Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Australian Open

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. 1/8 финалда Мэдисон Кизді екі сетте, 6:3, 7:5 есебімен жеңген отандасымыз ширек финалда грекиялық Мария Саккаримен жолығып, 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске  жетті. Рыбакина ақтық сынға шығу үшін Юлия Путинцевадан басым түскен белорусиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнайды. 

Айта кетейік, Майамидегі WTA 1000 турниріне әлемнің түкпір-түкпірінен 96 спортшы қатысып, 9 миллионға жуық АҚШ долларын сарапқа салып жатыр. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.