қамтамасыз ететін Yun операциялық жүйесінің Alibaba құрған басқарушылығымен жұмыс істейді. Компанияның пресс-релизде осы борттық компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуін қалайша қолдануға болатыны туралы мысалдар келтірілген: пайдаланушының «жұмыс үстелді» дербестендіру, сәлемдесу экранын, музыкалық ойнатқышты, керек маршруттарды және көптеген басқа нәрселерді өзіне келтіріп реттеу мүмкіндігі пайда болады. Дәл баптау үшін смартфон жарайды, оның көмегімен Alipay төлем жүйесі арқылы тапсырыстардың ақысын төлеуге, көлік қою орындарын резервтеуге, жанар құюға немесе кофеге тапсырыс беруге болады. Alibaba-дан қызметтердің және БҚ толық спектрінің болуы — бұл керемет, одан да жақсысы компанияның үшінші тұлғаларға бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге мүмкіндік беруге жоспарлайтыны.

RX5 автомобилі үш сұйық кристалды дисплейлермен жабдықталған. Қалауыңыз бойынша салонда бейне түсіретін және фотосуреттер жасайтын төрт камераларға дейін орнатуға болады. Машинаның дауыспен басқару функциясы және компания өкілдерінің айтуынша GPS пен Wi-Fi-сыз жұмыс істейтін көлік құралының позиционерлеу «ақылды» жүйесі бар. Автопилот жоқ — үнемшіл қытайлықтар оны ендірмей күте тұруды шешті.

«Біз «машинада интернетті» емес, «интернеттегі машинаны» жасап отырмыз. Жақсы операциялық жүйе — автомобильдің екінші қозғалтқышы, ал деректер — жаңа отын. Біздің әзірлемелер — машина жасаудағы маңызды белгі. Болашақта автомобильдердің «ақылды» бағдарламалық пен аппараттық әзірлемелерді ендіру үшін көп мүмкіндіктері болатынына сенімдімін» — дейді Alibaba технологиялар комитетінің басшысы, Вонг Чжиан.

Alibaba автомобильдерді құруды әзірлейтін жалғыз қытайлық компания емес. Baidu да, мысалға, осы бағытта жұмыс істеп, Қытай мен АҚШ-та өздігінен жүретін көлік құралдарын сынап жатыр. RX5 сатылымдары келесі айдан басталады.


Дереккөз: http://hi-news.ru/auto/startoval-predzakaz-na-pervyj-smart-avtomobil-ot-alibaba.html

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР



Obi – мүмкіншілігі шектеулі адамдарға тамақ ішуге көмектесетін робот







Obi – бұл мүмкіншілігі шектеулі адамдарға өмірін жеңілдету үшін әзірленген робот. Сауда келіссөздері адамға мысалы, екі қолсыз, қалай өмір сүруді елестету қиын. Күнделікті әлемде миллиондаған мүгедектектер үшін – нағыз сынақ. Сондықтан Desin компаниясының инженерлері адамға қол пайдаланусыз тамақ ішуге мүмкіндік беретін құрылғы жасауға бел буған.


Obi роботы манипулятор-қолмен, сондай-ақ микротолқынды пеште жылытуға және алуға болатын әртүрлі тағамдарға арналған төрт шарашамен жабдықталған. Оны пайдаланар алдында, манипуляторды нақты бір адамға келтіріп баптау қажет. Роботқа адамның басы қандай биіктікте және арақашықтықта орналасқанын көрсеткен кежкілікті болады және ол қатесіз қасықты тамаққа толтырып, бірінен соң бірін оны адамның аузына әкелетін болады. Obi әртүрлі ауыспалы асхана аспаптарын ұстайды, сонымен қатар ерекше материалмен жамылған, ол кез келген кірден тез жуылып шайылады.

Мұндай құрылғы қанша тұратын болады? Өте арзан. Осы сәтте Obi еріктілер-мүгедектердің қатысуымен финалды тесттерден өтіп жатыр, содан соң ол сатылымға 4500 доллардан түседі. Дегенмен мұндай әсерлі бағамен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың көбісі өздеріне мұндай роботты сатып алғылары келетін шығар. Мұны Desin компанияның ресми сайтында жасауға болады.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/obi-robot-pomogayushhij-lyudyam-s-ogranichennymi-vozmozhnostyami-prinimat-pishhu.html



group 1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет