7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §10. Қарахан мемлекеті



Дата21.04.2019
өлшемі45 Kb.
#109500
түріСабақ

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §10. Қарахан мемлекеті

Сабақтың мақсаты:


  1. Tүpiк қағанатының дәстүрлi жалғасы болған, басқару, экономикалық, қоғамдық. құрылысы жағынан жан-жақты дамыған Қарахан мемлекетiнiң тарихымен және мәдение­тімен таныстыру;

  2. Дамыған ортағасырлык мемлекеттiң өзiне тән ерекшелiктерiн меңгерте oтыpып, оқyшылaрды өзiндiк ойлауға, тарихи оқиғаларды талдап қорытындылауға дағдыландыру;

  3. Қарахан мемлекетiнiң ислам дiнiн қабылдауын, оның сәулет өнepiнe әcepiн түсiндiре отырып, имандылыққа, бүгiнге дейiн мәнін жоймаған мәдени мұраларға құрмет­пен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі:карта,сызба интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Ерте ортағасырлық. мемлекеттерге қатысты сұрақтар беру

  2. Ерте ортағасырлық мемлекеттер қай уақытты қам­тиды?

  3. Ерте ортағасырлық мемлекеттерге қандай мемлекет­тер жатады?

  4. Ерте ортағасырлық мемлекеттер туралы қандай деректердi бiлесiң?

  5. Қытай, Византия, Иран елдерiмен қарым -қатынас жасаған Tүpiк мемлекеттерiн атаңдар.

  6. Қалалар қазақ жерiнiң қай белiгiнде жақсы дамыды?

  7. Ерте ортағасырлық мемлекеттерге тән қандай жазба ескерткiштердi бiлесiң?

«Тарихи сынақ хат» 
1. Көне түрік әліпбиі ... әріптен тұрады. 
2. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері ... және ... жазулары. 
3. VІІІ-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар ... мен ... дастаны. 
4. «Қорқыт ата кітабы» ... тұрады. 
5. Қорқыт күмбезі ... облысы Қармақшы ауданында орналасқан. 
6. «Оғызнаманың» ескі нұсқасын ... бірінші жазып қалдырған тарихшы. 
7. Одан кейін оны ... ғасырда толық жазған ... . 
8. Қазақстанның ... діни әдет-ғұрыптары болды. 
9. Олардың ішінде мұсылман діні ... бастап кең түрде етек жая бастады. 
10. Бұл дінді .... хан мемлекеттік дін ретінде қабылдады. 

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қарахан мемлекетiнiң құрылуы, халқының этника­лык. құрамы.

2. Қарахан мемлекетiнiң қоғамдық құрылысы.

3. Мемлекеттiң саяси жағдайы.

4. Шаруашылығы мен мәдениетi.

Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) 

Х ғ. ортасы, терр - Жетісу, Шығыс Түркістан - 1 бөлігі, Орт.-Баласағұн, Білге Күл Қадырхан немересі Сатұқ Боғра хан (915-955). 


Қаған - мұрагерлік, билік иелері - тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер. Негізгі билеушілер - яғма, жікіл тотемі - «арыстан»: Арслан хан, яғма тотемі - «бура»: Боғра хан. 
құрамына кірген тайпалар-жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін. 

Тотем - адамдардың шығу тегін, жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім. 


Тегін - хан ұрпағы. 
Бек - феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы. Бұлардың иелегінде үлесті жерлері болған. Үлес мөлшері адамдардың қызметіне, әскери дәрежесіне, сіңірген еңбегіне байланысты болды. Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды. Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. 
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы. 
Түрік қағанатының басқару жүйесіне қарағанда басқаша болды. Оны жер иелену түрлерінен, алым-салық жинау жүйесінен байқауға болады. 

Қарахан мемлекетіндегі жер иелену тәртібі 

Феодалдық жеке меншіктегі жерлер 

1. Ихта - феодалдарға берілетін жер үлесі. Оларды иеленушілер - ихтадар деп аталды. 2. Вакф - мешіттер мен медреселердің жер иелігі. Олардан салық алынбайды. 

3. Музари немесе барзигар - шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық 4. Коммендация - жеке басын қорғағаны үшін феодалдық әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқару 

Мемлекеттік салық төлдеді 
- Міне, балалар, Қарахан мемлекеті Түрік мемлекетіне қарағанда басқару жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын, қоғамдық құрылысы дамыған мемлекет. 

Қарахан мемлекетінің саяси жағдайын мына кесте бойынша түсіндіремін. 


Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы. 
Уақыты .Оқиғалар 
955 жылы Сатұқ Боғраханның баласы Мұса билікті өз қолына алады 
960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды, орталығы - Қашқар қаласы 
Х ғасырдың ІІ жартысы Самани әулетінің өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтан әлсіреген кезі 
992 жылы Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп Хотанды басып алады 
996 жылы Насыр ибн Әли Маураннахрға жорыққа аттанды 
999 жылы Әли Арсланның баласы Насыр Бұқараны басып алады да, Маураннахрды біржолата бағындырады 
ХІ ғасырдың 40 жылдары Ибраһим ибн Насыр Әли-тегіннің балаларын жеңіп шығады 
1040 жылы Ибраһим Ибн Насыр тамғаш Бураған атағын қабылдап, Маураннахрға өз билігін орнатады 
1089 жылы Салжұқ сұлтаны Мәлік шах Самарқанды, Бұқараны басып алады 
ХІІ ғасырдың 30 жылдары Шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кіреді, вассал 
1141 жылы Катуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерін жеңеді 
1210 жылы Шығыстаға хандықты найман ханы Күшлік басып алады 
1212 жылы Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанатының соңғы ханы - Самарқан ханы Оспанды дарға асады 

Білге Күл Қадыр-хан



Базар Арслан




Оғұлшақ




Сатұқ Боғра-хан

САНДАР СӨЙЛЕЙДІ

942 Ж.- Қарахан мемлекеті құрылды.

955Ж.- Мұса хан билігі орнайды.

990Ж. –Әли Арслан билікке келеді.

992 Ж.- Хотан аймағын қарахандар басып алады.

996 Ж. –Мәуереннахр толығымен бағындырылды.

999Ж..- Бұхарды қарахандар басып алады.

1040Ж.-Қарахан мемлекеті екіге бөлінеді.(Бат.Шығыс)

1089Ж. –Селжүк сұлтаны мәлік шах батыс қарахан мемлекетін бағындырады.

1127Ж. – Шығыс хандық қара қытайларға бағынды.

1141Ж.- Қарақытайлар қарахан мемлекетін түгелімен бағындырады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

Қapaxaн мемлекетiнiң құрылуы, халқының этникалық құpa­мы туралы не бiлсiң?

Мемлекеттiк басқару жүйесі мен жер иелену

түрлерi қандай болды?

Қapaxaн мемлекетiнде ислам дiнi мемлекеттiк дiн ретiнде

қашан қабылданды?

Қapaxaн билеушiлерiнiң Орта Азияға жорығының нәтижесi қалай болды?

5.Қapaxaн мемлекетiнiң Батыс және Шығыс xaндықтарына

сипаттама бер.

Қapaxaн мемлекетiнiң әлсiреуiне не себеп болды?

Мемлекетте шаруашылықтың қандай түрлерi дамыды?

Мәдениеттiң дамуына ислам дiнiнiң әсepi неден басталады?



Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: мазмұны. Картамен жұмыс. Қарахан мемлекетi тұсында салынған сәулет өнepi үлгiлерiне қатысты реферат жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 00a7
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
00a7 -> Мектеп окуучулары үЧҮн тyзyлгөн этимологиялык сөЗДҮК


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет