8191c9df-aea7-11e3-b0bc-f6d299da70eeТМВР умкд.doc [Іскерлік ынтымақтастық қауымдастығы]



жүктеу 0.67 Mb.
бет3/5
Дата19.09.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5

Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.


Дәріс 8. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының диогностикасы

Мақсаты: Оқушылардың дамуындағы проблемаларды анықтау жолдарын меңгерту. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшін өз оқушыларын жақсы білуі қажеттігін түсіндіру, олардың дамуын қадағалауы, тәрбиесіндегі проблемаларды көре білу жолдарын меңгерту.

Дәріс жоспары :

  1. Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын жетілдіруді диогностикалау.

  2. Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесі.

Сынып жетекшісінен өз оқушылыарын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыныптағы балалар құрамын мұқиат тани білгені жөн.

Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлаған мен жанаса бермейді.

Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды, олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді, мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік білмеуінен болатыны белгілі жайт, демек, бұл сынып жетекшісі жұмысының диагностикалық маңызын арттырды.

Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және оқушыларды кешенді зерттеу)  бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.

«Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика»:





ПОӘК 042-18.30-2013


№1 Басылым 03.09.2013 ж.

35-беттің 19-сы

Әр оқушының жеке басы және оқушылар ұжымын жетік зерттеу тәрбиелеу процесінің нақты жағдайлары мен анықталатын, келесі талаптарды есепке алып жүргізуді қажет етеді.



  1. зерттеу әр оқушының дамуындағы ерекшеліктерін анықтауға бағытталуы керек.

  2. әр оқушының және оқушылыр ұжымының диагностикасы осының алдындыағы диагностика нәтижелерімен салыстыру арқылы жүргізіледі оның мақсаты  осы уақыт аралығындағы дамудағы өзгерістерді анықтау.

  3. әр оқушыға және оқушылар ұжымына жүргізілетін диагностикалық жұмыстар, оның бүкіл мектептегі оқу жылдарында жүзеге асырылады, өйткені мектеп жылдарында бала психикасы мен мінезінде көптеген өзгерістер болады. Міне, осылардың барлығы сынып жетекші және әр мұғалім болуы керек. Егер бұл талап орындалмаса, мұғалімдегі оқушы туралы қалыптасқан алғашқы түсінік сол қалпында қалады.

  4. әр оқушының жеке басын және оқушылар ұжымын зерттеу  нақты педагогикалық міндетті шешуге бағытталуы керек. Сондықтан диагностикалық әдістемелер осыны есепке алып таңдалынады.

  5. зерттеу кезінде оқушылардың жасын ескеру, яғни эксперименттік тапсырмалар оқушылардың жасына сай ұйымдастырылуы қажет.

  6. оқушылыарды оқыту және тәрбиелеу процесінде зерттеп білген дұрыс.

Сонымен әр оқушының жеке басы және оқушылыар ұжымын зерттеуге қойылатын негізгі талаптар осылар.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын диогностикалаудың мақсатын түсіндіріңіз.

2.Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесін жүргізіңіз.

3. Диогностика әдістері және оларға анықтама беріңіз.



Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

4.Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж.
Дәріс 9. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсатын қою және жоспарлау

Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының жоспарлану жолы мен тәртібін меңгеру. Тәрбие жұмыстарының түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын байқап, қай жерде және қандай жағдайларда қолданылатындарын білу. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.

Дәріс жоспары:


  1. Тәрбие жұмысын жоспарлау және оған қойылатын негізгі талаптар.

  2. Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формалары.

Сынып жетекшісінің жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.




ПОӘК 042-18.30-2013


№1 Басылым 03.09.2013 ж.

35-беттің 20-сы



Жоспар – сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т. б. байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де шешуге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі – бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылым. Әр баланың өзі сүйетін ісі болады (сурет салу, ән айту, биге икемінің болуы). Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштсатыру бірден-бір педагогикалық тәсіл болып табылады.



Қойылатын негізгі талаптар.

  1. Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

  2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болуы керек.

  3. Тәрбие жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

  4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

  5. Тәрбие жоспары ықшамды әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалуы керек.

  6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.

Тәрбие жоспарының үлгісі.

  1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрақтылығы, мекен-жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

  2. Өтілген оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

  3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

  4. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары бөлімдерде көрсетіледі.



ПОӘК 042-18.30-2013


№1 Басылым 03.09.2013 ж.

35-беттің 22-сі



Негізгі бөлімдер

Апта аралығын көрсету




Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы мен тәсілі

Мерзімі, уақыты

Жауапты адамдар

Өтілгені туралы белгі

1.Сынып ұжымын ұйымдастыру
















2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
















3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
















4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс
















5.Жеке оқушымен жұмыс

















Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тәрбие жұмысын жоспарлаудың мақсатын түсіндіріңіз.

2. Жоспарға қойылатын негізгі талаптарды анықтаңыз.

3.Тәрбие жоспарының құрылымын түсіндіріңіз.

4. Тәрбиелік іс- шаралардың формалары дегеніміз................

Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.

5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.

6.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Дүйсембекова Ш.Д. Семей, 2003.
Дәріс 10. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы толық мағлұмат беру. Білім бере отырып, оқушылардың тәрбие сағаттарын ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.

Дәріс жоспары:


  1. Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру.

  2. «Тәрбие сағаты», «Сынып сағаты» ұғымдарына сипаттама.

  3. Тәрбие сағатын жоспарлау және оны ұйымдастыруға дайындық.

  4. Тәрбие сағатын өткізу.

Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабак, екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие




ПОӘК 042-18.30-2013


№1 Басылым 03.09.2013 ж.

35-беттің 2 3-сі

жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сагаты деп аталады Соның негізінде окушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекетгерге катысады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты - окушылардын адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-кұлык, нормаларына, олардағы дұрыс көзкарасты калыптастыруға, елжандылык сезімдерін шындауда, сабактан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.

Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдык, белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды касиеттері қалыптасады.

Сынып сағаты мынандай тәрбиелік кызметті аткарады: ағартушылык,, бағыттаушылык., болжамдылық және қалыптастырушылык.

Сынып сағатының ағартушылық кызметі оқушылардың оку бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.

Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір затгық және рухани құндылықтарды жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен өзара

байланыста болады.

Бағыттаушылық кызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық, әрекетке бағыттауға көмектеседі, Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлкында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады.

Қалыптастырушылық кызметі де жоғарыда 3 аталған, кызметін орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айнадыруды калыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін корғай білуді көздейді :

Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қанншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.

Біршшісіне, тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректерді мен мысаддарды келтіруге тарпылады. Мысалы "Өзін-өзі тәрбиелеу туралы", "Өздігінен бідім алу дегеніміз не?"; "Есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады?", « Көркемөнер талғамы және сән» т.б. тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздарды, мамандарды, психологтарды, лекторларда шакырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті - окушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу, жагдай туғызу.

Екінші түрі, мұғалімдер мен окушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның. Жолдарын, амал-тәсілдерін кұру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруытымен сипатталады. Оқушылар мүғалімнің басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын кұрайды, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұракқа шақырып, олардың сөздерін ұйлесітіріп, бағытынынп қадағалап, оның барысын өзі жүргізеді. Онда каралатын мәселе такырыбына: "Адамның сырт көрініс мәдениеті", "Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігін тәрбиелеу", "Адам өміріндегі жолдастық, достықтың маңызы" т.с.с.


ПОӘК 042-18.30-2013


№1 Басылым 03.09.2013 ж.

35-беттің 24-сі

Үшінші түрі. оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі окушылармен бірігіп, оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу окушылардың өздеріне жүктеледі.

Тәрбие сағатые өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі және қорытынды бөлімі.

Ұйымдастыру бөлімінде окушылардың назарын талқылап отырған такырыптың максат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемалык жағдаяттан немесе тақырыпқа катысты кейбір деректерден мысал келтіру аркылы ұйымдастырған жөн. Бұл оқушылардың қызығушылығы мен көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік береді Ол шамамен 5-7 минут уақыт мөлшерін алады.

Негізгі бәлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Окушылар тақырыпта қаралып отырған мәселеге катысты жаңа мағлұматтар алады, оған өздерінің көзкарастарын білдіріп және пікірлерін қосады, сонымен бірге алдын ала даярлаған материалдары бойынша жұмыс істейді. Белсенділік көрсетіп, оны кызу талкылайды. Соған орай тәрбие сағатьшының басым уакыт мөлшері осы бөлімге беріледі.

Бұл кезеңде мұғалім немесе сынып жетекшісі балалардың белсенді катысын орнықтырып, тәрбиелік ықпалды күшейтеді. Оның нәтижесі алдын-ала жасалған болжамға қаншалықты сай келетінін анықтайды.

Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие са,атынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-кұлқына жаңа сипат ендіруте деген ықыластарьын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету. Бұл бөлім уакыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзак болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімінің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі етпей, көбінесе демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының корытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын корытындылайды.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тәрбие сағатын ұйымдастыру мақсатын түсіндіріңіз.

2.«Тәрбие сағаты», «Сынып сағаты» ұғымдарына сипаттама беріңіз, айырмашылығын анықтаңыз.

3.Практика барысында тәрбие сағатын жоспарлап оны ұйымдастыруға дайындық жасаңыз.

4.Тәрбие сағатын өткізіңіз, оған талдау жасаңыз

Әдебиеттері:

1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.

5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.

6.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Дүйсембекова Ш.Д. Семей, 2003.


ПОӘК 042-18.30-2013


№1 Басылым 03.09.2013 ж.

35-беттің 25-сі

Дәріс 11-12. Оқушылырдың тәрбие жұмыстарының нәтижесінің талдауы және өз беттерінше талдау

Мақсаты: өткізілген тәрбие жұмысын және оның нәтижесін талдау жұмыстарымен таныстыру. Педагогикалық талдаудың үлгісімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

  1. Тәрбие жұмысын және оның нәтижесін талдау.

  2. Сыныпта тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау.

  3. Педагогикалық талдаудың рөлі және оның орны.

Тәрбиелеудегі кәсіптік деңгейде шебер ұйымдастыру, әлбетте педагогикалық талдаудан тұрады, оған байланысты ұстаздар тәрбиелеу жолдарының дұрыс-бұрыстығын, үлгерімдік деңгейін, ұйымдастыруды жетілдіріп немесе уақытқы, баланың жасына, оқйғалар мен жағдайларға қарап түзетіп отырады.

Педагогикалық талдау- бұл тәрбиенің мәндік элементтерін бағалап қарастырыу.

Қазіргі кездегі тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі ретінде әр оқушының гуманистік тұрғыдан белсенді субьект позициясына қойып оның өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік өртаға бейімделуіне ықпал жасау болып табылады. Әр оқушының өзінің жеке «менін» дұрыс қалыптастыруда сынып жетекшілерінің атқаратын рөлі өте жоғары.

Бала әр дайым сынып ұжымында тәрбиеленгенімен оның жеке даралығын, оның қайталанбастығын, өзіндік ерекшелігін сақтап қалу сынып жетекшілерінің құзырында.

Тәрбиелік жұмыстар арнайы сынып жетекшісі құрастырған, мектеп әкімшілігі бекіткен тәрбиелік жоспары бойынша жүргізіледі. Тәрбиелік жұмыстарды жүргізу пән сабақтарына қарағанда қызықтырақ. Оның себебі пән сабақтарында балаларын дайындық деңгейлеріне байланысты білімдері бағаланады, үй тапсырмаларын орындаулары тексеріледі, сабақ үстінде қатаң тәртіптің сақталуы талап етіледі. Әрине, пән сабақтарында да тәрбиелік мақсаттар қойылып, оның міндеттері шешіліп жатады, дегенмен сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқушылардың қызығушылықтарын есекріліп, олардың өз қабілеттерін жан-жақты дамытуларына көп қолайлы жағдай жасалады. Әр оқушы үшін осындай психологиялық- педагогикалық жағымдщы жағдай жасау үшін мұғалімнің ұйымдастырушылық, коммуникативтік қабілеті жоғары болуы қажет. Егер мұғалім тәрбиелік іс-шараларды дұрыс ұйымдастырып басқара алмаса, онда оқушылардың тәртібі нашарлап, олардың тәрбиелік, шығармашылық істерге ынтасы да төмендеп кетуі мүмкін.

Қазір қоғам талабына сай ҚР–ның білім беру ұйымдарындағы 2006-2011 оқу жылдарына арналған «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы» құрастырылып бекітілген. Аталған бағдарламада саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі, патриоттық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, есірткі және зиянкес заттардың алдын алу, ата-аналармен білім беру мекемелерінің әлеуметті қарым- қатынасы сияқты тәрбие жұмысының негізгі бағыттары қарастырылады.

Ең бастысы бұл өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар оқушыларды қызықтыратындай ойластырылуы қажет. Сол үшін тәрбие сағатының жоспарын құруда оқушылармен ақылдасып олардың тәрбиелік іс-шаралардың қандай формасын қалайтынын анықтап алған абзал.

Мектептегі тәрбиелік іс–шараларға арнайы шақырылған қонақтар, әдіскерлер, мектеп әкімшілігі, көрермендерді де шақыруға болады. Олар қатысып отырған тәрбиелік іс–шараларға талдау үлгісін негізге ала отырып оның жоспарлануы, ұйымдастырылуы туралыталдау жасап баға береді. Сол үшін төмендегідей тәрбиелік іс–шараны негізге ала отырып кез келген тақырыпта тәрбие сағатын ұйымдастырса мұғалімдер алдын ала қандай




ПОӘК 042-18.30-2013


№1 Басылым 03.09.2013 ж.

35-беттің 26-сы

мәселелерге көп көңіл бөлу керектігін біліп , оларға психололгиялық жағынан даяр бола алады.

Тәрбие жұмыстанын талдаудың үлгі нұсқасы


  1. Тәрбие жұмысын жүргізуші мұғалімнің аты жөні.

  2. Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтауы.

  3. Тәрбие жұмысын өткізу түрлерін анықтауы.

  4. Іс-шараларды өткізудің дайындығын талдау:

а) тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар және ынталылар тобының құрамы (мұғалімдер, сынып белсенділері, ынталы топ, барлық ұжым);

б) оқушылардың қызығушылығын, жасерекшелігі, олардың тәрбиелік деңгейін ескеруі;

в) тәрбие жұмысын жоспарлау және дайындау ерекшеліктері;:

г) оқушылардың тұлғалық сапасына, ұжым ретінде біріктіруге тәрбие жұмыстарының дайындығының әсері.

5. Іс-шараларды талдау барысы:

а) тәрбие жұмысының құрылымын және оны ұйымдастыру әдістерін анықтау;

б) іс-шараның басындағы психологиялық даярлық, оған жету құралдары;

в) тәрбие жұмысын өткізу кезіндегі оқушылардың ұйымшылдығы және тәртіптілігі, оларды көтермелеу әдістері;

г) өтілетін тәрбие жұмысының мақсатына және міндетіне сәйкес өткізілу орнын (кабинет, зал) безендіру;

д) Тәрбие жұмысының барысында оқушыларды тарту, оқушылардың эмоциясына әсер ету құралдары, оқушылардың эмоциясын білдіру түрлері;

е) тәрбие жұмысының құрылымын және оны ұйымдастыру әдістерін негіздеу.

6. Тәрбие жұмысының қорытындысын талдау:

а) Қойылған міндеттер қандай дәрежеде жетілдірілді (қандай ұғымдар түсіндірілді, тереңдетілді, оқушылардың оған қандай қатысы бар, қарастырылған мәселелер бекітілді ме, алынған мәліметтерді өмірде пайдалануға балалардың қызығушылығы болды ма?)

б) жеке оқушылардың және ұжымның ары қарай дамуына тәрбие жұмысының әсері.

в) тәрбие жұмысының тиімділігін төмендететін әдістемелік қателіктер мен кемшіліктер және оларды жою жолдары.

Әр мұғалім өзін-өзі жетілдіру мақсатымен өзінің барлық іс- әрекеттеріне талдау жасап есеп бергені абзал, өйткені мұндай процесс мұғалім тұлғасының шыңдалуына, кәсіби жетілуіне, педагогикалық құзіреттердің қалыптасуына көп септігін тигізетіні анық. Тәрбиелік іс- шараны өткізіп болғаннан кейін оған әрұстаз өзіндік талдау жасауына болады. өзіндік талдаудың төмендегідей үлгісін ұсынамыз.

Тәрбие жұмысын өзіндік талдау

1.Мақсаты бойынша:

1) Өткізілген тәрбие жұмысының мақсаты және оның тәрбие жалпы тәрбие мақсатымен сәйкестілігі.

2) Оқушылырдың жас ерекшелігіне, қажеттіліктеріне сәйкестілігі.

3) Өткізілген тәрбие жұмысының оқушылардың әлеуметтенуіне, қоғамдық қатынастарға бейімделуіне ықпалы.

2. Мазмұны бойынша:

1) Тәрбие жұмысы тақырыбының өзектілігі, көкейкестілігі.

2) Мазмұны тәрбиелік құндылығы, оқушының эмоциясына әсер ету мүмкіншілігі.

3) Тәрбие жұмысының мазмұнының оқушылардың өмірлік тәжірибесіне байланыстылығы.

4) Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың материалдарды меңгеру деңгейі, олардың осы мәселе бойынша сауаттылығы.

3. Өткізу әдістемесі бойынша:


ПОӘК 042-18.30-2013


№1 Басылым 03.09.2013 ж.

35-беттің 27-сі

1) Тәрбие жұмысын өткізу әдістемесін, түрін анықтау және оны ұйымдастырудағы нақтылық, мақсаттылық, уақытты дұрыс пайдалана білу.

2) Оқушылардың белсенділігі, өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттері, оны қамтамасыз етіші әдістер мен тәсілдер.

3) Ішкі және сыртқы көрнекіліктерді, техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

4) Тәрбие жұмысын ұыймдастырушылар және қатысушылар арасында дұрыс қарым- қатынастың болуы, оған жету жолдары мен құралдары.

5) Тәрбие жұмысын өткізу түрінің (кеш, пікірталас, кездесі т.б.) ерекшелігін ескеру.

6) Мұғалімнің педагогикалық қабілеттілігі, педагогикалық техниканы меңгеру деңгейі, мұғалімніңғ педагогикалық шеберлігі.



4. Нәтижелілігі бойынша:

1) Алдына қойған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге асыру деңгейі.

2) Оқушылардың өткізген іс- шаралаға қатынасы, қызығушылығы, белсенділік деңгейлері.

3) Тәрбие жұмысын өткізудегі қол жеткізген жетістіктер, оны қарай дамыту жолдарының мүмкіндіктері.

4) Тәрбие жұмысын өткізудегі кемшіліктерді анықтау, олардың себептері және оларды болдырмау жолдары.

Сонымен, тәрбиелік ықпалды кәсіптік деңгейде шебер ұйымдастыру педагогикалық талдаудан тұрады, оған байланысты ұстаздар тәрбиелеу жолдарының дұрыс-бұрыстығын, үлгерімдік деңгейін, ұйымдастыруды жетілдіріп немесе уақытқа, баланың жасына, оқиғалар мен жағдайларға қарап түзетіп отырады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет