8 сыныпқа қазақ тілі пәнінен жылдық қорытынды тест



жүктеу 94.64 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі94.64 Kb.


8 сыныпқа қазақ тілі пәнінен жылдық қорытынды тест



  1. Бірыңғай мүшені анықта:

Биылғы қыстың басы адамға да, малға да әзір аса жайлы боп тұр.

а/ пысықтауыш в/ анықтауыш с/ толықтауыш д/ баяндауыш е/ бастауыш



  1. Жақсыз сөйлемді тап:

а/ Асан ұйықтап қалды. в/ Ермек өте жақсы оқиды. с/ Досанның тауға барғысы келді.

д/ Бұларыңыз бүлдіршіндерге үлкен сыйлық. е/ Ауылдың малы балалап, айран шықты аз-көпті.



  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді тап:

а/ «Ай, ана, бала үшін сенен ардақты, сенен қымбатты кім бар»: дедім ішімнен.

в/ «Ай ана бала үшін сенен ардақты сенен қымбатты кім бар?», дедім ішімнен.

с/ «Ай, ана, бала үшін сенен ардақты, сенен қымбатты кім бар?»- дедім ішімнен.

д/ «Ай, ана, бала үшін сенен ардақты, сенен қымбатты кім бар»- дедім ішімнен.

е/ «Ай, ана, бала үшін сенен ардақты, сенен қымбатты кім бар»; дедім ішімнен.


  1. Құрмалас сөйлемді тап:

а/ Ауылдарыңнан не хабар бар? в/ Асқар белгілі мерзімде тұрды.

с/ Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.

д/ Кәкітай да, Дәрмен де ұзақ хаттар жазды. е/ Жабай жауап қайтара алмады.


  1. Қыстырма сөзді тап:

а/ Оһ, дүние жалған-ай! в/ Мә-ә-ә, онысы несі? с/ Тоқтай тұр, бәлем!

д/ Несін айтасың, біздің бақытымызға орай берілген жан ғой.

е/ Күнім-ау, жұлдызың жанайын деп тұр-ау.


  1. Бастауышы жоқ сөйлемді көрсет:

а/ жақты сөйлем в/ толымды сөйлем с/ атаулы сөйлем

д/ жақсыз сөйлем е/ жалаң сөйлем



  1. Кімі?, несі?, қайсысы? сұрақтары көбінесе қай сөйлем мүшесіне тән екенін көрсет:

а/ бастауыш в/ пысықтауыш с/ баяндауыш д/ анықтауыш е/ толықтауыш

  1. Аралас құрмалас сөйлемнің схемасын көрсет:

Бұларды кіргізіп жіберіп, Абай енді үйге қарай қозғалайын деп еді, үй ішінен тағы бір нәрсемен қарбаласып, Қаратай шығып келеді екен.

а/ басыңқы, бағыныңқы, басыңқы в/ бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

с/ бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы д/ басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы

е/ бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы



  1. Бұйрықты сөйлемді тап:

а/ Ақылды адам айтқызбай біледі. в/ Тіл – сарқылмас ғылым.

с/ Япырым-ау, қайда сол күндер. д/ Көп алғысы көгертер.

е/ Дұшпанға тастай қатты бол.


  1. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсет:

а/ Қар суы, жаңбыр суы – соның ырысы. в/ Бір ұстасып қалсам деп, күшіңді байқап шенейсің.

с/ Біреу күн шықпастан тұрып, тау жақтан желдіріп келеді.

д/ Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды.

е/ Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.



  1. Атаулы сөйлемді тап:

а/ Өмір қызық. в/ Өмір гүлденді. с/ Жазық дала. д/ Зал кең. е/ Дала жазық.

  1. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасқан түрін көрсет:

а/ Құнанбай оларға мынаны айтты: «Бөкенші Шыңғыстың бұл тұсындағы бар қыстауды береді»

в/ «Менің ойлайтыным - бәрінен бұрын өз жұмысымның жайы, - деп жазды Хемингуэй, - содан соң семьямның қамы».

с/ Тіл жөнінде Ғ. Мұстафин: «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой», - дейді.

д/ Ол Сүйіндікке қарап: «Тоқтат, аналарыңды!» - деп ақырып қалды.

е/ «Өркенің өссін, қарағым», - деді әкем.


  1. Салалас құрмалас сөйлемді тап:

а/ Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды.

в/ Әйгерім әнін үзгенше, Абай қозғалмады. с/ Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт.

д/ Ауа райы салқындағанмен, ел жайлаудан түсе қоймады. е/ Әні өте әдемі еді.


  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзі бар сөйлемді тап:

а/ Естіп, тұрсың ба Сұлтеке, мына, баланың, сөзін. в/ Естіп тұрсың ба, Сұлтеке мына баланың сөзін.

с/ Естіп тұрсың ба, Сұлтеке, мына баланың сөзін? д/ Естіп тұрсың ба Сұлтеке, мына баланың сөзін

е/ Естіп тұрсың ба – Сұлтеке - мына баланың сөзін.


  1. Талғаулы салалас сөйлемді тап:

а/ Биыл егін шықпады, өйткені жаздай жаңбыр жауған жоқ.

в/ Жазуың әдемі екен, бірақ әріптерің кішкентай. с/ Бүгін жиналыс болады.

д/ Бұл жерде не сен тұрарсың, не мен тұрармын. е/ Ертең апаларым келеді.


  1. Жай сөйлемді тап:

а/ Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді. в/ Ретін келтіретін де, орындайтын да осы жігіттер ғой.

с/ Жазда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады. д/ Оны танығанымен, Сәуле сыр бермеді.

е/ Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.


  1. Толымды сөйлем болу үшін қойылатын шартты белгіле:

а/ сөйлем құрамына қатысты сөйлем мүшелерінің болуы в/ екі сөйлем мүшесі болуы

с/ төрт сөйлем мүшесі болуы д/ үш сөйлем мүшесі болуы е/ барлық сөйлем мүшесінің болуы



  1. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет:

а/ Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.

в/ Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. с/ Ауылда жаңа мектеп салынды.

д/ Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ. е/ Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.


  1. Стиль түрін анықта:

«Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады».

а/ көркем әдебиет стилі в/ ауызекі сөйлеу стилі с/ публицистикалық стиль

д/ іс-қағаздар стилі е/ ғылыми стиль


  1. Сөз тіркесіндегі меңгеруді тап:

а/ гүл өсті в/ баланың добы с/ егінді дала д/ торы ала ат е/ әжесін ойлады

  1. Төл сөздің төлеу сөзге айналып тұрған түрін көрсет:

а/ Жүзі бал-бұл жанып ол былай деді: - Мен сізге қонаққа келдім.

в/ Жүзі бал-бұл жанып: - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол.

с/ - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол түрі бал-бұл жанып.

д/ - Мен, - деді ол түрі бал-бұл жанып, - сізге қонаққа келдім.

е/ Жүзі бал-бұл жанған ол өзінің қонаққа келгенін айтты.


  1. Баяндауыш қай сөз табынан жасалған: «Нағыз теңіз романтикасы деген осы»

а/ зат есім в/ одағай с/ есімдік д/ үстеу е/ етістік

  1. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын тап:

а/ автор сөзі в/ қыстырма сөз с/ төл сөз д/ төлеу сөз е/ қаратпа сөз

  1. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді тап:

а/ Ақылбай, Ербол және Мағаш келді. в/ Жел қатайып кетті, - күн суытпады.

с/ Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.

д/ Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.

е/ Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар – Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.



  1. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр: «Мен тауда ойнаған қарт марал».

а/ нүкте в/ қос нүкте с/ үтір д/ нүктелі үтір е/ сызықша

  1. Оқшау сөздердің белгісін көрсет:

а/ сөйлем мүшесі бола алмайды в/ тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады

с/ сөйлем мүшесі бола алады д/ тек бас әріппен жазылады

е/ қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады


  1. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді тап:

а/ қаратпа сөз в/ төл сөз с/ одағай сөз д/ қыстырма сөз е/ төлеу сөз

28. Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықта: «Туу, ит-ай.... Сонша ұмытпай жүр бәрін».

а/ публицистикалық стиль в/ ауызекі сөйлеу стилі с/ ғылыми стиль

д/ іс-қағаздар стилі е/ көркем әдебиет стилі



  1. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді тап:

а/ Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды. в/ Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.

с/ Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме алдым.

д/ Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.

е/ Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.



  1. Тура толықтауышты тіркесті көрсет:

а/ Келгеніне риза болды. в/ Ауданға барды. с/ Ойында сақтаулы.

д/ Оның білгенін жасырды. е/ Ауылдан келді.



8 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен жылдық қорытынды тест


  1. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсет:

а/ Ш. Айтматов в/ С. Айни с/ О. Һәйәм д/ Р. Ғамзатов е/ М. Жәлел

  1. Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінде неше жасқа дейінгі өз өмірі суреттелген?

а/ 62 жас в/ 69 жас с/ 63 жас д/ 61 жас е/ 65 жас

  1. М. Өтемісұлының жауынгер де абзал досы, көтеріліс басшысы кім?

а/ Жәңгір в/ Есет батыр с/ Әбілқайыр д/ Шернияз е/ Исатай

  1. «Қорқыт ата» кітабында неше жыр бар?

а/ 7 жыр в/ 10 жыр с/ 16 жыр д/ 12 жыр е/ 18 жыр

5. О. Сүлейменовтің туған жері?

а/ Қызылорда в/ Павлодар с/ Шымкент д/ Алматы е/ Талдықорған


  1. Сайф Сараидың «Гүлстан бит түркі» неше тараудан тұрады?

а/ алты в/ жиырма с/ он д/ он екі е/ сегіз

  1. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталады?

а/ «Кодекс Куманикус» в/ «Оғыз-нама» с/ «Құдатғу білік»

д/ «Диуани хикмет» е/ «Мұхаббат – наме»



  1. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның өтетін жері?

а/ Жетімкөл в/ Шалкөде с/ Жетісу д/ Сабындыкөл е/ Күргейтас

9. Т. Айбергеновтың өлеңін тап:

а/ «Арғымақ» в/ «Аруана – бауыр дүние» с/ «Қыз қуу»

д/ «Жастарға» е/ «Шалкөде жайлауы»

10. Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті?

а/ қазақ в/ түрік с/ парсы д/ қырғыз е/ араб



  1. «Зар заман» өкілдері кімдер?

а/ Мұқағали, Қадір, Мұхтар в/ Абай, Ыбырай, Шоқан

с/ Міржақып, Шәкәрім, Мағжан д/ Шортанбай, Дулат, Мұрат

е/ Сәкен, Ілияс, Бейімбет


  1. М. Мақатаевтың өлеңін көрсет:

а/ «Арғымақ» в/ Қызыл кітап» с/ «Шешенің балаларын сүюі»

д/ «Түн кірпігін ілмеді» е/ «Күрсінбеші»

13. Баяндау дегеніміз не?

а/ кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу в/ табиғат көркін суреттеу

с/ шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі

д/ әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде әңгімелеу

е/ сөздерді қарама-қарсы мағынада кекесін мағынасында қолдану


  1. «Құдатғу білік» дастанының авторы кім?

а/ Махмұт Қашқари в/ Хорезми с/ Құтб д/ Жүсіп Баласағұн е/ Ахмет Иүгінеки

  1. Ш. Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылған?

«Бай кедейді көрмейді,

Кедей байға ермейді.

Қызметін бір күн қылмаса,

Майлы сорпа бермейді....»

а/ өнер, оқу, білім в/ қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік

с/ бостандық туғандығы д/ табиғаттың тамаша көрінісі е/ әйелдер теңсіздігі



  1. Рудаки шығармасын тап

а/ егіз жолдар в/ ғазел с/трактат д/наме е/ рубаилар

  1. Р. Ғамзатовтың «Ана тілі» өлеңінде қандай түйін жасайды?

а/өз халқының тілін ардақтайды в/ өзі өлгенде қабірінің тек туған жерде қазылуын тілейді

с/ жұртының кесек мінездерін алға тартады д/ елін мақтаныш етеді

е/ халқының қайсарлығын алға тартады



  1. Әл-Фараби туындысын тап:

а/ «Диуани хикмет» в/ «Китаб аш шеер» (Өлең кітабы)

с/ «Диуани лұғати-түрк» д/ «Қиссас-ул-әнбиа» е/ «Құтты білік»



  1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» - өлең жолдарының авторы кім?

а/ Қ. Аманжолов в/ М. Жұмабаев с/ М. Мақатаев

д/ А. Құнанбаев е/ Ж. Жабаев


  1. Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңінің тақырыбы?

а/ махаббат в/ отан қорғау с/ауыл өмірі д/ өндіріс е/табиғат

  1. Ш. Айтматовтың «Найман - Ана» аңызындағы оқиға қай жерде өтетін еді?

а/ Сарыөзекте в/ Ыстықкөлде с/ Қарқаралыда

д/ Қараш-Қараш асуында е/Ош оймағында



  1. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шал неге шекара бұзып, тау асып келе жатыр?

а/ түрмеден қашып келе жатыр в/ адасып келеді с/ жаулардан қашып келеді

д/ ашаршылықтан құтылу үшін келеді е/ туған жеріне келеді



  1. Орхон-Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгіле:

а/ «Оғыз-нама» в/ Құдатғу білік» с/ «Шаһнама»

д/ «Мұхаббат-наме» е/ «Тоныкөк», «Күлтегін»



  1. М. Жұмабаевтың поэмасын тап:

а/ «Батыр Баян» в/ «Күйші» с/ Көкшетау»

д/ «Қыш кітап» е/ «Қалқаман Мамыр»



  1. М. Әуезовтің «Қараш-Қараш» оқиғасында» Жарасбай Бақтығұлды неге ұстап береді?

а/ Сәт, Сәлменге көмектескісі келгендіктен в/ кедей болғандықтан

с/ қорғансыз болғандықтан д/ елді ұрылардын тазарту үшін

е/ өзінің басын, болыстығын құтқару үшін


  1. «Бесеудің хаты» драмасының авторы кім?

а/ М. Шаханов в/ Ш. Мұртаза с/ Т. Әбдіков

д/ Т. Ахтанов е/ Қ. Мырза-әли



  1. Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесінің кейіпкері кім?

а/ Естемес қарт в/ Ерғабыл қарт с/ Тектіғұл

д/ Байтас шал е/ Көкенай



  1. « Белімнің желі бар деуші еді, апыл-ғұпыл жүріп ұмытып кеткені ғой... Бар асығыс, бар әбігерінің тыншуы – арбаның үстіне шығып, қоңыр желге жүзін қақтап, жұмысқа қарай бет алу болса, сонау арадан қайта оралып келуге мұршасы бар ма?» - үзінді қай шығармадан алынған, авторы кім?

а/ Қ. Қазиев «Менің шешем» в/ Т. Әбдіков «Қонақтар»

с/ Ш. Айтматов «Найман - Ана» д/ Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»



е/ Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

  1. Шәкәрімнің «Қалқаман Мамыр» поэмасында Мамырды атып өлтіретін кім?

а/ Қалқаман в/Мәмбетей с/Көкенай д/Байбөрі е/ Олжай

  1. Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері қандай туынды?

а/ әзіл өлең в/ арнау өлең с/ мадақтау өлең

д/ жоқтау өлең е/ эпиграмма
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет