9 қосымша Бурабай ауданы әкімдігінің 20 жылғы №а қаулысымен бекітілген



Дата10.05.2019
өлшемі84 Kb.
#142821

9 қосымша



Бурабай ауданы әкімдігінің

20__ жылғы «___»________

а-_______



қаулысымен бекітілген

«Бурабай ауданының ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

1
1. Жалпы ережелер


1. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ) ветеринария саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-де «Бурабай Ветсервис» ШЖҚ МКК ведомствосы бар.

3. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.

4. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттіқ атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бурабай ауданының ветеринария бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 32.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі қызметін қаржыландыру  республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.

13. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі кәсіпкерлік субъектілерімен  «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2

Егер «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтыры мен міндеттері

14. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің миссиясы:

жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың, ветеринарлық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

2) ауыл шаруашылығы жануарларың бірдейлендіруді және олар бойынша компьютерлік деректер базасын жүргізу;

3)  ветеринария саласындағы қызметке лицензия беру

4) Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық бақылау мен кадағалауды жүзеге асыру жеке және занды тұлғалардың қызметін.

16. Қызметтері:

1) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

2) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, жеткізуді ұйымдастырады;

3) жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізімін әзірлейді ;

4) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алумен жүзеге асырады;

5) ветеринариялық есеп және есептілікті жинақтауды, талдауды жүргізеді;

6) ауыл шаруашылығы жануарларың бірдейлендіруді және олар бойынша компьютерлік деректер базасын жүргізеді;

7) халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

8) өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша комиссияны ұйымдастырады;

9) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді;

10) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;

3
11) бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды жүзеге асырады;

12) жануарларды бағуға арналған орындарды нықтайды ;

13) қаңғыбас иттер мен мысықтардың аулауын ұйымдастырады;

14) мал көмінділерін салу және олардың күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

15) жануарларға ветеринариялық паспорт береді;

16) ветеринариялық анықтамаларды береді;

17) ветеринария саласындағы қызметке лицензияларды береді;

18) жергілікті өкілді органына жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекраларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;

19) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

20) ветеринариялық-санитариялық қорытындыны мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау және бақылау объктілеріне беру.

21) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық бақылау мен кадағалауды жүзеге асыру жеке және занды тұлғалардың қызметін.

22) олар туындаған жағдайда эпизоотикалық ошақтарды тексеруді жүргізу.

23) эпизоотологиялық тексеру актісін беру.

24) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық бақылау мен кадағалауды жүзеге асыру:

- ішкі сауда объектілерінде;

- өндіріс, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттарды дайындау, сактауды, өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын объктілерде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтарды және азыктық копаларды сақтау және өткізу бойынша ұйымдарда;

- ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды;

- экспорт пен транзитті коспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тасымалданатын объектілерді тасымалдау, тиеу, түсіру кезінде;

-мал айдап өту трассаларында, маршруттарында, жайлымдардың аумақтарында және тасымалдау маршруттары қтетін мал суаттарында;

-аумақтарда, өндірістік жайларда және экспорт пен трнзитті қоспағанда, тасыалданатын объектілерді өсіретін, сақтайтын, өндейтін, өткізетін, пайдаланатын жеке және занды тұлғалардың қызметін;

25) мал қорымдарын (биотермиялық шұнкылар) жылжыткаң, салған, қайта жаңартқан, және пайдалануға берген кезде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптардын сакталуын ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жұзеге асыру.

26) жеке және занды тұлғалардың қызметін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау және бақылау тексеру актісін жасау;
4
заңдылықты бұзғаны үшін, тәртіп бүзығанына қарай, заңды шаралар қолдану ретінде нұскауларды, әкімшілік жазаны салу туралы қаулы шығару

2. ведомствоның қызметтері:

1) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру;

2) ауыл шаруашылығы жануарларың бірдейлендіруді және олар бойынша компьютерлік деректер базасын жүргізу;

3) ветеринариялық есеп және есептілікті жинақтауды, талдауды жүргізеді;

4) өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша комиссияны ұйымдастырады;

5) қаңғыбас иттер мен мысықтардың аулауын ұйымдастырады;

6) мал көмінділерін салу және олардың күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету;

7) жануарларға ветеринариялық паспорт береді;

8) ветеринариялық анықтамаларды береді;

9) жергілікті өкілді органына жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекраларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді;

10) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

17. Құқықтар және міндеттер:

1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан қажетті ақпаратты сұрау және алу;

2) ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату туралы шешімдерді шығару;

3) белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотияға қарсы шаралар құру туралы ұсыныс шығару;

4) жергілікті атқару органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтатуға және жоюға бағытталған карантиндік аймақтың белгілеу туралы ұсыныс шығару;

5) жергілікті атқару органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтатуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын алу жөнінде ұсыныс шығару;

6) жануарлар мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдау;

7) уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

8) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыруға;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі басшылықты «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-не жүктелген міндеттердің

5
орындалуына және оның қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысының өкілеттігі:

1) бөлімінің жұмысын басқарады және жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін бекітеді;

2) жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бөлімінің қызметкерлерін, бөлімінің басқаруындағы ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, тәртіптік жаза қолдану, материалдық көмек көрсету, көтермелеу мәселелерін шешеді;

4) ветеринария бөлімінің құқықтық актілеріне қол қою және шығару;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда ветеринария бөлімін білдіру;

6) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша әрекеттерді орындамағаны үшін жеке жауап береді;

7) бөлімінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

«Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.




4. Мемлекеттік органның мүлкі

     


21. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай

кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің бекітілген мүлігі республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз

бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


6

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-ін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет